«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Қызметші Ұланның Өгдүлмішке жауабы



Pdf көрінісі
бет205/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Қызметші Ұланның Өгдүлмішке жауабы 

 

Қайта кіріп, айтты  ол не дегенін,



 

Ағасының   бұған хабар  бергенін.



Өгдүлміштің хабаршыға сауалы

5960  Тез орнынан тұрып, оған берді ерік,

 

Бұл ер, сонсоң, сəлем беріп келді еніп.



 

«Қайдан жүрсің, неге келдің сен?» — деді,

 

«Тілегің не? Жөніңді айтып бер!?» — деді.



Хабаршының Өгдүлмішке жауабы

 

Мені Одғұрмыш  аттандырды өзіңе:



 

«Келсін, — деді, — бір көрінсін көзіме!»

 

 Халі ауыр, жатыр жаны қиналып,



 

 Жанашыры, қасына жүр, жиналып.



 Өгдүлміштің хабаршыға жауабы

 

 Айтты Өгдүлміш: — Кел, тағамнан дəм алып,



 

 Ауқаттанып, əлден, бірге баралық.



Хабаршының Өгдүлмішке жауабы

  5965  Айтты  ұнатпай: — Халі нашар, жаман-ды,

 

 Аттанардай бегім, жолын тəмамдап.




 476

 

 Мен алдымен, сенен бұрын барайын,



 

 Сен соңымнан үлгірерсің, ағайын!

 

 Қақпа алдынан қайтты Өгдүлміш жабығып,



 

 Қолын жайды қамығып һəм аңырып.

 

Үйге кірді һəм жабығып, қамығып,



 

Қайғы жеңді, алды шаттық, сабырын.

 

Жатып еді, қашқан ұйқы келмеді,



 

Жылдай ұзап түн де тыным бермеді.

5970  Ұйықтамақ боп, көзін жұмды қалжырап,

 

Көзден ұйқы кеткен ұшып, жамырап.



 

Қайта тұрып, бас көтеріп  отырды,

 

Сары таңды көзімен ол атырды.



 

Гүл ішінен  бұлбұл  үні  төгілді,

 

Жүрек талып, қабырғасы сөгілді.



*  *  *

 

Атқа мініп, келді де, енді үш аттап,



 

Көзайым боп, сүйді ағасын құшақтап.

 

Жатыр сұлап, əрең-əрең қас қағып,



 

Шапан төсеп, басқа жеңін  жастанып.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет