«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ЖҰЛДЫЗШЫЛАРМЕН ҚАЛАЙ ҚАТЫНАСУ ТУРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет156/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

55. ЖҰЛДЫЗШЫЛАРМЕН ҚАЛАЙ ҚАТЫНАСУ ТУРАЛЫ 

АЙТЫЛАДЫ

 

Мұнан басқа жұлдызшылар бар енді,



 

Бақсаң, бұл жол — өте нəзік, дəлелді.

 

Жыл, ай, күннің саны болар бұларда,



 

Бұл қисаптың керегі көп ұғарға.

 

Білгің келсе, хандасаны*  жатқа алшы,



 

Сонда ашылар есеп-қисап қақпасы.

 

Көбейту, бөлу, бөлшектерді* білгейсің,



 

Кемел біліп, емтиханды* бергейсің.

4380  Тазифті* де, тəнсифті* де талдарсың,

 

Егер білсең, жұлдыз тауып, барларсың



 

Қосу — алу,  місəхатты* игергін,

 

Жеті қат көкті жіпке тізіп үйренгін.



 

Тілесең сен мұқабəлды* қарасаң,

 

Ұқлидистің* қақпасын қақ, қаласаң!



 

Бұл дүние, ақырет ісі қандай-ды,

 

Дана адамдар қисаппенен барлайды.



 

Ай, ізгі жан, егер қисап бұзылса,

 

Ақырет, жалған ісі қирар, ұғынсаң.



4385  Атқармақшы болсаң істің сен бірін,

 

Сұрау керек сəтті-сəтсіз мерзімін.



 

Күн мен Айдың бар құтсызы, құттысы,

 

Ай, ақпейіл, таңда құтты — мықтысын.




 375

 

Жақсы айтыпты қария ойлы, білімді:



 

«Білімдіден біліп алғын ісіңді».

 

Адам ісін бастаса егер біліммен,



 

Мақсатына жетер тілеп — жүгінген.

 

Қай ісің де білімменен гүлдейді,



 

Білім кейін қалса, қолың жүрмейді.

4390  Тез иланба, олардан сөз сұрарда,

 

Білетін тек тəңір, естен шығарма.



 

Жарасқын да, жақсы қара бұларға,

 

Діліңді бақ, салма тілді бұлаңға!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет