«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет149/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   161
Туран ( түркілер елі) бертінгі аталуы — Түркістан.
8. Мəшрық мəлігі — Шығыстың əкімі. Нақтырақ айтсақ: Шығыс мемлекетінің бегі.
9. Хас Хажыб — ( Хажыб, араб сөзі), ханның ең жақын, ең сенімді кеңесшісі. Махмұд 
Қашқаридың ұғындыруына сүйенсек, бұл сөздің түркіше мəні «Тая аңу», «Таяныш», 
яғни хан тірегі, мемлекет таянышы. («Диуани-лұғат-ит-түрік».)
10. Зүлжəлəл — 1) Бір өзіңе аманат; құрметті; 2) Алланың бір сипаты.
11. 6232 сілтемені қараңыз.
12. «Əнисул Мəмəлік» бұл атауды қарасөзбен жазылған алдыңғы кіріспеде «Əйинул 
Мəмлəкəт» дейді. Ташкент, Шыңжаң басылымдарындағы түпнұсқа мəтін 
транскрипцияларында да осындай екі түрлі болып жүр.
13. Мүлк (мүлік) — түпнұсқадағы тұлғасы сақталды. Қазіргі «мүлік» мағынасымен 
үйлескенімен, байырғы мəні — «мемлекет, ел басқару» дегенді білдіреді. (ДТС., 
стр. 352)
14. Мəлік — үкім етуші, əкім, шах.
15. Мүлкəт — иелік ету (ДТС., стр. 352);
Мүлүк — иелік етуші, билеуші (ДТС., стр. 352).
16. Құз орда — Баласағұн қаласының бір кездегі аталуы. Жетісу өлкесіндегі (Шу 
өзені, Талас өңірі) көне қала. Көне түркі сөздігінде «Құт орда» деп те жазылған 
(ДТС., стр. 588).
Тақырыптары хақында
«Құтадғу білігтің» бізге жеткен үш нұсқасында да ( Вена—Герат, Каир жəне 
Наманған—Ферғана) тараулардың тізімі ( мазмұны) өзара өзгешелеу, тұтастай сəйкес 
келмейді. «Құтты білікті» зерттеу тарихында үш мəтінді де салыстыра отырып, 
дастанның тұтас құрамды нұсқасын əзірлеп, жариялаған Түркия ғалымы Рəшит Рахмати 
Араттың еңбегі елеулі екені мəлім ( Рəшит Рахмати Арат. Құтадғу біліг. Стамбул, 1947). 
Бұл басылымда да орыс тіліндегі аудармасын жасаған С. Н. Ивановтың, ұйғыр тіліне 
аударған шыңжаңдық аудармашылар тобының тəжірибесін ескере отырып, Рəшит 
Рахмати Араттың жасаған мазмұнын негізгі басшылыққа алдық. Жəне қайталауға 
ұрынбас үшін түпнұсқадағы мазмұнды жарияламауды жөн көрдік. Зерттеушілер 
түпнұсқадан да тауып таныса алады. Шындығында ұсынылып отырған мазмұннан 
елеулі, мəнді айырмашылығы да жоқ. ( Шыңжаң басылымында түпнұсқадағы жəне 
кейінгі толықтырылған мазмұнның екеуі де қатар ұсынылған.)
Бəйіттердің рет саны да Р. Р. Араттың ұсынған құрамдас мəтін басылымына
сəйкес алынды, бұл дүние ғалымдары таныған ортақ үлгі. Түпнұсқа мəтіннің түсіп 
қалған тұстары ( 84, 85-тарауларда) көп нүктелермен белгіленді. Олардың рет санына 
ешқандай қатысы жоқ. Түрлі басылымдарды (түпнұсқа, аударма) салыстыра отырып 
көптеген айырмашылықтарды байқадық. Бірі түпнұсқаны жете сезінбегендіктен, бірі 
көшірмелерден, əртүрлі оқылудан, бірі көркемдік ізденістің əсерінен кеткен. Солардың 
ықпалынан туындаған кейбір бəйіттерді ойды неғұрлым толық жеткізу мақсатымен 
жақшаға алып, қосымша ретінде ұсынып отырдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет