«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет60/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Еліктің Айтолдыға сауалы

 

Елік айтты: — Ұқтым, түгел түсіндім,



 

«Тілсіз — өлік» дегенді еске түсіргін!

 

Тілсіз кісі екі-ақ түрлі, білерсіз —



 

Бірі — сақау, бірі — надан, жігерсіз.

970  Сақау тілі — сөзге кенде, анық тас,

 

Біліксіздің сөзі сөз боп жарытпас.



 

Біліксіздің тілін тыйған жөн болар,

 

Білімдінің  сөзін жиған жөн болар.



 

Білімдінің сөзі жерге сумен тең,

 

Су келген жер гүл көмкерген ну көркем.



 

Білімдінің нұрлы сөзі сарқылмас,

 

Тұнып аққан бұлақ көзі тартылмас.



 

Білімділік — шым бүркеген бір ұйық,

 

Бұрқырар су, аяқ бассаң, құйылып...



975  Білімсіздің көңілі — құм, құнсыз шөл,

 

Шөп те шықпас, тойып бермес құйсын көл!..





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет