Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет145/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

Екіншіден,  «Едіге»  жырынан  бастап,  «Қарасай-Қази»,  «Орақ-

Мамай», «Ер Тарғын», «Шора батыр» т.б. сияқты батырлар жырла-

ры  мен  Асанқайғы,  Қазтуған,  Доспамбет,  Шалкиіз,  Шобан  сияқты 

ХV-ХVІ ғасырдағы жыраулар Алтын Орда мен одан бөлінген Ноғай 

Ордасында  жасап  өткен  сөз  зергерлерінің  өлең-жырлары  әр  алуан 

түркі  ру-тайпаларының  бірлестігі  кезінде  туғандықтан,  бұлардың 

мұраларында  кейін  қазақ  тілінде  тұрақтамаған  ноғай-қазақ  және 

басқа  түркі  тілдері  элементтерінің  орын  алуы  –  заңды,  сондықтан 

осылардағы  көптеген  бейтаныс  сөздерді  көне  түркілік  үлгілерден, 



217

ноғай тілінен, ноғай жырларынан іздеуге тура келеді. Мысалы, жеке 

сөздерді былай қойғанда, білейім, менім, өткеріп, жеткеріп, өзіңдін 

соң,  соңратын,  бағананшы  деген  грамматикалық  тұлғалар  қазақша 

білейін,  менің,  өткізіп,  жеткізіп,  өзіңнен  соң,  бағанағы  болып  ай-

тылса керек еді, бірақ бізге қазақша жеткен вариантында осылайша 

«ноғайша» сақталған.

Қазақ  халқын  құраған  ру-тайпалардың  бірқатары  «қазақ»  ата-

нып,  XV  ғасырларда  Ноғай  одағында  болғаны  белгілі.  Солардың 

ішіндегі Шалкиіз жырау ноғай тіліндегі бір жырында: Көп ноғайым 

кең  йайлаған  йеримсиң.  Талайсыз  Шалкиіз  бу  күнде  Қазақ  шығып 

барады, – дейді (Шалкиіздің ноғай арасында сақталған жырлары //

XV-XVIII  ғасырлардағы  қазақ  поэзиясы.  -  Алматы:  Ғылым,  1982.  - 

202-бет). Бұл жердегі қазақ шығу – «қазақ болу» деген мағынадағы 

тұрақты  тіркес.  Демек,  XV-XVI  ғасырлардағы  Ноғай  одағындағы 

халықтардың  тілдері  бір-біріне  жақын  болған,  тіпті  кейбір  жы-

раулар  екі  тілде  бірдей  жырлай  бергенге  ұқсайды.  Сондықтан 

олардың  көбі  ноғайлы-қазақ  жыраулары  деп  танылып  жүр.  Тілдері 

де, дәстүрлі бейнелеуіш құралдары да (теңеу, эпитет, метафора т.б.) 

ортақ  немесе  тіпті  ұқсас  болып  отырғандықтан,  олардың  біреулері 

таза  ноғай  тілінде  не  таза  қазақ  тілінде  жырлады  деу  қиын.  Бірақ 

Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет сынды жыраулардың шығармашылық 

мұрасы  ноғай-қазақтық  ортада  туғандықтан,  оларды  қазақ  туыста-

ры  өздерімен  бірге  алып  кеткенде,  алдымен  өз  дүниеміз  деп  және 

кейбір  тұстарын  қазақшалап  иеленгені  байқалады.  Сонымен  қатар 

бұл үлгілерде (жырларда) ноғайлық элементтер молынан кездеседі.

ХV-XVI  ғасырлардағы  жыраулар  туындыларында  лексикалық, 

фонетикалық,  морфологиялық  ескіліктердің,  айталық,  ноғай  тілі 

бірліктерінің  орын  алуының  және  бір  себептері  назар  аудартады. 

Белгілі әдебиет зерттеушісі Ә.Дербісалин мынадай пікір айтқан бола-

тын: «XV ғасырда жасаған Асанқайғының толғаулары хатқа түспей, 

ауызша  сақталып  келген,  сондықтан  бұлардағы  ескіліктер  (қазақ 

тіліне  тән  еместері  немесе  бұл  күнде  қазақтар  үшін  түсініксіздері) 

сақталмай, қазақ тіліне сай жаңартылып отырған, ал одан кейін өмір 

сүрген Шалкиіз, Доспамбет сияқты жыраулардың туындылары хатқа 

түсіп, ішінара қолжазба түрінде де бізге жеткендіктен, бұларда көне 

заманның сөздік қор мен ақындық тәсілдері едәуір мол сақталған»

1

.

Ноғай,  қазақ  жырауларының  Асаннан  басқаларында  ноғай  тілі 



элементтерінің  молырақ  кездесетіндігінің  ең  басты  себебін  біз  де 

осы тұстан іздейміз, яғни қазақ қауымы тарихында тіпті ХVІ-ХVІІ 

ғасырлардан бастап жазба дәстүрі болған, бұл үрдіс тек ноғайлы-қазақ 

1

 XV-XVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы. - Алматы: Ғылым, 1982. - 20-б.




218

дәуірінде ғана емес, таза қазақ хандықтары тұсында да, әсіресе қазақ 

даласының батыс өңірлерінде орын алып келгені байқалады. Бұған 

Маңғыстау,  Атырау  өлкелерінде  ХVІІ-ХІХ  ғасырларда  жасап  өткен 

ақын-жыраулар шығармаларының тілі айғақ. Бұларда дәстүрлі көне 

сөз-образдар  да,  тұрақты  шаблондық  мәтін  үзіктері  де,  көне  тілдік 

бірліктер  де  (тек  жеке  сөздер  емес,  грамматикалық,  фонетикалық 

ерекшеліктер) орын алғанын соңғы кезеңдердегі ізденістер көрсетіп 

отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет