|
1610
1620
1630
1640
174
БАТыРлАР ЖыРы
174
175
Неге көлік табылмасын,
Осының бәрі ағайын?!
Бар деген шығар бәйбіше
«Мен де бар деп тұлпар ат».
Аяймын ба мен сенен
Қолымда болса асылзат?
Сырымды білген кімде-кім
Көкдөнен атты демес зат.
Патша болсын, бек болсын
Сұрамай мінер жақын-жат.
Әттең, тұлпар болғанда,
Оны бермей дұшпанға
Қыламын ба сені мат.
Сендей тұқым қайда бар
Жеті атадан рабат?!
Қолдағыны аяған
Сендей текдар тұқымнан—
Құдай алдында зор ұят.
Дұрыс болған бәйбішенің
«Бар,—дегені,—ағаңа».
Қолымда тұлпар ат болса,
Бермеймін қалай саған да?!
Төрт тұлпар ат бар еді
Тауарлықтың жұртында.
«Жа» таңбалы Қаракер,
Алтын кұйрық Ақшұбар—
Есітуім шорада.
Тіл жалмаған Күрең ат
Телағыстың қолында
Бұл үшеуі соларда.
Әкеңменен жау болып,
Кетіп еді олар да.
Менде бірі—Көкдөнен,
Бір мал еді жарамды.
Нағыз тұлпар сол еді
Мінуге саған қолайлы.
Мінгеннің жолы болатын
Қашаннан маған сыралғы.
Сұлу туған жануар
1650
1660
1670
1680
174
174
175
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Қайратты ерге кез келіп,
Тарқатпады құмарды.
Дос баласы сен болсаң,
Атаңды көрген мен болсам,
Не берсем де тұрар-ды.
Қолымда болса Көкдөнен
Тек сендей сұңқар алар-ды.
Кетсең де мініп сұрамай,
Қолыңды кім қағар-ды?!
Ат болса неге бермейін,
Тұқымына тарланның.
Арманы бар ма жалғанда
Ізінде сендей тұқым қалғанның?!
Сұрай келген досына
Қолқасын берсе аямай,
Қызығы дағы жалғанның.
Жамандатып ат өліп,
Үш күн болды, шырағым ,
Мен дәл үстінде тұрмын арманның!
«Ат өліп қалды» деген уақытта баланың назары пәс болып,
жер шұқып көзіне жас келіп отыра кетті. Бала отырып қалған
соң, би басын қайттап үйге кетіп қала алмады. Балаға рахымы
түсіп қайта толғады:
—Ат өлді деп, асылзат,
Төмен қарап мұңайма.
Келген болсаң арнайы,
Ат табылар мінерлік
Байтақ жатқан ноғайда.
Дүнияға келсе алармын
Бедел салып сұрамай.
Сатпаса қолқа салармын,
Бермейді маған ол қалай?
Сені жаяу жібермен,
Әйтеуір, төрем, қалайда.
Қолымнан баққан Көкдөнен
Керек еді маған да.
Аламын деп келген соң,
1690
1700
1710
176
БАТыРлАР ЖыРы
176
177
Қиын шығар саған да.
Сендей тұқым қайда бар
Жеті атадан таланды?!
«Айтқанынан қайтады» деп,
Ойлама мына ағаңды.
Тарлық пенен кемдіктің
Жасымнан көрдім талайын.
шын талпынсаң талапқа,
Жеткереді Құдайым.
Мінуге жауға жарамды
Ат болса сатып алармын.
Өзімнің дүнием жетпесе,
Тумама салық салармын.
Қайғырып, төрем, мұңайма,
Мінетін көлік табармын.
Дүниеме бермесе,
«Дос болам» деп сұрармын.
Бұл сөзіме бермесе,
Басымды тауға ұрармын.
Ат өлгелі әр жерден
Мен де атты сұрадым.
Мына байтақ ноғайда
Үш кісіде үш ат бар,
Есітіп тұр құлағым.
Үш кісіде үш ат бар
Жабу, жеммен баптаған.
Бірақ өзім көргем жоқ,
Көрген адам мақтаған.
Жауға мінген адам жоқ,
Бірақ жер, суменен шаппаған.
Көкдөнен қолда тұрғанда,
Назарым салып оларға
Жерім жоқ еді тоқтаған.
Сүйегі тұлпар ат да емес,
Бұл күндегі жылқыдан
шыны тұлпар шықпаған.
Жақсы шығар сонда да
Иелері сатпай, сақтаған.
«Жабу, жемнің күшімен,—
1720
1730
1740
1750
176
176
177
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Дейді,—босқа бақпаған».
Бір сапарға жарарлық,
Сүйектері әдемі
Қосауыздай оқтаған.
Жіліктері шыныққан,
Анасынан туғалы
Жері жоқ жерден оттаған.
Аттың иесі мыналар,
Сүйектерін олардың
Ойланып ағаң парықтаған:
Үшеуі де дығалдар
Артықпын деген халықтан.
Сірә, жақсыға жағдай өтеді,
Сақтасын Алла ақымақтан.
Ахмет деген біреуі—
Әрі батыр, әрі бек,
Кеуілінде ерлік көп.
Осы жаудың хабарын
Үйде отырып есітіп:
«Менен батыр, кім ер?! деп,
Жақын келсе шегіме,
Сонан соң атқа мінем деп,
Елге тисе зәбірі,
Сонда-ақ оны көрем деп,
Жазасын жаудың берем» деп,
Көз тігіп отыр елеңдеп.
Салторы деген аты бар,
Кішмішпенен тұр жемдеп.
Мерекеге қосқанда,
Ертеңгі шапқан шабыстан
Тыйылмайды төмендеп.
Байраққа қосса, жұрт шулайды:
«Салторы жалғыз келер!» деп.
Айтқандай жалғыз келеді,
Келіп тұрып және де
ұрынады елеңдеп.
«Сат» десе Ахмет сатпайды,
Кеуілімде жоқ және де
Сұрағанға берер деп.
12-310
1760
1770
1780
1790
178
БАТыРлАР ЖыРы
178
179
Мұқтар деген біреу бар—
Қатты мәзәжіп, кеулі тар.
Дәулеті асқан бай адам,
Мінезі оның тәкаппар.
Қолында баққан аты бар,
Атының аты—Ақайдар.
Қайратын көзім көрген жоқ,
Көп мақтайды ноғайлар.
Сәтімен туған жануар
Көрген адам айналар.
Сүмбідей болып жараған,
Мақпалдай түгі құбылар.
Иесі қатты бір адам,
Ойламаймын мен оған
Адам деп, сірә, сөз қонар.
Сұрағанмен бермейді,
«Сат» десе және сатпайды,
Оған ағаң не қылар?!
Қипатша деген біреу бар
Ат бағып тұрған тағы да.
Өзі нағыз саудагер,
Мәскеудің біледі байын да.
Қызыл ат деген аты бар
Қондыкердің жұртынан
Сатып алған тайында.
Теңгеріп жүрген ойы бар
Бір ердің жиған малына.
Қарасаң көзің тоймайды
Маралдай екі санына.
Адамның құлқы кетеді
Ақ бөкендей таңына.
Байлауда тұрып іші пысып,
Ортекедей ойнаған.
ұшқын шашып жан-жаққа
шамдай көзі жайнаған.
«Қандай малдан туды?» деп,
Таңырқанар ойлаған.
Бастырықты жабумен
Жазы-қысы жабылған.
1800
1810
1820
1830
178
178
179
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Аққудай мойны иіліп,
Қаңтарылады жалынан.
Байраққа қосса, басқа ат
Көрінбей қалар шаңынан.
Бұған теңдес ат болмас
Озған жүйрік табыннан.
Байлық қуған адам еді,
Сатса сатар осы,—деп,
Кетпей тұр менің ойымнан.
Осыны айтып Сұлтанай,
—Үйге кір, қане, кел!—деді.
Алдырайын атымды,
Жылдамырақ мін!—деді.
Себеппенен келген соң,
Таныс бол жеңгеңмен —деді.
Жылдамдатып ас асып,
Төрені тездеп жайлады.
Бір сағаттың ішінде
Ас үлгіртіп қазанда,
Самаурыны қайнады.
Сойғызып бағылан сырбазды,
Өзі жүріп жүгіріп,
Жылдамдатып болғызды.
Ерлетіп тарлан жорғаны
Жігітіне қойғызды.
Мінгізді атқа төрені,
Асығып асын болғызып.
Алдына түсті төренің,
Ол күні жолға қонғызып.
Ертең сәске болғанда,
Қипатшаның үйіне
Аттың басын бұрғызып,
«Хабарлас!» деді Сұлтанай,
Келе жатқанда күн қызып.
Сұлтанай Қарасайды ертіп, Қипатшаның аулына келді. «Ха-
барлас!» деген айқайға үйден Қипатша шықты. Аман-есен ай-
тысып болған соң, жұмысының түрін айтып, бидің Қипатшаға
толғап тұрғаны:
1840
1850
1860
180
БАТыРлАР ЖыРы
180
181
—Аманбысың, Қипатша?
Жұмыста жүрмін мен қатты.
Іздеп келдім өзіңдей
Жұмысым бар азаматты.
Саудагер үйден табылып,
Әзірге мені қуантты.
Ат сабылтып келгенде,
Оңғарғай Құдай талапты.
Жұмысым тұр ойымда,
Билігі оның өзіңде.
Сұрамай әзір айтпаймын,
Келген соң айтпай қайтпаймын,
Есітерсің кезіңде.
Қипатша, қане, не дейсің?
Мен қарап тұрмын өзіңе.
Қипатша сонда айтады:
—Ассалаума ғалейкум,
Жүріпсің, биім, жол болсын!
Арнайы шыққан ауылдан
Талабыңыз оң болсын!
Адам айтса ғана түсінер,
Іштегіні кім білсін.
Түстеніп бірақ кетерсің,
Арнайы үйге келгесін.
Жолыңыз болсын, қанеки,
Халық үстіндегі биіміз.
Түстенем десең аттан түс,
Мынау тұрған үйіміз.
Түстендіріп жайлауға,
Жоқ демейміз күйіміз.
Асығыс болса жұмысың,
Онда өзіңіз біліңіз.
Қанеки, онда, ей, аға,
Бола берсін жолыңыз.
Келіпсің іздеп ініңнің
шамалаймын өз басын.
Басымнан артық затым жоқ,
Аға қолқа салғасын.
Сұрай келсең, аларсың
1870
1880
1890
1900
180
180
181
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Мал түгіл, тіккен ордасын.
Қызыл ат қалса астымда,
Келтірер Құдай ыңғайын.
Мен көрмеген қай бала
Қасыңдағы жолдасың?!
Ат үстінен сөйлесіп,
Ісіміз ұят болмасын.
Түспеймін десең өзің біл,
Би аға, көңіл қалмасын.
Түсем десең атыңнан,
шақырайын, бала байласын.
Жаңалап салып төсекті,
Үйдің ішін жайласын.
Би жүргенде қысылып,
Біз сықылды шаруа
Қалай қылады пайдасын?!
Ауырлығы қонақтың
Келгенге болад қорғасын.
Әзілменен, би аға,
Ат үстінде көп тұрдың,
Бізге де ұят болмасын!
Қипатша осылай деген соң, Сұлтанай оған жанындағы
Қарасайды таныстырып және келген шаруасының асығыс
екенін айтып тұрғаны:
—Танымасаң баланы,
Таныстырайын ағасы.
Мұның аты Қарасай—
Ер Орақтың баласы.
Арғы атасы Едіге
Атаққа шыққан бір басы,
Болмаған ешкім наласы.
Есітіп жаудың хабарын,
шығыпты соған бармаққа.
Келген екен бұл маған
Көкдөнен атты алмаққа.
Келген соң есітіп өлгенін,
Менен де жаман мұңайды.
1910
1920
1930
1940
182
БАТыРлАР ЖыРы
182
183
Мұңайған соң жас бала,
Ауызымнан шығып еді,
«Ат табам,—деп,—қалайда!»
«Ат сатып алып берем,—деп,—
Тап келсе егер талайға».
Досы үшін азамат
Қолдағы малды аяй ма?!
Аузымнан шыққан сөзімді
Екі ететін мен емес.
Ат ұстаған адамдар
Олар да менен кем емес.
Ат алып берем осыған,
Келмесе де орныға.
Тәуекел етіп мен тұрмын,
Алғасын соң жұмыс мойынға.
Халықтың іс болған соң,
Малымды салып ойынға.
Не де болса, тәуекел,
Сиынып тұрмын Құдайға.
Қырық мың жығын жау келсе
Байтақ жатқан ноғайға,
Бірлігі жоқ қашанда
Біздің елге оңай ма?!
Түстеніп саған жатуға
Сонан соң, інім, болар ма?!
Халқымның, елдің қамы үшін
Кірісіп жүрмін амалға.
Жайшылықта отырсың,
Жылқы жатыр шағанда.
Пұлы қымбат Қызыл ат
Құр ойнайды қораңда.
Жауға оны мінуге
Сені мен бізге жазбаған
Ондайды Алла таланға.
Ертең елге жау келсе,
Атың түгіл еріксіз
Қатының мен балаң да!
Одан дағы, шырағым,
Жақсыға сатып пұлын ал,
1950
1960
1970
182
182
183
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Айтамын ақыл саған да.
Мінгізейік осыған,
Дұғалы ердің тұқымы еді,
Жалғыз шапқан қамалға.
Бәсін айт та, пұлын ал,
Ағаңа сатып одан да.
Орынына оның баға бер
Бір жақсы тұқым тағы ал да.
«Қысылып келген екен» деп,
Саудасын айтпа тысқары.
Сат дегенде сатпаған—
Адамның осы дұшпаны.
Айтпаса бәсін малының
Қанадан адам тасқаны.
Жаманға барсаң қысылып,
Аядай болар аспаны.
Саған келдім мен арнап
Бітірер,—деп,—жұмысты,
Ағаңның емес сасқаны.
Сенен шықсам біржола,
Жұмыстаймын басқаны.
Жасарал келеді бұзуға
Ноғайлының байтақ қамалын.
Қатын менен баланың
Біз тартамыз обалын.
«Халыққа қорған» деп айтпайды
Біз сықылды адамын.
Осы сөзді ойланып,
Іздеп жүрмін амалын.
Сартшыламай бәсін айт,
Малға келсе аламын.
Не дейсің, кәне, шырағым,
Ат табам деп төреге
Алып едім міндетке?!
Айтарымды мен айттым,
Енді ағаңды сөйлетпе.
Көкдөнен өлді, шын тұлпар
Жаралған жанды өлмекке.
Бір биенің құлыны
1980
1990
2000
2010
184
БАТыРлАР ЖыРы
184
185
Сырты түкті, іші боқ
Сатпаймын,—деп,—атымды,
Ағаңның көңлін кірлетпе.
Бітір менің шаруамды,
Енді мені терлетпе.
Алдына түсіп мен жүрмін,
Аға деп келген еңбекке.
Ат іздетіп, Қипатша,
Жайықты енді өрлетпе.
Қырық аруана нарымды ал,
Кеміс десең тағы да ал.
Немесе ылғи қазына ал,
Мен дайынмын төлемекке.
Жайың қалай, шырағым,
Қызыл ат бермекке?!
Қипатша сонда сөйледі:
—Өзіміздің төре ме еді
Қарасай деген бұл әлі?!
Қайырлы болсын қадамы,
Оңғарылсын талабы,
Ашыла берсін таланы.
Жаудан неге тайынсын
Арғы атасы жүдәлі.
Өз әкесі ер Орақ
Жалғыз бұзған қаланы.
Жауға тисе жасқанбас
Едіге—ұлы ұраны!
Сізден бұрып, биеке,
Тиіп тұр жаудың хабары.
Есіткелі бұл жауды
Әркім келіп бір сұрап,
Алып тұр, аға, мазаны.
Бәсін айтпай бола ма,
Келген соң арнап арнайы.
Он сан жатқан ноғайдың,
«Атыңды сат,—деп,—саудагер,
Саудаласты талайы.
Өзімнен төмен «ат сат» деп,
2020
2030
2040
2050
184
184
185
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Өтіп тұр, аға, азары!
Қызыл аттың басында
Осы күні базары.
Жөн саудасын айтамын,
Қиналып келген екен деп,
Тысқары айтпаймын мен әрі.
Ат сатпасқа бола ма,
Арнайы «сат» деп келген соң
Халықтың сіздей адамы.
Өзің көрген Қызыл ат
Жазы-қысы бағылған.
Тоғызға келіп толып тұр,
Жері жоқ әлі арыған.
ләбліде сергіп ойнайды,
Қаңтарылады жалынан.
Тоғыз жасқа келгенше,
Бұзылған жоқ сауыры
Құлындағы формынан.
Қызыл атты, би аға,
Бағып тұрмын қолымнан.
Суыққа түгі тоңған жоқ,
Бастырықты жабудан.
Күнге түгі күймеген,
Масатыдай құбылған.
Сүмбідей болып жарап тұр,
Жаңа да тойға шабылған.
Қаншама шауып қинасаң,
Тер шықпайды сауырдан.
шын сырымды айтайын,
Арнап келсең ауылдан.
«Сат» деген соң сатамын,
Қауіп қылып және дабылдан.
Ат сатпасқа бола ма
Жаңа талап жас түлек
Ерген екен соңыңнан?!
Өзің көрген Қызыл ат
Атасы айуан, тілсіз мал,
Бәсін айт деп, биеке,
Қапелімде қылдың дал.
2060
2070
2080
2090
186
БАТыРлАР ЖыРы
186
187
Сатып алған бәсімді
Әуелі сізге айтайын,
Бұл сөзіме құлақ сал.
Сатып алдым тайында
Қондыкердің жұртынан.
Алты жүз санап пұл бердім
Тай тұяқ құйған алтыннан.
Тоғыз жағалы тон бердім
Сарала ылғи құлпыдан.
Тоғызға келіп толып тұр,
Бұл күнде бәсі артылған.
Қиялай қиқу болғанда,
Жылқы озған жоқ артынан.
«шуһ!» дегеннен озады,
шапқан сайын шалқыған.
Сұрасаң жөні бір басқа,
Ардақты бисің халқыңнан.
Сатпаймын деп айтуға
Сөзіңе бойым балқыған.
Ел қамы үшін жүріпсің,
Сұңқарды ертіп талпынған.
Аламын десең, би аға,
Қырық аруана нар керек
Қоспағы жоқ тартынған.
Жіп шықпасын арқаудан,
Болсын және бәріне
Кілең жібек артылған.
Жау келе жатыр екен деп,
Кеміс бәске сатпаймын,
Жүрейін аулақ у-шудан.
«Атын қорқып сатты» деп,
Сөз болады сыртымнан.
шын алсаңыз лажым жоқ,
«Аттың бәсін айт» дедің,
Кемімеймін осымнан.
Бөтен айтар сөзім жоқ,
Осы бәске сатамын
Қызылды озған қиқудан!
Қипатша мұны айтқанда,
2100
2110
2120
2130
186
186
187
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Би тұрмады тоқталып.
Күлімсіреп сөйледі,
«Сатам» дегенге шаттанып:
—Ауылға ертең ерте бар,
Мен тұрайын шақталып.
Мұрындық жоқ, бұйда жоқ,
Саудагер бар ноқта алып.
Қасыңа адам ертіп бар,
Дүнияны өзің ал,
Көзіңмен көріп ақтарып.
Атыңды қымбат демеймін,
Төре кетсе болады
Арнайы келген мақтанып.
Жіберейін қонақты,
Бүгін бастан атқарып.
Дәулетім саған жетеді,
Жайылсын артқа ат қалып.
Құтты болсын айтайық,
Өзің барып, Қипатша,
Қанеки, шықшы атты алып?!
Айтқан бәсін берген соң,
Тұра алмады енді кідіріп.
Айтқан бәске сатса да,
Жүр, білем, іштен күйініп.
шарбағына барғанша,
Көзі түсті бұлардың,
Екі-үш кетті сүрініп.
Қайғырғанын би біліп,
—шырағым, жылдам әкел!—деп,
Айқайлады ол күліп.
Жетелеп шықты Қипатша
Қызыл атты қорадан.
Бастырықты жабулы,
Белін құрмен ораған.
Құлағын тігіп Қырымға,
Бір мал екен қараған.
Екі көздің жанары
Көрінед жарық шырадан.
Көтеріп басын қараса,
2140
2150
2160
2170
188
БАТыРлАР ЖыРы
188
189
Назары түскен қиядан.
Алдын орап ойнайды,
«Тек-тек!» деп келеді Қипатша
шылбырын ұстап сағадан.
Аттан түсіп Сұлтанай,
Жабуын көрсе сыпырып,
Кіңдігінен жараған.
Сүмбідей болып қатпыты,
Ат ойына ұнаған.
шамаға соқты бедені,
Сұлтанай іштен сынаған.
Сұлтанай сонда сөйледі:
—Атыңнан түс, Қарасай!
Еріңді сал Қызылға,
Мінуіңе жараса-ай!
Бағуы келген мал екен,
Бір сапарға мойымас,
Күн-түн шауып илесе-ай,
Бірақ Көкдөнендей мал қайда?!
Жүзікше жоқ аяқта
Тасқа шапса таймайтын,
Кере қарыс тұрасы.
Туымды бұл да мал екен,
Болдыра қоймас шамасы!
Төре түсті атынан
«Мінемін де кетем,—деп,—
Би, өзіңе ұнаса?!»
Ерін салды Сұлтанай
Қызыл атқа төренің.
Үш жабуы бар екен,
Қанжығаға бөктерді
Жеңілірек керегін.
Қипатша алып шылаудан,
«Биисим Алла!» деп Сұлтанай,
Аттандырды төрені
Қолымен ұстап білегін.
Қипатша мен Сұлтанай
Құтты болсын айтыпты:
2180
2190
2200
2210
188
188
189
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
—Жеті атадан келе жатқан
Абыройлы төре едің!
Құтты болсын Қызыл ат,
Талабың қайтпай, шырағым,
Бола берсін дегенің!
Сапарыңды оң қылсын,
Тілектес мына көп елің!
Қипатша тағы айтады:
—Құтты болсын, төрежан,
Астыңдағы Қызыл ат!
Иесіне барды, арман жоқ,
шынжыратай асылзат!
Сенің атың болып тұр
Малым еді бір қымбат.
«Өзім өлмей сатпан» деп,
Келетін еді ойыма
Тұрғанда жаным аманат.
Ойлаған ойым болмады,
Құдіреттің ісі шалт.
Қызыл ат қолға келгелі
Жүріп еді инабат.
Сапарыңды оңғарғай,
Сау болып, төрем, саламат!
Бағып едім тайында,
«Артық,—деп,—атың» би де отыр,
Көргендер айтты: «Тұлпар!» деп.
Мақтайтын еді мұны да
«Ат емес, нағыз сұңқар!» деп.
Неше рет қостым жиынға,
Келетін қара үзіп тек.
Сатып тұрмын атымды
Артық туған бағыңа.
Амалым жоқ еліме
Жау келе жатыр тағы да.
Қадірін білмес бір жаман
«Сат!» деп тиер арыма.
Тұрғаным жоқ, биеке,
Қызығып сенің нарыңа.
Амалсыз саттым арымды,
2220
2230
2240
2250
190
БАТыРлАР ЖыРы
190
191
Сіз айтқан соң базына.
Жау жоқ болса Қызылды
Сексен нарға бермес ем,
Бастырып бермең қазына!
Төре атқа мінген соң,
Қипатша менен Сұлтанай
Қарасайға қош айтты.
Жолға түсіп кеткенше,
«Құтты болсын!» үш айтты.
Қош айтысып бұлармен
Төре де енді жөн тартты.
Дүниясын беріп аямай,
Би де ісін ұқсатты.
Елден аулақ шыққан соң,
Көңілі тасып Қарасай,
Жүргізіп атын сұрапты.
Тақымын қысып «шуһ!» десе,
Жылыстайды пырақтай.
Денесі сергек жануар
Жарға ойнаған лақтай
Барған сайын қуанып,
Атты төре ұнатты.
Жүрген сайын Қызылдың
Өнеріне құмартты.
Кигені төре торқа еді,
Асынғаны болат-ты.
Жаңа талап жас батыр
Жауға қылды талапты.
«Тәуекел» етіп келеді,
Ауызға алып бір Хақты.
Астындағы тұлпарды
Байқауменен келеді.
Сыпсыңдаған аяңы
Желістен жылдам өнеді.
Бара-бара сыпыртып,
Қарсақ жүріс жүреді.
«Бүлкілінен басқа аттың
Артық-ау» деп біледі.
2260
2270
2280
190
190
191
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Бұған кеулі шаттанып,
шын сыдыртып көреді.
Сыдырысы Қызылдың
шабыстан жылдам дер еді.
шоқытып еді біраз жер,
Дізгінін керіп гуледі.
Құмарланып Қарасай,
Қызылға тағы «шуһ!» деді.
«шуһ!» дегенде атылып,
ылди жерден қарғытып,
Басқандай, мысалы, төбені.
Ойына келді бидің дөненін
«Мұнан да артық!» дегені.
Рас екен, Қипатша
«Атым тұлпар» деп еді.
Көңілі толып Қарасай,
Атқа кәміл сенеді.
Сол уақытта шамасы
Жау менен елдің арасы
Үш күншілік жер еді.
Келе жатқан батырдың
Бет алысы, әйтеуір,
Жау бағыты дер еді.
шағанның сырты сары дала,
Қысы-жазы ығысқан
Мал семіртер бел еді.
Отыз ауыл ноғайлы
Осынау сары далада
Елден шеттеп жүр еді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|