«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ДИҚАНДАРМЕН (ТАРЫШЫЛАРМЕН) ҚАЛАЙ ҚАТЫСУ



Pdf көрінісі
бет158/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   247
57. ДИҚАНДАРМЕН (ТАРЫШЫЛАРМЕН) ҚАЛАЙ ҚАТЫСУ 

ЖАЙЛЫ АЙТЫЛАДЫ

4400  Тағы бір топ — диқандардың əулеті,

 

Ең керекті жұрт ол биік дəулеті.



 

Қатынасып, ыңғайыңды бергейсің,

 

Ас-тағамнан еш кемшілік көрмейсің.




 376

 

Одан жанның бəрі пайда табады,



 

Ішпек-жемек күллі дəмін алады.

 

Аш па, тоқ па, тірі жанның барлығы,



 

Тірісінде мұқтаж оның алдында.

 

Еш шүбə жоқ, бұл кісілер қажетті,



 

Солар билер тамақты да, тəбетті.

4405  Бұларменен қатыс, көңілің толады,

 

Құлқының таза, асың адал болады.



 

Не дейді, аңда сақилықты басқарған,

 

Түрлі еңбекті ықтиятпен атқарған:



 

«Нəзік, түзу жолды ұстанам десеңіз,

 

Ай, ақжүрек, ділге пəктік берсеңіз.



 

Сақилықты ұстансаң без һарамнан,

 

Киім, асың болсын дəйім адалдан.



 

Кедей болмай, байлық жолын қусаңыз,

 

Тырысып көп, зиналықты тисаңыз.



4410  Құрмет, қадір болсын десең өзіңде,

 

Зинадан без көңілде де, өмірде.»



 

Зиналықтан түп-тамырың кесілер,

 

Зинақорлық жақсы ізіңді өшірер.



 

Өшкен өртті зинақорлық қоздатар,

 

Қонған құтты ұшырар да боздатар.



 

Жақсы айтқан, сұлу қылық серісі,

 

Білімімен іс тындырған ер кісі:



 

«Құмарлыққа жақын жүрме, ерме сен,

 

Фəсад * қайда — сонда қорлық кездесер!



4415  Зинақормен дəулет тұрмас, малданба,

 

Бір түнерлік қонағың ол, таңданба!»



 

Диқандардың жомарттықтан қолы ашық,

 

Бергенге Алла көңілі кең, жолы ашық.



 

Жердегі бар жорғалаушы, жүруші,

 

Аяқтысы — ас, қанатты дəн теруші.



 

Бұларменен араласып өтерсің,

 

Жылы сөйлеп, жүзіңді ашық етерсің.




 377



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет