Топ: АУк-20-5 Орындаған:Смағұлов Мақсат, Абдукаримов Айбек, Тажибаев Азамат Тексерген: аға оқытушы Өмірбекова Ж. О.
Мәдениет – адамның өз қолымен ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:
Мәдениет ұғымы алғашқы пайда болған кезде ол адамның табиғатқа ықпал етуін анықтау үшін, яғни оның дүлей күштерін бағындырып, көздеген мақсатына жететіндігін білдіру үшін қолданылады. Әсіресе Мәдениет туралы түсініктің кең қолданылуы 19 ғ-да Мәдениет өрлеу дәуірінде тарихшылар мен этнографтардың еңбектерінде ерекше орын алды. Тіпті сол кезде «Мәдениет тарихы» деген пән де пайда болды.
Адам тіршілігінің өзіне тән ерекшелігін туралы ойлау адам болмысының ерекшеліктерінен көрініс беретін арнайы түсініктерді қажет етті, олар адам болмысының даму мүмкіншіліктерімен,оның санасымен рухани әлемімен байланысты.
Күнделікті ауыз тілде «мәдениет» – бәрімізге өте таныс сөз: біз сарайлар мен мәденисаябақтар, қызмет көрсету мәдениеті жәнетұрмыс мәдениеті, мұражай, театр,кітапхана туралы айтамыз.
Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.
Мәдениеттану – ХХ ғасырда ғана ғылыми пән ретінде қалыптасқан жаңа ғылымдардың бірі. Бірақ мәдениет зерттеу пәні ретінде ХVІІ ғасырлардан бастап философтар мен тарихшыларды қызықтыра бастады.
Мәдениеттану – мәдениет теориясы – кешенді гуманитарлық ғылым. Оның қалыптасуы мәдениет туралы ғылыми білімнің интеграциясының жалпы тенденциясын көрсетеді. Ол тарих, философия, әлеуметтану, жантану, антропология, этнология, этнография, өнертану, семиотика, лингвистика, ақпараттану пәндерімен өзара түйіскен.
Мәдениеттану - философиялық ілім,ол философияның бір бөлігіне, дәлірек айтқанда, мәдениет философиясына жатады. Неміс классикалық философиясының негізін салушы Иммануил Канттың (1724-1804) пікірінше, тек екі нәрсе адамды тандандырады: жұлдызды аспан жәнеа дамның ішкі рухани дүниесі. Соңғының өзегін рухани мәдениет құрастырады.
Егер біз философияны И.Канттың ізімен:
- Адамдеген кім және ол қайдан келді?
- Ол не үшін өмір сүреді?
- Адам қайдабарады, болашағы қалай? Деген үш сұраққа сыйғызсақ, онда адам мен мәдениеттің, философия мен мәдениеттанудың арасындағы тығыз байланысты көреміз.
Мәдениеттану пәні нені зерттейді ?
Мәдениеттану пәні Батыс елдерінде мәдени антропология (адам туралы ілім) құрамында қалыптасқан. Мәдениет – ашық жүйе, оныңнегізгі мақсаты, өзін басқаға, жеткізу, ол монологтан гөрі диалогқа – сұхбаттасуға жақын.Осы тұрғыдан төмендегідей тұжырым жасауға болады; мәдениеттану мәдениетті нақтылы тарихи-әлеуметтік процесс түрінде қарастырады
Мәдениеттану жеке пән ретінде XIX соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтанда оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғалымдар саласына жатқызамыз.Мәдениеттану – мәдениет туралы ғылым,сонымен қатар философиялық ілім, өйткеніол философияның басты саласы – мәдениет философиясын қамтиды.
Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процесстерді (материалдық, әлеуметтік, саяси,адамгершілік, көркемдік т.б.) барынша қамтып,мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси – моральдық, ғылыми-көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшелінетін алуан мәдениет түрлерінің өзара байланыстары мен тәуелділіктерін зерттейді.
Мәдениеттану: пәндік ерекшеліктері
Мәдениеттi әр түрлi тұрғыдан қарастырылуы, мәдениет мәселесiне деген үлкен қызығушылықтан туса керек. Оған дәлел ретiнде 1964 жылдары батыс әдебиетiнде мәдениетке 257 анықтама берiлгендiгi жөнiнде американ мәдениеттанушылары А.Кребер мен К.Клахконның мәлiметтерiн келтiрсекте жеткiлiктi сияқты. Мәдениеттанушы, ең бiрiншi кезекте, мәдени қызметтiң нәтижелерiмен (мәдени шығармашылықтың нәтижелерi, музыка, кескiндеме туындылары және т.б.) санасса да, оның басты мақсаты-тереңде жатыр, дәлiрек айтқанда, мәдениеттiң рухын игеру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |