106
107
Мұндай кісі күллі істі істей алады,
Өнерімен ер тілегін табады!»
***
Сəті келіп айтты Елікке барлығын,
Айтолдының ашып құлқын, тағдырын.
Айтты құлқын, хас асылға балады,
Ақыл, білім, қасиетін санады.
Еліктің Хажыбқа жауабы
570 Естіді Елік: — Кəнеки, келтір! — деді,—
Қайда тұр ол. Көрейін көркін! — деді.
Тілеп едім кісіні қосшы болар,
Ел басқару ісіне басшы болар.
Бар тілекке жеттім, бірақ ісімде,
Мұқтаж едім осындай бір кісіге.
Жүгір, менің құзырыма тап, шақыр,
Қызметіме келтір өзін, мəрт батыр!
* * *
Хажыб тұрып, қақпа алдына келді де,
Бір ұланды жұмсады, «сөз» берді де.
575 Ұлан оның жеткізді бар сөздерін,
Тонын киді Айтолды өңі өзгеріп.
Атын мініп ханордаға тез жетті,
Хажыб қарсы шығып өзі кездесті.
Құрмет қылып төрден орын ұсынды,
Айтолды үнсіз отырды, бек қысылды.
Кірді Хажыб ілтифатын ұқтырып,
Əміршіге баян етті тік тұрып.
Достарыңызбен бөлісу: