«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ӨГДҮЛМІШТІҢ ОДҒҰРМЫШҚА БАРУЫ АЙТЫЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет82/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

40. ӨГДҮЛМІШТІҢ ОДҒҰРМЫШҚА БАРУЫ АЙТЫЛАДЫ
Атын ерттеп, кетті суыт аттанып,
Үйден шығып, туысқанын бетке алып.
3290 Қарындасына жақын келіп, кідірді,
Аттан түсіп, əрі қарай жүгірді.
Жетті ақыры, есік қақты қолымен,
Шықты Одғұрмыш ізет қылып оңымен.
Есік ашып, тағаттарын тауысты,
Жүз көрісіп, есендесті, қауышты.
Қолын алып, бастады үйге, төріне,
Орын беріп қан жүгірді өңіне.
Көзайым боп қуанышқа бөленді,
Аллаға көп шүкір қылды ол енді.
3295 Қандай жақсы туғаныңмен қауышқан,
Айырылып — саламатпен табысқан.
Қандай жақсы бауырыңмен алыста —
Жақындасып, сағынысып қауышсаң!
Жарасып бір тұрар еді, қарашы,
Көңілі жақын болса ағайын арасы.
Қандай көркем, егер бауыры — бауырын,
Жандай жақын көрсе езіліп бауыры!
Не дегенін тыңда ердің мейірлі,
Жақын тұтқан жатырқамай көңілі:
3300 «Күллі ғайып* — көз көріссе, ғажайып:
Шаттық шалқыр, сағыныш-мұң азайып!
Айырылысқан суыныспай, өзгеріп,
Қандай жақсы сау қауышса, көз көріп!»
Одғұрмыштың Өгдүлмішке сауалы
Ағайынды сұрап білді Одғұрмыш,
«Бəрі есен!» — деп хабар берді Өгдүлміш.
Қалай келдің? Неге келдің маңыма? —
Деп Одғұрмыш сауал берді тағы да.
Естіп едім бірге жүр деп Елікпен,
Елге қызмет істеп жүр деп, білікпен!
3305 Қалай келдің қойып бəрін əр таман,
Халық жүгін мойныңа артып, арқалап!


 302
303
Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы
Айтты Өгдүлміш: — Саулығыңды қалаймын,
Сен деп келдім, ай, көріктім, арайлым!
Көңіліңді ашайын деп келдім мен,
Сағыныш, мұңды басайын деп келдім мен.
Аңсап едім, жөнін іздеп көрудің,
Бүгін ғана сəті түсті келудің.
Бүтін ғұмыр өтті, сені көрмедім,
Мұрсат таппай, іш өртеніп шөлдедім...
3310 Жолықтым да, тарқағандай құмарым,
Сəті түсті, соған шүкір қыламын.
Кісі есен-сау болса, қайтпай меселі,
Ай, қозы, бір тілегіне жетеді.
Не деді екен көсем кісі көп көрген,
Көп сынаған, күнді бастан өткерген:
«Тірлік болса, кісі табар тілегін,
Тілек болар тек тірлікте — білерің!
Тірі кісі тілегімен табысар,
Есен болса, кеткен қайта қауышар.
3315 Тірлік тіле, білсең, тілек тілеме,
Тілек туар — кісі текке жүре ме?!»
Алла берді, ақыр, маған тілекті,
Есендікпен қауыштырдық білекті.
Бұдан басқа, тағы да бір бар сөзім,
Оны да айтсам — көңiлiң хош алса — өзiм!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет