«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ӨГДҮЛМІШ ЕЛІККЕ ЕЛ БАСҚАРУ ЗАҢЫН АЙТАДЫ



Pdf көрінісі
бет189/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

72. ӨГДҮЛМІШ ЕЛІККЕ ЕЛ БАСҚАРУ ЗАҢЫН АЙТАДЫ

 

Жауап беріп, айтты Өгдүлміш. — О, Елік!



 

Күллі іске қолды тигіз əуелі.

 

Жарамсыз, сұм сөзге бұрма тіліңді,



 

Хақ құптамас, ай, дария білімді!

 

Ұлықтықты алған жоқсың сен тілеп,



 

Берді тəңір, рахымымен белгілеп.

5470  Бұл бектікті берді саған даралап,

 

Ай, білікті, шүкірлік ет бағалап!



 

Хаққа табын, сеніп адал құлқыңа,

 

Бауырмал бол, түзу қара жұртыңа.



 

Құмарлықты ақылыңмен қиғайсың,

 

Білігіңмен нəпсіңді сен тиғайсың!



 

Біліктінің айтқанына құлағын,

 

Білімімен тиған нəпсі, құмарын:



 

«Нəпсіңді үз бойдан, жаның ағарар,

 

Нəпсі өлсе,  ділің-тілің тазарар!



5475  Сақ бол, нəпсі құлы болма, құрысын,

 

Құмарлық, нəпсі — екеуі дін ұрысы!»




 445

 

Көңілің неге орта түсті, ай, ханым,



 

Жақсылық қыл бар қуатың, бар халың.

 

Мұнша қатты қайғы жұттың несіне?



 

Тірлігіңді ащы тұттың несіне?!

 

Қазынаң мол, əскер-қосын, басың бар,



 

Барлық іске жолшы білік, ақыл бар.

 

Сүйіндіріп қазынаңнан үлес те,



 

Сол əскермен жеткін мың-мың тілекке.

5480  Не дейді есті, жаугер батыр, гүр алып,

 

Алтын-күміс берсе, жауды қырады:



 

«Əркез үстем тұтсын десең, қолдарың,

 

 Мақтап мəртін, əскеріңді қолдағын!



 

Қошта əскерді, тілегіңді тілегін,

 

Жау иіліп, болар күллі тілегің!»



 

Қалың əскер ұстап, сыйла, тарылма,

 

Солар саған қияр шыбын жанын да!



 

Кəпір жауды жаншы, сақтан жəбірден,

 

Ақ пейілмен пəрмен тіле тəңірден.



5485  Кəпір үшін қару-жарақ, қол ұста,

 

Кəпір өлмес, сұм ажалға тоғытса.



 

Бұрханын* шақ, өрте үйін, мал-жанын,

 

Жөн орнына жұртқа мешіт салғаның! 



 

Ұлын құл қыл, қызын күң қыл, қосын ал,

 

Дүниесін қазынаңа қосып ал!



 

Шариатты тарат, ұқтыр, таны да,

 

Ізгі атағың бірге тарар бағыңа.



 

Мұсылманға қол тигізбе, жақындап,

 

Хақтың өзі қорғайды оны, мақұлдап.



5490  Мұсылманға — мұсылман, біл, туысқан,

 

Туысқанмен жұлыспай, жөн, ұғысқан.



 

Əділ заң құр, ел марқайып, шаттансын,

 

Дұға қылып, ізгі атың мақталсын!




 446

 

Алла өзі берер саған берерін,



 

Екі дүние сендік болар, ей, ерім!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет