«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ҰЛ-ҚЫЗ ТУСА, ОЛАРДЫ ҚАЛАЙ ТƏРБИЕЛЕУ



Pdf көрінісі
бет163/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

63. ҰЛ-ҚЫЗ ТУСА, ОЛАРДЫ ҚАЛАЙ ТƏРБИЕЛЕУ 

АЙТЫЛАДЫ

 

Ай маңдайлы ұл-қыз туса алдыңда,



 

Үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма.

4505  Тəрбиеші ал ізгілікті, көшелі,

 

Ұл-қыз жақсы, таза болып өседі.



 

Ұл-қызыңа əдеп үйрет, білім бер,

 

Қос жалғанда нəсіп көріп, күлімдер.



 

Əйел əпер — ұлға, қызды ерге бер,

 

Қайғы-мұңсыз тірлікке не тең келер!?



 

Ұлды үйрет күллі өнер-білімге,

 

Ол өнермен дүние табар түбінде.



 

Ұлыңды бақ, бекерге бос жүрмесін,

 

Бейбастақ боп кетер бекер жүргесін.




 383

4510  Қызыңды үйде бексіз ұзақ ұстама,

 

Ауырмай-ақ өлерсің сен құсадан.



 

Ағайын, дос, кесіп айтам, тыңдасаң,

 

Қыз тумаса иə тірі тұрмаса!



 

Туа қалса — жердің қойны жайлырақ,

 

Үйі өліктер жайы болса сайлырақ.



 

Əйелді үйде қатты  күзет, қорғанда,

 

Əйелдің іш-тысы бірдей болған ба?!



 

Əйелді үйден шығарма, жат кіргізбе,

 

Жолдан таяр, жаттың көзін тигізбе.



4515  Көз көрмесе, көңілің де тілемес,

 

Көзің ауса, көңіл ауу түк емес.



 

Көзді бақсаң, көңілің де аңсамас,

 

Көңіл жоқ па, жоқ жүректе — жанталас.



 

 

Жеп-ішісте ерге əйелді қоспағын,



 

Егер қоссаң, бұзылмақты тосқаның.

 

 

Əйелді үйден ұзатпа алыс, жүгін ер,



 

Егер шықса, тура жолдан сүрінер!

 

Қыз да бір ет, сақта, бапта қалайда,



 

Сақтамасаң, ет бұзылар, не пайда?!

4520  Қадірле де, не қаласа — бер тауып,

 

Жуытпа еркек, жүр есікті бек жауып.



 

 

Ежелден бұл опасыз ғой ауаны,



 

Көзің қайда түссе, көңілі ауады.

 

Жафаменен өсіп, өнген ағаштың



 

Жемісі — у, татпа, улайсың — жанастың...

 

Неше мың мəрт ерлер даңқты, құзырлы,



 

Əйел үшін бұзылды һəм үзілді.

 

Талай сұлу, даңқты ерге шер қонды,



 

Əйелдерден жарық жүзі жер болды.

4525  Талай мың ер, бəһадүрді ірі, дөй,

 

Бұл əйелдер жерге көмді тірідей!



 

Оларды кім қалай сақтап, ақтасын?

 

Тəңір өзі көз қырын сап, сақтасын!  



 


 384



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет