«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ӨГДҮЛМІШТІҢ ТЕККЕ ӨТКЕН ТІРЛІККЕ АШЫНЫП



Pdf көрінісі
бет192/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

73. ӨГДҮЛМІШТІҢ ТЕККЕ ӨТКЕН ТІРЛІККЕ АШЫНЫП, 

ТƏУБАҒА КЕЛГЕНДІГІ АЙТЫЛАДЫ

 

Ғафылдықпен, — деді, — текке күліппін,



 

Тірлік зая кетті, босқа жүріппін.

 

Ғұмыр өтті, буын кетті, əл тайды,



 

Қолға таяқ  тиді, тəнім қартайды!

 

Өкінді, айтты: — Ессіздікпен күн өтті,



 

Тірлік бітті. Түнім қара түнек-ті.

5635  Тілек, мүлік — бəрін малдай жалмадым,

 

Малдай тірлік кештім, талғай алмадым.



 

Деді: — «Бекер масайраппын алаңсыз,

 

Күнім өтті, қапы қалдым, амалсыз.



 

Жігіттіктің күні өтті асығып,

 

Күйінемін, əл тайған соң ашынып.



 

Өлім жетті, тірлік тынып тоқтады,

 

Құтылатын жоқ шарасы, соқпағы.



 

Бозарды бас, бозарды көз суалып,

 

Күзгі шөптей сақал қалды қуарып.



5640  Отыз екі тісім — əппақ інжулер,

 

Жібі үзіліп, сетінеді бір-бірлеп.



 

Күндік жерді шолар, қайран, жанарым!

 

Қасымдағы ерді көрмей қаламын!..



 

Тұнып құлақ еститұғын қиырды,

 

Енді ымдасып сөйлеу маған бұйырды.



 

Құзғын түстес қара еді басым да,

 

Басқа аққу қонды, жетті жасым да.



 

Қайтар уағым болды, енді құдайдың,

 

Күнім үшін, кешірімін сұраймын.



5645  Уақыт келді қайтатығұн, есіл ер,

 

 Мінəжат еттім, күнə болса — кешірер.



 

Бар жарамсыз қылығымды тастадым,

 

Көңілімді тез тазарта бастадым!»



*  *  *

 

Тəуба қылып, тілек тілеп, жүгінді,



 

Тəңірінен кешірім сұрап, бүгілді!




 456

*  *  *


 

Ойына алды, айтты: — Енді саспайын,

 

Сабырсыздық — жау, жаулыққа баспайын.



 

Əуелі, істі алу керек кеңесіп,

 

Қуу керек жамандықтың елесін.



5650  Кеңесіп іс жасау керек кеңінен,

 

Кеңеспеген кісі өкініп, еңірер.



 

Тыңда, бұған сара кісі не деді:

 

«Ақыл-кеңес күллі істің дауа, емі!»



 

Кеңескен жөн жақыныңмен сенісіп,

 

Күллі іс бітер кеңесумен келісіп.



 

Кісі өз ісін кеңесумен оңдайды,

 

Кім болса да, кеңеспесе — сорлайды.



 

(Кеңеспеген өкініште қалады,

 

Кеңессе адам ісін оңдап алады!)



 

Енді мен де туысыма барайын,

 

Бұл іс жайлы ақыл-кеңес алайын.



5655 «Жарайды!» — деп, құптаса, істі бастайын,

 

Қоштамаса, құр кеңесті тастайын.



 

Кісі өз ісін біле бермес бағамдап,

 

Басқалардан сұраған жөн хабарлап.



 

Ер кеңессе — білігі артып, бекінер,

 

Кеңес, білік қосылса қол жетілер.



 

Кісі өз ісін тындырады кеңеспен,

 

Не дейді екен, тыңда адамды кеңескен:



 

 «Не істесең де, ер кеңесін елегін,

 

Кеңеспейтін кісіні дос демегін.



5660  Қор болмассың, кеңесіп ал əуелі,

 

Кеңесті асыл тілегіңе теңегін!»



*  *  *

 

Кеш жатты да, ерте тұрып баптанды,



 

Атын мініп Елік жаққа аттанды.

 

Рұқсат сұрап, жөн-жобамен келді еніп,



 

Қадір тұтып, оған  орын берді Елік.




 457



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет