«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет122/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Еліктің Өгдүлмішке сауалы
5455 Одғұрмышты сұрап білді алдымен,
Қанша болды? Қашан кетіп, барды екен?
Жəне айтты Елік: — Өгдүлмішім, қарағым,
У болды енді ішер асым, тағамым.
Бұдан былай, қалай тұрам, түңілдім,
Шөкті иінім, түзей алмай бүгілдім.
Неге керек халық жүгі, бұл бектік,
Сағыныш — қайғы тамырын үзді жүректің.
Елді əскерсіз болмас əсте басқарып,
Бір бек бектік ісін жүрмес атқарып.
5460 Əскер ұстау үшін қажет мал, тауар,
Бұл болмаса, жиылмас ер, жалтарар.


 444
445
Не дейді есті, əскер басы болған ер,
Бектік істе басына құт қонған ер:
«Қазына, əскер — бектің қайрат, беделі,
Бұл екеуін сайлаған ер жеңеді.
Бұл екеумен бектің даңқы артады,
Екеуі берік болса — берік тəж-тағы!»
Қосын жиған мол дүние береді,
Мал, дүние, білсең, күшпен келеді!
(Мол шығынмен қосын-əскер жиылар,
Қазына-байлық, білсең, күшпен құйылар!)
5465 Тұрған бойым, жалғыз мойным, тамағым,
Неге мұнша елдің жүгін аламын?!
Қанша пақыр болғандар да аш қалмас,
Тіріде өлім өшін алар, жасқанбас!
72. ӨГДҮЛМІШ ЕЛІККЕ ЕЛ БАСҚАРУ ЗАҢЫН АЙТАДЫ
Жауап беріп, айтты Өгдүлміш. — О, Елік!
Күллі іске қолды тигіз əуелі.
Жарамсыз, сұм сөзге бұрма тіліңді,
Хақ құптамас, ай, дария білімді!
Ұлықтықты алған жоқсың сен тілеп,
Берді тəңір, рахымымен белгілеп.
5470 Бұл бектікті берді саған даралап,
Ай, білікті, шүкірлік ет бағалап!
Хаққа табын, сеніп адал құлқыңа,
Бауырмал бол, түзу қара жұртыңа.
Құмарлықты ақылыңмен қиғайсың,
Білігіңмен нəпсіңді сен тиғайсың!
Біліктінің айтқанына құлағын,
Білімімен тиған нəпсі, құмарын:
«Нəпсіңді үз бойдан, жаның ағарар,
Нəпсі өлсе, ділің-тілің тазарар!
5475 Сақ бол, нəпсі құлы болма, құрысын,
Құмарлық, нəпсі — екеуі дін ұрысы!»
Көңілің неге орта түсті, ай, ханым,
Жақсылық қыл бар қуатың, бар халың.
Мұнша қатты қайғы жұттың несіне?
Тірлігіңді ащы тұттың несіне?!
Қазынаң мол, əскер-қосын, басың бар,
Барлық іске жолшы білік, ақыл бар.
Сүйіндіріп қазынаңнан үлес те,
Сол əскермен жеткін мың-мың тілекке.
5480 Не дейді есті, жаугер батыр, гүр алып,
Алтын-күміс берсе, жауды қырады:
«Əркез үстем тұтсын десең, қолдарың,
Мақтап мəртін, əскеріңді қолдағын!
Қошта əскерді, тілегіңді тілегін,
Жау иіліп, болар күллі тілегің!»
Қалың əскер ұстап, сыйла, тарылма,
Солар саған қияр шыбын жанын да!
Кəпір жауды жаншы, сақтан жəбірден,
Ақ пейілмен пəрмен тіле тəңірден.
5485 Кəпір үшін қару-жарақ, қол ұста,
Кəпір өлмес, сұм ажалға тоғытса.
Бұрханын* шақ, өрте үйін, мал-жанын,
Жөн орнына жұртқа мешіт салғаның! 
Ұлын құл қыл, қызын күң қыл, қосын ал,
Дүниесін қазынаңа қосып ал!
Шариатты тарат, ұқтыр, таны да,
Ізгі атағың бірге тарар бағыңа.
Мұсылманға қол тигізбе, жақындап,
Хақтың өзі қорғайды оны, мақұлдап.
5490 Мұсылманға — мұсылман, біл, туысқан,
Туысқанмен жұлыспай, жөн, ұғысқан.
Əділ заң құр, ел марқайып, шаттансын,
Дұға қылып, ізгі атың мақталсын!


 446
447
Алла өзі берер саған берерін,
Екі дүние сендік болар, ей, ерім!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет