«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет14/28
Дата06.04.2017
өлшемі2,43 Mb.
#11120
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28

Жеті атадан бұл төре—

Мұсылманның қарасы,

Жел жағының панасы.

шамасын білсе кімде-кім,

Ақылдың болар данасы.

Мүсілім жайын білдірді,

Ойларыңда не сөз бар,

Келдіңдер халық ағасы?

Қатардан артық ерің бар,

Ақылы кәмбіл биің бар,

Мына отырған төренің

Кеулін ашып сұрашы?

3400


3410

3420


3430

224

БАТыРлАР  ЖыРы

224

225


Қалила  мұны  айтқанда,  орданың  ішіндегі  адамдар  алға-

шында тым- тырыс отырды. Бір уақытта Ахмет деген жігіт сөз 

бастады. Ол өзі әрі батыр, әрі Салторы деген тұлпардың иесі бо-

латын.


Ахмет сонда сөйледі:

—Айта бер сөзді қарт аға-ай,

Ақылыңды сал ортаға-ай.

Сіздің айтқан уәжді

ұйғарар дейсіз кім «былай».

Үш жыл болды адасты

Бұрынғы жолдан бұл ноғай.

Адасқанның себебі:

Жақсыдан жарақ таба алмай,

Ел өзгерді еріксіз,

Әнжі мініп амалға-ай.

Жирен сақал Қарақұл

Халықты жиып біріктірді

Азарына шыдамай,

Теңбілқара көк атты

Сұрағанға бере алмай.

Ақылы ауған Тобаяқ

Жаббас құлды жіберген

«Тартып ал!» деп ұялмай.

Себеп болып осыдан,

Әнжі тайды тағынан,

Дұрыстықпен жүре алмай.

Мүсілім таққа орнады,

Хандық деген амалда.

Ол уақытта Қарасай

Ерлігі кеміс, далада.

Кешегі жаудың тұсында

Абыройды бұл алғанда,

ұрысып атқа міне алмай,

Бәріміз де арманда.

Жасқанғаннан жан қалмайды,

ықтияры Құдайда.

«Алдынан жаудың шықпай-ақ

Кіреміз» деп жүр едік,

3440

3450


3460

224

224


225

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Елге болса бұлалай.

Мүсілім таққа мінбесе,

Не қыласың, қарт аға,

Төренің кеулін сұрамай?!

Қалила сонда сөйледі,

Кеңес ашты сөз бастап.

Жіберген соң Ахмет

Ойын айтып бұл қостап.

Халық Құдайдың бір аты

Отыр еді ығыстап.

Сонан соң қартың сөйледі,

Тура қарап мырзаға,

Ойдағы сөзін дұрыстап:

—уа, Қарасай, білемін

Бес атаңнан төресің!

Онан арғы төрт атаң

Пақырға қылған демесін.

шарабас, Ғаппас екі атаң

Ала алмаған көрінеді

Сыбағалы үлесін.

Кешегі Мамай, қанды Орақ

Қара жерден жүргізіп

Кетті олар кемесін.

Халық отыр қайбыртып,

Жұртың отыр айбынып.

Сенен бұрын екі-үш жыл

Қалған халық мажығып,

Саңылағынан айрылып.

Кеуіліңді көрсетші,

Сөйлеші не десең де.

Қор болмассың, шырағым,

Босқа қарап жүрсең де.

Халқың еркін беріп тұр,

Тек сәлемге келсең де.

Ел тізгінін береді,

Таққа өзің мінсең де,

Я, біреуге берсең де.

Қанеки, балам, ойың не

Біз тыңдайық, сен сөйле?!

15-310


3470

3480


3490

3500


226

БАТыРлАР  ЖыРы

226

227


Келе жатқан кекті дұшпаның—

Күншығыстың қалмағы.

Діні бұзық сары орыс,

Мына Мәскеу жан-жағы.

Жасырмай айт, қарағым,

Болса ісің ойдағы.

Өзі сары, көзі көк,

Тұтынып жүрген діні жоқ,

Есебі жоқ, өзі көп.

Сары орыс деген бір дұшпан,

шайтан көпір—аржағы.

Келіп тұр бізге хабары,

Мақсаты—Мәскеу алмағы.

Жерден халық таяды,

Болмасаң елдің қорғаны,

Жар болмаса бұрынғы

Едіге бидің әруағы.

Жақын жерден бір дұшпан 

Жылда бізді жаулады.

Темір қақпалы Дербенттің

Қаласын бұзып қан қылмақ—

Болып еді кешегі

Хан Мамайдың арманы. 

Арманына жете алмай,

Болмай кетті не пайда,

Кеуліне алған ойлары?!

Тақ пен халықты қолыңа ал,

Ел болуды ойыңа ал,

Өзіңе түсті салмағы.

Қанеки, мырза, не дейсің,

Тізгінін саған беріп тұр

Мына жиылған көптің саңлағы?!

Ақсұңқар құстың баласы

Қауырсыны қатқан соң,

шыңға қонып таранған.

Жерден тышқан қарамай,

Тамағын тапқан маралдан.

Назбедеудің баласы

От жемей суды көп ішпей,

3510


3520

3530


3540

226

226


227

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Өз-өзіне жараған.

Сен асылдан зұрият

Адамнан артық жаралған.

Кешегі дұшпан қайтқаны,

Бұл да саған таланнан.

Ахмет те кеулін білдірді,

Жоқ екен бұл да аянған.

Мына отырған Сұлтанай

Ақылы кәмбіл данышпан

Бүгінгі артық ноғайдан.

Адамнан артық іс қылды,

Себебі шығар Құдайдан.

Қанеки, төрем, сөйлеші,

ықтиярын беріп тұр

Мына халқың құралған!

Қарасай сонда сөйледі:

—Құлағың сал, қарт аға,

Сөз бастадың ортада.

Ортамызда бұл күнде

Мына Мәскеу байтақта

Атадан жетім жас қалып,

Келмеген ақыл тоқтамға.

Нар көтермес ауыр жүк

Осы күнде арқамда.

Бұл жұмыстан құтылсам,

Бір тыншайып отырсам,

Салмаспын деген ойым бар

шыбын жанды қалтама.

Осылай жайым, қарт аға,

Тарта алмай жүрмін қайсаңдап,

Жүк батқанда арқама.

Арманымды айтайын,

Жиылған халқым, ортаңа.

Міндетім бар мойнымда,

Осы жұмыс ойымда.

Тарқар еді арманым,

Сұлтанай хан болса халқыма.

Арғы атам Едіге

Аңғысын досын хан қойып,

3550


3560

3570


3580

228

БАТыРлАР  ЖыРы

228

229


Қалыпты даңқы артында.

Телағыс, Күніке—екі нар 

Тіл жалмаған Күреңді

Тартынбай берген сұрағанда.

Мұса оны хан қойған

Қондыкердің жұртында.

Осылардай Сұлтанай,

Абайласаң халқым да.

Сұлтанай таққа мінбесе,

Тарқамас арман бір ойым,

Қалсын ісім артымда.

Отырсаңдар бәрің де,

Жасы үлкен кәрің де,

Ақыл асқан биің де.

Қалмай келген көрінеді

Қайраты асқан қадірлі.

Қош көрсеңдер осылай,

Сыйласаңдар ініңді.

Мұса мінген алтын тақ

Сұлтанайға лайқат,

Көңліме солай көрінді.

Жақсылық пен жамандық

Әлі алдымда көп шығар.

ұзақ берсе Құдайым

Басында жазған өмірді.

шыбын жаным сау болса,

Байласам алмас беліме,

Қарсы тұрсам керек-ті

Мәскеудің залал қылатын

Діні бұзық кәуіріне.

Жалғыз өзім жүремін

Темір қақпалы Дербенттегі

Ата дұшпан еліне.

«Сұлтанайды хан қой» деп,

Өтінемін көбіңе.

Ел азайып қалыпты,

Халық кетіп жөніне.

Азғантай елде отырып,

Мен ойланып едім бұрында

3590


3600

3610


228

228


229

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Өзім таққа мінуге.

Қайратымды көруге,

Халыққа үлгі беруге,

Кеткен ноғайды жинамақ.

Телағыс, Күніке екеуін

Тірі көрсем сыйламақ.

Қиын екен туыстың

Жалғаншыда сирегі.

Осындай мақсат ойда бар,

Іш құсырым бойда бар.

Алдымды қайдан білейін,

Әлде залал, пайда бар.

Сұлтанайды хан қойсаң,

«Халқым» деп терең айналар,

Сонда терең ойланар.

Мақсатыма жеткенше,

Өзім таққа мінбеймін.

Айтқанымды қылмасаң,

Ел ішінде жүрмеймін.

Жиналған жақсы, ардақты,

Төренің осы билігі.

ұзақ, қысқа, кім білсін

Алдында жанның тірлігі.

Тағы айтам сол ойымды,

Мына отырған Сұлтанай

Бір жеткерген қолымды.

Жиналған көп ағайын,

Айтқанымды қыласың,

Сыйласаңдар дініңді.

Өзім таққа мінбеймін,

Жинап алмай елімді.

Туысқан, туған, ағайын,

Әнжінің айтқан шағымынан

Елден кетіп бөлінді.

Сұлтанай берген Қызылдың

Есен-сау жүрсем белінде,

Тарқамайды арманым,

Бір аттанбай кәуірге.

Әрі дағы құмармын,

3620


3630

3640


3650

230

БАТыРлАР  ЖыРы

230

231


Телағыс, Күніке дидарын

Тірісінде көруге.

Енді, елім, өзің біл,

Айтып болдым сөзімді,

Көрсетіп болдым жөнімді.

Қарасай мұны айтқанда, ордадағылардың жақсысы сыйлап, 

жаманы қорғалап, бірақ біраз ешкім сөйлемей отырды. Біраздан 

соң, көпшілік Қалила қарт пен Ахметтің сөздерін мақұлдап:—

Бұл тақтың атаңның мұрасы екені рас. Өзің иемденсең де, біре-

уді қойсаң да еркің,—деді.

Сол уақытта Қарасай орнынан түрегеліп:—Тақтың ықтияры 

менде  болса, мен онда мына Сұлтанай би ағама берем!—деді.—

Сіздердің  мені  дұрыс  түсініп,  әруақты  сыйлағандарыңызға 

рахмет!  Екі  арманым  бар  еді,  бірі  және  ең  маңыздысы  осы 

арада  орындалатын  болды,  ол  тарап  кеткен  ноғайлының 

атажұртта  басын  қосу  еді.  Осы  арманның  бастауын  Сұлтанай 

ағам бастасын. Ендігі бір арманым—Телағыс пен Күніке деген 

туысқандарымды тауып, дидарласу. Әнжі салған ылаңнан олар 

бұл күнде Қондыкердің жұртына хан болып отыр дейді. Көзінің 

тірісінде  соларды  іздеп  барып,  татулассам  деймін.  Осы  екі  ар-

маным түгел орындалған соң ғана таққа отыру-отырмауды сөз 

қылармыз. Таққа отырып, ел басқаруда бір ғана батырлық жет-

кіліксіз. Ақылы кәмбіл, дана ғана халық тағдырын терең түсіне 

алады. Сондықтан Сұлтанай менің орныма хан болады,—деді.

Отырғандар:—Қарасайжан,  өз  шешімің  дұрыс!  Ақылға 

қонымды  сөз!—десіп,  түгел  мақұлдап,  дәуір  айтқызып, 

Сұлтанайды хан қойды.

Сұлтанайды хан қойып, кеулін бірлеп, Қарасай ауылына кел-

ді. Бір күні үйде ағасы Мамай ханның заттарын ақтарып отыр-

ды. Мамайдан қалған көп қағаз бар еді. Солардың арасынан бір 

ерекше қағаз шықты. Жазуды оқып көрді. Оны Мамай өлерінде 

жазыпты. Сонда темір қақпалы Дербент деген қаланың жолын, 

жерін,  шөлін,  көлін,  құдықтарын  белгілепті.  «Ендігі  өмірімді 

қалмақтың осы қаласын алу жолына сарп етермін»  депті. Енді 

аттанам деп жүргенде өзі өліп қалыпты.

Қағазды көрген соң, Қарасай желігіп:—Мен темір қақпалы 

Дербентке аттанам!—деді. Ноғайлылардың кейбіреулері:—Сен 

аттансаң,  біз  де  ере  жүреміз!—деді.  Олардың  көпшілігінің 

3660


230

230


231

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

ойында «көп олжаға батамыз» деген пікір болған-ды. Қарасай 

оларға:—Әуелі өзім барып біліп келейін. Мамайдың жазғанына 

көп болған екен. Одан бері қандай өзгеріс болғанын кім білсін. 

Мүмкін, елі бөтен жерге көшіп кетті ме?—деді.

Сол сөзбен ноғайлының атқа қонбақ болғандарын тоқтатып 

тастап,  Қызыл  атқа  мініп,  елден  шықты.  Біраз  жүрген  соң, 

«жалғыз  болсам  да  шамам  келсе  көрермін.  шамам  кел-

месе,  ешкімнің  қанын  жауға  төккізбей-ақ  бір  өзім  қашып 

құтылармын» деп жалғыз аттанғанына қуанды. Сөйтіп, Қарасай 

темір қақпалы Дербентке қарай жүріп кетті.

Алла деп мінді Қарасай 

Қызыл аттың беліне.

Жалғыз өзі жол шекті

Атасы кекті еліне.

Тәуекелге бел байлап,

Ерлік еніп кеуліне,

Қайраты бар жас жігіт

Нан піседі деміне.

«Келмес адам,—деп ойлап,—

Бұл жүргенде шеніме!»

Желігіп кетіп жүргені

Мамайдың жазған сөзіне.

«Қырық мың жығын қол болса,

Салармын,—деп,—тезіме!».

Осыны ойлап Қарасай,

Қасында жоқ ешкімі

Елден шықты жай жүріп,

Көп асықпай сол күні.

Түнде қонып, азанда

Таңсәріден намазда

Сұлы берді атының

Мұнан былай жеміне.

Кішміш жеген Қызыл ат

Тимеген сұлы ерніне.

Қипатшада жүргенде

Күндіз-түні бағулы.

«Кішміш» деген қазақша—

Мәскеудің қара мейізі,

3670

3680


3690

232

БАТыРлАР  ЖыРы

232

233


Сол үшін берді сұлыны.

Қарасайға мағұлым

Сұлының атқа жеңілі.

Темір қақпалы Дербентке

шамамен жүрді жағалап

Астраханның жағасын.

Төртінші күн дегенде,

Қазаннан өтіп кеткен соң,

Қалмақты елге жеткен соң,

Іздесе емге таба алмайды

Мұсылманның баласын.

Бүлік қалмақ зор болып,

Қай жұрттың да алып тұр

Ол уақытта мазасын.

Қарасай енді шын жүрді,

Сегізінші күн жүрді.

Қолынан келсе егер де,

Қалмақтың бермек жазасын.

Күн тоғызға толғанда,

Намаздігер болғанда,

Темір қақпалы Дербенттің

Алыстан көрді қарасын.

Қарасын көрді алыстан,

Көз байланбай мен барып,

Оры болса айналып,

Көрейін,—деді,—шамасын».

Қызыл атты зулатып,

Келе жатыр құйғытып,

Жүрісі бейне борасын.

шәһарға жақын келгенде,

Көп түйені айдаған,

Жанына жалаң байлаған,

Өсіріп шашын бұрымдаған

Бір адам айдап барады

Түйенің бір қарасын.

Түйені айдап барады,

шығармай шаңын жүргізіп.

Мақсаты бар күн бата

Қамалға кетпек кіргізіп.

3700


3710

3720


232

232


233

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Жолығайын бұған деп,

Артынан жетті Қарасай,

Қызыл атты желгізіп.

Қасына келсе қарт кісі,

Түйе бағып жүріпті

Сақалын күнге күйгізіп.

Жас-кәріге қарамай,

Кім де болсын жоқ болса,

Қояды Құдай көнгізіп.

Жақындап келіп Қарасай,

Толғады мойын бұрғызып:

—Қайрылмадың, әй, ата,

Қайда кетіп барасың,

Мінген түйең сабалап?!

Қайда қашып барасың,

Жау тұрған жоқ қамалап?!

Мал мен елдің иесі кім,

Білейін деп ем жөн сұрап?!

Әуелі сізге білдіріп

Өз жөнімді айтамын,

Ханның қызын аламын,

Ат сауырына саламын,

Болмаймын құда құрмалап.

Мен ноғайлыдан боламын,

Ағамның аты—хан Мамай,

Әкемнің аты—ер Орақ!

Ханыңа дұғай сәлемде,

Сенбесін мына қорғанға!

Қаласын бұзбай қоймаймын,

Тірі жүріп жалғанда!

Кешегі кеткен хан Мамай

Жауласуға бұл елден

Болып кеткен арманда!

Жалғыз басты байладым

Бұл қалмақпен жанжалға!

Қанеки, ата, атыңды айт,

Кім тұрады бұл  қалада?!

Мен аттанып келемін

Темір қақпалы Дербентке.

3730


3740

3750


3760

234

БАТыРлАР  ЖыРы

234

235


Бұл сапарға жол шеккен

Ризамын бейнетке.

Жау болмақты қалмақпен

Ноғайлыдан алдым міндетке.

Қорғаны қандай қаланың,

Қақпасы бар қай шетте?!

Мен сол қалаға жеттім бе,

Немесе өтіп кеттім бе?!

Іздеген қалама ұқсайды,

Көзімді салсам төңірекке.

Патшаңыздың аты кім,

Аты шыққан батыр кім,

Халқының және заты кім?

Мен мына тауға барып жатамын,

Тез сөйле, ата, кідіртпе!

Сонда шалың толғады,

Көп кідіріп тұрмады:

—Олай болса, шырағым,

Сенің атың Қарасай,

Кездескеніңді қарашы!

Әкең сенің ер Орақ,

Ер екеніне әкеңнің

Ешкімнің жоқ таласы.

Әкең ісін бітірген

Осылай жүріп оңаша.

Сұрағаныңды айтайын,

Бұл Пазыл патша қаласы.

Іздеген қалаң тап осы,

Сендей неше ерлердің 

Келе алмаған шамасы.

Менменсіген талайдың

Ақтарылған сабасы.

Өгіз деген ері бар,

Күнқияш деген қызы бар,

Әсіресе сол қыздан

Талайдың жеткен қазасы.

Осыдан бөтен сөзім жоқ,

Бастан өтті дүние боқ.

3770

3780


3790

3800


234

234


235

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Күн батып кетсе түйені

Көретұғын көзім жоқ.

Қырық мың жығын әскері

Халқы сансыз жүдә көп.

Сұрасаң, балам, жөн осы,

Қорықсаң қоста қаларсың,

Қаныңды босқа төкпей тек.

Ертең, егер, ер болсаң,

Темір қақпалы Дербенттің

Аузында көрерсің тамашаны.

Қаланың жайын айтайын:

Тоғыз қабат оры бар,

Тоғыз аршын қорғаны.

Қақпасы бар темірден,

Мыс аралас құйғаны.

Құлыптайды күн батса,

Ішкі ауызда әскер көп.

шабамын деп келгендер

Кіре алмайды қорғанға.

шыр айналып айқайлап:

«Сыбағасын берем!» деп.

Қорғанды көріп айналып,

«Қалай да ішке кірем!» деп.

«Жекпе-жек!» деп айқайлап,

Қыз шығады жекеге

«Мен де сені көрем!» деп.

Қолындағы найзасы 

Тоқтамай салса өтеді

Адам түгіл, тастан да.

Көп әңгіме не керек,

Сөзімнің осы болғаны,

Ермін десең жасқанба.

шал  осылай  деген  соң,  Қарасай:  «Бұл  бір  пісентті  адам 

екен. Патшаға хабар беретін болды» деді де,  бір таудың етегі-

не барып түнеді. шал болса, түйесін қорасына апарып тастап, 

қайтып барып: «Бір жалғыз атты жау келді. Атым—Қарасай, 

Орақтың  баласымын  деді»  деп  патшаға  хабар  берді.  Патша 

хабар  тиген  соң,  мал  мен  жанды  қаланың  ішіне  қалдырып, 

3810

3820


3830

236

БАТыРлАР  ЖыРы

236

237


әскерін  ауызға  жинап,  дайындыққа  кірісті.  Күнқияш  жеке 

шығуға қамданды.

Ертеңгісін Қарасай да атына мініп, темір қақпалы Дербент-

ке қарай жүре берді. Қалаға жақындап келсе, майданда бір адам 

тұр. «Бұл кім?» қараса, қыз екен. «Күнқияш осы екен ғой» деп 

ойлады.


Сонда  қыз  Қарасайдың  қарасын  көргеннен-ақ  сөйлеп  жа-

тыр: 


—Жалғыз жүрген, жас жігіт,

Қалай қарап барасың?!

Кіргізбейді бұл шәһар

Мұсылманның баласын!

Кіремін десең шәһарға,

Менімен ұрыс саласың!

Жөніңді айтып білдірші,

Қай мұсылман боласың?!

Сендей неше ерлердің

Көріп жүрмін шамасын!

Мен жөнімді айтайын,

Пазылдың қызы Күнқияшпын.

Желденіп келген талайдың

Қақыратқанмын жағасын!

Темір қақпалы Дербенттің

Мен тұрғанда еш адам

Бұза алмайды қаласын!

Қарасай сонда сөйлейді:

—Таудағы тарлан шұбардың

Ізінде жүреді сендейі,

Алдында жүреді мендейі.

Екі түрлі Жасаған

Жаратыпты пендені.

Әйел болып жаралған

Ақырында іздейді

Табам деп жоғын елдегі.

Ер керегіп кеткен соң,

Елден оған не пайда,

Босқа кетеді еңбегі.

Есітудің бар шығар

3840

3850


3860

236

236


237

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Ноғайлыда Едігені.

Өзімнің әкем ер Орақ

Жалғыз шапқан қамалға,

Бір Құдайға сенгені.

Ағамның аты—Хан Мамай,

Қалмақтың елін шұбыртып

шығарған қайда шөлдерге.

Менің атым—Қарасай,

Жөнімді біліп келдің бе?

Көрсетпе маған күшіңді,

Бір қыз шықса алдымнан,

Қайтармын  деп келдім бе?!

Жол сенікі, сөйлей бер,

Нашар деп болмас тегінде.

Күнқияш сонда айтады:

—Ер жігіт шабар ар үшін

Атаның кеткен кегіне.

Қарамайды өлімге

Тартып туса тегіне.

Сенің атың Қарасай,

Кінә жоқ ата-тегіңе.

Сендейді талай өлтірдім,

Құлақ салмай сөзіне!

Өлтіргем жоқ кек үшін,

Мына қалмақ жері үшін,

Жарамады олар теңіме!

Ғашық едім жасымнан

Мұсылманның дініне.

Ойдағы мақсат, шерімді

Айтармын деп жүр едім

Мұсылманның ұлының

Өзіңдей асыл бегіне.

Біз—қыл жалаулы қалмақпыз,

Талайды салған тезіне.

Және айтатын сөзім бар,

Тең көрсең,  мырза, өзіңе!

Қарасай айтты:—Қарағым,

Мен жалғыз жүрген дарамын.

Көп екен деп қорықпай,

3870


3880

3890


3900

238

БАТыРлАР  ЖыРы

238

239


Қалаңа ойран саламын.

Қарсы келген батырды

Қылышпенен жарамын.

Қалай-қалай сөйлейсің,

Қай сөзіңе нанамын?!

Қыз екен деп қызбаймын,

Дініме кірсең аламын.

Мен—бір асыл гауһар тас,

Ислам дінім халыққа паш.

ұрысамын дін үшін,

Садақа басым, кетсін бас!

Табиғатым тартпайды

Қайры дінге, алтын шаш.

Дініме кірген адамға

Достығым артық, шын жолдас.

Ойыңа келген сөзіңді,

Қанеки, ханша, айта бер,

Тыңдамаған жөн болмас!

Күнқияш сонда тіл қатты:

—Кірейін деп мен тұрмын,

Қарасай мырза, дініңе.

Қырық мың әскер артымда,

Жіберіп тұр мені де.

Қарсыласып сенімен

Қайратымды сынаман,

Мақшарда кетпес дақ болар,

Балқыған күндей жүзіме.

Өтірік ұрыс салайық

Халқымның кіріп сеніміне.

Сонан  соң  қыз:—Мына  қырық  мың  әскерді  әкем  маған 

сеніп  жекеге  шығарып  тұр.  Екеуміз  көрініп  қашсақ, 

құтқармайды.  Екеуміз  найза  салысқанда  мен  құлайын. 

Бөтендерінің  саған  шамасы  келмес,  қаймығар.  Бұл  да  бол-

са пайда. Сосын екеуміз бір қапысын тауып қосылармыз,—

деді. Сөйтіп, екеуі найзаласқанда, көп ұзамай Күнқияш  ат-

тан  ұшып  түсті.  Қыздың  Қарасайға  шамасы  келгендей  еді. 

Бірақ  бір  көргеннен  Қарасайға  ғашық  болған  қыз  өтірік 

құлап қалған-ды.

3910

3920


3930

238

238


239

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Оның өтірік құлап қалғанын білмес еді. Ханымы мен патша 

бұлардан  көз алмай қарап тұрған. Бұрын келген батырдың ат-

тонын олжа қылып әкелетін қызы құлап түскенде, жалғызына 

жаны  ашыған  әке-шешесі  де  мұнарадан  құлап  кеткендей  бол-

ды.  Пазыл  барабан  қақтырып,  ұрыстың  кілтін  ашты.  Енді 

қалмақтар Қарасайға қарсы шауып келе жатыр.

  

Патша шығып тұр еді



Мұнараның басында.

Күнқияш аттан түскенде,

Ханымы тұрған қасында.

Мұнараның басынан

Кеткендей болды ол ұшып.

Жанталасты патша ағзам,

Қызына жаны қатты ашып.

Барабан қағып «Бар!» деді,

ұрыстың кілтін қалды ашып.

Патшадан әмір болған соң,

Қарақұрттай көп әскер

Батырға қарай қаптады-ай.

Қайратты туған Қарасай

ұрыса берді тоқтамай.

Құлақ тарса тынады,

Қалмақтар мылтық атқанда-ай.

Тозаңы басты түнеріп,

Жабыла әскер шапқанда-ай.

Жүрегі майлы, қанды көз,

Өлемін деп қорықпады.

Қаптаған қалың әскерден

Тоқырап кеулі қайтпады.

ұрыса берді бетімен,

Аттың басын тартпады.

Аты жазым болмаса,

Қуат берсе Алласы,

Күн батуды шарттады.

Едігені еске алып,

Мылтық пен найза алмады.

Қалыңшылық көп адам,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет