512
513
Балалық өтті, жігіттікті қумадым,
Күнім қараң болды, өзім қурадым!
6535
Ішпек-жемек болса, малдай жалмадым,
Нəпсі аңсаса, шаң көтеріп, талмадым.
Құмарланып аң ауладым, құс ілдім,
Арғымақты құстай өрден ұшырдым.
Ағайын, дос үшін жанды тосыппын,
Ал жауымды түс көргендей шошыттым!
Қанша жанды жерлеп-сөгіп, күйгіздім,
Жазықсызға тіл, қолымды тигіздім.
Кеуде кердім жауды жеңген батырдай,
Қалдым қатып қара тастай — тасырдай.
6540 Мас адамдай ұйықтап есін жинаған,
Жолдан тайып, хақ алдында қиналам!
Тəңір ісі қалды, ісімен пенденің,
Жаһан кезіп, зыр жүгірген кезбемін.
Көп жүгірдім тілек, нəпсі қысымдап,
Жаһанға ұлып бөрідейін құтырған.
Кісі тұтып, күшпен алдым пұл-малын,
Кімді қинап, кімді үркітіп шырмадым.
Мұның не? — деп, сұрай қалса жаратқан,
Ұяттымын, тосыламын жауаптан.
6545 Бұдан да асқан кей ақымақ қылығы,
Күйбең күнге елтіп, өтті ғұмырым!
Рахат кетті, бейнет те өтсе кезінде,
Ай, күн — зая, өкініштен езілдім.
Хұсырау, иə Қайсарша өмір бастайын*,
Шəддəдуше* бейіш бағын баптайын.
Ескендірше* бар жаһанды алайын,
Нұхтың* жасын жасап ұзақ қалайын.
Өзі болып қылышы жайдай Қайдардың*,
Рүстемдей* даңқпен жерді жайлармын.
6550 Не Иса* боп ұшып көкке шығайын,
Нұшырбандай* əділ заңды құрайын!
Иə, Қарындай байлық жиып алайын,
Əсхаби — Растай темір қала салайын!
Не пайда!? Ақыр, қара жерге кетермін,
Дүние қалып, екі бөзбен өтермін!
Жалаң келдім, жерге жалаң кіремін,
Дүниені мұнша несін тіледім!?
Көшер ғұмыр көшті желдей ақыры,
Фəни жалған тұтқыны етті ғафылдық...
6555 Тірлікке үлес қане ізгі қылығым,
Қайда септім жақсылықтың ұрығын?
Нені ексем — соны орармын ақыры,
Нені орсам — соны алармын асылы.
Жастық өтті, кəрілікті бастадым,
Қайта қайтқын, талай сөзді тастадым...
Ұзын тонды*, жатпа, табын хұдаға,
Оян, тынбай күнəңді жу, жыла да!
Жылан, қоңыз, құртқа жем боп қалармын,
Бұл рахат үшін несін жаралдым?!
(Жылан, қоңыз, құрттың жемі денемді,
Несін бағам бұл лəззатпен мен енді?*)
6560 Ұйқышы, оян, жыла тынбай жалынып,
Халің мүшкіл, табын хаққа шағынып.
Қарттық жетті, жігіт дəурен жоғалып,
Тірлік дəмі азды, ендігі — жол анық.
Сұм дүние көп арбады халықты,
Қайсысы мен, сүйгендігім анық-ты...
Көз қырыңнан жаппар ием, қалдырма,
Сыртқа теппе, ділім таза алдыңда!
Жарылқа да, ием, асыл құлықтым,
Күнəмді кеш, жазығымды ұмыттым!