«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Елікке жауабы



Pdf көрінісі
бет173/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Өгдүлміштің Елікке жауабы

4955  Жауап беріп, Өгдүлміш айтты: — Тілек,

 

Болар түгел, қолдаса тəңір желеп!



 

Қатуланып мен алдынан өтермін,

 

Арыз-тілек бəрін түгел етермін.



 

Бергей Алла Еліктің бар тілегін,

 

Есен-аман болсын, Елік!  Жүремін!..



*  *  *

 

Тұрып шықты, аттанды да жетті ол,



 

Түсіп, үйге кірді, тонын шешті ол.




 412

 

Сары болды күннің қызыл ажары,



 

Əлемді алтын реңі орап, тарады.

4960  Күн жүзіне сары зафран жағынды,

 

Жаһан көкшіл  минə* реңді жамылды.



 

Қабақ түйіп, аспан суық түрге енді,

 

Жаһан қара зəңгі  түсті бүркенді.



 

Ішті, жеді, жуынды, оқып намазын,

 

Төсек салып, кетті ұйқыға қамалып.



 

Сары сандуғаш сайрап қоя бергені,

 

Белең алып оянды, ұйқы  келмеді.



 

Ояу жатты, оны қанша тыңдады,

 

Сүйініштен ғажап үнге таңданды.



4965  Ұйқы қашып, түні артық ұзады,

 

Аңсар болды жарық күннің шығары...



 

Аспан жыртты киген қара көйлегін,

 

Жүзі ашылып, көтерді күн иегін.



 

Күліп бақты, өрлеп, сұлу қыз жүзі,

 

Бұл дүниенің жарқырады жер, құзы.



 

Күн тауға өрлеп, нұрлы жүзін жайнатты,

 

Жарқыратты дүние, өзен, аймақты.



 

Жуынды да, киінді, сай тұрды ол,

 

Өзі  игілік  жорып, намаз қылды ол.



*  *  *

4970  Бір ұланмен атын ұстап, ерттеді,

 

Сүйініп, күліп туғанына беттеді.



 

Таяғанда ақырын жүріп аяңдап,

 

Түсіп, баяу келді есікке жаяулап.



 

Тоқылдатты, үй есігін тұтты да,

 

Туғаны тез шықты алдынан, ұқты да.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет