Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


Сұб – высокий, длинный, тонкий. Сыпырасын



Pdf көрінісі
бет187/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

Сұб – высокий, длинный, тонкий.

Сыпырасын. По толкованию с «чисто выметающий» во значении 

«говорящий всю подноготную, говорящий все начисто».



Сылықты.  С.  сообщил  нам,  что  есть  глагол  сылықмақ  «соеди-

ниться, совокупиться».



Қапийа (қапия). По всей вероятности искаженное арабское хафйе 

в смысле чего-то непонятного, темного, скрытого. 



Қыдырауда,  ниже  қыдырада.  По  переводу  Ч.Валиханова  «шутя 

часто». С. перевел нам «не особенно напрягаясь», вероятно в связи с 

глаголом қыдырмақ.

Қызылғақ – выбоина, место разбитое дождем.

Қосалұқтаб – Ставя парами? От незначегося в словарях глагола 

қосалұқтамақ.

Қушық – узкий (о заде лошади, о груде человека).

Қуыртыб – С. переводит «стемясь», хотя нам это представляется 

несколько сомнительным. См. арбаң.

Профессор П.М.Мелиоранский қазақ тілінде түсініксіз деп тапқан 

сөздерге берген түсіндірмесін біз жырдың 1905 жылғы араб жазуы-

мен шыққан басылымының өзінен алып, «Глоссарий» деген бөлігін 

көшіріп  беріп  отырмыз  (Записки  Императорского  Русского  Геогра-

фического общества по отделению этнографии. Приложение к тому 

XXIX. Сказание об Едигее и Тохтамыше. Киргизский текст по рукопи-

си, принадлежащей Ч.Ч.Валиханову. Издал проф. П.М.Мелиоранский. 

Санкт-Петербург.  Типолитография  И.Боранганского  К°,  1905.  - 

С.19-23).  Глоссарийді  еш  өзгертпей,  сол  қалпында  (орыс  тіліндегі 

түсіндірмелерді)  түгел  беріп  отырған  себебіміз  –  біріншіден,  жыр 

мәтінін жариялауда ғалымның қазақ тілін зерттеп танудағы еңбегін, 

ғылыми ізденістерін көрсету болса, екіншіден, біз сөз етіп отырған 

1905  жылғы  басылым  бұл  күнде  кітапханалардың  кейбірінің  ғана 

сирек  кітаптар  қорында  кездесетіндіктен,  екінің  бірі  керек  сәтте 

«Едіге» жырының қазақ тілінде тұңғыш жарияланып отырған Шоқан 

нұсқасын тауып оқи алулары қиынға соғатынын ескердік.

Шоқан қолжазбасын («Едіге» жырын) жарыққа шығарған атақты 

түркітанушы, үлкен ғалым проф. И.М.Мелиоранскийдің жоғарыдағы 

30  шақты  сөзді  теріп  алып  түсініктеме  берудегі  мақсаты  –  жыр 



278

тіліндегі  ескіліктерді  зерттеу  (таныту,  түсіндіру)  емес,  қазақ  тіліне 

жат  (түсініксіз)  деген  бірліктерді  ғана  айқындау  болғаны  белгілі. 

Ал  түсініксіз  сөздердің  ішінде  мағынасы  ұмыт  болған  көнелері  де 

(ескіліктері  де),  бөгде  тілдік  сөздер  болуы  да,  тіпті  қате  жазылып, 

қате  оқылып,  қате  түсініліп  (не  түсіндіріліп)  жүргендер  де  болула-

ры  мүмкін.  Бұлардың  бірқатары  XX  ғасырдың  басындағы  қазақ 

оқырмандары  үшін  де,  қазіргі  қазақ  жұртшылығы  үшін  де  әбден 

түсінікті,  қазақ  тілінде  бұрыннан  бар  сөздер  екенін  айтуға  болады. 

