Қатын тілін алатын,
біздей ерге жөн емес.
бұл жолымнан қалмаймын,
дос-дұшпаным бар шығар,
біреуге біреу ел емес.
ару, сұлу аққұртқам,
тілегіңді қабыл алмаймын.
әлқисса, сонда Қырымнан келген қырық батырдың ағасы Қартқожақ
тұрып, Қобыландының осы жауға аттанбауын сұрайды:
—батыр туған Қобыланды ер,
көңілімде айтар сөзім бар.
көргенімді айтайын,
осы жолдың қиынын
баяндар сізге жөнім бар.
3240
3250
3260
3270
200
батырлар жыры
рас сөзге сенім бар,
кешегі орақ, Мамайға
он төрт жасар күнімде
Қосшы болған өзім бар.
орақ пенен Мамай хан
талай жауға шапқан ер,
Халықты жақсы баққан ер.
талай жауға барған ер,
ұрысқан жауын алған ер.
Жауды көзі көргенде,
айбаты асқан кемеңгер.
барса мықты дегенге,
еліне барса барам деп,
барып қырғын салам деп,
сол барсаны алам деп,
ат қойып елін шақырды.
елінен жиып батырды,
ердің ісі қапыл-ды.
айбатты орақ, хан Мамай
білігі асқан ақылды,
тентек емес мақұл-ды.
солай деп айта келсек те,
елдің ісі қапыл-ды.
шақырған соң ел келді,
ел ішінде ер келді.
Қайтпайтын жаудан сер келді,
көңілді жігіт тең келді.
еліне барса баруға,
барсаның елін шабуға,
Қызғындап ерлер желденді.
ат жаратып баптандық,
баруға жауға шаттандық.
сол барсаны шабам деп,
ер менен бектер мақтандық.
Жиып алып халықты,
әскер санап басқардық.
алты мың әскер қол болып,
біз барсаға аттандық.
Қайтпайтын жаудан ер де бар,
3280
3290
3300
3310
200
201
қобыланды батыр
сескенбейтін сер де бар.
Жау сағынып желіккен,
Қорықпайтын сер де бар.
бұрын жауға бармаған,
ат ізін шетке салмаған.
Үйде отырған шаруа,
Жол шекпеген кем де бар.
ат жаратып баптандық,
Қуанысып шаттандық.
алам деп жауды мақтандық,
Қолды санап басқардық.
барсаға қарап қасқардық,
тұс-тұсынан ту байлап,
Жүріске шықтық ыңғайлап.
Қару-қапшық ат сайлап,
күндіз-түні жол шектік.
алты айшылық ауыр жол,
болдыртып атты меңдеттік.
неше ай қонып ортада,
егіз бұлақ бойына
шалығып-шаршап біз жеттік.
егіз бұлақ көлдерге
атты бағып, тынығып,
тоғыз күндей біз жаттық,
Мінген атқа күй таптық.
оныншы күн болғанда,
барсаға қарап жөн тарттық.
Құм дөң деген дөң көрдік,
айдынды шалқар көл көрдік.
осы көлге кез келдік,
ар жағынан сол көлдің
боз дөң деген дөң көрдік.
аттанған ерлер баптанып,
кілең батыр мақтанып,
ат суарып түгендеп,
адамды санап басқарып.
Жүре бердік біз жөнге
алдымызға қасқарып.
3320
3330
3340
3350
202
батырлар жыры
боз дөң таудың басынан
Қолатпен шықты төрт атты,
төртеуі де бөрте атты.
найзағай ойнап аспаннан,
көп әскерді өрт атты.
алыстан қарап топ болды,
Өрт жанып шоқ болды.
бізге қарай лап қойды,
лап қойған әскер жоқ болды.
әскер қирап құлады,
талайы тулап сұлады.
кім екенін біле алмай,
Қалғаны жылап тұрады.
тек аман кетті бес кісі,
осы жауға шаталмай,
көңілді қайғы дат алды-ай.
Жолдан қайтқан хан Мамай
осы таудан аса алмай,
Жүруге қорқып бата алмай,
Қалай жүрсің хан Мамай,
әлеметке тап болып,
Қырғынға халқы шаталды-ай.
орақ пенен Мамай сер
Қайтпайтын жаудан батыл, ер,
көкірек толып қайғы шер.
орақ пенен Мамайдың
Қайғылы болып қайтқан жер.
ахмет, алау, Қартқожақ
Үшеуміз шықтық сауалға.
орақ пенен хан Мамай,
бесеуміз қайттық аманда.
Қасымызда көп әскер,
душар болды ажалға.
осы арадан кер кеттік,
арытып атты меңдеттік.
көп әскерден айрылып,
уайым етіп еңірестік.
аттанған қолға сор болды,
теріс сапар жол болды.
3360
3370
3380
202
203
қобыланды батыр
орақ пенен Мамай хан
Қайғыменен қор болды.
тілімді алсаң, ер Қобылан,
бұл жауға бару жөн емес,
барса деген қатты жау
алдыратын ел емес.
айбатты орақ, хан Мамай,
Қобыланды, сенен кем емес.
талай жерге барған хан,
талайға бүлгін салған хан,
әскерден Мамай айрылып,
осы жолда сандалған.
Мүдә болып еңіреп,
көңілі кетпей арманнан.
Қайтпас Мамай ер еді,
осылай еді себебі.
көп әскерден айрылып,
Қапа шеккен жері еді.
бір тоғыспай қалмақпен
арманда болған Мамайдың
Мен қапамын деп еді.
кеңшілікте тұрғанда,
кімде-кім де ер болар,
Мен батырмын дер болар.
ойлағаны әркімнің
көкірегі кен болар.
алдыратын жау емес,
Хан барсаның еліне
бармағаның жөн болар.
сонда Қобылан сөйлейді:
—Қайғы айтпа, батыр, сен,—деді,
Қайғы айтқаның нең,—деді.
тек хандығы болмаса,
Менімен Мамай тең бе еді?!
Мен—мұзбалақ бүркітпін,
Қарға, құзғын, жапалақ,
соларға болман жем,—деді.
Қырымнан ерген қырық жігіт
3390
3400
3410
3420
204
батырлар жыры
Қызығымды көр,—деді,
Қасыма менің ер,—деді.
шеңгелім болат сұңқармын,
баруға жауға іңкәрмін.
тұлпар мініп, ту ұстап,
Жау ұясын құртармын.
кешегі орақ, Мамайдай
Қайтатын батыр мен емес,
бұл айтқаның жөн емес.
орақ пенен Мамай хан
Менімен қатар тең емес.
сапар шеккен батырға
ер уайым айтар ма.
Қаса жасық болмаса,
шын жеделге мінген соң,
ер сапардан қайтар ма.
бір тәуекел еткен соң,
Қобыланды серттен қайтар ма,
Қайтар Қобылан мен бе едім?!
Жаудан қайтып қорыққандай,
батыр емес, кем бе едім?!
Қорқып қайтып бұл жолдан,
Мен ноғайлымен тең бе едім?!
әлқисса, аққұртқа Қобыландыға келіп қосылғаннан кейін атасының
көп жылқысын аралауға, ішінде Қобыланға жарайтын ат бар ма екен деп
сынауға құмар болады. күндердің бір күнінде Қобыландыға:—Жылқыны
аралап қайтсақ қайтеді?—дейді. Қобыланды оның сөзін мақұл көріп,
екеуі жылқыны аралайды. Жылқының ішінен жабағы жүні түспеген бу-
рыл тайды көреді. осы тұлпар болады деп сынайды аққұртқа.
Құртқаның түскен жылында,
Қобыландымен екеуі
әзіл ойнап отырып,
сол күні екеуі ерікті.
Жылқы аралап келем деп,
сан жетпейтін атамның
көп жылқысын көрем деп,
ақылы артық аққұртқа
3430
3440
3450
3460
204
205
қобыланды батыр
Қобыландыға айтады:
—сен жылқыңа бастап жүр,
батыр, сізге ерем,—деп,
Қылайық тұлпар ат болса,
Құлын да болса тап болса,
Өзім бағып берем,—деп.
сан жетпейтін көп жылқы,
сізбенен, Қобылан, барам,—деп.
тай, құлын науша жастарға
көзімнің қырын салам,—деп.
торыға бартал бір тұлпар
көп жылқыдан табам,—деп.
аралалық жылқыны,
Қобыланды, ердім саған,—деп.
алтын шыбық алады,
Жібектен бау тағады.
талма тал түс шамада,
Қобылан менен аққұртқа
көп жылқыға барады,
Жылқы аралап қарады.
Жабағыдан тай шыққан,
тарлан бие соңында
бурылтай кетіп барады.
алды-артынан Құртқа шығады,
бурыл тайды сынады,
Қуанып көңлі тынады.
Қайшыланған құлағы
не қылса да бурылтай
аққұртқаға ұнады.
екі көзін сынаса,
шамдалдың жаққан шырағы,
Өзгеден артық сияғы.
от орнындай жануар
шашадан төмен тұяғы.
тайбурылы Құртқаның
көңіліне ұнады.
кем болмас деп торыдан
келбет пенен сияғы.
торыға серік болар деп,
3470
3480
3490
206
батырлар жыры
осылайша сынады.
—ей, Қобыланды, Қобыланды,
сынап тұрмын бурылды,
барталыңа жарар деп.
Қаншама алыс алыс жер болса,
ә, дегенше барар деп,
сенің үшін бағам деп,
Жұмсақтан жабу жабам деп,
торыменен тең етіп,
алтыннан қазық қағам деп,
Жібектен арқан тағам деп.
Жануар бурыл сияқты,
ей, Қобыланды ер, Қобыланды ер,
көрген соң көңілім ұнатты,
торыға серік болар деп.
ықыласым құлап тұр,
әр мүшесі бурылдың
көңіліме ұнап тұр.
Жібек баулы құрықпен
тайбурылды тез ұста.
әр мүшесін сынасаң,
торымен қатар сияқты.
алтын құрық Қобылан алады,
сағағынан қағады.
сол секілді Қобыланды
тоқтатпай сүйреп барады.
екпініне батырдың
сырғанады аяғы.
бір терекке төнеді,
аяғын жерге тоқтатпай,
бурыл сүйреп жөнелді.
сол терекке табанын,
Қобылан аяқ тіреді.
Құрықпен бұрап шығады,
басына жүген сұғады.
тастан қайтпас шын болат,
Жануардың тұяғы.
Құртқа өзінің сарайға
бурылды алып барады.
3500
3510
3520
3530
206
207
қобыланды батыр
торыша мен екеуін
Жігіттер жақсы қарады.
әр уақытта аққұртқа
екі бірдей тұлпардың
Майдалап түгін тарады.
тобығы меңді торымен
бірдей етіп бағады.
екеуін бірдей тең көрді,
бірдей етіп жем берді.
Жал-құйрығын таратып,
тұлпарға ажар, өң берді.
Құртқа бағып баптады,
Үкілі құйрық, майда жал
аттың күйін тапқаны.
Жер тепкілеп желігіп,
түнде тұлпар жатпады.
Жігіттер қарап күні-түн,
тұлпарды күтіп сақтады.
екі тұлпар ерігіп,
Өз-өзінен жарап тұр.
әр уақытта аққұртқа
аттың күйін қарап тұр.
Құйрық-жалын аққұртқа
Мезгіл-мезгіл тарап тұр.
атасы айуан болса да,
ер жолдасы тұлпар деп,
Қобыланды ерге балап тұр.
ат болады қашан деп,
Өткен күнді санап тұр.
әлқисса, аққұртқа Қобыландыны барса ханның еліне өз қолынан
аттандыру үшін неше жылдан бері ел көзіне түспей бағуда тұрған қос
тұлпарға алып келіп, тұлпарларды батырға көрсетеді. Қобыланды қос
тұлпарды көргенде, көңілі толып, ырза болады. Құртқаның аттың сын-
шысы екенін, дана, ақылды екенін біледі. Құртқа өзінің ер досына, жан
жарына: «Жорытқан сайын жолың болсын, мерейің үстем болсын, міне,
саған шешемнің берген жай бұлтын аманат етіп тағы беремін. бұл саған
қысылған жерде жәрдем берер, шөлдеген жерде бұлт құрастырып жау-
ын жаудырады»—деп, жай бұлтын береді. сонда Құртқаның толғағаны
3540
3550
3560
3570
208
батырлар жыры
мынау екен:
Жақсы болса әйелі,
ерге жолдас, серік-ті.
алған жары аққұртқа
адамда сұлу, көрікті.
кетерінде Қобыланға
дәумама берген жай бұлтын
Қолынан Құртқа беріпті:
—сен барсаға барарсың,
елі шалғай, жері алыс,
арып, шөлдеп азарсың.
Мамамның берген жай бұлтын
шөліркеген күніңде
ашық күні жаярсың.
Жаңбыр жауып, қақ тұрар,
шөлдегенде қанарсың.
Қырық батыр жолдасың,
ат суарып аларсың.
шөлдеген атты суарып,
батырлар кеңдік табарсың.
Мамам берген бұлтты
көргенде Қобылан нанарсың,—деп жай бұлтын Қобыланның қолына
ұстата береді.
Мағлұм болған тұлпары
алты жасар бурыл ат,
—Қоштастым, Құртқа, жүрем,—деп,
тайбурылға мінем,—деп,
шығыршықты бек сауыт,
бекініп үске кием,—деп.
тасты кесер ақ алмас
беліме орай ілем,—деп.
ұлықсат бер, аққұртқа,
тез кешікпей жүрем,—деп.
Жауға аттанған жігітке
ерлік пенен бақ керек.
—ренжіме, Қобыланды ер,
Қуаныш керек, шат керек,
3580
3590
208
209
қобыланды батыр
барталыңа, батырым,
тағы да тұлпар ат керек.
Жолдас досым сен едің,
әйел де болсам шын досың
Құртқа алғаның мен едім.
таңдап алған Құртқамын,
тисін сізге себебім.
ат жемшіктен шығарып,
тобығы меңді торыны
барталыңа беремін.
дәумамадан ұзатып,
батыр мені алғанда,
шалғынды көлге барғанда,
Үйірінен қулықтың
кер биені көрдім де,
болып едім арманда.
арманда болдым жалғанда,
атама қағаз жазғанда,
көрімдікке атамнан
кер биені алғанда.
не қылса да кер қулық
сынауыма жақты деп,
Мінуіне Қобыланның
Жануар тұлпар табар деп.
кер қулықты атамнан
тілеп, сұрап алғанда.
бағуға болдым арманда,
арманда болдым жалғанда.
Жүрем десең, Қобыланды,
сайлана бер қамдан да.
ер мақсаты тезденді,
енді бекер алданба.
тұлпар табам мен,—деді,
Қобыланды, маған ер,—деді.
алтын астау алдында,
Қос тұлпарды көр,—деді.
сауырлығы кең,—деді,
он екі мүше тәндері,
бәрі бірдей тең,—деді.
3600
3610
3620
3630
210
батырлар жыры
тайбурылға қос артып,
торыны міну жөн,—деді.
алты жасқа келтірмей,
тобығы меңді торыны
Мінетін болдың, ер,—деді.
ат азуы толған жоқ,
әлі алты жас болған жоқ,
тұлпарлық бақыт қонған жоқ.
алыста қалмақ ел,—деді,
Жеткізбейтін жер,—деді.
бір жасы аттың кем,—деді,
сапарың болсын оң,—деді,
Қайырлы болсын жол,—деді.
кемдігінен жасының
бір жерлерге барғанда,
тарықтырар сол,—деді.
тарықтым деп шамданба,
тұлпарыңа қас ойлап,
арманда болып қам болма.
адал ниет жүрекпен,
батыр, шықтың ақ жолға.
ұшқырлы жебе көк найза,
тәуекел ет те, ал қолға.
Мақсатқа торы жеткізер,
тайғақ кешу тар жолда.
Қолымнан бердім жем,—дейді,
батыр, маған ер,—дейді.
Жүрісі жорға торыны
көзіңменен көр,—дейді.
торышаны, Қобыланды ер,
Өзіңменен тең көрдім.
ардақтап баптап жем бердім,
керегін тауып тез бердім.
арпа менен сүт беріп,
ажар бердім, өң бердім.
алтыннан қазық қақтырдым,
Жеті құлға бақтырдым.
Үстіне жұмсақ тисін деп,
Мақпалдан жабу жаптырдым.
3640
3650
3660
3670
210
211
қобыланды батыр
батпасын деп мойнына
Жібектен арқан тақтырдым.
сусынына бал беріп,
түрліше тәтті дән беріп,
торының күйін таптырдым.
осы биыл жаздықта
бестіге келген ат қылдым.
сауырлығы салынған,
Мінер атың табылған,
торышам шықты бағымнан.
торыны мін де, жау жаула,
барған жауың табылған.
неше түрлі қиындық,
Қайтарсың аман жазымнан.
орайына көзің сал,
иіріліп жатқан түбектей.
танауыңа қарасаң,
түбі түскен шелектей.
Жалын қара торының
келеп деген жібектей.
Қабырғасы уықтай,
төрт аяғын қарашы,
алыс жер бұған жуықтай.
Қуантар торы, қуантар,
көңіліңді батыр суытпай.
бірақ ат азуы толған жоқ,
әлі алты жас болған жоқ.
осынымда жалған жоқ,
торыға міндің, Қобыланды ер,
аққұртқаңда арман жоқ.
Қобыланды Құртқаменен қоштасып, хан барсаның еліне сапар шегу-
ге бет алады. сонда Қырымнан келген, қасына еретін қырық жолдасына
айтқан сөзі:
—Қырымнан келген қырық жолдас,
Қамданып атқа мініңіз.
Хан барсаның еліне
бүгіннен қалмай жүріңіз.
3680
3690
3700
3710
212
батырлар жыры
аттанар бүгін күніңіз,
ер бастығы Қартқожақ,
артыңнан жетеді ініңіз.
тайбурылға қос артып,
ер барсаның еліне,
Жүріңдер ерлер жөн тартып.
тұлпар таңдап, ат мініп,
ат құйрығын шарт түйіп,
Жетермін мен де қасқартып.
Жау іздеген есермін,
Қайратыма мас болған,
Қайтпайтұғын нөсермін.
тайбурылға қос артып,
Қырық жігітім, жүріңдер,
артыңнан қуып жетермін.
Қырымнан келген қырық жігіт,
тайбурылға қос артты,
Жол шегіп, жауға жөн тартты.
Қару артып азықпен,
Хан барсаның еліне
Қырық батыр жол тартты.
сол күні Қобылан қонады,
Құртқаға қонақ болады.
сәскеге күн толады,
тұманды күн мұнарды,
тобығы меңді торыны
көргенше Қобылан құмарды.
Жемшік сарай ішінен
торышаны жетелеп,
сұлу Құртқа шығарды.
торышаны көрген соң
батыр Қобылан қуанды.
алды-артына қараған,
кіндігінен жараған,
Қызықпай Қобылан неғылсын,
ақылға асқан аққұртқа
тобығы меңді торының
Жал-құйрығын тараған.
батыр Қобылан сынаса,
3720
3730
3740
212
213
қобыланды батыр
тұлпар екен озаған,
Жібекпен белін ораған.
Қобыланды батыр сынаса,
көңілден шықты жобадан.
Қобыланды сонда сөйледі:
—лайықты торыша,
Маған тұлпар сен,—деді,
сені мінем мен,—деді.
торша сені мінген соң,
уайым кетті өзімнен.
тәуекел етіп мен шықтым,
Қарақыпшақ елімнен,
Жирен қопа көлімнен.
сені мініп алған соң,
шабуға жауға ерінбен.
Жібектей жалың төгілген,
бағымымен Құртқаның
тәтті жемге семірген.
Үстіңе тоқым салайын,
еріңді ерттеп алайын.
Қанша алыс болса да,
Хан барсаның еліне
Жақын күнде барайын.
астыма торы мінген соң,
бек сауытым киген соң,
дұшпанға қимыл салайын,
тіпті жоқ менде уайым,
Жарқын жүз, ашық шырайым.
алдырмайтын барсаның
Қаласын талқан қылайын.
Қолыңнан бердің торыны
аққұртқа жолдас жұбайым.
Қырық жолдасым жол шекті,
Жүрмей неғып тұрайын.
ат үстіне ер салды,
Жүруге Қобылан оңдалды,
толғаулы найза қолға алды.
айбаттанып шаттықпен
баруға жауға жолданды.
3750
3760
3770
3780
214
батырлар жыры
амандасып, қоштасып,
ризаласып, қолдасып,
торыға мініп жөнелді.
Қырық батырдың артынан
Қобылан кетті сол енді.
Жабықпай көңілім өссін деп,
айқайлап айтты өлеңді.
кешегі кеткен ерлердің
ән салғанда дауысы,
Құлағын келіп жарады.
бұл дауыс қайдан шықты деп,
Қырымнан шыққан қырық батыр
аң-таң болып қалады.
ұлы сәске болыпты,
күн түстікке толыпты.
Қырық батырға шаң, тозаң,
Қараңғылық болыпты.
Қырымнан шыққан қырық ер
бұл тозаңнан қорықты.
Қобыландының торыша ат
ақ киіктей орытты,
ақ бөкендей жорытты.
артынан келіп алыстан
Қобыланды күшті ақырды.
айбатымды көрсін деп,
Қасымдағы қырық жолдас
келгеніме сенсін деп,
Жануар торы елірді.
Майда жалы елпілдеп,
Қара тері мөлтілдеп,
белестен-белес бел асты,
бес қаруы жарасты.
әруақты Қобыланның
Қатты ақырған айбатынан
Қырық жолдасы дал болып,
ақылынан адасты.
Қырық батыр сасады,
атына қамшы басады.
артынан келген Қобыланның
3790
3800
3810
3820
214
215
қобыланды батыр
әруағы басады.
Қобылан екенін біле алмай,
Қырық ер де қашады,
Қырқы қашып барады.
бір жабынды астымен
амалы көп Қобылан ер
алдынан тосып қалады.
Қырымнан шыққан қырық батыр
алдынан көріп сасады,
кейін қарап қашады.
Қобыланды шауып келіпті,
Жан жолдасы қырық жігіт
батырға жолдас, серік-ті.
—Қырық жолдасым сен едің,
Қобылан атты ер мен едім.
Мені көріп, қырық жігіт,
Мұнша қашқан нелерің?
Жасық туған кіл жаман
Жолдасқа жоқ керегің.
бастарыңды қағайын,
Қырқыңа қырғын салайын,
басыма бейнет қылғанша,
ер барсаның еліне
беріктегі беліне,
Жалғыз өзім барайын.
сонда тұрып нұрғожа
Қобыланға қарап сөйлейді,
сөйлегенде бүй дейді:
—белестен белес бел асқан,
орай садақ, саркез оқ
белге бусаң жарасқан.
әруақ қонған батырсың,
екпініңді көргенде,
ақылдан біздер адасқан.
еңсеңе ерлік орнаған,
әруақ, бақыт торлаған.
келбетті туған ерімсің,
Жау шайқайтын серімсің.
көзімізге озат көріндің,
3830
3840
3850
3860
216
батырлар жыры
Қабағыңнан қар жауып,
Мұртыңа мұз тоңып,
темір қару құрсанып,
ат құйрығы салынған,
Қабағы қарыс жабылған.
әруағын көрген соң,
ақылдан ерлер жаңылған.
бір-біріне жүр десіп,
Жүр дегенде гулесіп,
тұлпардың бойын билетіп,
басып кеткен тастарды,
саз балшықтай илетіп,
Өлең айтып, ән салып,
батырлар жүрді гүрлетіп.
әруақты ер Қобыланды
сапар шектік ақ жолдан.
әруағын көргенде,
Қырық ер сасып зар болған.
кел, тұлпарменен желейік,
ат жүйрігін сынауға,
кел жарысып көрейік.
тайбурыл менен торыны
Өзгеге тайлас демейік.
ат шабысып тыналық,
тайбурыл мен торыны
тұлпарларың сыналық.
еріккен ерлер жарысып,
азырақ қызық қылалық.
бес жігіт қоста қалады,
бесеуі атқа қос артып,
Жаяулап кетіп барады.
отыз бірі кейінде
ат шабуға қалыпты.
екі күн күйлеп тұлпарды
енді ерлер жарысты.
тайбурыл тұлпарға
нұрғожа мініп алыпты.
«шу, жануар, шу» дейді,
тұлпар бойын билейді,
3870
3880
3890
3900
216
217
қобыланды батыр
Жал құйрығы гулейді.
торыша мен бурылдың
табаны жерге тимейді.
басып кеткен тастарды
балшықтай-ақ илейді. Достарыңызбен бөлісу: |