Еліктің Одғұрмышқа жауабы
—
Ай, біліктім! — деді Елік, — айтқайсың,
Қалай жүріп, қалай жанды сақтайсың?
Маған сенен мейірбан жоқ, қиналдым,
Саған сеніп, саған ғана иландым.
Мен жатырмын сарайымда алаңсыз,
Барша істен алыс əрі хабарсыз!
Көз — құлағым өзіңсің, сен қарарсың,
Қыңыр кеткен істі түзеп бағарсың.
5850 Менен жəрдем керек болса — хабар қыл,
Қай істің де бір амалын табармын.
Бір-бірімен табысса əскер жан-жағың,
Қапа қылма, тынышымды алмағын,
Кетсін елден аяр баққан пайдасын,
Білік жайлап, білімсіздер жайрасын!
Халық байып, ел түзелсін, жайнасын,
Шүкір қылып, менің тілім сайрасын.
Достарыңызбен бөлісу: |