421
Саған мұнша құлдық ұрдым, аңсаттың,
Осы еді, асыл тектім, мақсатым.
Енді ақыл-кеңес бергін, болысып,
Ізгілікке қолым жетсін, толысып.
5095 Кісілер көп құлқын қамын аңдыған,
Ай, сақи, жоқ мейірімді, арлы жан.
Бектер барша тілектерін табады,
Көңілін демдер демеу таппай жанады.
Сарайда көп қалтақтаған қалың бас,
Біреуі жоқ сүйеу болып, жаңылмас.
Бəйіт, сақи, айтар мұның жосығын,
Ұққың келсе, ең əуелі осыны ұқ:
«Кісімін деп жүргендердің саны көп,
Кісілерге пайдалысы, қане, жоқ.
5100 Мың кісінің ісін істер бір кісі,
Атқара алмас қаптап оны мың кісі!»
* * *
—
Ай, Одғұрмыш, — деді Елік тағы да, —
Хақ пейілін аударыпсың бағыңа.
Жарасады қылық-құлқың атыңа,
Бақ, тілеуің берсін Алла басыңа!
Хақ бергеннен маған үлес байларсың,
Тіріліп көңіл, нəпсі өлікке айналсын!
Достарыңызбен бөлісу: