|
Өзгеден озып қос тұлпар
сүйегі қызып желікті.
шапқан сайын тыңайып,
бурыл, торы серікті,
екеуі атқа сеніпті.
Қасындағы жолдастар
шабысын аттың көріпті.
кезектесіп қос тұлпар
бір-бірінен озады.
ауыздықпен қарысып,
Үстіне мінген ерлердің
алақаны тозады.
шапқан сайын желігіп,
ат шабысы қозады.
ауыздығын басады,
ақ көбігін шашады.
биік-биік тауларды
алты-ақ аттап асады,
тозаңын көкке шашады.
Құйысқаны сартылдап,
Үзеңгісі жарқылдап,
Өмілдірігі алқылдап,
шаңды шаңға қосады,
шаң аспанға жосады.
киік пенен құланның
ә дегенше болмай-ақ
алдын орап тосады.
Қаздарменен қағысты,
Құба үйрекпен жарысты.
Қара терге боялып,
сүйегі қызып оянып,
көрсетті тұлпар шабысты.
ердің қарын талдырып,
ауыздықпен қарысты.
3910
3920
3930
218
батырлар жыры
екі тұлпар жануар
Жақын қылды алысты.
ор қояндай орғытты,
ақ бөкендей жорытты.
ұлы сәске болғанда,
алдынан бір тау жолықты,
шабысы аттың толықты.
нұрқожа менен ер Қобылан,
Қайтпайтын жаудан шонықты.
екеуі атын кідіртіп,
Қосын күтіп сол тауда,
ат суытып, дем алып,
су тауып, үш күн қоныпты.
Үш күн күтіп көріпті,
төртінші күн болғанда,
артында қалған жолдастар
Қоспенен бірге келіпті.
екі күндей дем алып,
Жүретін күні болады.
тайбурылға қос артып,
ерлер кетіп барады.
шөлейт-шөлейт жер келіп,
түсуіне ерлердің
болмағанға ұсайды амалы.
таңдайы қатып, ер шөлдеп,
аттары жүдеп барады.
шөлдеген соң қырық жігіт,
ақылға асқан ер Қобылан
Құртқаның берген жай бұлтын
бұлтсыз күні жаяды.
бұлт құсап аспаннан
сарқырап жаңбыр жауады.
тақыр жерге қақ тұрып,
ат суарып алады,
ерлері суға қанады.
екі айдың жүзі болғанда,
Жетуге жауға арманда,
арманда болған жалғанда.
бұл жүргені шөл жер-ді,
3940
3950
3960
3970
218
219
қобыланды батыр
белес-белес бел өтіп,
Жарқыраған көл көрді,
Құмдөң деген дөң көрді.
Мамайдың қайтқан жеріне
Қобыланды батыр келді енді.
ар жағынан Құмдөңнің
бозбел деген бел көрді.
Қолаттан шықты төрт атты,
төртеуі де бөрте атты.
найзағай шашып, өрт атты,
Қобыланға өрт келмей,
Қасындағы қырық батыр
Қуанышпен сөйледі.
Қартқожақтың айтқан сөзі:
—бұрын келгем осында,
Қобылан батыр, мен,—деді.
ноғайлының көп батыр
Қырғын тауып бұл жерде
Мамай менен ораққа
Қайғымен толған шер,—деді.
боз белестен тағы да,
бір бөлек қара топ болды,
Жалын жанып, шоқ болды.
бұларға қарап лап қойып,
Өз-өзінен жоқ болды.
сиқырмен амал еткен-ді,
Қырғын тауып жолдасы
орақ пенен Мамайдың
кейін қайтып кеткен жері еді.
артықтығын Қобылан білдірді,
кереметі асқан өктем ер,
осы жолда бәлені.
бейнетсіз Қобылан өткерді,
бұл барсаның елінің
айла, амалы көп екен,
Қолаттан шыққан төрт атты,
Қолдың басшы ері екен.
3980
3990
4000
4010
220
батырлар жыры
шеттен жаулар келер деп,
амал етіп айламен
берік сақтаған жер екен.
барсадан шыққан ауыр қол,
сайланып атқа мініпті.
алшағырдан астыртын
барсаға хабар келген соң,
тамам батыр сайланып,
Жолын тосып жүріпті.
Қобыланның келер жолына,
Мамайға еткен айласын
тағы да жау қылыпты.
от шашатын машина
Жолынан ердің құрыпты.
есебі жоқ сансыз жау
күтін болып тұрыпты.
Қобыландыны көргенде,
Қалмақтар састы, шәрменде.
зәресі ұшып жау қашты,
Қырық батыр Қобыланның
көтерген туын көргенде,
алыстан келген Қобыланды
бұларды көріп қызбады,
Қашқан жауды қумады,
Қырық жолдасқа жырлайды:
—Қырық жолдасым сен едің,
талап қылған қалмаққа
Қобыланды ерің мен едім.
тіл кетер деп қалмаққа
Қумаған жауды себебім.
Қалмаққа хабар барар деп,
барса хабар алар деп,
Мықтылықты көрген соң,
Жау бекініп қалар деп.
Қалмақтың ханы ер барса
амал ойлап табар деп.
алыс сапар жол жүріп,
арықтатып атты меңдеттік.
алыс жерге жол жүріп,
4020
4030
4040
4050
220
221
қобыланды батыр
шабуылмен тез жеттік.
Жауға мінер тұлпарды
арықтатып меңдеттік.
Жауға шабар жол емес,
Қоңсыз, арық атпенен
сыр білдіру болмайды.
атасы дұшпан жатпенен,
кекті дұшпан қаспенен.
сыр айтысса қаспенен,
Халықта үлгі, нақыл бар,
ақыры болар мат деген.
кел қырық жігіт, қырық жігіт,
Жолға жүріп қарайық.
тыңаятын қос тігіп,
шөлдеген адам, арық ат,
енді қоныс табайық.
шөлдеген атқа су тауып,
Жынысты көл, ну тауып,
бір азырақ тынығып,
сонан соң жауға шабайық.
Гулесіп ерлер жүрісті,
Қобыланды асқан білікті,
боз белестен асқанда,
Қуаныш етіп Қобыланды
езу тартып күліпті.
Қобыландының күліп жүрген себебі,
Қара адырдың бауырынан
аққан бұлақ көл еді,
Мінген аты шөлдеді.
«бермен жүр,—деп,—қырық жігіт»
Қобыланды бастап жөнелді.
басы аққан тас бұлақ,
аяғы шалқар көл еді.
Жағалай шыққан қалың ну,
ел қонбаған жері су,
судың бетін шайқаған,
ақ сарыбас қаз бен қу.
көңілденіп батырлар
көлге қонып алады.
4060
4070
4080
222
батырлар жыры
Қосын тігіп бұл көлге
аттарға жабу жабады.
күні төрт күн болғанда,
ат тынығып қалады.
сонда Қобылан сөйлейді:
—о, қырық жігіт, қырық жігіт,
сендер атты бағыңыз,
атты бағып қалыңыз,
айтқан тілімді алыңыз.
елін барса көргенше,
Қарауыл қарап келгенше,
төзе алмай тұр жанымыз.
батыр атақ болған соң,
тұлпар мініп, ту алып,
Жауға шабу—сәніміз.
Мен келгенше қырық батыр,
аттарыңды бағыңыз.
шығыршықты көк сауыт,
беркін сақтап киейін.
тастан қайтпас ақ семсер
беліме орап ілейін.
ұлықсат бер, жолдастар,
Мен қарауылға жүрейін.
Жақсылық пен жамандық
Маңдайымнан көрейін.
ерге керек сабырлық,
ақыр болар мерейім.
Құр жатудан пайда жоқ,
көк зеңгінің тауынан
Қарауыл қарап келейін.
деп Қобыланды оңдалды,
тобығы меңді торыға
Мінейін деп ер салды.
Жеделденді жүрмекке,
бармасына не қалды.
ойлағаны Қобыланның
Жеделменен қаралды.
Қалған жері қырық жігіт
шалқар көл бойы арал-ды.
4090
4100
4110
4120
222
223
қобыланды батыр
тап сол күні кеш болды,
таң асырған торы ат та,
кіндігінен жарайды.
Жал-құйрығын майдалап,
батыр Қобылан тарайды.
күйіне түсіп жануар,
шекесінен қарайды.
Мініп алып жөнелді,
тұяқтан ұшқан тозаңы
Жауған қардай борайды.
Өзгеге алыс болса да,
тобығы меңді торының
көк зеңгінің биік тауы,
Жетуіне оңай-ды.
Жүрген сайын торы серікті,
Құлағынан тер шығып,
танауынан жел шығып,
Жүрген сайын желікті.
ертең сәске болғанда,
көк зеңгінің тауына
төтесінен келіпті.
асыратын тау емес,
көзбенен байқап көріпті.
тау көбелеп желеді,
Өрлеп тауды келеді.
Жалғыз аяқ қиын жол
Қобыландының көзі көреді.
торышаны шұлғытты,
Жалғыз аяқ жолменен
атқан оқтай сырғытты.
аса алмайтын жерінен
ор киіктей ырғытты.
Жүрген сайын торы қызады,
Құртқаның баққан торы аты
ардақты тұлпар шығады.
Жылқыдан туды демесең,
Қобыландының пырағы.
тайғақ тастан таймайды
Жануардың тұяғы.
4130
4140
4150
4160
224
батырлар жыры
Қайшыланып құлағы,
көк зеңгінің тауына
тапа тал түсте шығады.
Қарауыл қарап тұрады,
алыс емес болжады,
барсаның берік қаласын,
байқады жердің шамасын.
көк зеңгінің тауымен
Жақын деп Қобылан қалады
барсаның берік қаласын.
тоқтарбайдың шырағы
Қарауыл қарап тұрады.
Қарауыл қарап тұрғанда,
бір топ адам шығады.
алыстан байқап сынады,
болжап көңілі тынады.
бұл беркін қалмақ елі еді,
барсаның елі ежелден
Мекен қылған жері еді.
батырдың басы Қаршыға
Қалмақтың қорған ері еді.
Қырық батыры бар қасында,
Қарауылға Қаршыға
Қобыланмен кездесіп,
Қарсы алдынан келеді.
елді шауып, олжа алып,
еркінсінген неме еді,
ерлігіне лайық,
талайды шауып жеп еді.
Жауды көрсе қайтпайтын,
Қас мықтының өзі еді.
алшағырдан күн бұрын
Жіберем Қобылан дегенмен,
кездессем соған деп еді.
көрген соң ерді желігіп,
Қобыландыны көрген соң,
көңілі өсіп, серігіп,
неғылсам да алам деп,
Мықтысынып желігіп,
4170
4180
4190
4200
224
225
қобыланды батыр
Қабағынан қар жауған,
Мұртына мұз тоңған,
бес қаруын асынып,
болат қару құрсанған.
Қобыландыны көрген соң,
буырқанып бусанған.
көк сүңгісін қолға алды,
Қобыланды көріп долданды.
душарласты маған деп,
неғылса да Қобыланды
осы арада алам деп.
екі тұлпар, қаруы
Қасындағы қырық жігіт
ортаңызға салам деп,
Өзіме өзім сенем деп,
Қайтпаған жаудан денем деп.
Қару менен киімді
Өз қолымнан бөлем деп.
сендерге бөліп берем деп,
күні бұрын мақтанды,
Қуанып батыр шаттанды.
ойында жоқ уайым,
Қобыланға қарап қасқарды.
Қырық батыр бар қасында,
Қаршыға жетіп келіпті.
Қобыланды батыр қалмақтың
дидар жүзін көріпті.
Қаршыға үлкен ер екен,
Қобыланды сәлем беріпті.
—Қаршыға батыр мен,—дейді,
Қобыландымысың сен?—дейді.
Жөн сұрауым жөн,—дейді,
Қай сапарға барасың,
сапарың айтып бер,—дейді.
біз есіттік хабарды,
Қатты бүлгін салыпсың
алшағырдың еліне.
еріксіз басып қоныпсың
Жылқы жатқан көліне.
4210
4220
4230
4240
226
батырлар жыры
Қатты қайғы беріпсің
алшағырдың өзіне.
шын уайым беріпсің
еліндегі еріне.
Қатты тәртіп салыпсың
Ханы менен бегіне.
Қарақыпшақ халыққа,
шұқытыпсың көзіне.
оныменен қоймадың,
шабуға бізге ойладың.
Қаза айдаған Қобыланды,
обалың болар өзіңе.
айбаттансам төзбессің,
атқан оқтың кезіне.
Өзіңнің халың біле алмай,
шабам деп, Қобылан, келдің бе,
біздің елге ұялмай.
батырсынып ерсініп,
бек сауытқа сия алмай.
Қарсылассақ жан төзбес
біздің сайман-құралға-ай.
талайға кеткен ұраным,
Қарумен сай құралым.
Қаза айдаған Қобылансың,
бұл жер болмас тұрағың.
Қызыл қанға боярмын,
алмастың өткір қияғын.
Халықтың батыр дегені
бекер айтқан сөз екен,
көрген соң сізді сынадым.
біздің елге жау келмес,
Жау іздеген Қобыланды,
бұл сапарың жөнделмес.
елің алыс, жер шалыс,
алыстан келдің көз көрмес.
Өзіңе өзің сендің бе?
бұл барсаның құралын
алшағырдай көрдің бе?!
олжа болар маған деп,
4250
4260
4270
4280
226
227
қобыланды батыр
барсаның елін шабам деп,
алым көріп келдің бе?
Өзіңе өзің сенесің,
батырсынған немесің.
Қасымдағы қырық жігіт
Қолға алған өткір жебесін.
Қарсы келсем ерлермен,
осы арада өлесің.
талай батыр ерлердің
ішкізгенбіз кересін.
Өзің айтшы, Қобыланды,
Қалай жауап бересің?!
Қаршығаның бұл сөзін
Қобыланды естіп, тыңдады,
ақылын ойға жинады.
ыңғайына сөз айтып,
еш қарсылық қылмады,
ойлады амал, айланы.
Өзін ойлар кім де кім
әр не болса пайданы.
Қаршығаның жауабын
ақылмен Қобылан аңдады.
екі батыр сөйлесіп,
бір-бірін байқап барлады:
—Қарақыпшақ тұқымы,
асылым қазақ затым бар.
алыс сапар жол шегіп,
арықтай келген атым бар.
Менің жолдас құралым,
Қасымда қырық батыр бар.
о, Қаршыға, Қаршыға,
ақылдасып алалық,
уағдада болмасын
ешбір бөтен шалалық.
татулықпен сізбенен
біз сынасып қаралық.
сенде де бар қырық жігіт,
Менде де бар қырық жігіт.
осы таудың басында
4290
4300
4310
4320
228
батырлар жыры
ат жарысты салалық.
ат жүйрігі кімде бар,
тұлпарды сынап қаралық.
уәдеге сенелік,
бір-біреуге көнелік.
уәдені берік сақтап,
пәлен-түген демелік.
атқа мықты кім болар,
аударысып көрелік.
сенде де бар қырық жігіт,
Менде де бар қырық жігіт.
сексен батыр тұлпармен
кел жарысты салалық,
тұлпарды сынап алалық.
екеуміздің айтқан сөз
Жолдасқа болсын төрелік,
айтқан сертке көнелік.
бір уағда еткен соң,
енді бөтен демелік.
сенде де бар қырық жігіт,
Менде де бар қырық жігіт.
ең күштісі кімде бар,
күрестіріп көрелік.
сынайық ердің шамасын,
білу керек атқыштың
тағы байқап арасын.
садақ атар батырдың
сексен жігіттен кім атқыш,
байқау керек данасын,
садақ тартып көрелік.
—бұл сөзіңе көнейін,
елге келген қонақсың,
бұл айтқанға жүгініп,
тілегіңді берейін.
Қамдандырар қырық жігіт,
ат шабатын жер болса,
Қобыланменен уәдем бар,
ер Қобыланға сенейін.
шама өткен жерлерге
4330
4340
4350
4360
228
229
қобыланды батыр
сексен жігіт барыңдар,
сексенің жарыс салыңдар.
ат жүйрігі кімде бар,
Жүйрікті сынап алыңдар.
айтқан жерге сексені
батырлардың барады.
Жүрерінде қырық ерге
көңіліндегі жауабын
Қобыланды айтып қалады:
—Қасымдағы қырық жігіт,
айтқан тілімді алыңдар,
сөзіме құлақ салыңдар.
ептеп тартып тұлпарды,
Қалмақтан кейін қалыңдар.
аты озған соң мақтансын,
ақылсыз, шіркін жарымдар.
бүгін озып келсе де,
ертең жауға тарым бар.
уәде еткен жеріне
сексен жігіт барады,
Қатарласып баршасы,
тізгін қосып шабады.
Қырымнан келген қырық батыр
тізгінді тартып қалады.
Қаршығаның қырық ері
ат бәйгісін алады.
—Қалай болды, Қобыланды,—деп,
Қаршыға батыр барады.
—е, Қаршыға, Қаршыға,
шығып едік алыстан.
Қасымдағы қырық жігіт
тұлпарменен жарысқан,
ауыздықпен алысқан.
Қара тері шыққан соң,
Жүрген сайын қарысқан.
алыс сапар жол шегіп,
арықтап тұлпар шалыққан.
табанынан жер соққан,
Маңдайынан күн соққан,
4370
4380
4390
4400
230
батырлар жыры
таңдайы қатып шөл соққан.
арықтық, аштық тұлпарды
бәрі қатар тең соққан.
осындай жауап беріпті,
Қалмақтың ері Қаршыға
Жауабына сеніпті.
серт байласқан сөзіне
екі батыр көніпті.
—уа, қырық жолдас, қырық жолдас,
шапқанысып қызыңдар,
Мереке қызық қылыңдар.
әдісіңді жиыңдар,
аударысқа шығыңдар.
Қырық жігіт қызады,
белге шынжыр буады.
белдемшесін белденіп,
аударысқа шығады.
тұлпарларын қыздырып,
санға қамшы ұрады.
Қасындағы қырық жігіт
Қобыланды ерді шақырды.
шақырып алды қасына
Өзіне жолдас батырды.
ерлерге айтты ақылды,
айтуы ақыл мақұл-ды.
—о, қырық жолдас, қырық жолдас,
аударысқа барыңдар,
Менің тілімді алыңдар.
біразырақ тіресте
аударылып қалыңдар.
Менің айтқан мұңымды
көңілге тоқып бағыңдар.
Қуанысып мақтансын,
ақылсыз қалмақ, жарымдар.
көңілдерін өсіріп,
ақыр бір күн болғанда
Қиратар жауды әлім бар.
уәде еткен күреске
шеттен келіп қосылып,
4410
4420
4430
4440
230
231
қобыланды батыр
алысумен жұлқысып,
шықты ерлер тіреске.
Жанын сығып бір-бірі
батырды қолын сүйекке.
шандақ болды алысқан,
бірін-бірі көтеріп,
бүйірден сығып жанышқан,
сексені де данышпан,
кілең мықты арыстан.
ер алысқан жерлерін
Жер ошақтай қазысқан.
Мықындары, белдері,
Қанталасып қалысқан.
алысып ерлер анталап,
тұла бойы қанталап,
бірін-бірі көтеріп,
айқайласып арқалап,
Қобыландының айласы
айтып еді қырық ерге.
Жанын сығып алыс деп,
белін қысып жаныш деп.
күш көрсетіп қырық ерге
ақырында қырқың да
Жығылысып қалыс деп.
айқайлап қалмақ қызынды
Қырымнан келген қырық ердің
Қалмақтар белін сығулы.
Қалмақтардың батырдан
Қырық жігіт жығылды.
байқадық деді шаманы,
Мақтанып тұрған Қаршыға,
Қалай болды Қобыланды ер,
Қобыланды ерге барады.
—шыққалы елден көп болды,
әлі ұйықтаған қабақ жоқ,
рақат ішкен тамақ жоқ,
біздер аш та, сендер тоқ,
сол себепті ерлерде
бұрынғы қалып, дәрмен жоқ.
4450
4460
4470
232
батырлар жыры
сарыжадан алған оқ,
толғағанда кез болды,
Мықты уәде сөз болды.
сексен жігіт бірігіп,
садақ атар жер болды.
садақты ерлер алады,
Қаршығаның қырық жігіт
Қатты тартқан садағы
Жұлдыздай зулап ағады.
сексеуіл мен тобылғы
кездескенін қағады.
томарларды қопарып,
кездессе де қара тас,
Жолдағысын қағады.
Қобыландының қырық жігіт
артта қалып садағы
Қалмақтың басы Қаршыға
Қалай болды Қобылан деп,
Қобыландыға барады.
—о, Қаршыға, Қаршыға,
сіз бәйгі алған жер болсын,
Қатты уәде сөз болсын.
сіз мықты да, біз осал,
осалсынсаң, Қаршыға,
тап үш күннің соңынан,
сенде де бар қырық жігіт,
Менде де бар қырық жігіт.
көк зеңгінің басынан
сексен жігіт кез болсын.
Қобыланның айтқан бұл сөзін
Қаршыға мақұл көріпті,
бір-біріне сеніпті.
Үшінші күн келуге
көк зеңгі таудың басынан,
сексен жігіт жолдаспен
серт уәде берісті.
ойлағаны Қобыланның
алыстан ойлап өрісті.
ақыл, айла, қайраты
4480
4490
4500
4510
232
233
қобыланды батыр
бәрі бірдей келісті.
уәдеге дәм татып,
бір табақтан жесісті
сексен жігіт жемісті.
уәдесін берісті,
осылай десіп келісті.
Қаршыға кетті еліне,
Қобылан кетті өзінің
Жатқан қоныс жеріне,
тынығып жатқан көліне.
сексен батыр тарасты,
Үш күннен соң келмекке,
уәде етіп жөніне.
Қуанышты Қаршыға
тақта отырған барсаға
келіп сәлем беріпті.
Мықты барса серіне
Қуанып келген Қаршыға
сөз сөйлейді желіге,
көңілі өсіп семіре:
—барса патша сен едің,
Қаршыға ерің мен едім.
Қуаныш етіп келемін,
Қуаныш еткен себебім:
Өзіме-өзім сенемін.
Қарақыпшақ Қобыланға
көк зеңгінің тауында,
кездессем душар деп едім.
Қырық жігіт қасымда,
Қарауылға барғанмын.
уәде етіп Қобыланмен
ат жүйрігін сынауға
онда да бар қырық тұлпар,
бізде де бар қырық тұлпар.
ат жарысты салғанбыз,
озып бәйгі алғанбыз.
уәде етіп Қобыланмен
аударысты салғанбыз,
аударып аттан алғанбыз.
4520
4530
4540
4550
234
батырлар жыры
бір-біреуге сенісіп,
уәдеге нанғанбыз.
ықпалы жүрген ерлерміз,
алдан алға барғанбыз,
белге шынжыр буғанбыз.
сынасуға Қобыланмен
берік уәде қылғанбыз.
күресіскен шағында
Қырқын бұлғап ұрғанбыз.
уәдеге барғанбыз,
бір-біреуге нанғанбыз,
аударып аттан алғанбыз.
Қобыланды батыр дегені
бекер жұрттың сөзі екен.
онша мықты ер емес,
ерлігі бізден кем екен.
Құр атаққа мәз болып,
алданып жүрген неме екен.
алдағанға алданып,
ақылсыз Қобылан сандалып,
шабам деп бізді қамданып,
алшағыр хан амалмен
алдағанға келіпті.
бізді көрген шағында,
Мықтымсынып желікті.
кім мықты да, кім осал,
біздің күшті көріпті.
оған тиген ерлік жоқ,
бәйгіні бізге беріпті.
барса патша сен едің,
Қарауыл салып жау күткен
Қаршыға батыр мен едім.
Қару-қапшық, тұлпарын,
олжаға сізге беремін.
екі күннің соңынан
Қару түрлі, мінген ат,
тартуға сізге беремін.
сонда барса сөйлейді:
—ақылың жоқ, Қаршыға,
4560
4570
4580
4590
234
235
қобыланды батыр
Мақтанба маған сен,—деді.
Мақтанғаның нең?—деді.
сынап қалдым Қобыланды,
амалы көп ер,—деді.
алдағанға алданған
ақылың сенің кем,—деді.
Қазақтан шыққан Қобыланның
айла, амалы көп екен,
ақылға асқан ер екен.
Қобылан келсе бұл жерге,
бұзылар, қалмақ, мерекең.
біліктің асқан көзі екен,
айлакердің өзі екен.
айлакер Қобылан амалы,
білікке асқан саналы. Достарыңызбен бөлісу: |
|
|