«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 КЕДЕЙ, ПАҚЫРЛАРМЕН ҚАТЫСУ ЖАЙЛЫ АЙТЫЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет162/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   247
61. КЕДЕЙ, ПАҚЫРЛАРМЕН ҚАТЫСУ ЖАЙЛЫ АЙТЫЛАДЫ

 

Бұлардан соң ел ішінде  кедей жүр,



 

Ішкіз-жегіз, жақсылық ет, елей біл.

4470  Дуасы тиер кедейлердің, ағайын,

 

Дуа да бір жақсы нəрсе, ағайын.



 

Жауап күтпе, бар ма тауар керегі?!

 

Сауабы — Алла жəннаттан жай береді.



* * *

 

Ел ішінде кездеседі осылар,



 

Сенің — онда, оның сенде ісі бар.

 

Ісі  түссе — мейірім ет, қарай жүр,



 

Сонда сені бəрі жақын санайды.

 

Екі дүние қызығына қанасың,



 

Даңқың тарап, жақсы атақпен қаласың.



62. ҚАНДАЙ ƏЙЕЛ АЛУ КЕРЕКТІГІ АЙТЫЛАДЫ

4475  Əйел алмақ болсаң егер, қарарсың,

 

Жіті бағып таңдаулысын аларсың!



 

Жақсы болсын тегі, заты, ұрығы,

 

Пəк, ұятты, болсын жанның тұнығы.



 

Дұрыс үйдің қызын ал, қол тимеген,

 

Сенен өзге еркек жүзін көрмеген.



 

Сені сүйіп, басқа жанды білмесін,

 

Жаман, тексіз қылық істеп жүрмесін.




 381

 

Тегі өзіңнен төмен қызды аларсың,



 

Асыл текке өзің құл боп қаларсың.

4480  Тыңдап қара, сынаған ер дегенін,

 

Сынаған ер білер істің беделін:



 

«Түзігін ал, алсаң — тегі төменін,

 

Сүйінішпен өтер дəурен — көрерің!



 

Көркін емес, ізгі құлқын қаларсың,

 

Жақсы болса құлқы — жайнап, жанарсың!»



 

Өз теңіңді ал, алсаң — қатын алмағын,

 

Ердің ері, ей, тақуасын таңдағын.



 

Көркін қуып, алма қылқы* кемісті,

 

Құлқы жақсы болса — кемел, келісті!



4485  Сұлуқұмар, сұлуды  аңсап  сор қума,

 

Қызыл жүзді сарғайтпа һəм қор қылма.



 

Əйел алсаң төрт белгісін көздеші,

 

Бұл төртеуден кездеспейді өзгесі:



 

Бай əйелді біреу іздеп жүреді,

 

Енді бірі сұлуға көз тігеді.



 

Бірі тілер тұқымы асыл, тектіні,

 

Қуаныш боп ұлықтығы, бектігі.



 

Бірі нəзік, ақылдысын таңдайды,

 

Оны тапса, көңілде алаң қалмайды.



4490  Таңдаулысын айтайын мен бұлардың,

 

Əйел алсаң, түргін маған құлағың:



 

«Ай, таңдаушы, бай əйелден үміткер,

 

Құлы болып қалма оның, білікті ер.



 

Көңілі мүлік болып, тілін ұзартар,

 

Көтерерсің — болса  малға  құмартар.



 

Кісі ізгісі, гөзəлді іздеп шоларсың...

 

Сұлуды алма, елге күлкі боларсың.



 

Шырайлыны күллі ел сүйер, жақтар мың,

 

Оны хақтың құдіретімен сақтарсың...



4495  Асыл текті, бек əйелді таңдарсың,

 

Өміріңді қор қып, талды қармарсың.




 382

 

Асыл текті, бектер тіні тым зəрлі,



 

Қатынға құл болма, ділі ызғарлы!

 

Тақуа, нəзік жар іздегін, бекзада,



 

Төртеуі де, тапсаң сонда бір ғана.

 

Кездестірсең ақылды,  ізгі адамды,



 

Ай, ізгі ер, алғын қойып алаңды.

 

Тілегің мал болса, берер мал тізіп,



 

Байытады, жүзіңе қан жүргізіп.

4500  Түзу болса, құлқы — шырай, шырығы,

 

Білген білер, əйел көркі — қылығы!



 

(Мінсіз мінез, пəктік — шырай, шырыны,

 

Біле білсең, əйел көркі — қылығы!)



 

Пəк, тақуа болса, асылға баларсың,

 

Үш сипаттың бəрін содан табарсың!



 

Ақылдысын, ізде — іздесең, ай, бегім,

 

Есті болса, болар түгел төртеуі.



 

Мұндай жанды тапсаң, ширап, қуан да,

 

Ай, мəрт кісі, ұста, қолдан шығарма!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет