У болды енді ішер асым, тағамым.
Шөкті иінім, түзей алмай бүгілдім.
Сағыныш — қайғы тамырын үзді жүректің.
Бір бек бектік ісін жүрмес атқарып.
Бұл болмаса, жиылмас ер, жалтарар.
444
Не дейді есті, əскер басы болған ер,
Бектік істе басына құт қонған ер:
«Қазына, əскер — бектің қайрат, беделі,
Бұл екеуін сайлаған ер жеңеді.
Бұл екеумен бектің даңқы артады,
Екеуі берік болса — берік тəж-тағы!»
Қосын жиған мол дүние береді,
Мал, дүние, білсең, күшпен келеді!
(Мол шығынмен қосын-əскер жиылар,
Қазына-байлық, білсең, күшпен құйылар!)
5465 Тұрған бойым, жалғыз мойным, тамағым,
Неге мұнша елдің жүгін аламын?!
Қанша пақыр болғандар да аш қалмас,
Тіріде өлім өшін алар, жасқанбас!
Достарыңызбен бөлісу: