«Мәдени Мұра» МеМлекеттік бағдарлаМасының



Pdf көрінісі
бет11/24
Дата21.02.2017
өлшемі1,15 Mb.
#4615
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

Жиды қыпшақ елдерін,

Қырық батыр ерлерін.

Халқына ақыл салады, 

ақылдасып қарады.

—Өтінген алшағыр маған,—деп,

Қырымнан келген қырық батыр,

сендерге ақыл салам,—деп,

досым маған өтінген,

достың тілін алам,—деп.

Қарақыпшақ халқымсың,

баршаңа ақыл салам,—деп.

Мақұл көрсең, жолдастар,

осы жауға барам,—деп.

Өтінген соң алшағыр,

бармай неғып қалам,—деп,

Хан алшағыр доспенен,

уәдем берік, тамам,—деп.

Қартқожақ сонда сөйлейді:

—алдыңда ағаң мен едім,

сүйенішім сен едің.

сізге тізгін беремін,

не десең де көнемін.

алшағырдың қамаудан

Қырық жігіттің шыққаны 

Қобыланды, сенің себебің.

алшағырға барыңыз,

аузынан жауап алыңыз.

ерік өзіңде, Қобыланды, 

сүйенгені—жалғыз сен,

бұл қыпшағың қалай дер, 

Жасы менен кәріңіз.

Қобыланды алшағырға бармақ болды,

патшадан барып жауап алмақ болды.

2560


2570

2580


2590

182

батырлар жыры

ерлерге уәде менен достық қымбат,

сөйлесіп жауабына қанбақ болды.

сол күні алшағырға Қобылан келді,

келді де шын досына сәлем берді.

төресі, бегілермен қасында отыр,

амандық баршасының жүзін көрді.

Қолдасты амандасып баршалары,

Жиылған мәжілісте жас пен кәрі.

Құрметтеп Қобыландыны қарсы алады,

сыйлады құрмет етіп халықтың бәрі.

Қобыландының келген жер,

Ханға сәлем берген жер,

Құрмет еткен қалмақтың

сый, құрметін көрген жер.

ортасында отырды

сыйлық көріп Қобыланды ер.

Қалмақтың басы—алшағыр,

айла, ақылға кемеңгер.

алшағырдың айтқан сөз,

Құлақ сал, халық, тыңдай бер.

—көңілімдегі сөзімді,

айтамын, Қобылан, мен,—деді.

Құшақтасып дос болған,

шыны досым сен,—деді.

тілейтұғын тілек бар,

тілегімді бер,—деді.

дос болғалы сізбенен

көңілім өсіп, өрледі.

Қалмақтың басы барсада

алынбай жатқан арым бар,

Жұмсаймын, досым, мен,—деді.

шыны досым сен болсаң,

арымды алып бер,—деді.

Өтінетін сөзім бар,

Жалынып тұрған өзім бар.

Қалмақта мықты барсада

алынбай жатқан кегім бар. 

көрген қорлық зәбір бар,

2600

2610


2620

2630


182

183


қобыланды батыр

әперетін кегімді,

Қобыланды батыр, жөнің бар.

талай батыр, хан, бегі

ер барсаға барыпты.

барған адам қайтпаған,

Мықтылығы анық-ты.

кейін қайтқан адам жоқ,

соған барған батырлар

сол шаһарда қалыпты.

барса келмес атақты 

сол себепті алыпты.

барсаға шабам деген ел,

әр мақсаты болмаған,

барған адам оңбаған.

барса келмес патшаға

бақыт пен ерлік орнаған.

атса мылтық өтпеген,

шапса қылыш кеспеген.

Өресі адам жетпеген,

ары жауға кетпеген.

айтулының өзі еді,

талайды басып жер еді.

Өзінің аты ер барса,

келмес деген атағы

барған адам шәріне

Қайтпады бірі деп еді.

Қорықпасаң, шын досым,

сіз барсаға барыңыз,

досыңның тілін алыңыз.

сізбенен досты болған соң

Жарқырап атқан таңымыз.

көрген қорлық, кегім бар,

кеткен талай арымыз.

ар әперсең барсадан

сая табад жанымыз.

—достың түбі қиындай,

алшағыр, салдың бүйімді-ай.

достым маған қиылды-ай,

2640


2650

2660


2670

184

батырлар жыры

тау қайыру қиындай.

достың тілін алмасам,

Жұмсағанға бармасам,

ерлігіме шын ұят.

зейінмен аңдап ойласам,

Жұмысыңа барайын,

алшағыр, тіліңді алайын.

досым үшін бір сапар

Мен барсаға барайын.

Жоғары болса талайым,

барсаның елін шабайын,

Қылышты қанға малайын.

сенің үшін, жан досым,

ажалым жетсе егер де,

Жау ішінде қалайын.

пәлен, түген демейін,

Жақсылық пен жамандық,

Маңдайымнан көрейін.

көк найзамды безейін,

сарыжамды кезейін,

бір басымды санға теңейін.

атаңа нәлет барсаның 

Қабырғасын сөгейін.

көңіліңде арман бар болса,

барса келмес батырдың

әкеліп басын берейін.

уағдасын береді,

барса келмес патшаға

барамын деп Қобыланның

серт байласқан жері еді.

Қағаздасып қанменен 

Қыпшаққа қайтқан жер еді.

уәде беркін қылады,

Қыпшақтың Қобылан шырағы

Қыпшақ елін жияды.

Жауға сапар етуге

садақа тойын қылады.

Жиылған ел, халқына

2680

2690


2700

184

185


қобыланды батыр

Құрмет етіп тұрады.

Құлағың сал, кел тыңда,

Қырымнан келген қырық батыр.

Жолдас болған ерлерім,

Жасы үлкен аға мен

заманы бірге теңдерім.

алшағыр хан досыма

Менің барып келгенім,

уәде еткен сөзім бар,

барып қайтқан өзім бар.

алшағыр хан досым бар,

барсадан көрген зәбір бар.

Өзім Қобылан болған соң,

кегін жоқтау жөнім бар.

достың тілін аламын,

уәде еттім ханменен,

еліне барса барамын.

Жұмсаған соң жан достым,

бармай неғып қаламын?

Қайырмаңыз, уа халқым,

Қобыланның сапар талабын.

сөйледі Қобылан желігіп,

көтеріліп серігіп,

көптен жауға бармаған,

Қобыланды жүрген ерігіп.

азамат басын құрады,

барамын деп сол жауға

Халқынан ұлықсат сұрады.

Қарақыпшақ көп халқы 

уайым етіп жылады.

Жыламай халқы не қылсын,

тоқтарбайдың ер Қобыланы

Қыпшақтың қорған шырағы,

Қарт, кәрісі жылады,

көздің жасын бұлады.

елге қорған Қобыланның

Ханға уәде еткен соң,

Қарақыпшақ халқында

2710


2720

2730


2740

186

батырлар жыры

болмайтын болды тұрағы.

Қыпшақ елі жылап тұр,

көздің жасын бұлап тұр.

Қайта-қайта Қобыланды,

барамын барса ханға деп,

ұлықсат елінен сұрап тұр.

сексенге келген тоқтарбай:

—Қорқамын жолдан мен,—деді,

Желікпе балам сен,—деді.

батыр аңқау, ер көдек,

ақылың сенің кем,—деді.

Қарақыпшақ жылап тұр,

тілегін елдің бер,—деді.

айласы көп алшағыр,

амалмен әдіс еткен-ді.

барса келмес патшаға

астыртын қағаз жеткен-ді.

Жан қайтпайтын ер барса,

алдырмайтын өктем-ді.

Өтірік алдап, дос болып,

көрген қорлық баршасын,

барсаға баян еткен-ді.

атаңа нәлет ит барса

талай жауды өткерді.

Қалмақ деген көп халқын,

Мақсатына жеткерді.

айласы көп алшағыр

Өтірік сізге дос болып,

Қобыланды, сені алдаған,

залымдықпен арбаған.

тілімді алсаң, Қобыланды

пайдамыз болар бармаған.

айла, амал еткен-ді,

барсаға хабар жеткен-ді.

әр өтірік дос болған,

көрген қорлық баршасын,

барсаға баян еткен-ді.

көңіліндегі мүддесін,

2750

2760


2770

2780


186

187


қобыланды батыр

күні бұрын жеткерді.

сен кеткен соң, Қобыланды,

Қайғы берер алшағыр

Қарақыпшақ еліңе.

Қожа болар алшағыр

Жирен қопа көліңе.

Халқыңды келтірер,

Өзінің деген жеріне.

көрсетер елге зәбірді,

тілін алсаң қалмақтың

бересің қолдан кегіңді.

тыңдамай кетсең сөзімді,

досың ояр көзімді.

Қарақыпшақ халқыңыз,

Қысыммен көрер зәбірді.

айырсаң бізден шегіңді,

Қор етер қалмақ еліңді.

сындырар бекем белімді.

алдағанға кетсеңіз,

көрерміз қысым, зәбірді.

сонда Қобылан сөйлейді:

—Жылама, ата, жылама,

көзіңнің жасын бұлама.

Қауырсыны қатқан соң,

Жата ма бүркіт ұяда.

белгілі берен ер жігіт,

бек сауытқа сия ма.

Қас жастықтың белгісі

Жауға жанын қия ма.

Менің сапар жолымды,

осы сапар сұрама.

шын иланып мен жүрмін

алшағырдың сөзіне.

Қаһарлансам кім шыдайды,

сарыжаның кезіне.

дұшпандықпен жұмсаса,

обалы болсын өзіне.

ақырында, уа, халқым,

2790


2800

2810


2820

188

батырлар жыры

Жауыздық қылса егер де,

алшағыр хан қалмақтың

Халқым шұқыр көзіне.

дос болып жүріп қас болса,

обалы болар өзіне.

сөйледі аналық анасы

Қобыланды жалғыз баласы.

айрылар болды халқынан

Қобыланның арасы.

атасы әйел болса да,

білікпен артық санасы.

—Қобыланды, сені көрмей тұрғанда,

Жиылған халық жиында,

тау қайырып бетіме,

Қайырсыз бетке ұрғанда.

дүниені бүлдіріп,

тоқсан саба тілдіріп,

керегеге ілдіріп.

баласыздық зарпынан

Малды талақ еткенмін.

Мал, мүліктің бәрінен

талақ салып кеткенмін.

көзден аққан ыстық жас

Қойыныма төккенмін.

Қу таяғым қолға алып,

тоқтарбаймен қыдырып,

көзімнің жасы шұбырып,

дамылдамай жүгіріп,

перзенттен кеткен түңіліп.

елді талақ еткенмін,

талақ салып кеткенмін.

Маңғыстауды жағалап,

әулие іздеп аралап,

Қаразымға жеткенмін.

тоғыз жүз тоқсан әулие,

баршасын да аралап,

әулие қоймай саралап,

он екі айдың жүзінде,

2830

2840


2850

188

189


қобыланды батыр

он үшінші айдың күзінде,

Құлыным Қобылан, сені көргенмін.

көрген қызық баршасы,

бір күнгідей болған жоқ,

неге, Қобылан, желдендің.

алшағырға алдандың,

Жалғызым, бүгін жерлендім.

Өлдім, талдым дегенде,

Өштім, жандым дегенде,

Құлыным, сені көргенмін.

тілімді алсаң, шырағым,

Жөнді болар бармаған.

алшағыр хан дос болып,

Қобылан, сені алдаған.

амалымен арбаған.

айрылып сенен бұл елде

Қалайша енді тұрамын?

тілімді алсаң, бармаңыз,

айламенен алдаған

бұл дұшпанға нанбаңыз,

алданып қапы болмаңыз.

айласы көп алшағыр

айламенен дос болды.

шырағым амал еткен-ді,

барса келмес батырға

осы хабар жеткен-ді.

көргенінің баршасын,

Хан барсаға өткерді.

алдағанға алданып,

алданып бекер сандалып.

Қарақыпшақ көп халқың

Қалмасын жылап зарланып.

сен кеткен соң, Қобыланды,

Қарттарың қалар сандалып.

Қожа болар алшағыр

Қоныс еткен жеріңе.

Қысым берер алшағыр

Қарақыпшақ еліңе.

ерік бермес еркінсіп,

2860

2870


2880

2890


190

батырлар жыры

Жирен қопа көліңе.

Қалмақтар шығар еріксіз,

еркінсіп қыпшақ төріне.

осы жауға сен кетсең,

дүние, малың тұл болар.

сексеннен асқан тоқтарбай

ақырында құл болар.

Қарақыпшақ халқыңыз

кеңшілікке мұң болар.

Менің айтқан бұл сөзім,

ақырында шын болар.

Жайнаған сәулет заманым,

тұман басқан түн болар.

тұлымынан сипаған,

Қаншадай қызым қалмаққа

шарасыздан күң болар.

ардақтаған ұлдарым

бастарында ерік жоқ,

ықтиярсыз құл болар.

сен кеткен соң халқыңды, 

Қорғап бағар кім болар.

Қайрылмас бала болар ма,

ата менен анаға.

тілек бермек болар ма 

еңіреп көрген балаға.

Қайғыланып жылап тұр

ағайын, халқың жана да.

атаңа нәлет алшағыр

айламенен алдап тұр,

көңіліңе салып сен қара.

сен кеткен соң, Қобыланым,

тарылар деп қорқамын

кеңдік көрген замана.

сонда Қобылан толғайды,

толғап тұрып ойлайды, 

ойламасқа болмайды.

Мұңын айтып шешесі

2900


2910

2920


2930

190

191


қобыланды батыр

Қайта-қайта зарлайды.

уәде еткен сөзі бар,

сонда Қобылан танбайды.

сапар қылды ниеті

елін баққан Қобыланды.

—тоқтарбай қарт үй иесі,

достың тілін алуға,

Жұмсағанға баруға,

Қобыланды балаң желденген,

әруақ қызып тебіренген.

бармасыма шарам жоқ,

алшағыр хан досыма

Қатты уәде сөз бергем.

уәдемнен тана алман,

сапарымнан қала алман.

Жақсылық пен жамандық

Жаратушы панамнан.

батаңды берсең ұлықсат деп,

аламын ата-анамнан.

тәуекелге мінген соң,

сөзден қайтпас Қобылан ер,

Жаудан таймас біздей сер.

ниеті болсын жолдасы,

алшағыр патша қас болса,

ақырын байқап күтіп көр.

тоқтарбай мен аналық

Қолыңды жай да, бата бер.

ата менен анасы

екеуі қолын жаяды,

Қарттардан бата алады.

«Қайырлы болсын сапар!» деп,

кемпір-шал бата қағады.

Қарындасы Хансұлу

«ер көкем» деп жылады.

көзден аққан қара жас 

омырауын жуады.

алдындағы ағасы

Қорған сүйеу панасы.

2940


2950

2960


2970

192

батырлар жыры

—сапарың қи,—деп сұрайды.

алдымда панам сен едің,

артында нашар мен едім.

ардақты менің болғаным,

көкем, сенің себебің.

атамның тілін алмадың,

анаңның айтқан сөзіне,

көкем, құлақ салмадың.

алшағырдай залымға

Қатты уәде еткен соң,

Жеделіңнен танбадың.

Қобылан көкем, саналым,

Өзіңе ерік саламын.

тілекті бізге бермесең,

нешік болар амалым

атаңа нәлет алшағыр,

айламенен дос болған,

тарылтар деп қорқамын,

Қыпшағыңның заманын.

тілімді алсаң бармағын,

көңілі бөтен алдаған,

алшағыр дұшпан қалмағың.

сен кеткен соң түсірер,

Халқыңа ауыр салмағын.

сен кеткен соң батырар,

аналық пен тоқтарбай

Қартыңа да бармағын.

Қиындық көрмесем игі едім,

Қолаң шашым жүн болып,

көрген күнім тұл болып.

Қайғы шекпесем игі едім,

бірге туған көкемді

бір көруге мұң болып.

тоқтарбайдың көп дәулеті

иесіз қалмаса игі еді,

ақырында тұл қалып.

алдымда панам қорғаным,

сенің арқаң, ер көке,

2980

2990


3000

3010


192

193


қобыланды батыр

Халыққа ханша болғаным.

алыс сапар жол шексең,

азғаным да тозғаным.

көркі кетер ақ боз үй,

еңкейе кірген орданың.

сенің арқаң, ер көкем,

берекетті ел болдық,

дәулет пен баққа кен болдық.

артыңнан өскен Хансұлу

Ханшаменен тең болдық.

уайым салып қайғымен

енді жылап сел болдық.

сенен бөтен ағам жоқ,

тілек, жаным сен үшін,

көңілімде алаң жоқ,

артыңнан туған нашармын,

еруіме шарам жоқ,

Жүретұғын амал жоқ.

—Хансұлужан, жылама,

көзіңнің жасын бұлама.

атама тілек бермедім,

анамның еткен тілегін

алуды мақұл көрмедім.

Жылай берме, бауырым,

бір уәде еткен соң,

сөзімнен қайтар ер ме едім.

Өзім Қобылан болған соң,

сескенер жаудан сер ме едім?!

тұлпар мініп, ту алып,

Жауға аттанар күнімде,

бірге туған бауырым

Өсірдім сипап тұлымды.

тілегімді тілей бер,

ұмытпа, қалқам Хансұлу,

Өсиет еткен мұңымды.

достығын айтып алшағыр,

ала берді тынымды.

алыс емес жақында,

белгіледім, шырағым,

3020

3030


3040

194

батырлар жыры

Жауға аттанар күнімді.

Қарындасы Хансұлу

Мұңын айтып жылап тұр,

көкелеп тілек салып тұр.

сөзінен қайтпас Қобыланды ер

Жыласа да шыдап тұр.

енді Құртқа жырлады,

Жырламай көңілі тынбады.

Қарақыпшақ елдері

баршасы жылап шулады.

Қобылан мықты есер деп,

айтқанына жетер деп,

ортамыздан кетер деп,

бармай қалсақ нетер деп,

Қыпшақ жұрты келеді.

арыздасып, қоштасып,

Қобыланның кетер жері еді.

сонда тұрып аққұртқа

Қобыланға қарап толғайды:

—әкеңнің тілін алмадың,

анаңның айтқан сөзіне

Құлағыңды салмадың.

алшағырдай залымға

уәде еткен сөзіңнен,

тіпті, Қобылан, танбадың.

Қиын болар, Қобыланды,

ер барсаны алмағың.

алшағырға нанасың,

атаң менен анаңның

Құрттың, Қобылан, шарасын.

пәлен айлық жер дейді,

ер барсаның хандығы,

Қай заманда барасың?!

осы сапар қиын жол,

тозағында азасың.

айласы көп алшағыр,

білігі асқан көрім-ді,

атаңа нәлет жауыздың

3050

3060


3070

3080


194

195


қобыланды батыр

алдағаны көрінді.

ерлігі асқан барсаға

астыртын хабар берулі.

арамдығы ішінде,

көргенін жазып терулі.

сен кеткен соң, Қобыланды ер,

еріксіз алар жеріңді.

шабар қыпшақ еліңді,

сындырар қалмақ беліңді.

күні бұрын түс көрдім,

болашақ іс көрінді.

Қарттарың мен жастарың,

көзінің жасы төгілді,

Қыпшағың жылап егілді.

болашақ іс бар шығар,

айырдың халықтан шегіңді.

алдағанға алданып,

кеттің, батыр, бейхабар.

сен кеткен соң намысын

ойлап халқым жадыға алар.

алшағыр хан «шын досың»

еріксіз басып, ел шабар,

кекті жау бізді қолға алар.

есіне түсіп өткен іс,

ашу тұтып долданар.

Қарақыпшақ халқыңды

досың шауып олжа алар.

сексенге келген қарт атаң

Қу таяғын қолға алып,

санасыз сарық қой бағар.

Қысым болар көргені,

тарлық болар атаңның

Қалмақтан қорлық көргені.

бүйтіп тірі жүргенше

артық еді өлгені.

Қызығының үстінде

әкеңе өлім келмеді.

аналықтай анаңның

3090


3100

3110


3120

196

батырлар жыры

тезек теріп, жүн есіп,

көрген қорлығы үдесіп,

еріңіз берер қысымды.

ата-анаңды жүдетіп,

кемпір-шалың қаңғырып,

Қоймасын досың жүдетіп.

көргенім зауал болмаса,

Қыпшақ деген халқыңды,

Қысымменен айдайды,

Халқымның соры қайнайды.

ардақтаған жайсаңды,

еріксіз қорлыққа айдайды.

сен кеткен соң қыпшаққа,

досың бермес тынымды.

тарылтар кеңіс күнімді,

айтайын көрген шынымды.

артыңнан өскен сүйеуің,

ардақтаулы бикешжан.

сөндірер деп қорқамын,

отыз төре, қырық бегі,

билер тартқан шылымды.

Қалмақ құртпаса игі еді,

Қайғы беріп сынымды.

сен кеткен соң барсаға,

алшағыр шабар еліңді.

тартып алар жеріңді,

бердің қолдан кегіңді.

Өтірік емес, шын болар,

бұл дұшпаннан зәбірді.

ей, батыр Қобылан, алғаным,

Қағып төсек салғаным.

осы жүрер жолыңа

көңілімде көп арманым.

тілек бермей халқыңа,

сапарыңнан танбадың.

оңай болмас, Қобыланды,

бір барсаны алмағың.

батыр Қобылан, барарсың,

3130

3140


3150

3160


196

197


қобыланды батыр

Қанша мықты десе де,

барсаны шауып аларсың.

дегеніңе келтіріп,

көп қалмақты шабарсың.

Қайғылы болып еліңіз,

алшағыр хан залымға

Қоныс болып жеріңіз.

Өзің онда, ел мұнда,

кетпесін жауда кегіңіз.

асық болған Құртқаңа

алшағыр көзін салмасын, 

алшағыр ойлар пайдасын.

лайықсың маған деп,

Құртқа, сені алам деп,

басыма қайғы салмасын.

азырақ пұрсат алармын,

пұрсат алып аққұртқаң

Қалмаққа салар айласын.

Өлшеулі күнде келмесең,

Халқыңды келіп көрмесең,

кешікпей кел, өлмесең.

Қиындық түсер Құртқаға

ақырында көрерсің,

батыр Қобылан өлмесең.

айла, амал табармын,

ақылға салып қарармын.

алшағыр хан патшадан

он екі ай пұрсат алармын.

он екі айда келмесең,

дидар жүзді көрмесең,

Мен табар амал жоқ,

амал ойлар заман жоқ,

досың Құртқа саған жоқ.

арыстан туған ер досым,

Қобыланды батыр маған жоқ.

Хабарыңды білгенше,

көңілімде бөтен алаң жоқ.

амал ойлап қарайын,

3170


3180

3190


3200

198

батырлар жыры

ақыл ойлап табайын.

алдымды кеңге салайын,

асық болған ер досым

уәдем саған тағайын.

Қобыланды, саған серт айтып,

сақтаулы адал сарайым.

батыр қайтып келгенше,

Қолы жетпес адамның

ақ мұнара басынан

ұзаққа пұрсат алайын.

Қол жетпейтін жер еді,

амал тапқан адамзат

Мақсатқа жетет деп еді.

ақыл ойлап қалмаққа,

елде қалған аққұртқаң

кеңінен уәде береді.

болса тілек мерейім,

Жауға кетті демейін,

келеді деп сенейін.

амалым бар ма, Қобыланды,

ырзалықпен көнейін.

шамам келсе келгенше,

Өзімді бағып көрейін.

айдан сұлу, сүттен ақ,

ақылға асқан көңілі шат.

Қобыландыға айтқан жауабы,

бәрі үлгі насихат.

сонда Қобылан сөйлейді:

—Мен әкенің тілін алмадым,

анам тілек салғанда,

сертімнен мүлде танбадым.

бірге туған Хансұлу,

ардақтаған бауырым,

бауырым тілін алмадым.

сапарымды тіледі,

Жалынып айтқан сөзіне

тіпті құлақ салмадым.

атаға тілек бермедім,

3210

3220


3230

198

199


қобыланды батыр

аналық шешем жылады,

көзінің жасын көрмедім.

Хансұлу менің бауырым,

ер көкелеп жылады,

сапарымды сұрады,

көзінің жасын көрмедім.

Қанша жолдас болсаң да,

Хансұлуменен тең бе едің?

әйелдің тілін алғаным,

сапарымнан танғаным,

барам деп бармай қалғаным,

сынықтық болар өзіме.

Қатынның тілін алды деп,

Мат болармын халықтың

күлістік еткен сөзіне.

Жедел етіп мен тұрмын,

ақ сапардың кезіне.

Мені жолдан тоқтатар—

Құртқа сұлу сен емес.

тіліңді алып тоқтайтын—

Қобыланды батыр мен емес.

Жеті дұшпан біреуі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет