«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке жауабы



Pdf көрінісі
бет203/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Еліктің Өгдүлмішке жауабы

 

 Елік айтты: — Тауфиқ бергей, не дейін,



 

 Бір Алладан медет, көмек тілейін.

5935  Тілеуімді беріп, тəңір жар болғай,

 

 Нұрыңды құй, түнекке орын тар болғай!



 

 Күллі істі көзден таса қалдырма,

 

 Сақ бол, құлақ, жанарыңды талдырма.



 

Күшің жетсе — тындыр, маған қарама,

 

 Жəрдемдесем, көнбесе іс шамаңа!



*  *  *

 

 Елік сөзін үзді, тілі байланды,



 

 Тұрды Өгдүлміш, кетуге енді сайланды.




 474

 

Атын мініп, тез жетті үйге қайтарда,



 

 Кірді үйіне, тонын шешіп жайланды.

5940  Кешке жатып ерте тұрып аттанды,

 

 Кірді ордаға, албарында ат қалды.



 

 Қайраттанып істі Өгдүлміш басқарды,

 

 Бар жұмысты тізе бүкпей атқарды.



 

Халық рахат көріп, жаһан жайнады,

 

 Сүйінішпен Елік ұзақ жайлады.



 

 Тарады елге жақсы лепес сенгісіз,

 

 Аты қалды мəңгілікке сөнгісіз!



 

 Не жақсы, көр, əуелі əділ заң жақсы,

 

 Əділ заңмен бектің аты қалмақшы!



5945  Осындай бек болса елдің басшысы,

 

 Берекелі болар ел-жұрт, баршасы.



 

 Құлқы түзу, іскер болса халқы бар,

 

 Онда бектер күні туып жарқырар.



 

 Бұл бектерді хұда қолдап-бағыпты,

 

 Елі жақсы болса, бегі бақытты!



 

 Елі сорлы болса, бегі сорлайды,

 

 Сорлыға сорлы қосылса — оңбас, сол — қайғы.



 

 Ел түзелсе, бектің құлқы ағарар,

 

 Бек түзелсе, ел одан да тазарар!



*  *  *

5950  Тағы біраз күн, ай өтті, жыл өтті,

 

 Байыды ел, дүние көркін түзетті.



 

 Тұман тарап, ашылды көк ғажайып,

 

 Түзелді өмір, құрыды лаң азайып.



 

 Тəңірге Елік шүкір қылды мақтады,

 

 Мадақтады, мақтады көп, жақтады!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет