«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата06.04.2017
өлшемі2,23 Mb.
#11121
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

сенен басқа балам жоқ

Құдайдан басқа панам жоқ.

Алды-артыңда сүйенер,

інің менен ағаң жоқ.

Аттанып келсе қайрақты,

көпке айтар сөзің жоқ,

Қалың тама, қараң жоқ.

Құдай медет болмаса, 

ұрысатұғын көңілім жоқ.

Жалғыз үйлі жарлымын,

еш нәрсенің жөні жоқ.

тым болмаса тығылып,

дарбаза тартып тұрарға,

Қазан деген қалам жоқ.

түрегелді ер шора,

пір қолдаған бейшара,

тау суындай бұралып, 

Жолбарыстай ыңыранып.

камшат ішік үстінде,

бауын үзді белсеніп.

шұбар атқа мінді де,

нәрікке келді теңселіп.

«саспа, әке, сен,—деді,

сасқаның мұнша нең,—деді,

бір кісіге бір кісі,

тәуекел қылғын сен,—деді,

Жәбірлі құлан ол еді,

терілі құлан сен едің,

Жеріңнен ауып кеп едің.

Аруақ пенен Құдайға

болайын мақұл мен,—деді,

Қоңыраулы нардың үстіне

Алтынды тоғыз қамқаптан

Артып маған бер,—деді,

бір тәңірге тәуекел,

4190


4200

4210


188

бАтырлАр  Жыры

188

189


Өнерімді көр,—деді,

дұғада боп тұр, ағайын».

бұл сөзді айтып нәрікке,

әулиеге ат айтып,

Қорасанға қой айтып,

ерлі-байлы екеуі,

Өздерін құрбан жана айтып,

Қырық үйлі тама, шора үшін,

Мойнына салып белбеуін,

Жан басына мал айтып,

нәрікбай мен күлқаныс

нұрлы жүзін сарғайтып.

Атасынан бата алып,

әлібидің алдынан

Жөнелді шора жол тартып.

батырақты судың басына,

тас бастаудың қасына,

келіп атын байлады

кереге жапсар тасына.

тоғыз жолдың тоғасы,

тас бастаудың жағасы,

тоғыз жолдың тоғысқан.

Қатарлап жиды сол жерге,

Ақылын мұның қарашы,

Қоңыраулы нарды байлады,

бұлақта қымтап сайлады.

тартуын тастап бұ жерге,

Және бір ақылды ойлады.

кемер тастың астына 

келіп тұрды көрінбей.

ол уақытта шораның

көңілі тасып тұр енді.

Аспанменен заулаған,

Қанаттарын қомдаған,

егескенін қоймаған,

ішсе қанға тоймаған.

орданы бұзып қайран қып,

Мың-миллионды ойлаған.

4220

4230


4240

4250


188

188


189

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

көк дауылдың өзіндей,

ердің жолы болмайды,

басын таңып кезенбей.

бір анадан жалғыз-ақ,

назар қылған аруақ,

Мінгені шұбар арғымақ.

заманым қандай болад деп,

нәрікбай тұр зар жылап.

Қорқақ емес ер шора,

кетсе дағы тау құлап.

Жырта қарыс қабағы,

Адамның асыл манабы,

басқарар емес көңілі,

әлібиге талабы.

Ақ орамал басында,

әлібидің қасында,

Ақ маңдайы жарқырап,

Ақ сүңгілі, найзалы,

Адамнан туған айлалы.

Жан көрінбей көзіне,

Жын пайда боп өзіне

он бірдегі кезінде.

сол уақытта көңілі,

теңгерер емес ешкімді,

тең келер деп өзіне.

ордаға жапқан бидайық,

тұмсығы алтын, түбі жез,

тұяғы алтын болаттай,

Қанаты гауһар деген сөз.

бидайықтай балаға,

әліби бүгін болар кез.

Өзі сұңқар, лашын,

есіткен жерді алам деп,

сұңқардай жайды құлашын.

әлібиді тосып тұр,

бір тамаша қыласың,

Адамның асыл тұйғыны.

әлібиден басқаны

ойлар емес пиғылы,

4260


4270

4280


4290

190

бАтырлАр  Жыры

190

191


Жанған оттың шоғындай.

Арасы зор алыстан,

Өмірдің мылтық тобындай,

тасыған су өзендей,

ердің жолы болмайды,

басын тігіп кезенбей.

Мінген аты шал қасқа,

Қол қойып тұр алмасқа.

бұл баланың көңілі жоқ,

ұрыспай бекер қалмасқа.

ер өлімі бір күн деп,

есек жолы қырық күн деп,

кімге тәңірі береді,

бір тәуекел қылдым деп,

бүркіттей көзі шүңіліп,

көк тұйғындай түйіліп,

түсіп тұрды ер шора

әлібидің жолына.

бар ма өлімнің қарасы,

Өлімнің жоқ шарасы.

Алғыр бүркіт секілді,

шораның саусақ саласы.

түс қайтып бесін болғанда,

әлібидің шықты қарасы.

Қырық жігіт қасында,

күлзар аты астында,

Жан көрінбей көзіне,

Жын пайда боп өзіне,

Жетіп келді әліби.

батпақты судың басына

Қара нар тұр байлаулы,

зергерлі тұр шешулі.

тоғыз қамқап алтын тон 

Жолында тұр тартулы.

Мұны көріп әліби,

Жанында бар қырық жігіт,

бәрі мырза,батыры,

Қырық жігітке сөйлеген,

әлібидің тамсылы:

4300


4310

4320


4330

190

190


191

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

—ей, қырық жігіт, қырық жігіт,

Қамқап пен нар жолда тұр,

бұ шораның амалы.

Амал қылып алып кеп, 

Жолымызға салыпты,

бұл амалдың жаманы.

ел екен деп ойлама,

бұл ұйысқан таманы.

Өлтірмей тірі қоймаңдар,

білмеген әсілін баланы.

Алды-артына көмексіз,

Өліп кетсе дерексіз,

Халін білмей бұл жалғыз,

көңілі өсіп кетіп барады.

Аз үйден шыққан азулы,

Өлтірмей қойма шораны.

шауып алып жол қылған, 

Жоқтап келсе көрерміз,

Қазаннан келген таманы.

әлін білмей ұрынды,

ойын екен бұрынғы.

Аяймын деп қоңсыны,

Мың балам бекер қырылды.

Ақтасаңдар тұзымды, 

ұстап бер  шора зұлымды.

есіркеме жетімді, 

тимесең жетім есірді.

ешкім қарап көрген жоқ

әлі менің бетіме.

ескерусіз жүр десем,

Жетіп-ақ қалған секілді.

Алданып назар салмаңыз,

Алтын-күміс, зерім деп,

тартулы қара нарым деп,

Қорыққаннан тарту қып,

Ап кепті асыл «барым» деп.

нәрікбайдың сақалын

түбінен кесіп алыңыз.

күлқанысты шашынан 

4340


4350

4360


4370

192

бАтырлАр  Жыры

192

193


Ат көтіне тағыңыз.

көз алдынан нәріктің,

бауыздап шора құлынын,

басын кесіп алыңыз.

сенгені оның Қарахан,

Алдына айдап барыңыз.

Қайрылмады қырық жігіт,

Жүрді қамқап үстінен.

батпақ суға бастырып,

байлаған нарды қылышпен

Желкесінен шаптырып,

Мұны көріп шораның,

не болғанын білмейді.

Өзінен бұрын әліби,

Құдайға шет боп жөнейді.

Алтынды қамқап, зер тонды

бастырып атпен жүрді енді.

назар қылмай бұларға,

шораның өзін іздейді.

тартып-тартып жіберді,

шұбарды шора жанбасқа.

Қолын қойып суырды,

Асбақан қылыш алмасқа.

«дүниеге бір күн тудым,—деп,

ұмытпас қорлық қылдым,—деп,

тарту тартып алдыңа

кісілікті қылдым,—деп,

Жас болсам да, әліби,

Өлерімді білдім,—деп,

кім тірі қалмақ дүниеде,

кеткенді талай көрдім,—деп,

бәйгеге қостым басымды,

әзір бол енді, пірім,—деп,

пірлерім, жаман қысылдым,

Қолдар күнің бүгін,—деп,

тартуыма қарамай,

күпір қылды әліби.

нарымды шауып өлтіріп,

4380

4390


4400

4410


192

192


193

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

кесір қылды әліби.

тобасыз мені алмаққа

секіл қылды әліби.

Алтынымды атқа бастырып,

Үкім қылды әліби.

сүйегімнен кетпестей,

Қорлық қылды әліби.

бұрынғы күн—күн екен,

бүгін де қорлап жүр екен.

әліби салды бір тамға,

сыбағам кейін тұр екен.

Қараханды жылатқан,

иттігімен бұл екен.

Қаратиын бекеуіл, 

зарлағаны шын екен.

тәңірі өзіңе тапсырдым,

бір шыбындай жанымды.

әлібиден өлмеспін,

ұзақ қылса нанымды.

неғып жылап тұр екен,

әлібиге қорлатып

көз алдымда малымды,

бермек, алмақ Құдайдан,

іздеген дұшпан табылды.

бүйтіп қорлық көргенше,

Қорлық атты бергенше,

бір сынайын әлімді».

Атқан оқтай сымпылдап,

перідей бала бұрқылдап,

Жын ба, шайтан, пері ме, 

еш адамға көрінбей,

келді жетіп зырылдап.

көк шекпенді көрпе етті,

көтергендей дәулетті.

падышадай сәулетті,

сүттен аппақ бала еді.

ол уақытта реңі

болат темір секілді,

13–253

4420


4430

4440


4450

194

бАтырлАр  Жыры

194

195


түрленеді көгеріп,

бір түрлі емес келбеті.

Арқар алған бүркіттей,

Адамға шапқан үлектей.

Жолбарыстай шабынып,

екі көзден от жанып,

Жүрегі жаман қабынып,

әлібидің алдына

көлденең келіп тұрады,

салқыны таудай салынып.

Мұны көріп әліби,

Жүрегі шығып қабынып,

Үрейі ұшып жанынан,

Хабар алшы, халайық,

әлібидің халінен.

—сен құбылсың, құбылсың,

Құбылып жүрген бір ұлсың.

сәлемің жоқ, аман жоқ,

Өзің жаман бір ұлсың.

балам, қайдан жүресің,

Айт жөніңді кім ұлсың?

—танымайсың, а, әліби,

шыныңменен мені сен.

Өміріңде көрмеген

танып тұрмын сені мен.

біліп тұрып танымай,

тәкаппар болдың көңіліңмен.

іздегенің кім еді,

Мұнша неге құтырдың?

соңыма мұнша түскендей,

Алып едім неңді мен?

тарту тарттым жолыңа,

Үлкен тұтып сені мен.

тартуымды қорлайсың,

зор болды маған өлімнен.

Айт маған барар ісіңді,

көрдім жаман түсіңді.

Жолықпай жүрген шығарсың,

Жауап берер кісіңе.

4460


4470

4480


194

194


195

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

Жібермеймін сені мен,

Менменсінген тәкаппар.

сынайын сенің күшіңді,

Қандай адам оң көрер,

Ақымақ сенің ісіңді.

ықпалың асқан күнінде,

Алатауға, әліби,

теңемегін өзіңді.

нең бар сенің болмаса,

Айтқызып, доңыз, сөзіңді.

Өзіңнен біреу зор шығып,

оймасын, мұндар, көзіңді.

тәубе қылсаң болмай ма,

пайғамбардың жасына

Жақындаған кезіңде

Қай жаққа кетіп барасың,

таусасың кімнің шарасын.

іздеп шыққан еліңнен

кедей қоңсы мен деді.

танымаған боласың,

нәрікбайдың шорасын.

танымасаң, таныма,

одан нені табасың?!

сонда әліби сөйлейді:

—шорамысың, сен,—деді,

танымаған ағаңа

кейігенің не?—деді,

«інісі лайық аға жар

ойнақтар» деген бір сөз бар,

көрісетін, ей, шіркін,

Қолыңды бері бер,—деді,

әуелі бастап айтайын

Өкпелеме, ер,—деді.

әкең келді Қазаннан 

Қырық үйлі тама ел,—деді.

көріскелі әкеңе

бардым іздеп мен,—деді.

рас, әкең өзімнен,

көп жапа көріп еңіреді.

4490


4500

4510


4520

196

бАтырлАр  Жыры

196

197


Мал-жанын тастап бала деп,

Жоғары, төмен өрледі.

сыртынан дұшпан болғанмен,

ішімнен дос мен,—деді.

сонша жерден келіп ед,

ел ішіне еніп ед,

бір перзент, бір Құдай деп,

тілеусіз болып мен саған,

сөйткенде көрген бала едің,

Өкпелей берме сен маған.

әлі де болса бір сөзім,

Меһрім төккен бір кезім.

дос-дұшпанға біліндім,

бір атқа бола иттікті

Қылып жүр деп ел-жұртың,

есітемін бір сөзін.

Астыңдағы шұбарды,

түсіп маған бер,—деді,

несіне менен аяйсың,

Қартайып қалған мұндарды.

Ат керек болса мен саған,

Құйрықтан басқа жемеген,

Қызылбастан бала алып,

сағымындай болып жөнеген,

Мінгіземін тұлпарды.

Қараханға тығылып,

әкең көзге ілмеді,

кім екенім білмеді.

бір жетімге сеніп ап,

шенімнен менің жүрмеді.

Жамандықты құрмалық,

Өтіп кеткен күндер-ді.

әкемді үлкен деп айтсаң,

шақырдым үйге жүр енді.

керек болса, міне, ал,

сені разы қылар малым бар,

табылар бізден дүние енді.

әйтпесе мені аға деп,

сенсең шұбар атың бер,

4530


4540

4550


4560

196

196


197

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

Жамандасып жүрмелі.

Жамандықты тастайын,

Жақсылықты бастайын.

Қазынамның мен саған,

есігін барып ашайын.

Өз атыңнан зор қылып,

басыңа тіллә шашайын.

Жалғыз қызым Ақсұлу,

перзент қып саған қосайын.

дүниемді дос қылып,

Жалғыз інім Ақша би,

екеуіңді дос қылып, 

Өткерейін дүниеден,

көңіліңді қош қылып.

сонда шора сөйлейді:

—Жақсы айтасың, әліби,

нәрекем ауған жерінен.

көңілі ауып нәрікбай,

Қарашы болған елінен.

бейшара болып жай салды

Қоғалының көлінен.

беліңе салып көп жылқы

Қараханның сөзімен.

зекет алдың қорқытып,

келместен жатып өзінен.

Құдайдан қорықпай, әліби,

нәрікбайды ұрдың-ау.

барып ем әбден сенімен,

дос түгіл құда болсаң да, 

сол шығар ма еді көңілімнен.

Жылаттың-ау баласын,

келместен жатып Қазаннан.

Қайдан білдің қаңғырған

Қазанның қырық тамасын.

Қайдан білдің нәріктің

Жоқ екенін баласын.

Қасиетті жан еді,

Жаманды-жақсы бір жұртқа

Қария болған хан еді.

4570


4580

4590


4600

198

бАтырлАр  Жыры

198

199


нәрікбайды ұрдың-ау,

бүгін де маған зорсың-ау.

тәңірі алдына барасың

тәңірі—қазы, пайғамбар—

шапағатшы болғанда,

тең таразы құрғанда,

Арасаттың майданы,

әммені бірдей қылғанда,

тәңірінің алды бір,—деді,

төренің алды тең,—деді,

Қоңсылық ақым сен,—деді,

бір алармын жағаңнан,

Қисабын қайдан табасың.

Ат жүгіртіп шаппастай,

томарлы ма еді жеріңіз.

Қаз бен үйрек ұшпайды,

Құрулы ма еді көліңіз.

Жалғыз атты мінбестей,

Жарлымен жалғыз жүрместей,

зорлықшыл екен еліңіз.

Менмендікте, әліби, тұр, 

білемін аяр көңіліңіз.

Аярлықты сен қылсаң,

Алдатпаспыз енді біз.

Қызыл таздың сөзімен

Қырғалы шықтың бізді сіз.

Айтпасаң да сырыңды,

Аңғарып тұрмыз сізді біз. 

Мың қарғаға бір кесек,

көптігінен күдер үз.

Мұндай ақыл ойласаң,

Аруақ ұрсын алдасаң,

Қайтып барғын еліңе. 

талай азап салғансың

нәрікбайдың көңіліне.

тартуыңды алып кеп,

ісіңді сал жөніңе.

Мыңның жолы ашылар,

Мүсәпірді разы қып,

4610


4620

4630


4640

198

198


199

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

салмасаң істі жөніне.

Желпіген көңіл басылар,

Қоңсының көңілін ауласаң,

кәпірлікке кетпесең,

Жан достыңды жауласаң.

Қорықсаң, батыр, Құдайдан,

Қайтсаң ерте райдан,

нұр жауады өзіңе.

батпақ судан басып енді,

Қатты тиер көңіліме,

Қай жолменен жүрсең де, 

екі сөз айттым өзіңе,

сиғанын қылғын өзіңе.

 

сонда әліби сөйлейді:



—сенің өзің қумысың,

Қудан өткен сұмбысың.

Атыңды алам мен десем,

тарту тарт деп тұрмысың.

Қырық мың үйлі қайрақты,

екі қырық мың қосылса,

біреудің сорын қайнатты.

екі қырық мың елеттен,

тарту алып тірі боп,

Жүрер пәнде қай жақта?

Азуын айға білеген,

табанын көкке тіреген,

Өзінен зорды іздеген,

сендей неше жалғызды

әлдекеңіз жайратты.

есіркесем білмейсің,

есек болғың келді ме?

Аяғымның астына

төсек болғың келді ме?

әліңді білмей, әркімге

Өсек болғың келді ме?

сыйлағанды білмейсің,

Аяғымның астына

шиыр болғың келді ме?

4650

4660


4670

4680


200

бАтырлАр  Жыры

200

201


Жалғыздығың білмейсің,

көпке ұрынғың келді ме?

бір топ біткен шоқ қамыс,

отқа ұрынғың келді ме?

ителгіні менсінбей,

Қаршыға алғың келді ме?

әлібиден мал тілеп,

талшық алғың келді ме?

Жалғыз басты қу ма едің,

Мықты болып біреуді

Қамшылағың келді ме?

Қыпшақтан да қу ма едің,

әлібиді жалынтып,

тарту алғың келді ме?

ей, қырық жігіт, қырық жігіт,

Айтқанымды қыл, жігіт.

Жалғыз жүріп кешінен,

Асқан екен бұл жігіт.

Құйысқансыз, айылсыз,

Өліп кетсе дайынсыз,

Жалғызды ұстап, ор, жігіт.

Халық біліп аптығып,

бет қойып маған тұр, жігіт.

басын кесіп алыңыз,

сенгені болса Қарахан,

кеудесін алып беріңіз.

ойран қылып таманы, 

Өшіккендей шабыңыз.

тамада мал көп дейді,

олжа аласың бәріңіз.

біреуіңе бой бермес,

бәрің бірдей барыңыз.

Хан иек қақты нөкерге,

сырлас болған қулары

Жез найзаны көтерді.

ит қарғыса шабынып,

бір бөріге жетер ме?

Жабыла шапты қырық жігіт,

4690

4700


4710

4720


200

200


201

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

Жалпылдасып бекерге.

екі көзі шораның

оттай болып жанады.

баланың өзі білмейді,

бетінен нұры тамады.

әліби тұр орнында,

назарға қырғын салады.

бір ақырды айбатпен,

Қырық жігітке қарады.

ол уақытта жігіттің

еш дәрмені қалмады.

бар тапқаны бұлардың,

әлібидің артынан

Құр иланып шабады.

ыза болып әліби,

күші тасты білектен,

оты шығып жүректен.

бауырын үзді белсеніп,

келе салды найзаны,

ер шораға жүректен.

салғанда найза өтпеді,

Қанымнан, қаттау жібектен.

Өтер еді найзасы,

бір адам мұны күзеткен,

найзаны қағып қолменен.

тағы ұрды әліби,

шоқпарымен күшейіп,

Үзіліп шоқпар сынады,

шораны ұрған бойымен.

енді қылыш шығарды,

Қамқапты қарттың ойымен.

кезек келді шораға,

пір қолдаған балаға.

бұ да салды найзаны,

батпай кетті далаға.

Қылыш ұрып шоқпармен, 

балта шапты жана да,

екі батыр соғысып,

Жан түспейді араға.

4730


4740

4750


4760

202

бАтырлАр  Жыры

202

203


бірін-бірі ала алмай,

Қайраты кетті далаға.

Қолы тиді шораның

сақал менен жағаға.

Қиын келді әліби

он бір жасар балаға.

екі дария мұж ұрып,

түйіскендей болыпты.

сықырласып екі тау, 

соғысқандай болыпты.

екі айдаһар бетпе-бет,

болысқандай болыпты.

бағанағы қырық жігіт,

сауысқандай болыпты.

Ат үстінен алысты,

Аты жата қалысты,

найза, балта, қылышты,

еш нәрсеге қарамас,

бекерге жатып қалысты.

бірін-бірі жібермей,

екеуі де іздеп намысты.

әліби үлкен, шора жас,

бірін-бірі аямас.

салысып шора екеуі,

Қайраты болды қарсылас.

түс қайтып, бесін ауғанда,

Жастық қылып шораның, 

Қабырғасы қайысты,

бақайшығы майысты.

әлібиден қысылып,

сұрады пірден қуатты.

Құдайы жәрдем болмаса,

шорасындай пендеге.

—балтам тиді еменге,

Жолықтым тыңнан көбенге.

әлімді білмей асылдым

Асуы жоқ кезеңге.

Қуанышты едім пірің бар

Қолдайтұғын дегенге. 

4770


4780

4790


202

202


203

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

Қолдар болсаң қолда енді,

кетер болдым тереңге.

әлібимен алысып,

таба алмадым айласын.

он бір жасар жас бала

бір қабанға не айласын. 

әліби өлсе, жұрты көп,

Мен өлсем, кетер аз басым.

Қара жорға ат мінген,

Жал-құйрығын шарт түйген,

тәрбие қылар деп жүрген,

Қаратаудың бауырында,

Қара көлдің қарнында, 

бабай түкті шашты әзіз,

Айналайын атыңнан,

шығармаушы едім жадымнан,

бар болсаң қолда, қайдасың?

 

сыйынады піріне,



пірі жарар күніне,

«енді қашан көремін,

пірлігіңнің пайдасын».

тарыққаны болмаса,

әлібиден қысылып,

Қамыққаны баланың,

Аян болды өзіне.

Қасиеті зор екен,

шашты әзіз деген бабаның.

Ақ қара бас қу болып,

Жетіп келді балаға. 

Қиямет соғысы болып тұр,

батпақ су деген арада.

келіп дұға қылады,

Қабыл қып Құдай дұғасын,

әлібиді жығады.

Жазбаның иісіндей,

Мұрнына кеп енеді,

пірінің берген қуаты,

Мас қылып қайрат береді.

4800

4810


4820

4830


204

бАтырлАр  Жыры

204

205


батыр шора құтырды,

Ақ найзаға түкірді.

Қайтадан шығып дем алып,

«кел, бабам»,—деп ұмтылды.

Арылдаған бойменен,

Ашуын жиған қолменен,

әлібиді жүректен

салып қалған секілді,

Ақ білектің күшімен,

Ақ найзаның ұшымен.

Жұрындай қылып ұшырып,

Жалғыз түрткен найзамен.

ұшырып жерге түсіріп,

суырып алды найзасын.

Жер тырмалап әліби,

Қатып қалған сықылды,

«шаншы, міне, түйре,—деп,

тастақ жерге сүйре»,—деп,

Қырық жігіттің артынан

түсті шора кем байлап,

«кел шаншыс» деп айғайлап,

Қырқын бірден өлтірді.

Қайтпасын тірі үйге деп,

Қырқының кесіп кеудесін,

Аузына тығып бөлмесін,

Қайтып келді көргелі

түсіріп кеткен пендесін.

Қайтіп келсе әліби

екі қолмен жер тіреп,

екі көзі жасарып, 

көтеріп отыр кеудесін.

Атынан түсіп ер шора,

кескелі келді келдесін.

—ей, әлеке, әлеке,

неғылған сен пендесің.

бір дәрім беремін,

Қапа болма, өлмессің.

сонда әліби жылайды,

шыбын жанды қимайды:

4840


4850

4860


4870

204

204


205

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

—Өлтірмесең, ер шора,

Қолға түскен пендемін,

болып тұрмын бейшара.

ер сүрінбей танымас.

нәрекем болса қимас ед,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет