«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Одғұрмыштың Өгдүлмішке жауабы



Pdf көрінісі
бет175/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Одғұрмыштың Өгдүлмішке жауабы

4990  Айтты Одғұрмыш жауап беріп: — Бұл өзі,

 

Ұғымға шақ, ай, ақкөңіл, жөн сөзің!



 

Мүсілімге мүсілім туыс, барысып,

 

Зийарат қылар, ай, ақкөңіл, танысып.



 

Бұл сөзге мен иілдім, бой беремін,

 

Бүгін оған зийарат қылып келемін.



 

Бұдан бұрын оған өзім бармадым,

 

Қалар еді онда пайда алғанын.



 

Оны қойды, тұтты жолдың адалын,

 

Туралыққа көндім, тілін аламын!



4995  Мен барайын Елікке, Елік келмесін,

 

Маған тисін бейнет, оған тимесін.



 

Елік — елдің бегі, халық ұлығы,

 

Соған: құрмет, сый-сияпат шырыны.



 

Сөзін түзер, жөн жол-жосық түзілер,

 

Аршыр  елді ессіздердің ізінен.



 

Білімі теңіз не дегенін тыңдағын,

 

Ақылымен егіз көңіл сырлары:



 

«Бек жарлығы  бұқараға  міндетті,

 

Үлкен-кіші қадірле естіп, бұр бетті.



5000  Үнді* болсын сатып алған күміске,

 

Бектің сөзін, бектің өзін  құрметте!»



 

Бек жарлығын құрметтеймін мен енді,

 

Болам жақын, зийарат қылып келем де.



 

Жүр, қайт енді, Елікке айт сөзімді,

 

Келеді де, жетермін мен өзім де.



 

Жарық дүние жүзін перде жапқанда,

 

Барайын мен, дайында ескі жай жатқанға.



 

Күндіз мені кісі көрсе, шатағы:

 

Мені сөйлеп, өзін отқа атады.



5005  Аттан үйге, енді сабыр сақтағын,

 

Мен келгенше біраз күткін, жатпағын.




 415

 

Ең əуелі саған барып түсейін,



 

Не істерімді, сонда жорып білейін!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет