«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет148/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

ТҮСІНІКТЕР
Шығарманың қарасөзбен, өлеңмен жазылған кіріспе тарауларына, мазмұны мен 
негізгі бөліміне түсініктер мынадай жүйемен берілді:
Кіріспелердегі (І, ІІ) түсіндірілмек сөз рет-ретімен цифрлармен көрсетілді.
Ал дастанның негізгі бөліміндегі сілтемелер бəйіттің рет санымен сəйкес келеді, 
тек түсіндірме жасалған бəйіттің тұсына жұлдызша қойылды.
«Құтты біліктің» түпнұсқасында əрбір бəйіт тұтастай рет санымен таңбаланып 
отырған. Біз де сол жүйеге сүйендік, тек рет саны əр бес бəйіттен соң көрсетілді.
І
Бісміллəхи-р-рахмани-р-рахим!
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. Шын — Солтұстық Қытай.
2. Хакім — қазіргі қолданылып жүрген «əкім» мағынасында емес, контекске қарағанда 
бұл сөздің мағынасы білікті, озық ойлы, «парасатты, білімді адам» (интеллектуал, 
интеллигент) дегенге саяды.
3. Машын — Оңтұстық Қытай. Машынды Табғаш деп те атаған. Ортаңғы Шынды
«Хытай» деп атаған, ал Қашқар — төменгі Шын. (В.В. Бартольд. Сочинения. М., 1966. 
Т. 5. С. 87).
4. Мəшрық (көне түркі тілінде) — Шығыс.
5. Бұғрахан — Түркістан өлкесін 840—1212 жж. билеген Қарахандар əулетінің аты. ( Бұл 
шығарма сыйға тартылған ханның толық аты: Тауғаш — Бұғра Қарахан Əбуəли-Хасан, 
Сүлеймен Арслан — Қарахан ұлы.)
6. Мəлік (арабша) — əкім, хан, патша. Бұл жерде түпнұсқа мəніне сүйеніп мемлекет 
деген мағынада қолданылды. 
7. Бұл аталған шығармалардың бұл күнде елге кеңінен танылғаны «Шахнама» ғана. 
(Фердоуси, 940 — 1030 жылдар шамасы.) Қалғандары белгісіз. Сондықтан да, бұл бір 
шығарманың əртүрлі атаулары емес, сол кезде мұндай жанрдың кеңінен таралғандығын 
білдіреді деген де болжам бар. (Академик Кононов А.Н. Слово о Юсуфе из Баласагуна 
и его поэме «Кутадгу билиг!» — Советская тюркология, 1970, №4.) Əйтсе де, түрлі 
елдердің ғалымдары қабыл қылып, бұл кітапқа «əрбірі əртүрлі лақап ат берді» деген 
түпнұсқаның өз сөзіне сенген дұрыс...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет