«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата06.04.2017
өлшемі2,23 Mb.
#11121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

74

75

Қазан  деген  қаланы  ноғайлы  тама  деген  ел  отан  қылады. 



нәрікбай хан болып билеп тұрған екен, нәрікбайдың бірге туған 

інісі есім деген бар екен. Қалмақтан Қозбамбет, садыр деген ба-

тыр шығып жылқысын шауып кетті, сонда ағасы нәрікбайдың 

сиырдан туған шұбар, күміс құйрық күлзар деген аты бар екен, 

соны есім нәрікбайдан сұрап келді.

 

—бейғам жатқан бек едім,



бұзды қалмақ ұйқымды.

баялышты-ай  бөз дөңнен

салды қалмақ қиқуды.

сізге келдім, хан нәрік,

Қозбамбет пен садырға

Алдырып бүгін жылқымды.

Қауыстың ұлы тама деп,

Халық айтар затымды.

оны сөзге санамай,

Қорқытты қалмақ халқыңды.

Атаңа лағнет ит қалмақ

тапқан екен артынан

бір қумастай қатынды.

кеңшілік қылғын, нәреке,

Мінейін деп мен келдім

күміс құйрық шұбарды,

күлзар деген атыңды.

тауға біткен тұмар-ды,

ер тарқатар құмарды,

Айрылар жері қос патша,

себеп болды күлзары.

шұбарды маған бересің,

Қара ағаштай көп қазақ

Қайрат қып бәрің ересің.

Ат мінгелі мен келдім,

басқа жоқ менің кеңесім,

шұбарды маған бересің.

Алып едім жылқысын,

бұзып едім ұйқысын,

Қозбамбет, садыр мақтанып,

Қатын екен көп қазақ,

бір келмеді демесін.

30

40

50



60

74

74

75



ҚиссА  нәрікбАй – шорА

сонда нәрікбай: «Менде шұбардан басқа да ат көп, тұлпарлар 

бар, содан қалаған атыңды ал, шұбар ат әрі ұлым, әрі қызым, 

әрі малым еді. содан басқаны сұрай бер»,—деп жауап береді.

 

сонда нәрік сөйлейді:



—Ашылған бақта күл едім,

сөйлеген қызыл тіл едім,

Қазаққа біткен патша,

Қасиетті кісі едім.

Қасиетім құрысын,

бір перзенттің жөнінен

бейшара болып жүр едім.

«баласы жоқ шұбарды

кім мінед»,—деп ойлайды,

Халықтың көңілін білемін.

тоғайда он мың жылқым бар,

Ажағайдай боз шұбар,

таңдап мін, есім, біреуін.

Қартайсам да шұбарды

Өзімнен туып бір бала,

Міне ме деп жүр едім.

ырым қып жүрген бір атты

неге мұнша тіледің?

Атасы болған сыбайдан,

Анасы болған құмайдан,

екі асылдың белінен

сиырдан туған ылайдан. 

Қызыл шақа күнінде

бауырына басты күлқаныс,

бала қылып бір жайдан.

Қартайса[м] да шұбарды

Үміт қылып жүр едім,

Үстіне мінер бір перзент

бере ме деп Құдайдан.

Алтыннан соққан тұяғым,

күмістен соққан қияғым,

тарылғанға ұқсайды

есімжан, менің сияғым,

дүние малы менде көп,

70

80

90



76

бАтырлАр  Жыры

76

77

неше тұлпар көлде көп,



керек болса дүниенің

бәрін айдап жүре бер,

Қапа болма, шырағым.

Жиған малым сиыр-ды,

сиыр мұрнын жиырды.

есіткен соң бұл сөзді,

есім ерді жын ұрды.

—Мінем десем шұбарды,

Мұнша неге құбылдың?

Маған бермей шұбарды,

Міндірейін деп пе едің

Алтын айдар, шоқ белбеу,

әлпештеп баққан ұлыңды.

шұбар атты мінгенде,

болады саған күнде жас.

Жылқысын қалмақ алған соң,

Қапа болып қалған соң,

Қайғыланды есім мас.

—Мұсылман, кәпір жау болып,

намыс қылды күллі алаш.

Мінетұғын ат болса,

Ат десек, бөтен аямас.

Маған бермей шұбарды,

Мінгізейін деп еді

әлпештеп баққан ұлына.

беліңе бермей перзентті,

берекесіз сен қу бас.

нәрікбайдың мінгені

шұбар шолақ бесті еді,

бір перзенттің жоғынан,

көкейін қайғы кесті енді.

—Қазандағы хан едім,

Қасиетті жан едім,

Қай-қайдағы қу сөзді

Қартайғанда есіттім,

естімейін деп еді.

100

110


120

130


76

76

77



ҚиссА  нәрікбАй – шорА

періштелер бас қосып,

көкте қылар жиынды.

әр пендеге салмасын,

перзенттің ісі қиын-ды.

інісі «қу бас» деген соң,

осындай сөзге күйген соң,

нәрекемді жын ұрды.

Айрылып қалды есінен,

Мәз болып тұрсын несінен.

әр нәрсе түсті ойына,

Алтынды белдік, ақ кісе

Алып бір салды мойнына.

көзінің жасы көл болып,

Алды тола сел болып,

келе берді қойнына.

ерлер мінген қара-ды,

бір перзент ішін жарады,

інісі «қу бас» деген соң

нәріктің есі қалмады.

көзінің жасы көл болып,

етегі тола сел болып,

бір перзенттің зарынан

ботасыз нардай ыңыранып,

Адасқан қаздай зарланып,

Жарылған мұздай күңіреніп,

екі көзі қанданып,

бір перзенттің жөнінен,

Жөнелді нәрік арланып.

Аузынан жалын шығады,

бір перзент деп лап ұрса.

бір шаһардың патшасы еді,

Мүсәпір болды пақырша.

Айуандар жата алмас,

тоғайда барыс ақырса.

көлдегі қаздар қайғылы,

көктен сұңқар шақырса.

Жапалақтан сескенген

Жалғыз қазда үн бар ма?

шегірткеге талатқан

140

150


160

170


78

бАтырлАр  Жыры

78

79

Қырғауылда жүн бар ма?



нәрекеңнің сөзі бұл

зар илеп сөйлеп, жылап тұр:

—Айналайын, Құдай-ай,

Менен де бір ұл туып, 

Ақ жарылқап, күн туып,

дос-дұшпанның ішінде

Жүзімді ашар күн бар ма?

байладың, Құдай, бағымды,

сындырдың, Құдай, сағымды,

бір перзенттің дертінен.

Қайыптан ұшқан сұңқардың,

Қай жерде болар дайыны.

кетер болды Қазаннан

нәрікбай хан зайыры.

нәріктің даусын естісе,

Үйде отырып құлағы,

күлқаныс деген бәйбіше

Қасиетті айымыз.

шамның жаққан шырағы,

Жақынның болмас жырағы.

нәрікбай мен есімді

себеп болып айырған

шұбар ат деген пырағы.

нәрікбайдың дауысын

Үйінде отырып есітті

бәйбішенің құлағы.

кер маралдай керіліп,

басарына ерініп,

ішкен шайы сұлудың

Алқымынан көрініп. 

бай малындай ыңыранып,

Жібектен шұлғау шұлғанып,

Алдынан шықты бәйбіше

нәрікбайдың сыланып.

бәйбішенің сөзі бұл,

шылауына оралып,

нәрікбайға сөйлеп тұр:

180


190

200


210

78

78

79



ҚиссА  нәрікбАй – шорА

—шіркін, заман қағынды

Қағынбаса не қылды?

бейшара болып зарладың,

ұл мен қызға ата боп,

кемеңгер болар шағыңда, 

дос-дұшпанның ішінде

Қапа болып зарлансаң,

ішіме салып жалынды,

Мұнша неге зарлайсың,

Қияметтік жолдасым,

нәрікбай хан, не қылды,

келдік, нәрік, қасыңа?!

Үйрек ұшып, қаз қонды,

көзден аққан жасына.

Қапа болған нәрікбай

Қайқайтып тұрып бір салды

күлқаныстың басына.

Қол ұстасып зар қылып,

бұлар келді үйіне.

Қасиетті күлқаныс

тіл тигізбейді сонда да

Қияметтік піріне.

Ақ ордаға келеді,

Артықша туған ер еді.

патшалықты талақ қып,

Үргеніш жолы қайда деп, 

Қазаннан ауып жөнеді.

нәрікбайдың кеткенін

күллі тама көреді.

Ауыл баласы, ақсақал

Қарияның бәрі келеді.

нәрікбайға қоштасып,

елінің айтқан сөзі еді:

—иесіз қалды еліңіз,

туып-өскен жеріңіз.

сіз кеткен соң суалар,

Аза тұтып көліңіз.

осы жанның баршасын

220


230

240


80

бАтырлАр  Жыры

80

81

есім құрлы көріңіз.



көрсетпелік көзіңе,

Қиямет қайым болғанда,

есім ханды көрмесін,

енді, тақсыр, көзіңіз.

«Қой» деген сөзге қоймады,

Қоятұғын болмады.

бір жұртқа алып келуді

нәрікбай өзі ойлады:

«Жалғыз ағаң кетті,—деп,

Өлгенде көрген ағаңды

тентіретіп неттің» ,—деп,

Қазанның жұртын қинады.

сол уақыттар болғанда,

есімнің есі қалмады.

баласы менен қатыны

Ағытқан қойдай зарлады.

Жалаң аяқ, жалаң бас,

көзінен қаны аралас, 

Құшақтап жылай береді:

—бақылдар көлдің бақасы,

дүниенің жоқ опасы.

Қайда кетіп барасың

Жұртымның жақсы сақасы?

Ашу—кәпір, ақыл—дос,

Ақылыңа ақыл қос.

Айтып едім бір сөзді,

туысқандықпен түбі бос,

болады енді демейін,

бетіңе, сірә, келмейін.

бір сөзімді кешпесең,

Жалғыз аға, не дейін,

ісімнен қайтса көңіліңіз.

бұ Қазанда тұрмайын,

көз көрмеске жетейін.

назаланба, нәреке,

бір көрінбей өлейін.

туысқан деп қимасаң,

250


260

270


280

80

80

81



ҚиссА  нәрікбАй – шорА

Мұсылман деп сыйласаң,

Қиямет жолдың аузында,

бір көрініп көзіне,

Жолығайын өзіңе.

Жаманды-жақсы болса да,

туысқан едім өзіңе.

сонда нәрік сөйлейді:

—Жақсы айтасың бұл сөзді,

шырағым, есім інім-ау,

Айтарыңды айтқан соң,

тілейсің мұның несін-ау?

бір ауыз сөзге келместен,

кетті шығып мінім-ау?

сыртымнан «қубас» атанып,

көз алдымда не болар,

нәрік боп көрген күнім-ау?

«нәрікбай қубас» атанып,

бұл Қазанда не болар,

Хан болып көрген күнім-ау?

сен емес пе тірлікте

Арым менің, інім-ау?

бастапқы ноқат бидікі,

соңғы ноқат тидікі.

ора төбе кімдікі,

оралы болса бидікі.

Қара төбе кімдікі,

Қарары болса хандікі.

нәрікбай өлсе, осы мал

есімдікі емей кімдікі.

дос-дұшпанның ішінен

«Қубас» демек оңай ма?

Азғана күн қубасты

сыйлай тұрсаң болмай ма?

Жөнсіз оқты ап келіп,

Қос өкпеме қадайсың.

Атқан оқты-ай таста деп,

тағы да мені қинайсың

Өзің қылған кінәңді

Өзің неге сұрайсың.

6–253

290


300

310


320

82

бАтырлАр  Жыры

82

83

Қатының менен балаң көп,



Құшақтап неге жылайсың?

Алды-артымнан еретін,

ұлым да, інім сен едің,

Құлым перзент бола ма,

Жастай ердің соңыма.

көп көргенің, есімжан,

Қазан болса ағаңа,

тапсырайын қолыңа.

Мен Қазаннан кетемін,

пияз еккін орныма.

Мен өлейін, өлейін,

Жерге басым көмейін.

сенен қорлық көргенше,

бөтеннен қорлық көрейін.

көпсінгенің мен болсам,

ноғайлы мен таманы

Қолыңа сенің берейін.

Абұйыр маған бермесе,

Өзі бендем демесе,

Жақсы ит құрлы жоқсың ба?

тентіреп жүріп өлейін.

бұл Қазаннан кетейін,

көз көрмеске жетейін.

Жаратқан мені Құдайым,

көз жасымды көрмесе,

Қаңғып жүріп өтейін.

Жақсы нұқсан сыр болса,

дос сүйініп бағалар.

табаның тайса бір істен,

дұшпаның тұрып табалар.

Қайықшы мен балықшы

Өзен-суды жағалар.

кетер болдым Қазаннан,

Қубас болған жазамнан,

кемшілік көріп баладан.

көргенімше аман бол,

Қауыстың ұлы тамалар.

базарда ақша, теңгелер,

330

340


350

360


82

82

83



ҚиссА  нәрікбАй – шорА

Жорға мінген дөңгелер.

тәңірі бұйрық қылмаса,

нәрікбайды кім көрер?

көріскенше айналып,

келін менен балалар,

Құрбы-құрдас, замандас,

Аман боп тұр, жеңгелер.

Амандасып еліне,

Ата қоныс жеріне,

нәрікбай еңіреп жөнеді

перзент түсіп көңіліне.

әсте рахым қылмайды,

Құрбы-құрдас теңіне.

етек-жеңін түрініп,

Қос-қолаңын буынып,

інісі «қубас» дегенге,

Қаны қашып, буылып,

нәрікбай ауып жөнелді

баратұғын жеріне.

ер өлімі бір күн деп,

есек жолы қырық жыл деп,

бір тәуекел қылдым деп,

Ата-жұртым қалды деп,

басыма қайғы салды деп,

босанғысы келмейді

Қайраты ердің көңілінен.

нәрікбай көшіп жөнелді

Қырық қақпалы елінен.

Жұрт жақсысын қимастан,

Алты күн ұдай ереді.

Қақпалының адыры,

нәрікбайдың өзінің, 

ит жүгіртіп, құс салып,

Аң аулайтын жері еді.

сол адырға жеткенше,

ел-жұрты қимай соңынан

шулап еріп келеді.

Қайтпасын әбден білген соң,

370


380

390


400

84

бАтырлАр  Жыры

84

85

Қырық қақпалы шәріден



Қырық құлды бұған береді.

нәрікке қызмет қылсын деп,

Өлгенше бағып жүрсін деп.

Қырық үйлі тама қосылып,

Ауған аңдай жосылып,

түрікпен елі қайда деп,

нәрікбай ауып жөнеді.

әлқисса, нәрікбай Қазандағы елінен наразы болып, көшіп, 

Ақ Жайық деген өзенді жағалап, алты ай дегенде Қууа деген 

барып,  қырық  мың  ауыл  айрақты  деген  түрікпен  қосылды. 

Аққала  деген  қаласы  бар  екен.  Айдархан  деген  ханы  бар 

екен.  Айдархан  хан  өліп,  жеті  жасар  Қарахан  деген  баласын 

атасының орнына хан қойған. нәрікбай бұл жұртқа білдірме-

сем де, өздері біліп қалар деп, біреуден білдіргенше өзімді-өзім 

білдірейін дейді де, тоғыз жорға тарту алып,  ханға барып, хан 

алдында сөйлеген сөзі.

ертерек басып ентелеп,

Хан алдына келеді.

ұзын жолды төтелеп,

Қысқа жолды келтелеп,

тарту алып жетелеп,

Ханға келіп енеді.

бір шаһардың бегі еді,

тартуына патшаның

тоғыз жорға жетелеп,

Мүсәпір болып кеп еді.

—Ассалаумағалейкум,

Алдияр тақсыр, Қарахан,

Атадан қалған бала хан.

балалықты қылмағын,

Қажетіме жара, хан.

Алыстан сізді іздеген, 

бұқар деген—біз деген.

Мана көнек, биеміз,

есебін тауып саусаңыз,

Мезгілімен иеміз.

410

420


430

84

84

85



ҚиссА  нәрікбАй – шорА

не қылсаң да, өзің біл,

сіз болдың біздің иеміз.

осы жатқан көк шөптің

басын жесең мың күндік,

түбін жесең бір күндік.

Алты ай жүріп арада,

зорға жеттік біз мұңлық.

Арманда қатты көңіліміз,

Ағайын-жұрттан айрылып,

Үзілген асыл беліміз.

Айтулы дұшпан бізде жоқ,

оншама суып көңіліміз.

Құдіретімен Құдайдың

тұзың айдап келеміз.

Қолға түскен тұйғынбыз,

бұйырған істі көрерміз.

көрген жоқ атаң зорлықты,

бір перзенттің жоғынан 

Мүсәпір болып келеміз.

Жанға жаққан даурықсың,

көлеңкеңе енеміз.

Жас та болсаң патшасың,

не қылған адам демеңіз.

келеріміз келген соң,

бұйырған дәмді көрген соң,

не айтамыз сізге біз?

баршаның болдық атасы,

бір көзбен қарап көріңіз.

Жатқан жерің Ақ Жайық,

Жағалай жатқан жел қайық.

Қазанда хан боп жүргенде,

біз де болдық бидайық.

пенделік басқа түскен соң,

Мойынсұнбай қалай тұрайық,

әміріңді анық айт,

Жан-ділменен тыңдайық.

әдейі іздеп келген соң,

осылай болар туғандық.

Атаның ұғлы деген соң,

440

450


460

470


86

бАтырлАр  Жыры

86

87

сыртыңнан естіп қуандық.



Өзіңіз бөтен көрмесең,

көңілді баста қылмайық.

басыңа қонған бұлбұлмыз,

шағыңда шыққан бір гүлміз.

Жазсақ сізге лайық,

Жел аударып келтірді,

Жерінде жатқан жек едік.

тұз аударып келтірді,

Қазанда жатқан бек едік.

Жаманды-жақсы патша боп,

біз де жұртты жеп едік.

Қырық қақпалы Қазанда,

ноғайлы-тама ел едік.

Өзім деп келген ғаріпке

сен қалай жүрсің демедік.

біз де әділдік қылған боп,

Жүйесіз істі демедік.

Қайтарға көңіл бізде жоқ,

Мойын ұсынып кеп едік,

Алыстан танып атыңа.

Атаңның ұлы деген соң,

патшасы өліп кетсе де,

баласы оның бар екен.

Атаның бақытын күзетіп,

Жақсы туған жан екен.

келемін деген ойда жоқ,

Айдаған бізді нан екен.

Қорғалауға келдік біз,

Жетсе, тақсыр, көлеңкең.

Қарахан сонда сөйлейді:

—Жақсы айтасың, нәрікбай,

пендеге тілек бермейді,

Мүсәпір болып тарықпай.

Жігіттің аты шықпайды,

Қызыр баба жолықпай.

Жеріңде патша болғанмен,

тұзың ауып қалыпты.

480


490

500


86

86

87



ҚиссА  нәрікбАй – шорА

Ажалдың оғы жеткенде,

Қорғаны болма[с] көбенің.

түсі суық келеді,

төрт қырлап соққан жебенің.

әуелі сізге сән емес,

Жұртыңды тастап келгенің.

келгеннен соң дұрыс емес,

неге келдің дегенім.

Халықтан дәулет кетерде,

Қадірі болмас, жақсылар,

ортадағы төбенің.

Жетімдігім болмаса,

бізге де дәулет келгенің.

Қазынасы үлкен Құданың,

не береді маған демегін.

кәдіріңді білмеген

ол жұртты да көрерміз.

басында дарақ болмаса,

көркі болмас өзеннің.

таудың тасы болмаса,

Асуы болмас кезеңнің.

шұқырынан су шықса,

кәдірі болмас изеннің.

Өзіңнен шыққан жаманның, 

сөзі ашты болар көбеңнің.

Қайраты қатты болғанмен,

Ақылы жоқ кісі екен

есім деген береннің,

Аман болсаң есітерсің,

Артыңыздан Қазанды

Жау шауып алды дегенін.

пәндеге пәнде не берер,

тәңірінің өзі тарқатар

көңілдегі шеменің.

тілеулес болып тұрармыз,

неге келдім демегін.

біз әзір жетім баламыз,

Құдай біздің панамыз.

Қалымыз келсе әр жерде,

510

520


530

540


88

бАтырлАр  Жыры

88

89

Қанатпен қорғап қағамыз.



сіз де, біз де мүсәпір,

ниеттес болып тұрармыз.

Өзімізден зор шықса,

келер ме біздің шамамыз?

«Жалаң» бізге есім бе,

Жақын боп қалды арамыз.

Атамыз сіздей хан еді,

Қасиетті жан еді. 

«Қалың келсе ғаріпке,

Қайырыл» деген сөз бар еді,

тапсақ ақыл салармыз. 

Ата орнына ата бол,

біз болдық сіздің балаңыз.

кермісін деген жерім бар,

Қоғалы деген көлім бар,

Қайрақты түрікпен елім бар.

Ақ Жайықтың бойында

бейлік деген белім бар.

кермісіннің кең шалғын,

керілей жылқы салыңыз,

Ақ Жайық пен бейлікті

Мекен қылып алыңыз.

биылша «ауғын», «босқын» деп,

келген жұртқа намыңыз.

Арып-ашып жол тартып,

Арық сіздің малыңыз,

биылша демді алыңыз.

Алық-салық закуннен,

Азат болып қалыңыз.

биылдан соң келерсіз,

зекетің болса берерсіз.

әзірінше салықтан

босанып елге барыңыз,

Өкпелеме, нәреке.

әлқисса, нәрікбай патшадан жақсы әмір естіп, көңілі қош 

болып барып керміс деген жерге қонып, белеңнің белін жайлау, 

қыстау қылып жата берді. енді ол елде әліби, Ақшаби деген екі 

550


560

570


580

88

88

89



ҚиссА  нәрікбАй – шорА

би бар еді, ел-жұртты билейтұғын сол екі би еді. әр жұмада ол 

екі би керміске аң аулар еді. 

зорлықшыл,  әдепсіз  жаман  адамдар  еді,  Қараханды  атқа 

отырғызып патша қылса да, әкім жүргізіп, жұртты билейтін осы 

екеуі еді. әр жұмада керміске құс салып, аң аулап жүруші еді. 

Аң аулап жүріп кермістегі көп малды көріп: «бұл қалай?»—деп 

сұрайды. сонда: «бұл Арқадан ауып келген ел»,—деп біреу жа-

уап  берді.  сонда  әліби  сұңқарды  тастап,  жамандықты  бастап, 

тамаларға қарай жүре берді.

 

Ауылға қарай ат қойып,



әліби сонда жөнеді.

Малда жүрген малшылар

әлібиді көреді.

Малшының бәрін сабады,

Малды жиып алады.

Қайысқан болат сынады,

Желіккен жүйрік тынады.

Ауылға келіп, ат қойып,  

бажырайып тұрады.

—бұл—таманың бастығы,

Қаңғырып шыққан елінен.

басы симай көбінен,

безер болып елінен,

нәрікбай қубас қайда?—деп,

келе бір айғай салады.

бөрі ішігін сүйретіп,

нәрікбай үйден шығады.

—Ау, нәрікбай мен,—деді,

әлібимісің сен,—деді,

көп сөге берме, әліби,

Мен де өзіңдей ер едім.

Құдіретіне Құдайдың

кім көнбейді көр,—деді,

Жақсы адам мұндай болмайды,

не қыл дейсің, не?—деді.

—Жайылған жерім кермісін,

кермісінді сұраусыз

Қонып жатқан елмісің.

590

600


610

90

бАтырлАр  Жыры

90

91

шалқып жатқан көлімді,



бағулы тұрған жерімді

сұраусыз менен жүрмісің.

басың симай көбіңнен, 

 

безе қашып еліңнен.



Қартайсаң да адасып,

Қадірден болған жеріңнен.

бейіліңе бермей бір перзент,

нәрікбай қубас сенбісің?

бергін зекет малыңды,

Қинамай тұрып жаныңды.

Айтқаныма көнбесең,

төгемін дереу арыңды.

әліби тағы сөйледі:

—Хан зекетін бересің,

Хан бедерін көресің.

бұқара болсаң патшаға,

Айтқаныма көнесің.

зекетімді аламын,

салығымды саламын. 

 

 



    

Ашулансаң ауып кет,

Артыңнан қуып шабамын.

зекетімді бермеске,

бар ма, нәрік, қаліңіз?

Қалай да болса аламын.

сонда нәрік сөйлейді:

—Жақсы айтыпты ханыңыз,

Хандікі емей, кімдікі

Жинаған біздің малымыз.

саған зекет беруге,

Арық біздің бәріміз.

түйеден тоғыз алыңыз,

Жорға менен жүйрік көп,

Қаласаң қолқа салыңыз.

саған зекет беруге,

осылайша қалымыз,

келмейді біздің  жайымыз.

әліби сонда сөйлейді:

—не дейсің, бәлем, сен,—деді,

620

630


640

650


90

90

91



ҚиссА  нәрікбАй – шорА

зекет алмай кеткенді

көремін бе мен?—деді.

Астында бар күлсары ат,

омырауменен қағады.

нәрікбайды әліби

омыраулап барады.

Қаз ұялы қамшымен

келтіріп басқа салады.

бастан аққан қара қан

омырауын жабады.

Қырық үйлі тама бес ауыл,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет