«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 МАЛШЫЛАРМЕН ҚАЛАЙ ҚАТЫСУ АЙТЫЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет160/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   247
59. МАЛШЫЛАРМЕН ҚАЛАЙ ҚАТЫСУ АЙТЫЛАДЫ

 

Малшылар бар берекелі іс тындырған,



 

Күллі жылқы* алдарында мыңғырған.

4440  Бəрі ақкөңіл, шыншыл, елдің адалы,

 

Адамдарға жоқ салмағы, залалы.



 

Жемек, кимек, мінбек — айғыр, байталдар,

 

Жүк таситын жануарлар, шайқалған,



 

Қымыз, сүт-май, ірімшік, айран, сүзбе, құрт,

 

Киіз, сырмақ, перде — құрсаң үйге құт.



 

Бұл адамдар құтты жандар, пайдалы,

 

Бұларды да тұтқын жақсы жайдары.



 

Қатыс, қосыл, ішкіз-жегіз қолдағын,

 

Түзулікпен кешсін тірлік жолдарын.



4445  Керегіңді ал, қалауын бер, аяма,

 

Көзім көрді, жоқ пайда мен айлаңа.



 

Жосық, білім, жөн іздеме бұлардан,

 

Кең пейілді, қарымы кең қыраннан.



 

Қосылсаң да жүргін бірақ абайлап,

 

Жөн-жосықсыз жасап жүрер тағы айбат.



 

Жылы сөйлес, дос болуға жүгірме,

 

Білімсіз жұрт ұғынбайды түгін де.



 

Жақсы айтыпты заң шығарып, білген ер,

 

Халықпенен араласып жүрген ер:




 379

4450 «Білімсізді жіберме тым жақынға,

 

Қылмағанды қылар жүріп  қасыңда!»



 

Дана кісі жақсы айтыпты бұдан да,

 

Біліммен кел əр іске қол ұрарда:



 

«Біліксізден без, өзіңді тұтып жүр,

 

Өзін тұтқан — құты тасып, ұтып жүр.



 

Білімсіздің өзі, сөзі дарақы,

 

Білімсізден аулақ жүру — шарасы!»



 

Малшылардың бəрі осындай қарарсың,

 

Аралассаң сөзімді еске аларсың.



4455  Баяндадым бəрін саған жасырмай,

 

Не істеріңді ойланарсың — осындай...





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет