Еліктің Айтолдыға сауалы
Елік айтты: — Шыда, Айтолды, сабыр ет,
Кесел — күнəң... алыс саған ақырет.
Сырқаттанған өле берсе, шамала,
Ризықты тірі пенде қала ма?!
Дерт жазылар, рахым қылғай бір Алла,
Жан жасытпа, тірлікті естен шығарма!
* * *
1110 «Сақта!» деп, хан дұға оқып, жалынды,
Қолын жайып, жаратқанға табынды.
Тұрып шықты, сабыр, шіркін, жоғалды,
Көңілі пəс, сарайына оралды.
145
Кем-кетікке мал таратты, сүйер деп,
Үміттеніп, шарапаты тиер деп.
Күміс егер сақтай алса; Күні үшін —
Кім болса да, шашар еді күмісін!
Пара* беріп қалса ажалдан адамдар,
Ел жуаны өлмес еді, жарандар!
* * *
1115 Айтолдыны дерті қысып, шер қапты-ай,
Үміті өшті, жанын қояр жер таппай!
Деді өкініп: — Ессіз тірлік — зар-мұңым,
Өткізіппін ессіздіктің барлығын.
Ғафылдықпен, текке тірлік сүріппін,
Жігіттікті зая қылып жүріппін.
Көрерім көп еді, қонды мұң-қарға,
Ажал тұтты, сөзімде енді құн бар ма?!
(Көрмек едім жаһанды ұстап қолыма,
Көлденеңдеп алды тағдыр торына!)
Жаһан малын тердім тоймай араным —
Мүлік қалып, мен жоғалып барамын!
1120 Қол мен тілді тым ұзартып алыппын,
Өлім кесіп, қысқартты һəм тарылтты!
* * *
Өкінді адам күңіренді, егілді,
Өмір-өлім өткелінде сөгілді.
(Зарлап пенде, көп өкінді, сорлады,
Өкініштен өлімге сеп болмады.)
Өтер ұлан, мұңлұқ болып туар да:
Тілегенмен тірлік тоқтап тұрар ма?!
Тілек болса — тіршілігің жетпейді,
Тірлік болса — тілекке жан жетпейді!
Аз дəулетті көрсе кісі тасынар,
Жасыл көктің үстінен сөз асырар.
146
1125 Мəртебе өссе — тəкаппарсып кетеді,
Өлім тұтса — өкінішпен өтеді...
Тойынғандар шабынар нақ бурадай,
Қарны ашса, жұтар бəрін қузамай.
(Күйсе — күйрек, рахаттан — зерігер,
Аңсағанын тапса одан тез жерінер.)
Аштықта — ез, көтермейтін тоқтықты,
Жүрген жанбыз ұқпай дүние — боқтықты.
* * *
Күңіренді, қайраны жоқ қолынан:
«Жаңылдым, — деп, — туралықтың жолынан!
Неге керек күмісің мен алтының,
Бөлмедім бе — сауабын ап жарлының.
1130 Неге қойдым жұртқа назар салғанды,
Неге сөктім жазығы жоқ жандарды.
Қайырым етсем маңайыма, ендігі,
Ізгіліктің қайтатыны белгілі.
Өкінішпен несін алам есімді,
Өлім тұтты, үнім-тілім кесілді.
Не дер екен, көзі ашық, мəлім ер,
Мейірбанды айтар сөзі əділ ер:
«Тірілерді баққан ажал — бір есік,
Түбі бəрің бұл есікке кіресің!»
1135 Қандай екен өлім деген, бұл өмір?
Қайдан келдім, қайда қалай жүремін?!
Неге тудым, тұрса күтіп бір өлім?
Неге күлдім, қайғы барын білемін.
Ауыр не бар өлімнен бұл жаһанда?
Осылай деп өледі адам қашанда.
Мұны меңзеп шайыр сөзі шашырар,
Мəнісін ұқ, зердең-көзің ашылар:
«Қатігез жоқ ажалдан, сұм сиығы,
Есіңе алсаң, қашар тірлік қиюы!
147
1140 Түпсіз, шексіз бейне теңіз бұл өлім,
Тас шыңырау, жапқан қайғы түнегін!»
Өлімді біл, өмір мəнін түсінгін,
Ажал қысса құны жоқ сөз, ісіңнің.
Ау, өмірді таусылмасқа балаған,
Дəрмен кетер, алғанда ажал жағадан.
Тойып болмас сұғанақ көз пенделер,
Ажал жетсе — амал таппай сенделер.
Өткінші құт күпіндіріп іскендер,
Жүрек жарып тынар, жерге түскенде...
1145 Қуаныштан жүзін күлкі көмген ер,
Кейін жасын құрғата алмай, көрге енер.
Білімді ер, айтқан сөзге қанарсың,
Іске түйсең, сөзден пайда аларсың:
«Ізгі орынды қалар болса кімде-кім,
Қос жаһанда жамандық қып жүрмесін!
Құлқы түзу, жауыздықты білмессің,
Сөз, ісіңнен ізгіліктің лебі ессін!»
* * *
Бұл Айтолды еңіреді, ес кетіп,
Қайыры не өкінгеннің кештетіп?!
1150 Пақырларға алтын-күміс таратты,
Ағайынға өсиет айтып, қаратты.
«Жаратқан! — деп, көзін тікті аспанға, —
Ием сенсің! Мен білмеймін басқаңды!
Жараттың да, асырадың, өсірдің,
Білем бəрі мейірімің өзіңнің.
Мен де өзіңе қызмет еттім жаныммен,
Ажал жетті; Базар болдым барыммен!
Ойлап бақсам, құтылатын жайым жоқ,
Рахымың бір, тигей енді қайыр боп.
1155 Күнəм да көп, мен бір қырсық, шерменде,
Мархаббатпен кешірерсің пендеңді!
148
Ессіз тірлік, бейқамдықпен өтті өмір,
Өкініштің өксігіне бөкті өңір!»
* * *
Сөзін үзіп, ойға шомып, қамықты,
Ұлын көріп, көздің жасын ағытты.
Достарыңызбен бөлісу: |