«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ШЕБЕРЛЕРМЕН (ҚОЛӨНЕРШІЛЕРМЕН) ҚАЛАЙ ҚАТЫСУ



Pdf көрінісі
бет161/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   247
60. ШЕБЕРЛЕРМЕН (ҚОЛӨНЕРШІЛЕРМЕН) ҚАЛАЙ ҚАТЫСУ 

ЖӨНІ АЙТЫЛАДЫ

 

Шеберлер бар, қолдарында түрлі өнер,



 

Қол өнерін пайдаланып күн көрер.

 

Бұлар да бір ең қажетті кісілер,



 

Жақын жүргін, көп-көп пайда түсірер.

 

Қырманшылар, етікші һəм темірші,



 

Садақшылар, сыршы, зергер, жебеші.

 

Солар істер бұл дүние  ғажабын,



 

Таң қалдырар кең  жаһанның алабын.

4460  Таусылмайды санын тізсең олардың,

 

Аңғар өзің. Мен сөзімді доғардым.



 

Араласып, түсінісіп жүрерсің,

 

Сүйіндіріп — сүйініште сүрерсің.



 

Ісіңді істеп берсе, қайтар құнын тез,

 

Ішкіз-жегіз, мол ауқат бер, сырын сез.



 

Ел ішінде абыройыңды төкпесін,

 

Қатты қара, атың былғап, сөкпесін.



 

Жақсы айтыпты білікті бір сөзінде,

 

Мейірлі елге, ақкөңілді өзі де:




 380

4465 «Тірлік емес, ізгі ат тіле — тілесең,

 

Ізгі атың — тірлігің ол, білесің!



 

Өзің өлсең, қалар ақыр атың да,

 

Атың ізгі болса — тірлік татымды!



 

Кімнің аты кірлей түссе — аштырақ,

 

Болғанынан болмағаны жақсырақ!



 

Өмір — зая, жақсы ат тіле мəндірек,

 

Жамандықсыз жақсы ат қалдыр мəңгіге!»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет