«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет62/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   247
Айтолдының Елікке жауабы

 

Айтты Айтолды: — Білер олжа, киесін,



 

Толғаған жан тауып тілдің жүйесін.

985  Сөздерінің бірі — қоқыс, бірі — қақ,

 

Наданды жұрт теңер малға тілі жоқ!



 

(Бос сөз шығар білімсіздің тілінен,

 

Мал дер оны білімділер түңілген.)



 

Желбуаз сөз — қара құлық айғағы,

 

Ойсыз басқа түсер қаңғып қайдағы.



 

(Қара құлқы — текке лағып сөйлеген,

 

Қара басты сондай лақпа сөз жеген...)



 

Көпірме сөз — басқа пəле төндірер,

 

Есті сөзден, құрығанда, ел жөн білер.



 

Надан  тойса — сөзге өгіздей жайылар,

 

Семіріп құр сөзден — күйіс қайырар.




 136

 

Сəл тойынса, тіл қайырар жата қап,



 

Сол қылқы үшін малды мал деп атаған.

990  Ақылды адам тəнді арытып, ой бағар,

 

Жан семіртер, ой семіртер, ойланар...



 

Тəн семіртер — нəр ауыздан сіңеді,

 

Жан семіртер — сөз құлақтан кіреді.



 

Білімдінің бар екі ерек белгісі —

 

Жүзі жарқын оны білсе ер кісі.



 

(Бірі — тіл де, екіншісі — ауызы,

 

Тұтса екеуін, көл-дария табысы.)



 

Тіл мен нəпсі, тия алған  бұл екеуін,

 

Қолына алар қазынаның жетеуін.



 

Ерік керек тіл, құлқынды тежейтін,

 

Білік керек тіл, құлқынды теңейтін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет