«Мәдени Мұра» МеМлекеттік бағдарлаМасының



Pdf көрінісі
бет23/24
Дата21.02.2017
өлшемі1,15 Mb.
#4615
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Жау дененің құрышы,

Қият та осал ел емес,

1040


1050

1060


1070

390

391


қобыланды батыр туралы

Қалуым менің жөн емес.

Өзекті жанға бір өлім,

ердің көркі төбелес.

Жүремін батыр өзіңмен,

әуелі пәрмен тегімнен.

атыңа сай атым бар,

басыңа сай басым бар,

Қанша әскер миясар.

Маған әскер не керек, 

Жеке туған мен үйрек.

еремін десең өзің шық,

аққа мойным ұсынған.

кәпірден аз екенін

білдірді мына мұсылман.

атасынан бата алып,

Қапталға ерді Қараман.

есіктің алды ай татыр,

талапқа шықты қос батыр.

Қанатын қақпай қос сұңқар,

Жерді жинап қос тұлпар.

Жолға шықты жорыққа,

келе берсін енді ер,

Қызылбаста қалың ел.

сөз бастайық мұндағы,

игіліктің ісінен,

ендігі кеңес жағдайы

Қыз Құртқаның түсінен.

Қыз Құртқа тәтті ұйқыда көріпті түс,

түсінде таңғажайып білінген іс.

ысқырып бір айдаһар кәрін шашып,

шүйлікті бір ақ иық ұшырасып.

сол кезде ел ұстаған қызыл ерді,

Қақтырмай қанатымен қалды басып.

ойбайлап төсегінен қыз оянды,

анасы «не болды» деп жетіп барды.

—ау, ана, бір түс көрдім, келді жылан,

көзімді аштырмады басқан тұман.

бір бүркіт көктен келіп шүйліккенде,

1080


1090

1100


392

батырлар жыры

кез болды жан қалмайтын зәрлі мұнан.

кәпірден у-шу болып, жер күңіренген,

білімді тамашалы үлкен ұран.

шаңдағын бұрқыратқан түсті маған,

Қызыл ер қанатында шықпай қалған.

бұл түсті адамға айтып керегі жоқ,

Жорып көр неғыл десең, қымбатты анам.

Анасының түсті жоруы:

—шығарма дұшпаның көп мың сан, балам,

ақиқат менен адал тусаң, балам.

ертеде көп миханат көріп едім,

Мен сорлы жаугершілікке еніп едім.

сорлы әкең бір мезгілде жауда кетіп,

айрылмай қосымнан еріп едім.

тоқтарбай жаумен келген қара қыпшақ,

сол елдің дәмін татып көріп едім.

Қараспан жау мекені қалың елде,

перзентті сендей анық көріп едім.

Қанды бет бидай өңді толық едім,

әркімді құмарттырған сорлы едім.

тоқтардың сүйген жаны аналықпен

Жүктімде жөргек құда болып едім.

атыңды Құртқа деген тоқтар қойған,

Қалмайтын күйеуім бар өлмей ойдан.

тоқтардың жалғызы еді еткен жарық,

Жолдасың, құдай қосса, батыр Қобылан.

тап соған миясар тұр осы түсің,

келтірсін игілікті ақтың ісін.

Қобыланға сені қоссам, арманым жоқ,

берілген асыл уәде Құдай үшін.

ер жетіп есін біліп сені іздесе,

алсын-ақ аманатын соның үшін.

Қобыланға, құдай беріп, сені қоссам,

сол күні орындалар сүт пен күшім.

ал балам, бұл жүргенге әуре болма,

Жасыңнан қайыр болса қарғылы ісің.

1110


1120

1130


1140

392

393


қобыланды батыр туралы

ауыз үйде отыр еді әйелі шоры,

әркімнің отын жаққан қордың қоры.

түп-түгел есіткесін жеткізеді,

Қалдырмай Қызыл ерге ғана соны.

Қызыл ер ашуланды қаһарланып,

шақыртты жан-жағына хабар салып.

«Қап, бәлем, білгенімді қылайын» деп,

Құртқаға ой ойлайды қатуланып.

салдырып бір баспалдақ биік қылып,

Үстіне отырғызды қызды алдырып.

Жан-жаққа қара, қызыл жалау байлап,

Халыққа хабар салды ол да айғайлап:

—сексен сегіз сырыққа 

бес тиын алтын байлаймын,

кім атса, Құртқа соған жар.

Үш жүз тұлпар сайлансын,

кімнің аты озат көрінсе,

Қыз Құртқа соған жар.

алпыс палуан тақ тұрсын,

кім жықса, Құртқа соған жар.

Жүз найзаны даяр қой,

кім ілсе, Құртқа соған жар.

елге түгел шашылған,

есітілсін шын хабар.

осымен шәріде той бола тұрсын,

Қос тұлпар, қос жолбарыс хабар қылсын.

Қараман Қоблекеңе хабар айтты:

—айтайын, Қобыланды ер, мен бір ақыл,

күшің тең меніменен өкпек батыр.

батырға бір оқ деген байға бір жұт,

Мақал бар бірталайдан келе жатыр.

тіл алсаң, сен сырттаған, мен көрейін,

әртүрлі табылады менен тәсіл.

аңғыртпен кірбің кетсең ғапыл топқа,

орынсыз күйер жаның жанған отқа.

арманда бой жазалмай жазым болсаң,

1150


1160

1170


394

батырлар жыры

Жар қайда жарқыратып көрер топта.

соны айтып залым қият келе жатыр,

сабырмен сыртта қалды Қобылан батыр.

бөксесі темір кеуде тас,

Қан іздеген Қазанбас

шәріні қорғап тұр екен:

—кейін тұр, жұмысың не,—деді—сенің,

Қан ішу талабым бар тіпті менің.

екі айтам енді атыңның басын тарт,

іліксең үшіншіге өлтіремін.

—Өзге ұлттан біздің кәпір ер болады,

уәдесі мұсылманның кем болады.

Өз қанатын өз басы қия берсе,

сұңқардың не шаруасы жөн болады.

Өлтірме, тілімді алсаң, мені, бегім,

бөтенің емес едім мен де сенің.

базарға кіремін де кәзір шығам,

базарлап кетіп еді келіншегім.

Қазанбас қарық болып қоя берді,

Қараман тамашаның бәрін көрді.

дәметкен жалғыз қыздан ер көп екен,

Жүйрік ат білектілер келген екен.

сабырлы Мадуанның бел баласы,

бәйбіше естек ноғай елден екен.

алысса, ата қуса, несі бар деп,

ер орақ ноғайлыдан келген екен.

Қызды да, сүйсең, бердім, ақжаппарым,

көрсетті-ау ойда жоқты кәпір залым.

кәпірге өлгенімше бағынбаймын,

тартасың неге құрғыр оң қабағым.

Жеріген айдаһарға асыл ана,

Қауысша, арманым жоқ, Қобылан жаным.

кемпірдің қазақша айтқан әңгімесін

аудармай ер Қараман қағып алды.

Жағалап кемпірге де ептеп келді,

1180


1190

1200


1210

394

395


қобыланды батыр туралы

ыржиып кемпірге де сәлем берді.

—ау, шеше, құлағың сал, сәлем бердік,

сау-саламат барсыз ба,

аңғарымды анажан.

кемпір іздеп біз шықтық,

Қараспан дейтін саладан.

есіңізден шықты ма,

Қобыланды менен Қараман.

бұйырған екен жасыңда,

Қымбатты біздің елден тұз.

Мегзелген екен Қобыланға,

сізден шыққан сұлу қыз.

ояға келіп іздеп ар,

керекдар болып сұлу жар.

Қорықпай жауға бет алдық,

абшымай жүріп күн мен түн,

шыққалы үйден алпыс күн.

Қобыланды ер сыртта, мен іште,

әжеке, шапшаң білдір шын.

—сақтасын, балдар, кәміл пір,

шұнамыр Құртқа шақта отыр.

бірі қимай біріне

таласып кәпір төкті нұр.

айтпаймын жалған антым бар,

Қобыланға болсын құдай жар.

анасының кеулінде 

алхамдилаһи алаң жоқ,

Қобыланға сәлем айта бар.

Қараман тартты қайыспай,

баяғы келген жолымен.

—келіншегің қайда?—деп,

сөйлесіп қалды Қазанбас

Қайтарында да онымен.

—Қонаққа бүгін қалды,—деп,

Қайтамын ертең тағы,—деп

шығып кетті Қараман.

1220


1230

1240


396

батырлар жыры



Көкләннің баласына сыры:

—көзімнің жасын парлатқан,

аударып елден зарлатқан.

Қоныстанып қыпшақтан,

Жүргенде көрген сен Құртқам.

кәпірден ептеп бай тауып,

ренжіп қалса мұсылман.

ақ сүтімді кешпеймін,

сен өмірден садағам.

ренжітпе Қобыланды,

Жөргекте антым айтылған,

адамға қымбат шыбын жан.

аялап сені өсірдім,

былғанып жүрме, қыз Құртқам.

олай-бұлай іс болса,

бір Құдайға тапсырам.

осыны айтып анасы,

еш нәрсе демей баласы,

кемпірдің сасқан жері екен.

«ананың кеулі балада,

баланың кеулі далада»,

Мақалдың деген шекіскен,

«иә, болар» деп көрмеді,

«болмайд» деп жауап бермеді.



Құртқаның Көкланға берген жауабы:

—осы болса жынысым,

сүймеймін жаудың тынысын.

Өзі тартар миқанат,

Мұсылманың құрысын.

Өзіме қымбат, қадірлі,

Өскен елім, туысым,—

деп кеңес келісімі қызып жатқанда, ыңыранған ұрандық дыбыс шықты. 

Қағылған дабыл қабырғасын күйретіп, Қазанбасты аударып қарақыпшақ 

Қобыландының кірген жері.

1250

1260


1270

1280


396

397


қобыланды батыр туралы

Жауыз деген құралған,

нағыз шаһар қызылбас.

кең пейіл ұлы кеншінбай

Қалмаққа мәлім бұл бір ер.

талайлармен салысқан,

сақалы алтын, мұрты жез,

ұзындығы отыз кез,

Қоблекеңмен кездесті.

—Қатпар тартып қабағың,

не ойда еді талабың.

Қалай көрдің дидарын,

Жеке басың қаланың.

Қай нәсіптен боласың, 

көрсе көзге толасың,

іркілмей тұрып шыныңды айт,

не іздеп жүрген боласың?

  

Қобыланды:

—Қолыңда ма ойлап көр,

Мөлшерлі менің дәуірім.

Мен өзіңнен кем бе едім,

аш көзіңді, кәуірім.

бұрқырасаң боранмын,

доңызысың тоғайдың.

әлің жетсе, оңаймын,

асау туған адамға

бас үйретер ноғаймын.

Қанды қабақ қайсармын,

шайқасып күшті байқармын.

Жесірім сұлу қыз Құртқа,

іздеп келген жайқармын.

Өзімдікін жөн деймін,

ымлаңа көнбеймін.

астыңдағы күрең ат,

Үстіндегі ер қымбат,

тәлкек қылмай бер деймін.

әуелгі кезек сенікі,

1290


1300

1310


398

батырлар жыры

сон соңғы кезек менікі,

кезегіңе кел деймін.

басы қалжың сыр еді,

ойын емес шын еді.

Қапыда шайтан жабысты,

ырғақтасқан қос батыр

ақ сүңгіні салысты.

бірін-бірі ала алмай,

ойдағыдай жабысты.

ендірді батыр ырғасты,

ойынды қойды шындасты.

Қашық болмай арасы,

көрінді естің шамасы,

кәуірдің қиын жаласы.

Өкім-өкім шаршады,

ер тоқтардың баласы.

ақырған даусы шыққанда,

Жаңғырды шаһардың қаласы.

дәл қырық төрт жасында,

отыз бес бөрі қасында.

Мұсылманның даусына,

шыдай алмай ентелеп,

Мұсаның ұлы ер орақ

Жетті келіп қасына.

кеншімбайдан қорғауға,

Жолбарыстай қабақпен,

алты құлаш ала атпен,

сомдап құйған сауытпен,

Жеткен екен сұр Құлтай—

ер Мансұрдың баласы.

Қыран көзін талдырмай,

Қобыланға сүңгі салдырмай,

Жанындағы жарағы,

Қараман найза салады.

оң жағынан мегзеді,

аударып алып Матқаны,

1320

1330


1340

398

399


қобыланды батыр туралы

Қақ жүректен көздеді.

Қараманның найзасы,

сұр Құлтайға ендеді.

сөйлеуге тілі келмеді,

«илалаһа мәлүк» деп,

сұр Құлтай аттан көлбеді.

кеншімбайды аударып,

тастады аттан Қобыланды.

шапыр-шұпыр, шарт та шұрт,

шәрінің іші қорғанда,

тізесін басып қос батыр,

бетіне жауды қаратпай,

Қатар қағып қанатын,

оңнан орап қобыланды,

Қараман батыр жол салды.

ақырғанда арыстан,

айдын көзі тұтылды.

күңіренгенде күрсініп,

күннің көзі тұтылды.

екеуі тізе қосқасын

Қызылбасты жыпырды.

торалбай менен қызыл көк,

терлегесін құтырды.

Қобыланды менен Қараман,

бейнесі дию сықылды.

Өкім-өкім өктеді,

кәуірді шөптей сыпырды.

Қырық батырды құраған,

Құдайдан дұшпан сұраған,

Қызыл ер қашты қаладан.

ағанасты шанышты,

Қабақта жетіп Қараман.

ту ұстаған ер орақ,

Жіберді отыз аламан.

Қараны көзі көргесін,

бұлт айналып басына,

шыққан он үш жасына.

1350

1360


1370

1380


400

батырлар жыры

Қобыланды білек сыбанды,

тоқтарбайлаған ұранға,

Мұсылман халқы қуанды.

Жеделдес тартқан зереңнен,

оң-солды білмей жөнелген.

Қашқан қалмақты асырды,

шақпақты деген кезеңнен.

Қобыланды менен Қараман,

Қайта шапты қалаға.

тоғанас, тортай, Махмұд,

араласты жәна да.

тоғанасты шанышты,

Қобыланды келіп шамаға.

тортай менен Қараман,

айқасып қалды жәна да.

Манғол деген ұлы ұран,

кірісті орақ дана да.

ерсіл-барсыл көк дөне,

тау жаңғырып әлдене.

сарт-сұрт еткен көк сүңгір,

кәуірден басқаны ілмейді.

Қияқты найза, қиғаш оқ,

көзге ілгенді түйрейді.

туырлығын тоқым қып,

шытырасын отын қып,

Қос батыр шаңдақта ойнайды.

көрейік деп қайратын,

ызаланды, долданды.

Қызыл ердің тегі еді,

көбікті батыр келеді.

Өзі алшынның баласы,

бұл қалмақтың данасы.

Қанды орақ пенен кез келді,

көбікті елдің ағасы.

бал тамызған қанаттан,

ашуланса қаратқан.

1390

1400


1410

1420


400

401


қобыланды батыр туралы

таймады орақ жауынгер,

Халық мақтаған қалмақтан.

екеуі найза салысты,

ер қапталдан қақырап,

Жайдақ атта қалысты.

Қақырғанда қан кетіп,

көбіктіні орақ аударды.

дәл жиырма бір жасында,

ақ моншақ ат астында,

Қанды ораққа желкеден

келе найза салады.

көбіктінің баласы,

бершінбай жастың талабы.

ағасына тигізбей,

тәсілі көп Қараман

найзаны топтап қағады.

Қараман менен бершінбай,

салысып сүңгі қалады.

бөріктей-ақ көтеріп,

Қараманды аттан алады.

елден шыққан жолдасы

әм жылдасы, құрдасы.

шыдай алмай жолбарысы,

сарт еткізді серіпті.

Қоблекең салған көк найза,

бершінбайға ендеді.

Қараманды босатып,

Меңгеруге әлі келмеді.

Қайтадан атқа мінгесін,

кеңіді ердің демдері.

Қалмақтан амал ашылды,

айласын ептеп асырды.

нысана қолға тисін деп,

Қаласа көңіл сүйсін деп,

сұлу Құртқаны асырды.

Құртқаның біліп кеткенін,

Қараман сонда сөйледі:

—ау, Қобыланды ер, бағланым,

1430


1440

1450


402

батырлар жыры

не істейміз қалмақ шаңдағын?!

Қызыл ерге қыз кетті,

Қинайтын ер ғой тарланың.

Жол қоршаған көп кәпір,

екеуі бет алады,

екі жерден жарады.

кәуір қалың төтелеп,

екеуі жортып барады.

оңды-солды ақ сүңгі

ұмтылғанын ұрады.

көзге түскен кәпірді

Жер тезектей қырады.

кедергі болмай бұларға,

шәріден аман шығады.

найза салмай қолынан,

Құртқаның салды соңынан.

көз тартқанның нұры екен,

Қыз Құртқаны сүюге

шын құмар ердің бірі екен.

Қыз құлаған еңкеуде,

Қызыл ер де тұр екен.

Қырық құлаш Қызыл ер,

Қолы, жолы ұзын ер

Қобыландыға сөйледі:

—Қалмағандай соңымнан

Қан тартып жүрген ермісің.

ақылың мол да, антың жоқ,

сорлы ноғай сенбісің.

Маған күнің жетпейді,

басыңның қамын ет,—дейді.

Қоблекең жауап береді:

—тетігім қымбат есерім,

кім білсін тағдыр шешерін.

дарақ үлкен, бал бұлақ,

біледі қайдан кесерін.

айтуға бәрі тілге оңай,

Қолыңа келген бір ноғай.

1460


1470

1480


1490

402

403


қобыланды батыр туралы

Менмендердің сағасын,

бере қою бізге оңай.

Мылжыңдаспа бері кел,

кезегіңді ала бер.

Жесір қуған жеделмін,

ноғай менен қалмаққа,

ауыры бар ма өнердің?!

Қорамсаққа қол салды,

Қызыл ер де долданды.

Қозы жауырын оқ алды,

сұр жебе деген оқ салды.

тобылғы меңді торымен,

Қоблекең қарсы дәл барды.

Қазықтау шағын қасына,

Қазынатай ердің қаңтарды.

Қақ жүректің басы деп,

Өлер жері осы деп,

тар қолқаның тұсы деп,

Қызыл ер келіп бір тартты.

тоғыз қабат тор жебе,

алтауынан өтеді,

оғы қайтып кетеді.

«енді кезек менде деп,

ер болсаң өкім денде» деп,

Қобыланды батыр бір тартты.

кірістен оғы өтеді,

кідірмей шығып кетеді.

Қарсы келген қабақты,

Қағып кетіп барады.

оқ тоқтаған жерінде,

Қызыл ер аттан құлады.

ердің басы керек деп,

Қылышпенен салады.

Қызға керек батырдың,

Қараман басын алады.

Қанжығаға құлағын,

Мықтап тесіп тағады.

Қызыл ердің қу басы,

1500


1510

1520


1530

404

батырлар жыры

Қарамандай батырды,

аудара жаздап барады.

Қалмақ қашты қосылды,

Қалаға қарай салады.

лашындай шабақтап,

шын бөрідей тамақтап,

шақырып күрең әруақты,

Жау іздеген қос батыр

бұрқыратты, шаңдатты.

Қолынан найза қандатты,

батырды Қобылан бармақты.

Қақпаның аузын қандатты,

көп қалмақты зарлатты.

бидайықтай ер орақ

әр жерде әркім даулатты.

келінбет қызы кенішті,

Қараманға байлапты.

бір Құртқаның кесірі

Жерді қанмен майлатты.

отыз бір күн соғысып,

Қоблекең алды байрақты.

шақыртып алып сый берді,

Қанды орақтай аруақты.

кетпейін деп бос тастап,

еңсеп тіккен шаңырақты.

ойнын қылып отыз күн,

тойын қылып қырық күн.

анасынан бата алды,

Қинайын деп асылды.

тоқсан нарға арттырды,

тоғанақтаған шатырды.

көшіп тартқан Қараман,

шаған тауға асылды.

ордалық отыз ерімен,

Жас аралдай бөрімен,

Қазтай, Қамбар серімен,

шығарып орақ салады.

Қош айтысып қолдасып,

1540

1550


1560

1570


404

405


қобыланды батыр туралы

Жөндеріне тарады.

Қараспан жолы қайсы деп,

Жолбарыс елге қарады.

кек алған соң қалмақтан,

Қобыланды менен Қараман

іздеді ата-ананы.

төгілген жерге шеңгелдеп,

серпісе уыс толады.

он алты күн бір жүріп,

бейсенбі күні бесінде,

Қараман топтан озады.

күзгі шөп көнер қырауға,

тұлпар шыдар ұлауға,

енді он төрт күн қалып тұр,

Қараспан тауға құлауға.

Қараман озды елінен,

Қуантып шүйінші сұрауға.

тыңдаңдар мәжіліске салып құлақ,

Қараман қауышты елге шүйінші сұрап.

іздесе, мезгіл бар ма табылғандай,

Жүрегі аз қыпшақтың жарылғандай.

«иә, Құдай, қайырымен бере көр!» деп,

Үй тігіп, тойлық малын жатыр қамдай.

бұл жерде досан да көп, жекжат та көп,

Қоблекең қараспанға асты егін,

көрсетіп Құртқа қайтты жүрген жерін.

көп жылқы көп алалы аралатты,

Құртқаға сонда Қобылан жауап айтты:

—кәуірден пенде болдың мұсылманға,

кетпеді оғым жаудан ұсынғанда.

ажырың сенің берген естен кетпес,

тығылдың Қызыл ерге қысылғанда.

басыма құдай берген менің бағым,

болғасын атың әйел аңдамадың.

Мінекей, көзіңді сал аның сыршы,

деуші еді мынау менің жылқыларым.

Қолыма түстің торға күнәңді ақта,

кеңнен ал тынысыңды, тәртіп сақта,

1580


1590

1600


406

батырлар жыры

осындай ат туғандай бие бар ма?

Қыз Құртқа бір күрсініп демін алды,

алаңдап көп жылқыға көзін салды.

астыңдағы атыңның анасы деп,

Қол .... айтып көрсетті боз байталды.

осыдан бір қымбатты ат туады деп,

осыны өзім бақсам қолдан емдеп,

ат қылып тақымыңа берсем жөндеп,

атқарар бір ғасырды ат болады,

Үш қилы үш мерзіммен бақ қонады.

ерітіп екі ұл перзент баулығанша,

алдағыны алда білед шақ болады.

осымен қауышады елге толық,

Жабырлап қабыл алды у-шу болып.

келін келді кемпір-шал қалы басты,

келіншекке кемерден шашу шашты.

адал бақан көтертіп, абырой шаңырақ,

кемпір көйлек, шал шапан, жігітке ат,

әр бір түрлі китпенен байрақтасты,

сый алысты сыпатты, тоймаған жан қалмады.

бата қылды көп халық ризалық жай,

кең пейілдің кенішін сүйген батыр.

Қараманда тойға-той жайлап жатыр.

тоқтарбайдың еткенін істейсің деп,

Қызыл тұмсық бөрілер зорлап жатыр.

ел егесі еміренген кеуілге шат,

кімге қонса, сонда бар құрметті бақ.

торы тұлпарға шаптырып боз байталды,

ат бақпаққа қыз Құртқа міндетке алды.

боз байтал отыз беске толған жасы,

Миуаның мархаматпен ықыласы.

күн өтті мезгіл жетті қонды бағы,

келмейді кәріліктен тууға әлі.

сөйлейді Қобыланды ерге қымбатты жар:

—бірі боз, бірі торы жадыңызға ал.

елеулі ерге толы ат шығарып,

1610

1620


1630

1640


406

407


қобыланды батыр туралы

берем деп айтып қойған міндетім бар.

Қанатты құстан жүйрік алтын құйрық,

ішінде еркек бурыл құлыны бар,

осыны сүт емізбей жетім бағам,

алып берсін, бар болса еп-септі адам.

Қоблекең жан-жағына хабар салды,

түп-түгел шаруалар хабарланды.

ертеден осы малмен бір жасаған,

естеміс дейтін епті адам барды.

Жылқыны сырттан реп қылышпенен,

Құлынды күні жеткен жарып алды.

түтіккен бір оңаша жайға салып,

Қыз Құртқа жетім құлынды бағуға алды.

Өзінен бөтен адам бармайтын боп,

Жолдасы Қобыланды ердің антын алды.

сын астын, сансыз салмақ, бітім мүше,

талпынған құлынына көп қуанды.

Жент, жеміс, дәрі-дәрмақ, мінсіз миуа,

бәрін де беріп жатыр сыйлап малды.

көрсетіп көрікіне құлын жаста,

батырдан жабағыға сыйлық алды.

сол кезде Қараманды бір жын ұрып,

есітті қай-қайдағы хабарларды.

төгілмес төркіні мол қызылбастан,

бір хабар Қараманға келіп қалды.

тобылғы меңсіз торы жылқыда құр,

ауылда саяхатта батырда жүр.

Жабайы бөтен жылқы көтермейді,

Қолайсыз қорғасындай Қоблекең дүр.

арнаулы алпамсадай біткен дене,

бар деді қызық қандай әлденеме.

Қиуаның қырын тартқан шамасында,

1650


1660

1670


1680

408

батырлар жыры

ер қазан Мүсірептің баласында.

бар деді бірден өлген бес жүз тұлпар,

осыған қай кезде де батыр ...

Қинайды туған ерді шамалары,

Өзіне қымбат ақтың берген бағы.

Қалмақтың қасиетті жолбарысы,

басында некеленген алты жары.

дейтұғын қара қала, сырлы қала,

Өзінің мойнағында екі шәрі.

осыған құмар еді көп дұшпаны,

серпілмей сілкілесіп талай қайтқан,

бар еді талай зәбір қылғандары.

Қазанға оқ өтпейді, әл жетпейді,

осы еді кәзіргі елдің сөз қылғаны.

пендеге тойымдықты Құдай берсін,

Мінекей, осы хабар Қараманға,

біреуден тигеннен соң батты жанға,

төгілмес туған ерден беттің ары,

Қараман Қобыланды ерді шақырады.

—Қобыланды ер, сөзге құлақ сал,

Қолдың кірі жиған мал.

Өзімізше көркейді,

келін жұмсап кемпір-шал.

бірте-бірте жігітке

шашылған қайрат қосылар.

енді тыным таппайық,

еміреніп шықсақ екеуміз

олжа болмас несі бар.

біздің үшін жиналған

Қызылбаста тегін мал.

айнымасаң ақылдан,

шерекет көп батырдан.

шығалмайтын болмасаң,

билігің келіп қатыннан.

Үлкен тұзақ оралған,

1690


1700

1710


408

409


қобыланды батыр туралы

безбесең жолдас-жораңнан.

Қайратымды байқадың,

ойын шығар орамнан.

Менің ойым барғандай,

сендегі батыр хал қандай?

бар ма, жоқ па әліңіз,

Қатыннан билік алғандай.

Қоблекең сонда сөйледі:

—Жау жарастық батырға,

сізге салмақ қатын ба.

кәзір бейқам жатырмын,

Жылқыда мінген атым да.

Жау дегенде басым сай,

ойласайын ақылға.

Жарай ма екен жаңа тай

Міндеттелген қатынға.

тайымның түрін көрейін,

Жорық менің мерейім,

асықпа, батыр, сабыр ет,

бір хабарын өзім берейін.

Қоблекең осыменен қайтты елге,

Қараман мекендеген қалды жерде.

Қауышып қыз Құртқаға басталған сыр,

тайбурыл тісін жарған нағыз кезде.

—ауыздың дәмін алар бал,

таулы жерде қайын бар.

бас үйретіп мінуге,

келді ме тайың, сұлу жар.

—зорлық қылсаң мінесің,

айуанат түгіл менде жоқ

берілген сізге ықтияр.

Өз ойымша қарасам,

Қатпаған тайдың белі бар.

Құдай артық жаратқан,

ерге кімнің сөзі бар.

1720

1730


1740

410

батырлар жыры

бір басың мыңға тұрасың,

осы айтқаным расым.

толтырып мінсең келісіп,

Миханат көрдім сен үшін,

бұл айуанат емес, лашын.

зорлығыңменен мертіксе,

басыма бейнет қыласың.

аңдаттым енді өзің біл,

сөйлеген сөздің бәрі шын,

Құдай қосқан қосағым,

Қымбатты жолбарысым!

егестім мен де ар үшін,

бір ауыз айтқан өкпемнен,

Өте жаздап намысың.

ендігісін өзің біл,

болдыңыз жолдас бізге пір,

Қосыңызды жеккесін,

ақ некеңнен өткесін,

кем жүру керек біздің тіл.

—Жау іздеген Қараман,

Қалың қият табанды,

алып жүр деп мазамды.

көріпсің деп ем қызметім,

байқауға сенің шамаңды.

болса тайың жарарлық,

Қолға алсам деп ем адалды.

Қызуың кетпей тұрғанда,

дос білсе деп ем бағаңды.

торсыққа құйып қанымды,

аямай көріп ауырды,

асырсам деп ем жүзеге,

сүйтіп, сүйген адамды.

Жалғыз едім мен бұрын,

осы айтқан шын сырым.

Үшеу болдым мен кәзір,

сеніменен бурыл.

Үздіксіз бағып мінгізіп,

Қызметің үшін қызмет қыл.

бұл сапардан қалса тай,

1750


1760

1770


1780

410

411


қобыланды батыр туралы

Қараман отын жаққандай.

тайым келсе ыңғайға,

асылған жаным Құдайға,

Қалдырғым келмейді мақтанбай.

Қарағасын дәл өзің,

несі кеміс бапталмай?!

осыны айтып Қоблекең,

аяқтайды өз сөзін.

әлі күнге хабар жоқ,

Қараман жатыр көңлі тоқ.

байқады Құртқа ыңғайын,

Мінбей кетер батыр жоқ.

—опасыз дүние ормандай,

кеңдікпен біткен жол қандай.

Қараспан деген еліңе,

басым тұйғын сияқты,

сыймырың зорлап қонғандай.

сүйегі толық, қаны кем

бурылдың қырық үш күн.

осы уәдем берген шын,

Жиырма бес күн айналсаң,

елемес еді деп ойлаймын,

Қарасам түзу күндіз-түн.

—Жем ауырлық қыла ма,

ақ үйрек ұшқан сұңқарға.

Қару ауыр бола ма,

Қалыптан шыққан сұлтанға.

күн елеуге бола ма,

күмістей шыны тұлпарға.

әлде қиғың келмеген

Қымбатты жарға сылтау ма?

Өзімнен басқа пана жоқ,

аз ғана қыпшақ ұлтанда.

Жарайтұғын қара жоқ,

ашылғанда қымтауға.

айтсам ақыл қонбайды,

1790


1800

1810


1820

412

батырлар жыры

Қараман деген мылқауға.

Қатынға билік қылма деп,

Мені мыжып ұстауда,

баққаннан соң қыз Құртқа,

сәтімен туған бурылға

күн кедергі қылар ма.

күрсінгендегі көңілім,

бурылға мінбей тынар ма!

Қызыл ала қан қылып,

сені сүйген тәтті түн,

бір шығып едім құмарға.

—әрбір шырын бал сөзің,

енді өзің біл, жан қозым.

Мінемін десең ат дайын,

шарықтап шыққан жан досым.

Қобыландыға қыз Құртқаның берген жауабы:

—Өтірік басқа, шын басқа,

ызалық басқа, мұң басқа.

олар көп, сіз жалғыз, 

сенетін болдың құрдасқа.

Жан иенің жарасар,

Жалғыздарға кеңдігі.

Жағаласса, тимей ме

бір алланың теңдігі.

түтін жасы жем берген,

таразыменен теңгерген.

Өзім баққан тұлпардың,

Өз кеулімше ойласам,

Қырық үш күн бар кемдігі.

сүйтті де Құртқа көз қысты,

аты әйел демесең,

сұлу Құртқа тым күшті.

—кеуіліңе ырзамын,

1830

1840


1850

412

413


қобыланды батыр туралы

оң қолымнан дем болды.

Үш ұтқанда ойыма келер еді,

бір ұшуы кем болды.

Қараспан таудың белдігі,

Құрдастың қанша елдігі.

Жиырма бес күн айналсаң,

елемес еді бурылдың

он бес күндік кемдігі.

ұлтыма сенер мен емес,

атың әйел болғанмен,

сынағың сенің кем емес.

шынымен туған мал болса,

он бес күнді елемес.

сүйіскен ерге жар қымбат,

тұтылған ерге ар қымбат.

Қорқақтарға жан қымбат,

топырышқа жал қымбат.

бәрін айт та, бірін айт,

кәдеге асса бурыл ат,

Маған сендей жар қымбат.

күлтеленген бурылдың

Құйрығын, жалын тарады.

ылаңдаған бурылға

Қоблекең ерді салады.

ауыздығын салғанда,

көзі оттай жанады.

Үстіне Қобылан мінгенде,

Қос құлақты қадады.

Қыз жинаған сандықтай,

сауры бөлек қалады.

Қанша мықты болса да,

әлі келмей бурылдың,

басына батыр барады.

әрең көрген жалғыздың

Жұлдызы туса оңынан,

Қарындасы Қарлыға,

1860


1870

1880


1890

414

батырлар жыры

сүйікті жары қыз Құртқа,

тоқтарбай менен аналық

шуласып айқай салады.

тоқсанға келген жасы бар,

селеудей сақал шашы бар.

—шелденген зорға құлыным,

көрім жуық төрімнен,

Хабар алған өлімнен.

тірідей қайда қалғаным,

Өлгенде көрген төлімнен,

Мені кімге тапсырдың?

—аузыңа беріп Құранды,

алдыңнан беріп иманды,

бір аллаға тапсырдым.

—айрылған тірі қоштасып

ата менен анамнан.

Жат жұрттық болып жаралған,

бидама болып елімнен,

бетімнен арым төгілген.

Жұлын жұтам сөгілген.

алпыс тамырды ..

екі жарым жаста суалған,

ербеңдесе, қуанған,

Мені кімге тапсырдың?

—Қисайған жерде сүйеткен,

адасқан жерде түзеткен.

көз жасыңның нұры екен,

әйелдердің пірі екен,

бибатқа тапсырдым.

Құртқа:

—он екі жаста бас қосқан,

көркіңе ырза жол тосқан,

Өкпеден демін алысқан,

Қымбатты қаным қарысқан.

ақ сапарға аттандың,

бауырымдағы арыстан.

атаң қолын алысқан,

1900

1910


1920

414

415


қобыланды батыр туралы

Жөргекте ол да қауышқан.

адами заттың соңында,

болушы еді алып сауысқан.

Құдай қосқан қосағым,

Мені кімге тапсырдың?!

—олай-бұлай көз жұмсам,

неке ақыңды кеше гөр.

ақ тілекті тірлікке,

ықыласыңмен шеше көр.

амандықпен көргенше,

Қайта айналып келгенше,

Құдай бір де, Құран шын,

татқан құзға тапсырдым.

денеңе сәйкес күшің бар,

Қызметің қылың ісің бар.

дүниеге келген соң пенденің көркі

сүйген жар, палуан қызға тапсырдым.



Қарындасы Қарлыға:

—бөркіңде қымбат шоқтыңмын,

таудан аққан қоқтыңмын.

татаулы жолдан танбаған,

шырағым едің арнаған.

ақекең айтып кеткен жолыңа,

Қоңыр шұлақ тоқтыңмын.

Қараспан таудай беліңді,

Қарақыпшақ еліңді,

кіндік кескен жеріңді,

орман, тоғай, көліңді,

тырнақтап жиған мүлкіңді,

асылғандағы аруақты,

атаң құрған шаңырақты,

көкежан, кімге тапсырдың?

кемпірің мен шалыңды,

төрт түлік біткен малыңды,

Құдай қосқан жарыңды,

Мен секілді бауырды,

ұйтқылы өскен ауылды 

1930

1940


1950

1960


416

батырлар жыры

көкежан, кімге тапсырдың?

Қобыланнан қабылдау:

—егімді асқан аруақты

иесіне тапсырдым.

ұйытқылаған шаңырақты

егесіне тапсырдым.

кемпірім мен шалымды

Жаратқан аққа тапсырдым.

олай-бұлай іс болса,

Құдай қосқан жарымды

кезеңген елге тапсырдым.

сендер төртеу, мен жалғыз,

Мен сықылды қубасты

сендер кімге тапсырдың?!

Қарындасы Қарлығаштың толғауы:

—адасса, жолға салып жүр,

сүрінсе, қолдан алып жүр.

Жеті ғазиз кәміл пір,

көкемді сізге тапсырдым.

әлемнің көркі күн мен ай,

күштінің епкі бір Құдай,

көкемді сізге тапсырдым.

Жылқышы ата Қамбар пір,

шешілмей қалмас терең сыр,

Қауыс қысас қырық шілтен,

көкемді сізге тапсырдым.



Қобыланды:

—кіндік қан тамған жерімді,

иеленген елге тапсырдым.

Қарындасым қандасым,

Қарындасым, Қарлығаш,

есті ерге тапсырдым.

тоғай толған малымды

1970


1980

1990


2000

416

417


қобыланды батыр туралы

шаттанған жауға тапсырдым.

Желі толған жылқымды

Жасанған жауға тапсырдым.

тоғай толған түйемді

Жаман шөп пенен шағылда

сары суға тапсырдым.

шопан ата қойымды

азу тісі балтадай

Жас бөріге тапсырдым.

ата-ана құл ағаш

әсем Құртқа қиғаш қас,

Қарлығаш атты бауырлас,

аққа аманат біздің бас.

тауда болар тарғыл тас,

тарықса, шығар көзден жас.

тар қолтықтан оқ тисе,

көзден ағар қанды жас.

Қарауыңда бар болса,

Қол береді екен қарындас.

анық ажал кез келсе,

Қайда қалмайд жалғыз бас.

Қараспан тауды жайлаған,

Қарақыпшақ туған ел,

Қош аман бол, бауырлас!

сонан соң Қобылан жөнелді,

батырлық деген қиын серт,

Жалғыздық деген ауыр дерт.

туған жерден бет алды,

зырғанаған бурылдың

түтіні бура, тұяғы өрт.

Қос құлақты қадағаш,

бауры тартып жараған.

Қоңған сайын киелі,

Жерге түссе екі аяқ,

бауры жерге тиеді.

ер сайын қонған жылғадан

бурыл өтті зырлаған.

Қалың қият көп нөкер,

2010


2020

2030


418

батырлар жыры

уәделескен құр бекер,

Жағалай қайың, қарағай,

сайынның ұлы Қараман

кеткен екен қарамай.

ойланып тұрып: «бұл қалай,

абырой бер, Құдай-ай.

сейісі қатын, атым тай,

Қалғаным ба ұнамай.

кетсе де серпіп көрейін,

Жалғыздыққа көнейін.

Мал да болсаң сабыр ет,

арам терді төгейін.

Қылығы қымбат қызметкер,

еңбегін жардың жемейін.

көп еңбекпен алып ем,

Қатын да болса сенейін.

Жұмақта қорлар сымбатты,

Үйдегі Құртқа жұбайым,

Жұбайым олқы болды деп,

Жемеймін ешбір уайым.

анаң тұлпар, тай бекі,

атаңның тегін сынайын.

Жан серігім жалғыз ат,

төрт аяғың сом болад.

Үкілі құйрық, майда жал,

Жары күміс, жары алтын,

Жан серігім бурыл ат,

Қалқам бүгін бұлайын.

Қыдыра жалды қыл құйрық,

сенен озбас деп едім.

аяғы екеу, бір басты,

Жылқышы Қамбар піріңе,

сенің тәнің аманат.

бір жаратқан Құдайға,

Менің жаным аманат.

Жалғыздықтың жаманы-ай,

Қарамай кеткін жамағат.

бұл дұшпанға қылма мат,

2040

2050


2060

418

419


қобыланды батыр туралы

шырағым бурыл, шу»,—деді.

бурыл балқып гуледі,

Үстіндегі Қоблекең

не болғанын білмеді.

әбіресіндай есілді,

төрт аяғын көсілді.

бүгежектеп келе атқан,

байлаулы малдай шешілді.

көлденең жатқан көк тасқа,

тіктеп тиген тұяғы,

саз балшықтай иледі.

Қос құлағы тігілді,

Қыранға біткен қамыстай.

күн төбеден ауғасын,

ширатылып серіпті,

илеуі жеткен қайыстай.

Жақын қылды алысты,

ауыздықпенен алысты.

тарта-тарта батырдың

алақаны қанады.

шыңылауы жеткен қас тұлпар,

берсін кімге намысты.

ай мүйізді қошқардың

бөрі тартты қоңынан.

ерікті туған Қобыланның

Жұлдызы туды оңынан.

Қара боқан жауырыншы

ердің жетті соңынан.

—Үлкен едің ар ма,—деп,

алдыңда кісі бар ма?—деп.

сонда боқан сөйлейді:

—Қашан шықтың ауылдан,

Қобыланды батыр ер,—дейді.

он жеті күн көшкелі

Қалың қият ел,—дейді.

бір бел жүрсең, көрінер

Қос дәулет деген ел,—дейді.

тайбурыл атты құтыртып,

бұған да жетті сыпыртып.

2070

2080


2090

2100


420

батырлар жыры

—Үлкен аға, ар ма деп,

алдыңда кісі бар ма?—деп.

—Қылшаң жүнді қарапай,

айыбың жалғыз қарағай.

осынау белдің астында

аққозы ағаң барады-ай.

—шырағым бурыл, шу,—дейді,

тозаңы шаңды ілмеді.

бұған да келді сыпыртып,

—Үлкен аға, ар ма,—деп,

алдыңда кісі бар ма?—деп.

—Қылшаң жүнді қарасың,

Жылқыдай құмай аласың.

атадан жалғыз дарасың,

Жетерсің деп ойлаймын,

Өз кеуліме шамасын.

сайынның ұлы Қараман,

көрмегелі жиырма күн,

толды бүгін қарасын.

Жылда бөрі дылдасың,

Қажет болса құрдасың,

іздесең тауып аласың.

«айт, жануар» дегенде,

Қабырғасы сөгілді,

көп шабысқа арнаған,

Құдіреті екен сол күнді.

Қараманның соңынан  

Жөнегенде бурылдың

Жаңбырдай тері төгілді.

тайбурыл мен Қобыланның,

дүбіріне қарасаң,

Қырық мың қандай көрінді.

бурылменен сыпыртып:

—ассаламағалейкүм,

Жолың ұлық батыр-ай,

Мақтаған атың осы ма,

тағы да бар ма, апырай?!

Жаяменен жал қандай,

алуа, шекер бал қандай.

2110


2120

2130


2140

420

421


қобыланды батыр туралы

Қатын баққан бурылмен

Жарысуға әл қандай?!

бәрекелді, досым-ай,

Мақтаған атың осы ма ай?!

Жазығы, әттең, ұрғашы,

Қатынның аты осылай!

он екі күнде жетерсің 

Жауға тіккен қосыма-ай.

Жөнелді батыр тағы да,

ермеді қият шаңына,

тобылғы сапты қамшыны

толғап тартты Қобыланды ер,

тайбурылдың соңына.

былаңдаған бурылдың

Қатты батты жанына.

Жанына батпай не қылсын,

сауысқан қарға тойында,

санынан аққан қанына.

төменгі ерні жыбырлап,

Жоғарғы ерні сыбырлап,

сонда бурыл сөйледі:

—Өкпеңнен тарат, батыр, шер,

айыбың жеке, Қобыланды ер.

осы аттанған сапарың,

ұшатын құсқа қырық күн жер.

ерде жеке сен едің,

Малда жеке мен едім.

Қас батыр жанымды ауыртпас,

теңеген басқа деп едім.

Қолыңнан алар адам жоқ,

Өлтірсең де көнемін.

Жалғыздық кегін менен ал,

Жамбасыма қамшы сал.

ат қылды тәңірі, не амал бар,

ат қылып тәңірім жаратты,

сен секілді ылайға.

—адам болсын мал болсын,

Жалғыздық деген оңай ма?

2150


2160

2170


2180

422

батырлар жыры

намаздыгер өткенде,

намазшамға жеткенде,

Қазан ағаш бағасын

Қазанның сырлы қаласын,

көрсетпесем көзіңе,

Жан серігің бурылды,

Құрбандық айтып жаныңа,

сол жерде шал Құдайға.

осылай батыр шу деді,

былтылдап бурыл гуледі.

аманбай тіккен ақтеке,

аса қарғып жөнелді.

сеңгірбайдың сегіз тау

серпініменен бөледі.

Жекендінің жеке көл,

Желісіменен жөнеді

баялышты құмайттан,

бүлдіргілі шыңайттан,

Қалғабайлы ылдидан,

Қасқалдақты бұлдидан,

найзасы аумай қолынан,

Жұлдыз аумай оңынан.

нұрымбет өткен күн төбе,

бауыры шұбар күн төбе,

сол мезгілде тайбурыл

төрт аяғын тең басты,

Масаты шалбар балағы,

Жел соққандай жалтылдап,

таңсықбай өткен талайдан.

оттайын десе оты ащы,

ішейін десе суы ащы.

ит қырылған манайдан,

аяғын топтап басады.

ол төбенің тозаңын

бұл төбеге қосады.

көтеріліп ұшқанша,

көк құтан жекті басады,

Өлген құстар көп қалды,

2190

2200


2210

2220


422

423


қобыланды батыр туралы

көтеріле алмай жек қалды.

ақ сары бас қу лашын,

Өлген құсты жеп қалды.

сол мезгілде бурыл ат,

біреуінен біреуін

сынық сүйем кем басты.

Қошамбай өткен қос көлден

Құлпырып өтіп жөнелді.

Жекендінің желбір көл,

Желе басып жөнелді

сақыбай өткен санайдан,

төрт тұяқтан шыққан от

шақпақ тастай жалтылдап,

отауланған ақ көбік

омырауда бұрқылдап.

Қанымбайдың Қаратау

Қарғып асып жөнелді.

Жаңбырдай тері төгіліп,

Қабыртқасы сөгіліп,

аш күзендей бүгіліп,

көрінді қазан нақпа-нақ.

Қазанда айла мол екен,

тоғыз қабат қазанның

сырты құрған тор екен.

алты қабат қазулы

айналасы ор екен.

таңдап-таңдап батырлар,

зорға өтетін жол екен.

сақалы алтын, мұрты жез,

Қазанда асқан зор екен.

орға келіп Қоблекең

бурыл атқа сөз айтты:

—уа, жан серігім бурыл ат,

дұшпанға мені қылма мат.

нәшіңіз мал болғанмен,

анаң Құртқа асыл зат.

егесіп шықтым бөрікпен,

Құдайға Құртқам аманат.

тауымды Қазан жемесін,

2230

2240


2250

424

батырлар жыры

Жылқышы Қамбар демесін.

ор енді де, тор биік,

бұған қалай көнесің?

—Жұмсасам, бұлың жетеді,

бұхардың бояу бөзінен.

Қазанның жері тап осы,

көрсеттім, батыр, көзіңе.

Өліп кетсем ырзамын,

Мені баққан Құртқаның

Қалқамжан деген сөзіне.

тізгінді түй де желкеме,

берік бол батыр өзіңе.

Қайта сөзге келмеді,

көтеріліп бурыл бұлт етті.

Қанша батыр болса да,

Қобыланды ерден сұр кетті.

төрт аяғы баурында,

ортасына томп етті.

тайбурылдың салмағы,

Қобыланның бітіп арманы,

ойыла жаздап қара жер,

ортаймаса, да солқ етті.

кедей ғасте болды деп,

дыбысқа кеулім толды деп,

Мен тұрғанда қалада,

кім жаннан безген сорлы деп,

Қабақтан қары бораған.

тоқ болсын деп қолыма,

топтап бархыт ораған.

Құдайдан дұшпан сұраған,

Жау көрмесе жылаған.

Құла қасқа ат мінген,

ат құйрығын шарт түйген.

алдына дабыл өңгерген,

басына қалқан төңкерген.

Молдалар айтар бес азан,

суда болар сар сазан,

алдынан шықты ер Қазан.

—ау, тоғайсың, тоғайсың,

2260


2270

2280


2290

424

425


қобыланды батыр туралы

неғылып жүрген ноғайсың?

неғылсам да оңайсың,

атыңның жалы жатыңқы,

алыс жерден келгендей,

Қабағың неге қатыңқы?

түн ұйқыңды төрт бөлгендей,

бет реңің келмей тұр,

түн шабуылын көргендей.

дидарыңа көз салсам,

от болып қаулап жанасың.

Жер иесіз дедің бе,

тау иесіз дедің бе?

батыр болсаң сен,—дейді,

Қанішер Қазан мен,—дейді.

сүйегі тәуір мал екен,

астыңдағы бурылды,

Қан тигізбей бер, дейді.

Қобыланды ер сонда сөйлейді:

—Мінген атың құла ғой,

білгенің болса қыла ғой.

Қолыңа келді бір бала,

Құмарыңнан шыға ғой.

Өзі болған жігіттің,

Жетесін сұрап не етесің?!

Меніменен сөйлессең,

тез дүниеден өтесің.

ат беруге келіп пе ем,

сен секілді жынысқа.

көрінгенге ат бер деп,

ойлашы өзің дұрыс па?

әлің жетсе, аласың,

айтайын сөздің сарасын,

Жетпесе әлің, қаласың,

асылы қалмақ тексермес,

ноғайлының баласын.

Мені бала десең де,

сыбағаңды аласың.

басы ойын болса да,

2300


2310

2320


2330

426

батырлар жыры

аяғы шайтан жабысты.

Қоблекең менен ер Қазан,

екеуі жақын барысты.

Құр жақынменен тұрмады,

аямай найза салысты.

Қарағай найза ендірді,

ырғасып батыр қалысты,

екеуді іздеген

Қашаннан қанға құмар-ды.

бір-бірінің сыртынан,

найзаны сүйем шығарды.

Қақырғанда қан кетті,

түкіргенде жын кетті.

итерісті, тұрысты,

ит арқасы құрысты.

Қақырғанда қан татып,

түкіргенде жын татып,

ерлерінің артына,

алма-кезек міністі.

Қазан сынды батырды

Қобыланды ер аттан аударды.

суырып алды жан шықты,

егескен ерде арман жоқ,

аузына тықты балшықты.

Үрерге итін қоймайды,

сығарға битін қоймайды,

бурыл балқып ойнайды.

туырлығын тоқым қып,

керегесін отын ғып,

Қазанның алды қаласын,

Қараманнан хабар жоқ.

Қоблекең осыменен жатып алды,

Өтірік басқа, шын басқа,

Қарайлады құрдасқа,

есіл дерті туған жер,

кейінде қалып туған ел.

егескен жауды мұқатқан,

досты күткен Қобыланды ер,

2340

2350


2360

2370


426

427


қобыланды батыр туралы

бір дауыс тиді ердің құлағына.

айналмас сұм дүниенің тұрағына,

Қобыланның ызың тиді құлағына.

сағынтып әрең көрген құрдасының

ұқсайды құлағына құрдасының.

Қоблекең бұл қалай деп ойға қалды,

Құбылтып бурылды ойнақтатып жетіп барды.

Жігітке сасқанда ақыл табылмайды,

Қараман сонда сөйлейді:

—балташ тастан өтпейді,

Жақсылық естен кетпейді.

Жылы бірге жылдасым,

заманы бірге құрдасым.

бізді көрген дұшпан жоқ,

ерліктен ешкім қысқан жоқ.

Жан кеудеге аманат,

бас қостық сағи саламат.

сен дана болдың ақылға,

ортақ едік қатынға.

атымда дәрмен жоқ екен,

бір мархабат ет дейді.

шылбырды беріп Қоблекең,

шығарып алды ақ ордан,

—атаң бір де, анаң бір,

екеумізде бір-ақ жыл.

сырлас болып төктік нұр,

Қалмақтың екен данасы,

Қазанның екен қаласы.

талабыңды ал да, ырза бол,

Қияттың асыл баласы.

Қараман сонда сөйлейді:

—ау, Қобыланды ер,—дейді,

Менің нем сенен кем?—дейді.

екі қалам ұстаған,

еркегін өзің көресің.

ессіз қалған қаланы,

сауғаға маған беріпсің.

Мені кім сенен кем дейді,

екеумізді ел қорғап,

2380

2390


2400

2410


428

батырлар жыры

Жорыққа шыққан ер,—дейді.

Жеделсіз жесір қатындай,

иесіз қалған қалаңды,

Менің де алғым келмейді.

ерлігімді есіңе ал,

талапты ерге несі бар.

көбікті деген батырды,

Маған да тауып бер,—дейді.

кең пейілді таң айыр,

бұған дағы болмады.

кейінгі қол келсін деп,

ат шалдырып орнады.

келгесін қият қалың қол,

батырлар тағы алды жол.

есіктің алды ат тақыр,

аймақтан шыққан қос батыр.

екі мезгіл жер алды,

шабданда жатқан көп жылқы,

Қара құрттай қайнаған.

найзағайдың отындай

тай мен құлын ойнаған.

көз әйнектей көк ала,

айдап жөнге салады.

Жау екенін білгесін

шекесінен қарады.

омыртқасы отаудай,

Қабыртқасы қалқандай,

Құйрығын сыртқа салады.

көбікті мінген көк тарлан,

суырылып шығып барады.

Жалғаса қуған қос батыр

Қарасын көрмей қалады.

бүгін келген дұшпан жоқ,

екі батыр қарады.

—сен де алып едің бір ерді,

Маған бер,—деп—бұл ерді.

Қобыландыдай батырға

Қараман қолқа салады.

2420

2430


2440

2450


428

429


қобыланды батыр туралы

кеуліне мәлел келер деп,

Маңдайынан көрер деп,

терең сайдың төрінде

тайбурыл атты қаңтарып,

Қоблекең ұйықтап қалады.

кешегі кеткен көк тарлан

сәскеде қалаға шауып барады.

Жау тиді деп малыма,

ортақпын деп қанына.

ақ сауыты жарқырап,

тау суындай сарқырап,

он екі батпан тас шоқпар

тақымына салады.

шабысы күндей күркіреп,

тарланның тері сіркіреп,

көбікті айқай салады:

—Жусап жатқан жылқының

Жусауын бұзған кім?—дейді.

Жайылып жатқан жылқының,

Жайылымын бұзған кім?—дейді.

түлекте жатқан бөріге

түлен түртіп қандай жан

ажал айдап жүр?—дейді.

Қараман сонда сөйлейді:

—ойыннан алған олжадан,

Мен де алайын деп едім.

Жусап жатқан жылқыңның

Жусауын бұзған мен едім.

дәмең болса, көр!—дейді,

онда, бері кел!—дейді.

тобығын қаққанда

Қараман батыр көнбейді.

басып алып тақымға,

нәзім беріп батырға,

серігіңді тап!—дейді.

—ау, батыр, табыла ма жаныма айла,

бұл жерді өзім іздеп табу қайда!

2460

2470


2480

430

батырлар жыры

шын сөзге келгенінде тоқтамаймын,

баласы Қобыланды бар анау сайда,

негізі қарақыпшақ тоқтарбайдың.

Қолыңа түскен торғаймын,

нашарлығым сондаймын,

сенің атың шыққанда,

Жаным қалса осыдан

олла да тентек болмаймын.

ертіп келді Қараман

Өзі көрген жеріне.

көзі көріп көбікті,

көңлі тойды еріне.

сансыз өскен жылқыдан

бурыл болса көрінді

көбікті ердің көзіне.

Жасады көбікті айланы,

Қобыландыдай батырдың

Қол-аяғын байлады.

Жар тіреді Қобыланды ер

тәтті ұйқыда бабымен.

көбікті батыр ұрады

тас шоқпардың сабымен.

шоқпардың сабы тигенде,

Қобыланды батыр керілді.

он екі батпан тас шоқпар

бит шаққандай болмады.

—ассаламағалейкүм,

көбікті қалмақ ер!—дейді.

тоқтарбайдың баласы

Қобыланды батыр мен,—дейді.

әдебің қайда, апырмай,

іс қылмадың батырдай!

ұйықтап жатқан жерімде

бұғау салдың қатындай.

кекті болған сенен мен

кегімді алмай қоймаймын.

Өшті болған сенен мен

Өшімді алмай қоймаймын.

шәріңе шаңдақ саламын,

2490


2500

2510


2520

430

431


қобыланды батыр туралы

есебін тапсаң қорынба,

тұрғанда бақыт қолыңда.

Өлтіріп кет мені сен,

бір ерден байлау көргенім,

Өлмесем де, өлгенім.

кәзіргі бақыт сенікі,

бұл көргенім өзімнен.

енді екі айтпаймын,

Өлгенімше қайтпаймын

осы айтылған сөзімнен.

сонда да батырды алады,

Қос батырды көбікті

Қызыл көк аттың беліне

байластырып салады.

күн төбеден ауғанда

шәріге жетіп барады.

әкесінің алдынан

Жарқылдап шыққан Қарлыға

боқжамадай құшақтап,

екеуін кетіп барады.

салып қойды апарып

Қос батырды абаққа.

екі сухар нан беріп,

күн ара кесім тамаққа.

Қарлыға  қыздың  батырларға  келіп,  тамақ  туралы  сөйлесіп  жатқан 

кезі екен:

—бармысыз сағи саламат,

абақта жатқан қос батыр?!

бәрекелді, ермісің,

ерлік құрдым дермісің?!

аяқ-қолды босатсам,

Қадырды білер сенбісің?

 

Қараман:

—Менің өзім нашармын,

босатсақ көңлімді ашармын.

2530

2540


2550

2560


432

батырлар жыры

сұлудан болған шапағат,

даңқыңды елге шашармын.

Мұның біліп жағдайын,

Қобыланға қойды маңдайын.

білейін деп мұның да

езу тартып күледі,

Қарлығаңыз қандайын.

сәлем беріп бұраңдап,

сөз сөйлейді батырға:

—есіктің алды ай татыр,

Қолда келген қос батыр.

рахым қылсам жаныңа,

есіңді жинап алған соң,

ойлайсың ба ерлік тағы да.

басыңды көтер, ие бол,

екі сухар наныңа.



Қобыланды:

—Құдайдан зия айыбым жоқ,

Өлімнен тіпті қайғым жоқ.

Қыздығың  қымбат көрінбес,

байталға қойған бәйгім жоқ.

бүгін бағың тұрғанда

көбіктінің қызысың.

ертең жанға күн туса,

бір қалаулы ердің тұзысың.

Өз әкеңді өзің сатарсың,

Құрметті ердің күңісің.

атам өнген әнестен,

ақылыма сай адассам,

арғы тегім ноғайлы,

шәрің маған оңай-ды.

Мен босансам, сен күңсің,

алдыңдағы істі кім білсін!

осыны айтып Қоблекең,

ашуланып керілді.

Қабат-қабат шынжырлар

2570

2580


2590

2600


432

433


қобыланды батыр туралы

шуда жіптей бөлінді.

әруағын шақырды,

шыға салып ақырды.

кісі бойы шарбақтан,

бұлт етіп бурыл атылды.

атқа қолы тиген соң,

батырдың кеулі ашылды.

осыдан қалсам, өлем деп,

Қарлыға қыз да шатылды.

Жан-жағын қарап қармайды,

Жауды біліп тарлан ат,

Жан-жағын қоймай жалмайды.

Үйге барып Қарлыға

әкесін былай алдайды:

—Қымбатты көке көбікті,

Жамандатқыр тарлан ат

байлауда тұрып ерікті.

Үстем болсын мерейің,

Мен жолыңда өлейін.

көк тарланды ерттеп бер,

шәріге шығып азғантай

Мауқын басып келейін.

кім жек көрсін баланы

айтқан тілін алады.

атын ерттеп береді,

ойнақтатып жөнеді.

Қолынан беріп сақалын

көбікті қалған жері еді.

есіз тастап қаланы,

тізгінді қолға алады.

Қос батырдың соңынан

Қарлыға кетіп барады.

көк алалы көп жылқы

ысқырып алға салады.

бір белестен асқан соң,

екінші белге басқан соң,

Жамандатқыр ақ моншақ

кейін қашып барады.

Жалғаса қуған қос батыр

2610

2620


2630

434

батырлар жыры

ілесе алмай қалады.

Қарлыға сөйлейді

Өкпесінен сыр ашып,

ер Қобыланға шамала:

—сапалы алтын, мұрты жез

көбікті ер келер тез.

бадана көзді тор сауыт

Өзім қолдан тоқыған,

болар деп заман қандай кез.

тар кіндіктің тұсынан

тастап едім екі көз.

басқа жерден тез өтпейді,

сол жерден атсаң түсер тез.

ақ сауыты жарқырап,

айқайын салып барқырап,

көбікті шықты белге асып,

әні-міні дегенше 

келіп-ақ қалды ұштасып.

ұйқыда кеткен кегі бар,

ызада кеткен шері бар.

батырлы ердің ұраны

кеселеп Қобылан тұрады.

Қыз айтқан жер осы деп,

тар кіндіктің тұсы деп,

сол жерден байлап ұрады.

бөксесі аттың үстінде,

көбікті ердің денесі

ақ сауыты жарқырап,

дөңгелеп аттан құлады.

Өкпем қанға толды деп,

Өзімнен кінә болды деп,

Қыз он беске толғансын,

Қыласы ісін қылды деп,

бытырлатып сақалын

оңды-солды құлады.

сен не қылдың маған деп,

Мен де қылдым саған деп,

тақымынан түскен шоқпармен

тас төбеге ұрады.

2640


2650

2660


2670

434

435


қобыланды батыр туралы

Жау келді деп өкпеден,

шаң шықты деп өкшеден,

кіреріне көр таппай,

Қараман қатты қысылды.

ат үстіндегі бөкседен,

ызалық кетіп қолынан,

Жұлдызы туып оңынан.

көрінгесін қуанды,

Қарлыға менен Қобылан.

—еділде байтақ ел,—дейді,

аман қалдың ер,—дейді.

Өзімізге қауышар

Қараспан байтақ жер,—дейді.

сұлу Құртқа сенде бар,

Қу тіземді құшақтап,

бойдақ жүрмін мен,—дейді,

олжадан келген Қарлыға

тіл алсақ, сауға бер,—дейді.

—Қимайтын болмас дүниям,

тілімді алсаң, құрдасым,

Қапқа тыққан борықтай

Құр кеудеңе ырзасың.

Мінекей, менің бергенім,

риза болса, ұрғашың.

Қарлыға оған көнбейді,

батыр туған Қобыланды,

Үйде қалған Құртқадан

батылы ердің келмейді.

шатырлаған көп жылқы

тоғайдың бетін алады.

сатырлаған көп қият

Жатыр екен манағы,

сырлаған сырлы қаланы.

Қарлығаға батпай жүр,

Қараман ердің бармағы.

Қобыландыдан көзін жаздырмақ,

енді ойлаған арманы.

атың болса шалсын деп,

ұйқың болса қансын деп,

2680

2690


2700

436

батырлар жыры

Қобыланды ерді алдады.

бір ұйықтаса, Қобыланға 

ұйқы серті жеті күн.

Қараман да көрсін деп,

Қарлыға жастың қызығын.

Қараман тапты көп ойлап,

ақылдың қиын бұзығын.

ұйқыға барған Қобыланды

Қараман батыр бағады.

шын ұйқыға барғасын,

ойлаған амал бойынша,

бурылдай тұлпардың

төрт аяғын сау қоймай,

аямай шеге қағады.

Қалың қият дүрлігіп,

түнде көшіп жөнеді.

Қобыланды ер алда кетті деп,

Қарлыға хабар береді.

Қалың кеткен көп қолда

дүрмекпен ол да жөнеді.

Қанша жауды тұндырған,

дұшпанның белін сындырған,

ел қорғаған Қобыланды ер

Жұртта қала береді.

Қобыландыны оятып

баба түкті шашты әзіз,

тарығып жатқан батырдың

түсіне Құртқа енеді.

«татырға біткен жалғызым,

ас ішінде алдызым.

көтерсейші басыңды,

Жау егесі жалғызым.

Өкпең шырын, етің бал,

әлемге түгел есің бар.

Жалғыз атың ақсады,

табанындағы шегені ал».

селк етіп батыр оянды,

Жан-жағында ел де жоқ,

Құрдас боп жүрген ер де жоқ.

2710


2720

2730


2740

436

437


қобыланды батыр туралы

батыр ойға қалады,

Жасын төгіп көзінің

бурыл атқа барады.

шеге алуға құрал жоқ,

аямай тісті салады.

тісіне түгел іліккен

шегені қоймай алады.

—осал ердің мырқын-ай,

Жалғаншы дүние шіркін-ай!

шындасам, әлім жетер ет,

Қалың қият жұртың-ай.

атамды көріп істеген,

ақ батаның құрпын-ай!

Жалғызға жәрдем етер адам жоқ,

Жалғыздығы құрсын-ай!

Жамандықты қалама,

Жау келсе де қарама.

намаздыгер болғанда

Жеткіз мені бурыл ат

сау болсам, қолқам анама.

аян берген қыз Құртқа,

Жан шықпай естен қала ма.

осыны айтып ер салды,

Құтырып бурыл жер алды.

Жылыса берді жыландай,

шаңдағы шығып тұмандай.

елге қарап бет алып,

ойнады шіркін құландай.

сиыр сәске болғанда,

тобырлы тоқсан көп қият

Қала берді ұялмай.

Қол алдына шығыпты

Қарлыға менен Қараман.

Жұлдыздай аққан Қобылан ер

Өте шықты, бұларға

Қиығын салып қарамай.

Қобыланды көзін көргесін,

Жағамын деген Қарлығаш

Қарамай тұрып болды мас.

2750

2760


2770

2780


438

батырлар жыры

бір қиялды ойлайды,

айтқаныңды қылат деп.

Қарамандай батырмен

аударыспақ ойнайды.

айладан амал аспады,

Қарамандай батырды

аударып аттан тастады.

кеулін енді ашады,

тарлан ат судай тасады.

ойнап шыққан көк тарлан

Жер апшысын қуырды.

ақ текеден асырмай,

соңынан жетті бурылдың.

сонда батыр сөйлейді:

—Қаршығадай, қарасам,

көк тарланның сияғын.

Қаршып атып жерге ұрған,

кемітпес дұшпан тұяғын.

аттырғанда әкеңді,

Қарлыға, не еді қиялың?

тағы қудың соңымнан

тоты құсы ұяның.

адамның беті күшала,

әйелде түрлі илсана.

татқан торда ұрындың,

Жөн сұраспай өз басың.

әкеңді көзеп түсір деп,

сырыңды айтып торға шын.

бітірмеді ме кеуліңді

Қараман сынды жолдасың?



Қарлыға қыздың жауабы:

—еріп шықтым елімнен,

сауғаға басым берілген.

Қараман мені алдады

Қол алдында сіз бар деп.

ақ-қарамды ашыңыз,

замандас, бірге жасымыз,

2790


2800

2810


2820

438

439


қобыланды батыр туралы

Маған ыстық көрінген

әуелден сіздің басыңыз.

Қобыланды ер:

—ызалы ерден ар кетпес,

Қалаулы жарға жан жетпес.

Жұлдызың тусын оңыңнан,

ере бер менің соңымнан.

Өмірді күтіп жай тапқан,

он төрт жаста ар баққан,

бурылды маған арнатқан.

Жатырда жатса, таныған,

кеуілде біткен арыман.

кеңшілік болса, көрерсің,

сұлу Құртқа жарымнан.

Қараманға өкпем зор,

саған айтқан сырым сол.

ергің келсе, ырза бол,

Қаламын десең, ашық жол.

далада саған қисаңдап,

болмаймын десең ызақор.

—Үш ұйықтаса түсіме

кірмеген сөздер ер едің.

ұйқыма дүзде жастықта

Үйдегі басың мен едім.

дидарыңды көргенде,

тамақ әкеп бергенде,

шыңға қонған тұйғындай,

Қадірді білер деп едім.

Қарсы алдыңнан шыққанда,

Жолдасың менен құрдасың

Қарамандай батырға

сауғаға батыр деп едім.



Қобыланды:

—Жасы бар адам көнер ме,

2830

2840


2850

2860


440

батырлар жыры

біреуді біреу сатқанда.

Өзіңнің еркің өзіңде

бітіруді сақтауға.

неге хабар бермедің,

адал болса кеуілің,

шырылдатып бурылға

Қараман шеге қаққанда?

Қарлыға:

—Қарасаң көзің қанағат,

алмай ма батыр сымбатқа.

ол араға күйдіріп,

күнәға батпай сыр сақта.

сіз болмасаң Қараман

әкемнен маған қымбат па?

Қобыланды  мен  көбікті  қызы  Қарлығаның  таласулары  осымен 

аяқталды.

Қобыландының Қараспанға бет алуы:

шүу деді тозаң бұрқылдап

сеңгірбайдың белінен.

ұшқандай аққу шыңқылдап

шемендінің көлінен.

көбікті мінген көк тарлан

Жарысты тұлпар тегінен.

бірінен-бірі басып озбай,

ауыздықпенен алысты.

уыз шөлде қара жоқ,

Қыз бенен жігіт жарысты.

туған жерге бет алған,

түзетті бурыл шабысты.

аршындап баурын жазады,

Үзеңгі қыз да қағысты.

елге қайтқан бурыл ат

берсін бе қолдан намысты.

көз байлап ымырт болғанда,

ылай уаққа қауышты.

2870


2880

2890


440

441


қобыланды батыр туралы

бұл жерден атты суарды,

су ішкен соң қуанды.

келатыр екен шөліркеп,

тұлпарлар шаңды шығарды.

ұшырмаған секілді

тозаңы көктен шыбынды.

Қалың тоғай, көк майса,

бір жерге бурыл жығылды.

кетті ме деп зорығып,

аттан басқа қара жоқ,

Қобыланды ер тұрды торығып.

Қою түн тастай қараңғы,

Жерді сипап қарайды.

Жаңылмайды екен адал мал,

от пенен су азығын.

таныған екен тайбурыл

көп байланған қазығын.

Өзі жауға кеткенде

Жолбарыс Қобылан жолда екен.

Қымбатты тіккен қыз Құртқа,

ақ отаудың орны екен.



Қобыландының Қарлығаға айтқан сөзі:

—Жатқан екен жануар

Қазығына келіп тез.

нашар да болсаң, Қарлыға,

аз ғана бізден тыңда сөз.

кеткен екен жау алып,

байқадым қыпшақ елімді.

Өзімнің басым сау болса,

Жібермеймін кегімді.

басыма жаудан келед деп,

ойламаймын өлімді.

осы жерде дем алып,

байқайын ертең жөнімді.

Қайран әкем ардақты

тұр екен кімнің қолында,

2900


2910

2920


442

батырлар жыры

сақалы алтын, мұрты жез.

Жарып алған бурыл

көк биенің құлыны.

түтікпенен өсірген

Құртқа елдің сұлуы.

Мен барда жауға қор болмас

аз қыпшақтың руы.

Жолды болсаң, тон болар,

байтақ жерге ел қонар.

енді адал жолдас бол,

Өлмесе Құртқам, кез болар.

осы араға қонды деп,

Өз тілегім болды деп,

бөле көрме көңілді

Жаудан басқа бөтенге. 

ұрмаймын әзір зейілді,

екі көзі мөлдіреп,

Қайда жүр біздің сұлу жар.

боялсын қанға көк найза,

көп садақпен қылыштар.

тілегенім күн-түн жау,

осы араны жадыңа ал.

енді маған керексіз,

Қарғадай шулап қияттар.

тыныштықты сақтасаң,

Қараманға қайта бар.

Мені сүйсең шынымен,

Мытыныңа бұршақ сал.



Сонда қыздан жауап:

—тек жігерге ер емес,

Өз тұрпатым кем емес,

сенімен бірдей көрейін,

Қан қайнаса төбелес.

әкемді сізге өлтіртіп,

Қалуым кейін жол емес.

Қапқа тыққан борықтай

Қараман маған тең емес.

2930


2940

2950


2960

442

443


қобыланды батыр туралы

ісімнің осы ыңғасы,

атағым, әттең, ұрғашы.

ердім саған еремін,

сарала қанға былғашы.

іштен тұрып сыр айтпай,

Қызға Қобыландының жауабы:

—Мені жұртқа тастатып,

бурыл атқа ақсатып,

көп қиятпенен кеткенде

Жібіместей мұз қатып,

Үш ай тоқсан өкпемде.

Мен де өттім, сен де өт,

ол .. кептерге.

Жарайсың!—деп сұлудың

арқасына қағады.

Мені сансыз сандалтқан

Жалғыздықтың жаманы.

Жалғыздықтан мінім жоқ,

кешірдім, сендім өзіңе,

осыдан басқа шыным жоқ.

Қақпақ жаурын бота көз,

Құртқаны жаудан босатпай,

енді маған тыным жоқ.

Қыз да болсаң жарайсың,

бір боламыз соғыста.

серіктігіңе арман жоқ,

Жылқышы Қамбар қолдаса,

екеумізге мұқайтын

бурыл мен тарлан жоқ.

сол  мезгілде  таң  атып,  күн  көтеріліп  қалған  екен.  Менің  мынау 

құдығым еді, басында науам бар еді, шапқыншы алып кеткен дейсің бе?  

Мен соған барып қайтайын деді. Құдықтың басында көп қауға тұрғанын 

Қобыландының көзі көрді. науаның шетіне Құртқа Қобыландыға былай 

деп жазып кеткен екен:

«бурылың  танып  келгенде,  ерім,  осы  құдықтың  басында  бір 

суғарыңыз.  бізді  алған  алшағыр  деген  қалмақ  депті,  үш  жерге  қурай 

шанышқанмын, сол жерлерге көз салыңыз» депті. біреуіне ақ, екеуіне 

көк, үшеуіне сары жіп байлап қурай шанышқан екен. ақ жіпті қурайдың 

2970


2980

2990


444

батырлар жыры

түбінде  аттың  жемі  бар  екен,  сары  жіпті  қурай  түбінде  бурылдың  екі 

тартпасы, терлігі бар екен. көк қурайдың түбінде сапталмаған найзасы-

мен сары жез қамшысы бар екен.

Қайтып  келіп,  осыларды  Қарлыға  қызға  баяндады.  көбікті  ба-

тырмен  алысқанда  бурылдың  тартпасы  үзілген  еді.  бір  жаман  бөстек 

көзіне  түсті.  Мұны  аударса  әкесінің  балғасы,  төсі,  атауызы  бар  екен, 

бауырым жалғыз қызбен екеуміздің халіміз жайдақ атқа мініп барамыз. 

сізге қауыштырып алса, ахха арман ие..деген орамалды қолына алып, 

Қобыландының Қарлығаға қарап толғаған бір-екі ауыз өлеңі мынау:

—артық-артық дегенім,

Міне, сұлу басқадан.

Өзіне күн туғанда,

байды ойлар ма басқа адам.

бұдан әйел өтер ме,

Жау алғанда саспаған.

кәйтіп кінә тағасыз,

көзің көрді арман жоқ,

алты белгі тастаған,—деді.

сонымен  ат  суарып  жорыққа  шығады.  таң  алдындағы  Құртқаның 

көрген түсі:

—ақ сүт берген әжеке,

Жанды менің шырағым,

тасты менің бұлағым.

Қазығынан айнымай,

келді теңбіл шұбарым.

Жұртқа келіп қолға алды,

сұлтаным түгел құралым.

Құдығынан су ішті,

Құладін бурыл шырағым.

Желкеге шашын шарт түйген,

көкшіл тарлан ат мінген.

орта бойлы денелі,

Қара торы ақ маңдай,

Қасында бір қыз келеді.

сау болса ертең сәскеде,

Жолбарысым көреді.

3000

3010


3020

3030


444

445


қобыланды батыр туралы

Анасының жоруы мынадай:

—палуан қыз жөндеп ісіңді,

бибі батпа түсіңді.

Жорысын балам аллаһ бір,

Қондырса маған арман жоқ,

Қолыма тұйғын құсымды.

келесі ертең таңменен

шәріде кімнің барын білу үшін,

Қыз Құртқаның айласы,

Хан алдына бас иіп:

—ау, алшағыр, алшағыр,

тұтқындамыз біз қазір.

Жорға жүрген басым бар,

он алтыда жасым бар,

кіріптар болған басым бар,

шапағат етсе іс жасап

Хан иесі асылдар.

сенбесеңіз қарауыл

беріңіз менің қасыма.

таза ауа жұтып қайтайын,

белдердің шығып басына.

Өмірімді қор қылмай,

Мен бауырды біртуа ал.

көп кешікпей біреуміз,

Мен қаріпке сене сал.

осыған хан сенеді,

бір күң менен бір құлды

Қарауылға береді.

елден ұзап шыққан соң,

Құл менен күң Құртқаның

Мәміле айтқан жері еді.

—кім болады маған жар,

кеуілімде арман бар.

басым дара мен сорлы,

сен екеуміз болдық пар.

біреуіңнен біреуің

Жолға шықтың ақыңды ал.

3040


3050

446

батырлар жыры

теңіне әркім тым тәтті,

Майсаға құл мен күң жатты.

сұлу туған қыз Құртқа

Жабында менен жүгірді.

иісін білген бурыл ат

бір иісінен шыңғырды.

даусын танып бурылды,

омырауын айырып,

Құртқа да қарсы жүгірді.

ана болған Құртқаның 

екі емшегін иіскеп,

сонда Құртқа толғайды:

—көріндің бе, жалғызым,

алла оңдасын жолыңды.

Ханға тығар жау қалың,

сілтей көр, батыр, қолыңды.

ғайып ерен қолдасын,

Құдай ашсын жолыңды.

бұдан  кейін  хан  еліндегі  хабарларды  Құртқа  түгел  айтуға  құл  мен 

күңді ертіп қайтадан келді.

тоқтарбай деп күңіренісіп ұран салды,

ыңырсыған ұраны жерді жарды.

Қырық-елу мың бар ғой көп шамасы,

Хан елінде бар ғой деп хабар салды.

Қабыртқасы сөгілген,

Жаңбырдай тері төгілген.

бурыл менен көк тарлан

шәріге келіп енеді,

Қобыландыдан бұрын тиеді

Қарлыға қыздың найзасы.

Жау ішінде мықты деп

тоғанастың айласы,

Қарсыласып қалысты.

Қобыланды мен тоғанас

іркілмей найза салысты.

төңкеріп өтті Қобыланды ер,

Қарсысына шыдатпай.

3060


3070

3080


446

447


қобыланды батыр туралы

алты құлаш ақ атпен

айқасып қалды ағанас.

Жаудан қорқар батыр ма,

сескену ерге мақұл ма?!

кезегіңе кел,—деді,—

еркек болсаң батырға.

ел қорғаған тәуірсің,

Жолың ұлық кәуірсің,

кезегіңді өзің ал.

Қорамсаққа қол салды,

Қозы жаурын оқ алды.

бадана көз қос ауыз,

Қарсы ілгегін ағытып,

Қобыланды ер тұрады.

Қалмақы ердің қасы деп,

Қақ жүректің басы деп,

аямай кәуір ұрады.

төртеуінен өткенде,

шақұр-шұқыр етеді,

оғы қайтып кетеді.

берік бол кәуір енді деп,

Маған да кезек келді деп,

сарамсаққа қол салды,

сұр жебе деген оқ алды.

садақтың оғы қосылды,

Қоблекең біледі тосуды.

көк санағы гүрс етті,

Қол ортаға алады,

Жабылған кәуір қамады.

әруағын шақырды,

Қобыланды батыр ақырды.

кездесті істің ыңғасы,

айыбы әттең ұрғашы.

дәл жиырма бес жасында,

ақмоншақ ат астында,

көбікті ердің баласы,

Қарлыға қыздың ағасы,

бершімбай қарсы келеді.

3090


3100

3110


3120

448

батырлар жыры

—бері кел деп бауырым,

басымнан ұшты дәуірім,

Қарлыға толғай береді.

ат шыдамайд жауырға,

ер шыдамайд бауырға.

Қарындасын көрген соң,

балдырғандай майысты.

Қобыландыға жағам деп,

кәйтсем кеулін табам деп,

алдына келген ағасын

Желкесінен шанышты.

Қашқанмен пенде құтылмайды,

ажалдан келген өлімнен.

алам деп хабар ұрындым,

әттең, тәңір, елімнен.

ең болмаса өлмедім,

Өзімдей еркек теңімнен.

о, дариға, жалған деп,

бершімбай да  жан кешті,

шашын түйіп долданып,

Жау найзасын қолға алып,

олжаға алған ала атпен

Құртқа да кірді долданып.

сол мезгілде Қоблекең

көз ұшында барады.

оң жағынан Қарлыға

сол жағынан қыз Құртқа,

Жауды шөппен қағады.

алшағыр менен Қоблекең

найзаласып қалады.

Қанға еркін құмарды,

екеуі білек сыбанды.

ақырғанда қан татып,

түкіргенде жын салып,

бір-бірінің сыртынан

найзаны сүйем шығарды.

астындағы аттары

тізелерін бүгісті.

ерлері қалды қырқырап,

3130


3140

3150


448

449


қобыланды батыр туралы

атта жайдақ тұрысы.

ұлы бесін болғанда

алшағырды аударып,

Қобыланды екең шықты жалақтап,

Жайдақ атпенен салақтап.

Қыз Құртқа  менен Қарлыға

істеп жатыр білгенін,

найзаменен шабақтап.

тұмсығы қанға тиген соң

Қобыланды бөрі есірді.

Қыз да болса Қарлыға

негізі еркек секілді.

айқай сүрен салады,

ай бетінен шығады.

алдынан қашса, кетпейді,

артынан қуса, жетпейді.

Өз қосағын көргесін

сұлу туған Құртқаға

көк найзаменен көктейді.

көзге ілінген қараны

Өртеңдей қиғаш салады.

бурыл тұлпар шапқанда

тартылды жердің талабы.

игісінменен Қобыланды ер

садаққа келіп қалады.

Жауыз деген ер еді,

игісіндей батырға

Қобыланды ер тағы да кезек береді.

екеуі найза салысты,

найзаласып қалысты.

егісін де ер екен,

ұстап жүрген халықты.

Қоблекең де сүйетін

Қай уақыттан анықты.

Қолындағы найзасы

ұңғысынан омырлып,

батырлар демін алыпты.

тілекті берсе Құдай деп,

біздің тілек былай деп,

3160

3170


3180

3190


450

батырлар жыры

көбікті қызы Қарлыға

оң өкпеден шанышты.

бір кедергі ер еді,

дүниеден бұл да жөнелді.

ісі жөнге келгесін,

ерікке Қобылан қоймайды.

найзағайдың отындай

бурыл балқып ойнайды.

Үрерге итін қоймайды,

сығарға битін қоймайды.

туырлығын тоқым қып,

Қарсы келген шидені

Қарақыпшақ Қобыланды ер

бұл шаһардан шауысты.

олжаға олжа қосылды,

дұшпанның отын өшірді.

Қарақыпшақ Қобыланды 

он жеті күн ұрысып,

Қобыланды ер қайта көшірді.

байтақ жатқан белдерді,

тұтқында жүрген пендеңді,

Қараспан тауға ел келді.

алшағырдың қызы екен,

кәнікейменен алдайды,

Қараман деген шидеңді.

Жолдасына ергесін,

Қайратын көзі көргесін.

әйел де болса налыды

сұлу Құртқа теңдесін.

Қарлығаны алғанын 

тоқалдыққа жөн көрді.

3200


3210

3220


3230

450

451


қобыланды батыр туралы

3240


3250

3260


3270

452

батырлар жыры

3289


452

Ғ Ы Л Ы М И 

Қ О С Ы М Ш А Л А Р


ТОМҒА енген МәТіндеРге  ТүСінікТеМе



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет