310
311
Не сөйлерсің, кісілермен тұрмасаң,
Араласып, өзің мойын бұрмасаң!
3425 Нағыз ер сол: жүріп жұрттың ішінде,
Төрге шықса, бағып тілін, ісін де!
Қатты сөзге жұмсақ жауап қайтарса,
Ащы айтқанға тəтті тілмен айта алса.
Кісі жүгін алса, жүгін артпаса —
Жапа қылған жанға опа қып, мақтаса.
Өшін — кегін қуса жүрек түбінен,
Ділінде бар — тұрса шығып тілінен!
Не дегенін есті ойлы нар адам,
Ізгілікпен атақ-даңқы тараған:
3430 «Ауыр сөйлеп, тіл тигізбе адамға,
Кеш жібиді, көңілде дық қалар да!..
Сені сөксе, мақта — оңбассың таласып,
Ол қор болып, сен жақсы атта қаласың!
(Өзің мақта, сені сөккен наданды,
Ол жер болып, арттырасың бағаңды!)
Жафаға — опа жаса, батпа қапаға,
Мəрт опалы, жаман даяр жафаға!
Алыстаса сенен туыс — қарындас,
Ай, бауырым, оларға өзің жақындас.
Егер, күшті күш көрсетіп қинаса —
Кешір оны, діннің жолын сыйласаң.
3435 Жазықты боп қалса құл-күң, жазығын,
Кешіре біл, беріп сыйын, азығын.
Ерлік, ерлер көтеріп жүк-азабын,
Сабыр сақтап жүрер күтіп ажалын!»
Бүгін үйде тұрған жалғыз қарасың,
Ай, ақ көңіл, не барқадар табасың!?
Рахат, тілек, құтты көзбен көрмедің,
Күміс, гəуһар, алтын, бақыр термедің.
Сенде жер-су, сарай-жайдың түгі жоқ,
Ат, ер-тұрман, ұл-қыз, қане, бірі жоқ.
3440
Қолың қысқа, билігің жоқ, мақұлда,
Өзіңді ұстай алсаң, жақсы атың да.
Қане, нəрсең сені ел-жұрттан бездірген,
Қай ақымақ сені захид деп жүрген?
Азды олжалап, молға ықылас қоймаса —
Захид солар — қанағатты ойласа.
Захид болар тілегінен жаңылған,
Айласы да қалмас өзге сабырдан!
Мың тілегі орындалса да нағыз ер,
Жүзін бұрып, болмас текке əбігер.
3445
Жоқ-жітікке жеп-ішкізіп, қарасса,
Ибадат қып хақ жолымен жанасса.
Дүние келсе — көңіл бөліп, алмаса,
Кетер болса — қабақ түйіп қалмаса!
(Мəн бермесе дүние-мүлік жеткенде,
Қапаланып, қайғырмаса — кеткенде.)
Егер қолы жетсе арыз-тілекке,
Өзін ұстап тілін, ділін түзетсе...
Бұған мына сөздің мəні келеді,
Ай, ақпейіл, тыңда, болар керегі...
«Ердің ері — қай істе де күймесе,
Істер жерде өзін берік билесе!
3450
Мың тілекке жетсе де, есін сақтаса,
Мəрттің мəрті ол: өзін тыйып, лақпаса!»
Достарыңызбен бөлісу: