АРЫҚ-ТҰРАҚ АРЫҚ-ТҰРЫҚ. Жалпы мағынасы түсінікті бұл
қос сөздің екінші сыңары тұрық/тұрақ сөзі бұл күнде қазақ тілінде
«арық» мағынасында жеке қолданылмайды. Ал ХІ ғасырдағы түркі
тілдерінің Махмұт Қашқари құрастырған сөздігінде туруқ (turug)
сөзі жеке тұрып малға қатысты «арық, көтерем» деген мағынада
жұмсалған: туруқ ат – «көтерем ат». Демек, бұл қос сөздің екі сыңары
да – бір мағынадағы сөздер екен. Мұндай бір мағынадағы сөздердің
қос сөз құрамында қатар келуі – тілімізде жиі кездесетін құбылыс.
Түсіндірме сөздіктерде тіркелген тұрық сөзі – негізінен тұрқы деген
тұлғада жұмсалып, бір нәрсенің, көбінесе адам, жан-жануар сияқты
тірі жан иесінің тік және көлденең қалпындағы көрінісі («Түсіндірме
сөздікте» тек «горизонталь қалпындағы» деп түсіндірілген, бұл
жаңсақтау сияқты). Бүгінгі қолданыста тұрықты, тұрықсыз деген
туынды тұлғалары бар. Бірақ бұл «тұрықтардың» арық-тұрық-тағы
тұрық-қа қатысы жоқ деп табамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |