Атты мінсең, зорды мін (Ақтамберді жырау, XVIII ғ.).
Құлағың сенің серек деп.
Бір күніме керек деп...
247
«Ей, қырық жігіт, азамат,
Маған бола өлмеңіз, – дейді.
Мұнда да азамат – жасақшы. «Едіге» жырында азамат сөзі жоқ,
оның жігіттер, шоралар деген синонимдері бар:
Ей, жігіттер, шоралар,
Ормамбет би өлгенде,
Он сан ноғай бүлгенде,
Хан Тоқтамыс қорланып,
Байтағым деп зарланып,
Айтып жылай жөнелді.
Бұл – Тоқтамыстың елінен айрылғандағы айтатын толғауының
басы, жасақшыларына, жауынгерлеріне айтқан қаратпа сөзі.
Әрине, «жасақшы, атқа қонған қарулы адам» мағынасы азамат
сөзінің көп мағынасының бірі болар. Сірә, ерте кездердің өзінде оның
негізгі мағынасы, Шоқан Уәлиханов көрсеткендей, «кәмелетке келіп,
еншісін алған, туыстарына тәуелсіз, үйлі-баранды адам» дегенді
білдірсе керек. Ал оның «жасақшы» мағынасындағы семантикалық
қозғалысы осы «кәмелетке келген, ешкімге тәуелсіз, бірақ елін, жерін,
туыстарын (руластарын, аталастарын) қорғай алатын жасақшы, жау-
ынгер» дегенге келіп ұласқан. Дәл осы мағыналық жылжу жігіттер
және жолдастар сөздеріне де тән. Махамбет:
Қасыма ерген жолдастар,
Жолдастарым, мұңайма! – дейді ғой.
Мұндағы жолдастар – жай тілеулес, сыйлас, сырластар емес,
Исатай-Махамбеттің қасына ерген жорықтастары.
Бұған қарағанда, ертеректегі қазақ тілінде жігіт (жігіттер)
сөзінің мағынасы да терминдік статусқа жуықтау келеді. Мұны тарих
ғылымы да растайды: «Йігіт (жігіт) – феодалдың жалдамалы атты
әскерінің жасақшы немесе олжа табу үшін феодалға жақындасқан
жасақшы, кезбе, рыцарь» деп жазылған мәліметті де оқимыз (Мате-
риалы по истории Казахских ханств XV- XVIII вв. - Алма-Ата, 1969.
- С. 493). «Жасақшы» ұғымындағы азамат сөзіне шора деген сөздің
синоним болғандығын В.В.Радлов та айтады: «Бұрын қазақтар чура
(шора) сөзін «жасақшы, жауынгер, жолдас» мағынасында кеңінен
қолданған (В.В.Радлов. Опыт словаря тюркских наречий. - СПб,
1888. - Т. I. - Часть V. - С. 23).
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі шора сөзінің беретін мағынасын
«феодалдық қоғамдағы үстем тап өкілі, ел билеген әкім (?), мырза,
бек, шонжар» деп түсіндіреді де оның көнерген сөз екенін ескертеді
(ҚТТС, 10-том, 137-б.).
Ал кейбір зерттеушілер чура/шора сөзі мағынасы жағынан түркі
тілдеріндегі оғлан сөзіне сай келеді, оғлан-ның мағынасы – «біреудің
248
баласы, ұрпағы, құл және жауынгер» дей келіп, орта ғасырларда Еділ
бойы татарларында нәсілі түркі емес қызметкер адамдар чура аталды
дейді (Татары Поволжья, 191-б.). Соған қарағанда, шора/чура сөзі о
баста екі-үш түрлі мағынада жұмсалған тәрізді: «1) біреудің баласы,
ұрпағы, 2) жауынгер, 3) қызметкер (құл)».
Қазақ тілінде бұл сөздің шоры варианты да бар. Жиналған
фактілерге қарағанда, бұл әйелге қарата айтылатын сөз тәрізді,
семантикалық бояуы «әйел қызметкер, күң» дегенге келеді:
Ерегессең менімен,
Шауып алам малыңды.
Асықпасаң қайтармын
Қатыныңды да шоры ғып («Қамбар батыр»).
Достарыңызбен бөлісу: