«Мәдени Мұра» МеМлекеттік бағдарлаМасының



Pdf көрінісі
бет22/24
Дата21.02.2017
өлшемі1,15 Mb.
#4615
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
374

батырлар жыры

«кәне, кім, кімдер барсың?»—деген кезде,

Қыз десе қызыққандар ұмтылыпты.

Қолына ілінгеннің бәрін жықты.

Жығылып жиырма жігіт табан жерде,

пант болып қалды тұрған дүйім елге.

сол кезде бір ызалы суық түс,

пайда болып қалған екен тоқтар ерге.

—күресте көп болушы еді менің басым,

алпыстың сегізінде менің жасым.

болаттан шеңберлеген болмас ұста,

осы ердің қиратамын қабырғасын.

әуелі ескертуге міндеттімін,

Қу жаяу жалғыз өзім, жалғыз басым.

«екілік ханда болмайд» деген сөз бар,

сол сөздің аялдаймын ағласын.

Қорықпаңыз деді ханның екеуі де:

сауытты шешіп тастап ала байрақ,

ортаға тоқтарбай да түсті жайнап.

Қабағын қалың түйіп, көз қызарып,

бүлкілдеп бекен шықты тісін қайрап.

сүбеге қолды салысты,

Қос жолбарыс алысты.

көрген жандар самсозбай,

судай тынып қалысты.

көтеріп алып бекенді,

шал тоқтарбай үйірді.

Мына кісі қайтет деп,

Жұрттың бәрі күйінді.

екі үйіріп, үш толғап,

палуанды тоқтар бір ұрды.

Мұрыннан төгілді қан, өкпеден жан,

Үстінде алты сұлу у-шу болған.

сонымен өлген палуан қала берсін,

атуға алтын қабақ тураланған.

бас палуан бәйгі алатын әуелі атсын,

510


520

530


374

375


қобыланды батыр туралы

тоқтарбай шыңыратты қалдырмай дым.

—ал той құтты болсын, бізге ер!—деп,

дауысы жерді жарды Жансұлтанның.

шомылған қанша халық ақыл-ойға,

бір түйір ыза бермей қала берді,

Халық сүйген бекен қалды осы бойда.

Жансұлтан гүрілдетіп кеңес құрды,

он есе бұдан да артық ойын қылды.

алпыс күн ардақты ел дабыл қағып,

Жүруге жарамай жүрді есін танып.

терең ой, кең ақылдың кеңдігінен,

отауға тоқтарбайды берді салып.

Мінетін жетпіс кісі кемеменен,

теңізге шығарады ер бет алып.

Мүсірептен сыйға алған құбақанды,

кемеге қоя берді міне салып.

бақыттың ерте-кеші болмайды ерге,

тоқтарбай қуанышпен бет алды елге.

ешкімге көз алартпа деп айтты хан,

ажалдың қозғалыңдар деді бұған.

сонымен он сегіз күн түсті суға,

әр түрлі есер толқын ұлы дуда.

кәрі көз айнымаған алтын кеуде,

торы атқа аумай шықты тұлпар тура.

түп-түгел қош айтысып берісті қол,

Қайтады кеме кейін елге мырза.

ноқылан айқай салып жер жаңғыртқан,

тоқтардан бесін кезде білінді ұран.

сатпайды ат егесі шыны туса,

торы ат та аман екен Қамбар баққан.

Мінгізіп құбақанды аналыққа,

торы атқа еге болып тоқтар тұтқа.

—бұйырса, таң салқынмен жүрелік,—деп,

екеуі дем алыпты аз уақытқа.

540


550

560


376

батырлар жыры

тоқтарбайдың бәйбішесінің көбентайға айтып жатқан түсі:

—о, көркім, ұстам көбентай,

бір түс көрдім кеулім сай.

шын орданың егасы,

кемді ерім тоқтарбай.

тасар жарық бұлағым,

дегеніне жетті ме,

деп қуанам, шырағым.

бір панар жағып батысқа,

бір панар жағып шығыста.

ортасында жайрақтай,

отырдым өзім алақай.

көбентай көркім, кәзір сен

кір тартпадың денеңнен.

бала көрсем қуанып,

көкесі бол соның сен.

ту биелерді ұстатып,

таң асырып дайында,

той қыларсың дегенмен.

Өзі көрген шұбардан,

шығыста құздық шынардан.

Жер таныған топ жарған,

күн қатты да, түн қатты.

ер жігіт төзе берер берген демге,

тоқтарбай жиырма үш күнде қауышты елге.

отыз күн ойын қылып, қырық күн тойын,

көтеріп аққа сүйеп алды бойын.

Жүз басты үй тіктіріп жақсы жайға,

төрт жүз қара енші беріп көбентайға.

асылған ықыласпен қор болмайды,

дегендей мәтел керек осындайға.

көтеру кездесіп тұр жаңа көрік,

аналық тоқтарбайға болған серік.

таңсықтың талабына нұр жауғандай,

аналық келген бойда болды жерік.

570


580

590


600

376

377


қобыланды батыр туралы

Жерігі қиын-қиын айуанатта,

Жерік ас қиын екен әйел тапқа.

Мынандай болып арналды 

аналықтың жерігі:

алғыр қара бүркіттің 

Қабағына жеріді,

Жолбарыстай абзалдың 

білегіне жеріді.

тауда жүрген таутайлақ 

бауырына жеріді,

алтын айдар балықтың 

дайрағына жеріді,

күншіліктен тартатын тоң айдаһар— 

Жыланның өтіне жеріді.

шаң тимейтін құланның 

бүйрегіне жеріді.

таяқ өтпес ақ пілдің 

Өкпесіне жеріді.

көп білімді тоқыған,

Хан бапының елінде,

Жеті қат жердің астында,

он сегіз жылдай оқыған,

бектеміс шықты жыланға.

Өңшең жүйрік баптаған,

тұяғын тас қақпаған,

Қосқан аты қалмаған,

Қазтай шықты құланға.

алты атасы аң алған,

бүркіт аулап жаң салған,

игібай шықты бүркітке.

ұсынғаны кетпеген,

бұғалықты өтпеген,

Қара дүрсін шаруадан

адам орын алмаған,

көңілі бай ақылға,

таутайлақты іздеуге

Мырзабек шықты арнаған.

төрт қап алтын ақша алып, 

сергей шықты балыққа.

610

620


630

378

батырлар жыры

Жетпіс бес санап беріп адал малды,

бір пілді жәрмеңкеден сатып алды.

ендігі қолға түспей тұрған аңнан,

тоғайда тек жолбарыс қолда қалды.

Жетпістің жетеуіне келген мерген,

Қыздарбек мұны-дағы атып алды.

соншама сүйтіп алған жолбарысы,

әйелге түске жеуге келмей қалды.

ұстаған таутайлақты он күн қуып,

тартуға Мырзабек те әкеп салды.

ғылымның өмірге кең пайдасы бар,

бектеміс те айдаһарды байлап алды.

Қазақтың қара жұқпай кеуліне жоқ,

орыстың өмір амал иласы көп.

Үш жүз сексен аршын естіріп тор,

салыпты көз бұлақты айласы сол.

оралып салған торға алтын балық,

екі жүз шом арқанмен тартып алып.

арттырып он түйеге әкеп беріп,

ақшасы анықталды адалды алып.

алты атасы аң алған,

игібай шықты бүркітке.

бұрынғы ..... лебіменен,

байлаған ту қоянды ебіменен.

әлсіз тал бүркеуімен басып қалды,

ебімен айла қылған бүркітті алды.

Жиырма күн құла дүзге қаңғып барып,

су ішер бұлағына дұзақ салып.

сүйретіп Құбақанмен қосарланып,

Қуанып Қазтай келді құланды алып.

бір айды осыменен аяқтадық,

Жерігі аналықтың тамамдалып.

640

650


660

670


378

379


қобыланды батыр туралы

күндіз-түн көкірегі қуанышта,

алпыстың сегізіне келген қарып.

той қылып дүрілдетіп тарту тартып,

берер деп қуанып жүр Құдай жарық.

сол жерде еңсеп дейтін ер бар екен,

көбентай алып келген тартып алып.

көрікті көп ұланның сәулетіне,

Қор болып қол жетпесе әуресіне.

әркімдер құмарланған дыбысына,

уатып жібекпенен сүзіп ішіп,

Жерік боп шарайнаның шынысына.

бұ дағы екіқабат болған еді:

Қабылан, көкжал бөрінің

бауырына жеріпті.

арыстандай асылдың

Жүрегіне жеріпті.

алтайы қызыл түлкінің 

Қолқасына жеріпті

сайынның жары ақсалы.

басталар болып қалды бір мәжіліс,

Жер жарды дүрсілдеген елші дыбыс.

бір жылда үшеуі де жүкті болып,

Қуанды кеулі ашылып ерлер толық. 

арада күндер өтті, айлар өтті,

сыпаттау шайырларға бұл деректі.

Қарында қара тұяқ жатпайтұғын,

бір күні күні толып, мезгіл жетті.

туыпты екеуі ұл, біреуі қыз,

бір келді жолдас болып бұйырған тұз.

Үшеуі қатар істеп ұлы тойды,

тоқтарбай Қобыланды деп атын қойды.

Жүктіде жөргек құда болған екен,

680


690

700


380

батырлар жыры

айнымай екі қатын терең ойлы.

айтулы таң қалғандай тумай жұртқа,

Қойыпты қыздың атын сұлу Құртқа.

сайын жүр қалай топтан қала алам деп,

бала озбайды заманы бір баладан деп.

Қарайлас жылы жылдас, жасы құрдас,

ат қойды баласына Қараман деп.

балалар бір заманнан болды бөлек,

Қобыландының өзгелерден сорды дерек.

көрінген желкеде жал, маңдайда қал,

көркем тұр бұлшық еті бөлек-бөлек.

шыққан жыл осы балалар екі жасқа,

Жетіпті қыз хабары қызылбасқа.

есітіп бұл хабарды шыдау қиын,

ар болды ағанас пен тоғанасқа.

Өсіріп рахатын көрейік деп,

Меншіктеп қолымыздан берейік деп.

аттанды төрт жүз қолмен ашуланып,

шашылған елді жинап келейік деп.

ойда жоқ бейқам жатқан қарақыпшақ,

Қансығы Мансұр ердің кеткен тұтап.

Жұлдызбен жолы сұйық таласқандай,

Қол қойды кең жайылымға Қараспандай.

тоқтарбай қайратымен қорғады елді,

көп соққы бұларға да қолдан берді.

ақырында адаммын деп жалынғансын,

еңсепті қолға беріп қоя берді.

барқадар ойлағанға есіңізге ал,

бағулы бір жолбарыс қолымда бар.

айттырып соның қойған қалыңдығы,

ер жетсе өзі іздеп тауып алар.

Құртқаның өзі әдемі, өңі қанық,

710

720


730

380

381


қобыланды батыр туралы

бояуын көрген пенде естен танып.

сол кезде қырық жетіге келген кезі,

Қырық құлаш ұзындығы айдан анық.

осыны бөтен ерге бермеймін деп,

Қойыпты үш жасында қарғы тағып.

көнбеске еңсеп ердің лажы жоқ,

Қалғасын ортасына қапыл барып.

толғасын алты жасқа алпамсадай,

Қобыланға бейне бітті ел қорқарлық.

сол кезде шығып еді алты жасқа,

Өзгеден біткен сұлпы сондай басқа.

балалық ойын деген ойында жоқ,

ашылмайд ұйқы деген ауыр баста.

Қайтыста одан көрі топтан ірі,

Қараман жігіт болды дәл құрдаста.

күрессе, Қобыландыны күнде жықты,

Мұнда көп түлкі тәсіл өнер мықты.

Халықтың өтінішімен хал-пәлі жоқ,

балалардан асық ойнар өнер шықты.

бір күні ыңғасы кеп төбелесіп,

Қобылекем жұмсап қолы жұдырықты.

біреудің еміренген «індәлдәсін»,

шын болып ойын түбі ұрып жықты.

«Жесірін жауға кеткен неге іздемейді,

Жетпегір жексұрын»,—деп күңкіл шықты.

«бұл қалай болған іс?» деп сұрап еді,

әкесі сыр айтпайтын түйді дықты.

сол кезде бала кеулін алдайын деп,

аналық ойлап тапты бір қылықты.

төркіндеп барып қайтпақ Жансұлтанға,

ананың арманы көп, амал бар ма.

балаға жанға өлшейтін бір ат керек,

аналық жақсы біледі ханның жайын,

740

750


760

770


382

батырлар жыры

Хандарда жабы тұлпар бәрі дайын.

арманы аналықтың топжарғанда,

топжарған жеке тұлпар Жансұлтанда.

дүрегеп су тұлпардай қажыр артық,

тау тұлпар анасынан туған балқып.

сол кезде он үш жасқа келген кезі,

осыны жас балаға мінгізбекке,

анасы құмар еді сондай тезі.

«төркіндеп сыбағаға осыны алсам,

Қор болмас қайран төлім еді» деді.

атасы, анасы өзін мақұл көрді,

арада бес жыл өтіп тартқан белді.

Жасатып он кісілік кеме соғып,

кеткесін қатын-бала тоқтар да ерді.

баяғы көрген жерді көзден жазбай,

көреді алпыс күнде түрікпенді.

саялап нағашысы бұны баулып,

Үш жылға алып қалды Қобыланды ерді.

алты мың, алты жүз де он төрт ділда,

баяғы Мүсірепке санап берді.

тұқымы топжарғанның тобыл торы,

шыққанда бес жасына алып берді.

Қарғытып қал-палы жоқ тау мен тасқа,

шаптырып кейде қылыш аудармасқа.

Үш жылдай күн менен түн дамыл көрмей,

Үйретті бар өнерін Қобылан жасқа.

тигізбей алтын басқа қылыш тартып,

екеуі бөрік шабысты таңырқатып.

бөріктің төбесінен сілтегенде, 

Қозғалмай орнында қалуы шарт.

арада  осыменен үш жыл жетті,

шығарып кемеменен рұқсат етті.

Қоштасып судан шығып нағашыға,

780


790

800


382

383


қобыланды батыр туралы

сау болсам тұңғыш перзент шығарғанда.

Қауышып дидарласам сізбен депті,

«Қош, қош!» деп осыменен Қобылан бала 

түнерген түлейлі елге сапар шекті.

тор тұлпар көрсетеді бар зейнетті,

Өнермен бөкен жүріс әсерлетті.

әкесі жиырма үш күн жүріп еді,

Қобылекең бесінде елге сәлемдесті.

он жаста Қобыланды мен Қараманның ойнар тойы

Қобыланды атқа кетті дегеннен соң,

Қинапты қияттарда әрбір бекті.

баптапты Қараман да бір қызыл көкті,

ас пен той аракідік болса елде,

бәйгіні Қобыланды үшін халық күтті.

шақырып қанша пенде палуан десе,

Қараман меһеннің бәрін жықты.

Қос тарлан қолайлаған қос жолбарыс

Халыққа көрсетті өнер қызғылықты.

бұл дыбыс алды ерді, жарды жерді,

сол кезде он екіге батыр келді.

бір күні ер Қараман аулында еді,

Қоблекең әкесіне етті шерді:

—ау, әке, ағайыным кім, туысым кім,

бағдарын байқайсыз ба жұмысымның.

былтырғы болған үйшік төбелесте,

Хабары не себепті сыбысыңның?

сіз мені тумай жатып неге шаттың,

бар болса қалыңдығым, қайда саттың?

Қазақтан сыпсыңдаған өсек шықты,

оны сіз сыбыс бермей қалай жаптың?

екеуміз оңашада сырласалық,

білдірші маған соны ақиқат шын.

810


820

830


384

батырлар жыры

—Мен айтсам ауыр мұңым толық, балам,

кез болдың алпыс сегіз жаста маған.

Қаңғырып ел мен жерден безіп барып,

кешегі түрікпеннен кездесті анаң.

сені туып саялаған жарық өмір,

әр күнгі көз алдымда тұрған маған.

ой тапқан ойнақшыған албырттық жас,

сексенге серпіңкіреп кетіп барам.

елің көп үлгіретін басың болса,

туысқаның көп қыпшақ асық болса.

Қарасыз болады деп ойламаймын,

Өзімше шаһуатым асыл болса.

туғаннан көбентайым артық саған,

басында бір жетім бала еді келген маған.

сен жоқта осы болды менің балам,

атасын үйсін дейді ұлы бабаң.

неше рет сансыз қолмен жау келгенде,

етіме дақ салған жоқ, нансаң, балам.

Мен дағы батырлық қып көріп едім,

Қырық бесте сапарды шегіп едім.

елудің екеуіне шыққан жылы,

соғысып қызыл ермен көріп едім.

әйелі қарсақ өңді, тұйғын қанды,

біреуді тартуға алып келіп едім.

ері еңсеп, көклан дейтін жары,

келгесін аспаздықты беріп едім.

дүнияға сен келген жыл ол да туып,

Өзіне ұқсас бір қыз көріп едім.

Құртсын деп жұрт ынтығын Құртқа қойып,

Мен соны саған қалың беріп едім.

келгенде екі жасқа ебін тауып,

алшағыр көп қиятты кетті шауып.

Өтініп бата алмады маған нұрлы,

840


850

860


384

385


қобыланды батыр туралы

Қайтар деп сүйегімді өкім қылды.

ер болса іздеп өзі табар ау деп,

сонда әкең сүрегіне шүкір қылды.

аудармай аузыма алған ақ таубамды,

Қайтарып қайтып бердім осы құлды.

Мінекей, аяқталды менің сырым,

Өзің біл, Құдай біледі енді, ұлым.

Қияттан қиқарсыз сада сақтана көр,

зәбірім таңдайымда тартқан шырын.

таласып Қараспанға қапылғанда,

аңдатты арамдықтың сансыз түрін.

дегенде қалың қият түршіккен ет,

сүймейді көз алдымда әлі бүгін.

—Қой, әке, ілгергіні айтпа маған,

сау болсаң ажырыңның бәрін де алам.

кәзіргі қызылбастың талабын айт,

іздесем келініңді қайдан табам?

Жұмысым кәзір менің осы боп тұр,

Өмірді жазған шығар ақ шағалаң.

от жағып мал бағуға айналмаймын,

осыған батаңды бер, қайран бабам.

—ау, бала, ерте емес пе, аңда басың,

ерер аз қапталыңа бауырласың.

Қазақта сендей бала топқа енген жоқ,

тым, жаным, шикі емес пе еркін басың?

—әй, баба, сыбаға жоқ жасқа өлшеген,

Құлпырса, қуанбай ма әрбір берен.

Өлшеуші уақыт жоқ жасқа деген,

шикілік шірелікті ойлар болсам,

Мен сізге ұлан болып неге өнем.

Қалпалсыз қанішердің жиенімін,

Жауынгер нағашымыз түрікпеннен.

870


880

890


900

386

батырлар жыры

әуелі бір жаратқан аққа сенем,

сайладым қару-жарақ сүйген денем.

сонан соң Құдай бір де, Құраным шын,

Жігермен сүйегімде күшке сенем.

атым сай нағашымнан алып келген,

Қала ма аруақты ерден өнген зердем.

еліме құдайы қыл, батаңды бер,

даңқты таулағыңнан тараса шер.

иә өлсін, иә егескен жауды жеңсін,

тағдырдың талантты ісін маңдайдан көр.

тоқтарбай іркілмей-ақ көңіл қиды,

атаулы ат жіберіп елді жиды.

Қамқа тон, қалы кілем нарды байлап,

тіктірді бас бәйгіге жүз басты үйді.

Үш тоғыз басы мылтық ілінді кит,

арналған ұлықтарға қойды сыйды.

кім қожа, кімдер төре, кімдер дегдар,

Қалдырмай жасы үлкенді түгел жиды.

ат шабар асыл күрес,

Желпінген жеңіл мүше түгел үлес.

тоқтарбай ұл туған соң тойға құмар,

сайынның өкпесінде ызасы бар.

ел ептеп осы екеуін күрестірмек,

ойлаған толы көптің ымласы бар.

той табақ толы көпке сыйлық етті,

ал енді ат шабысқа құрмет етті.

Жүйрікті маңдай түзеп айдағансын,

көрікті тұрған көпке күрес жетті.

ағайын аракідік қоңсы, көрші,

Қайсыңда жол-жоба бар нұсқап көрші.

ошақтың ордалыққа ортағым бар,

кәнекей бәйгі реттен нұсқау берші.



Тоқтарбай:

910


920

930


386

387


қобыланды батыр туралы

—екеуміз ел егесін көрдік тегіс,

аңдасаң, аспан жалпақ, жер де тегіс.

балаңды палуанға әкел халық көрсін,

аянбай екеуі де қатарға енсін.

айласы қайратымен душар келсе,

арналған көп бәйгісін ала берсін.

екеуі шықты топқа қылып талап,

Жабырлап тұрады көп түгел қарап.

алысты нар бурадай буырқанып,

бұрынғы ойнап жүрген ойын екен,

екеуі сілкілесті айдан анық.

кез болды өкім-өкім сермеу алыс,

аянбай сілкілесті қос жолбарыс,

ұлы бесін болғанша ұлғайды алыс.

бірін-бірі ала алмай арпалысып,

Өкім-өкім өктейді дем алысып.

Жығыса алмай танады қымбатты ер,

бөліп алды бәйгіні жиналған ер.

ойнаған жоқ батырлар анық-шыны,

шын екенін көп халық білді мұны.

осымен той тарасты қылды бата,

ендігі жау іздемек қалған сапа.

—ұланым, қолыңды жай, берем бата,

көп бейнет қасіретті көрген атаң.

Мал мен жан туған жерден безген атаң,

Жарығым сүйтіп көрген сенсің балам.

нұр жаусын қадамыңа қымбат қадам,

не етсең атаңа деп, алдыңа деп,

бұрынғы айтқан екен өткен бабам.

дұшпан көп қара түнек аңдып жүрген,

сабыр тұт санаңды ойла, сақтан балам.

ал тапсырдым жалғызымды 

Жеті кәміл піріме.

сүрінген жерде сүйесін,

адасқан жерде түзесін.

Желесін балам жебесін,

Қисайған жерде демесін.

940

950


960

388

батырлар жыры

адасса, жолға сала көр,

сүрінсе, сүйеп ала көр.

Қабырғаң бар қатпаған,

талабың осы аттаған.

Маған берер өмірің, 

егескен жауды таптаған.

тірлігің менен қолыңнан, 

Жұлдызың туса оңыңнан,

тағдырым жетсе, аттанам.

Қойды егіз көк қошқар

сенің құрбан жолыңа.

сиырда егіз көп бұқа,

бұ да құрбан жолыңа.

Жылқыда егіз көк айғыр,

Қанатында Қамбар пір,

бұ да құрбан жолыңа.

әрендеп жанған жарығым,

Үйде қалған ата-анаң,

бұ да сенің құрбаның.

тауда болар тарғыл тас,

тарықса, шығар көзден жас.

тар қолтықтан тисе оқ,

ерге керек ұялас.

ұйтқысы жоқ бір қубас,

Халық сүйсе, құр қалмас,

Жаңғыздың жасы табылмас.

аттанған ерге дұшпан көп,

аяғыңды аңдап бас.

тапсырдым ақтың қолына,

Жолдасыңды тауып жорт,

Жат елге шыққан жолыңа.

көрінгенді дос көріп,

ілікпе дұшпан торына.

шаш тағы түкті қолдасын,

Өзімнің бұлтым оңдасын,

алла акбар жолбарысым.

(бұл тоқтарбайдың батасы еді)

анасы  аналықтың  мойнына  бұршақ  салынған.  анасы  келіп 

970

980


990

388

389


қобыланды батыр туралы

толғайды:

—Жалғыз едім сыңар тал,

Хан қызы едім құйған бал.

арғымақ атқа бітер жал,

ердің көркі болар мал.

Жалғызым, сөзге құлақ сал,

Өзіңнің қараң болмаса,

әкең маған не қардар.

нағашыңа апарып,

алты жаста еттім көп амал.

топ жарғанның тұқымы,

тақымыңда тор тұлпар.

ғашықтықпен айырды,

он үшінде сүйген жар.

тар құрсақты кеңіткен,

тас емшекті егілткен,

тал бесікті таянтқан,

тәтті ұйқыдан оятқан

Жалғызыма не тең бар.

Қайырлы болып сапарың,

егескен жаудан кегіңді ал.

Қолыңа тиіп қауышып,

кеулің бітсін сүйген жар.

Жасын жасап әкеңнің,

шаңырағымда өзің қал.

немеремді сүйгізіп,

Мен ғаріптің көңлін ал.

әйелдің пірі бибібатпа,

тапсырдым сәруар өзі оңдар.

(бұл анасының батасы еді)

сүмбіден атты жаратқан,

шекесінен қаратқан.

заһарын қардай боратқан,

асынып қару болаттан.

Жау іздеген Қоблекең,

сәрсенбі күні сәскеде

Қоштасып шықты ауылдан.

1000

1010


1020

1030


390

батырлар жыры

ендігі сөз Қобыланды мен Қараманның жолға шығуынан

Қобыландының Қараманға толғауы:

—сайынның ұлы сейілім,

Жауға қалай зейілің.

төсекке ортақ төремсің,

еркек туған немемсің.

кете берсем өз басым,

бір құдай деп жолдасым.

Қызғаныштық қылдың деп,

күндердің күні болғанда,

көңліме .... берерсің.

аз ғана қыпшақ елім бар,

Қараспандай жерім бар.

Мұсылман аттың төбелі,

кәпір аттың түгіндей,

Жеңермін деген кеуіл бар.

Өмірдің көркі сұлу жар,

ортақпын десең бірге бар.

тас түскенде талайдан,

тез жауап бер миясар.

Қиятың қалың елің көп,

Менде астамдық жерім жоқ.

Жаппар ие қолдаса,

дұшпанға берер кегім жоқ.

Өзім жалғыз, аң жалғыз,

Құдайдан басқа сенім жоқ.

Жүрмесең жолды қалдырма,

Өз талантым алдымда,

Жауап болса, жүремін.



Жауап Қараманнан:

—Жалғыз еркек сен емес,

ерлігім сенен кем емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет