Асмар ету. Шалкиіз жырау әміршісі Би Темірге алыс жолға (Мек-
кеге) кетпе, ел-жұртыңды иесіз қалдырма деп толғағанда:
Жүк тиесең кетерсің...
Етектеп жиған көп халқың
Сұлтан ием, кімге асмар етерсің, – дейді.
Будагов асмарламақ сөзін түрік тілінде «поручить, рекомендо-
вать, заказать» деп түсіндіреді (Л.З.Будагов, Сравнительный словарь
турецко-татарских наречий. - Т.I. - Санкт-Петербург, 1869. - С.55).
Сірә, оғыз-қыпшақ ру-тайпалары Сырдарияның төменгі ағысында
араласып жүріп-тұрған кездерінде (XI-XIII ғасырлар) қыпшақ
тілдеріне оғыздық сөздердің енуі және керісінше процестер болғаны
даусыз. Соның бір көрінісі – ноғайлық дәуір үлгілерінің тілінде ас-
мар сияқты сөздер орын алып сақталып қалғаны. Бұл сөз әзірге біздің
тапқанымыз тек Шалкиіз жырларында ұшырасады, «тапсыру, аманат
ету» деген сөз мағынасында келеді. Қазақ тілінде қолданылмайды,
демек, бөгде тілдік көне қолданыс болып танылады.
271
Достарыңызбен бөлісу: |