Айтты: — Інім, істі ұзатып жібердің.
413
4975 Жүр, келген соң, сөйле, үйге кірелік,
Қайта айналып неге келдің, көрелік...
* * *
Екі туған жүріп, кірді үйіне,
Захид қасын түйіп алды ініге!
Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы
Келгені айтты: — Сенің басың асыл-ды!
Сөзді тыңда, түйме ашумен қасыңды.
Сенің айтқан сөздеріңді айнытпай,
Елікке ұзақ баяндадым қаймықпай.
Есітті Елік, сөзді түгел тыңдады,
Сөзіңді естіп таңдады, көп таңданды.
4980 Қоя берді, сені қақпай бетіңді,
Бұдан бөлек бір тілегін өтінді.
Сол іс үшін сөзші болып келемін,
Мені ұятқа қалдырма сен, ей, ерім!
Əр нəрсенің, аян, бар шек-шамасы,
Істің сəтін алма өткізіп, ағасы.
Тыңдап алғын, ақылды тіл не деді,
Бұл сөз мəні бар нəрсеге келеді:
«Алма өткізіп əр істің сəт, шамасын,
Өткен екен, істен қашық қаласың.
4985 Əр нəрсенің бар түр, түсі, жосығы,
Бар нəрсені сақтар солар қосылып!»
Қойды Елік ол тілегін ақыры,
Түсін, отыр бір зийаратқа шақырып.
Не сен барғын, не өзіңе ол келсін,
Ай, мейірбан, дидарыңды бір көрсін.
Бұдан саған еш зиян жоқ, ағайын,
Ай, тас бауыр, илан, мойныма алайын.
Елік — асқан ізгі сұлтан, жаны асыл,
Кедей, кемтар, жамандарға жанашыр!