Мысалы, әлпештеу, арбаң-арбаң жүгіру, баттауық, баялыш, тау-



ды бөктерлеп жүру, буыршын, шүйгін, сыңқылдау, қушық сөздері – 

күні бүгінге дейін қолданыстағы бірліктер. Олардың кейбіреулерінің 

XX  ғасырдың  басына  дейінгі  қазақ-орыс,  орыс-қазақ  сөздіктерінде 

не  Л.Будагов,  В.В.Радлов  сияқты  ғалымдардың  қазақ  лексикологи-

ясына  қатысты  жарыққа  шыққан  еңбектерінде  кездеспеген  болуы 

мүмкін.  Ал  Ж.Сейдалин  берген  түсініктердің  барлығын  дәл  дұрыс 

деуге де болмайды, өйткені ол филолог не жазушы емес, әрине, ана 

тілінде ауызданған, балалық шағы мен оқуға (Петербургке) келген-

ге дейінгі жастық шағын қазақ ортасында, өз жұртында өткізген жас 

жігіттің  қазақ  тілін  жақсы  білгенімен,  көмектесуге  деген  ықыласы 

зор  болғанымен,  ескі  жырдағы  көптеген  сөздің,  әсіресе  күнделікті 

сөйлеу тілінде көп айтыла бермейтіндерінің мән-мағынасын тап ба-

сып айтып беру – оған оңай шаруа болмағаны анық.

Әрине, қазақ тілін арнайы зерттеп, оған қатысты ғылыми-танымдық 

еңбектер  жазып  жүрген  орыс  ғалымы  П.М.Мелиоранскийдің 

«Едіге» жырындағы сөздердің қайсысы XX ғасырдың басында қазақ 

қауымында  қолданыстағы  бірліктер  екенін,  қайсысының  түсініксіз 

екенін  мүлтіксіз  білуі  мүмкін  емес  еді,  бірақ  соның  өзінде  де  ескі 

сөздердің едәуір тобын дұрыс тауып, түсіндірмелерін бергеніне және 

оғам көмектескен қазақ оқыған азаматы – төре Сейдалиндер ұрпағы 

Жиһанша Сейдалинге бүгінгі біздер мейлінше разымыз. 

Ал біз болсақ, «Едіге» жырының әуелі Шоқан нұсқасындағы ең 

алғашқы басылымының мәтінінде кездесетін лексикалық ескіліктер 

–  жеке  сөздер  мен  тұрақты  сөз  тіркестерін  және  қазақ  тіліне  тән 

емес  фонетикалық-морфологиялық  өзгешеліктерді  теріп,  олардың 

мағынасын, «сүйегін» (генезисін), жырда орын алу себептерін тал-

даймыз, айқындаймыз, түсіндіреміз.

Ең алдымен, ескі (көне және ескірген) жеке сөздерді көрсетсек, 

олар  (әліпби  тәртібімен):  айлану,  алдырту,  алғаштан,  ал  иіндік/

ал  ендік,  арасат  оты,  аршынды/  арсынды,  аршындану,  асу  жер, 

байдалы  ту,  бартал  тарту,  божыған,  бұғай/боғай  ұғыл,  Еділ  мен 

Жайық, ел-күн, желге бұлғану, жолалап кету, жұрт сұрау, кедей(ім), 



279

кедқұдайым,  кіс,  қасқайлау,  қоллық,  құрлау/қорлау,  қосалықтап 

отау  тігу,  қыдыра/қыдырау,  ойлықты,  өкіліне  түспеу,  өтіл  сұрау; 

нәмарт, сарымақтай азулы, сөзлеу/сөзлесу, сұб бөрікті, сұб аяқты, 

сұм жырау, сылықты, тобышақ, тоғысу, толықсыма тұнық су, то-

герек, шәуілжіге қағу, шому, үкем.

Бұл тізімдегі сөз тіркестері түсініксіз: олардың бір компонентінің 

білдіретін  мағынасы  күңгірт  тартқан.  Бұлардан  басқа  бір  алуан 

сөз  тіркестерінің  семантикалық-синтаксистік  бітімі  өзгеше  болып 

келеді.  Бұларды  түсіну  қиын  емес,  мағыналарын  мәнмәтінге  қарап 

топтастыруға болады. Өйткені тіркестің екі компоненті де түсінікті, 

тек бітімі өзгеше. Мысалы, оқуда тұрды (оқыды, оқып жүрді), толғап 

салды (толғап берді, толғады), ақыл ойлады (ойлады), екі тізін жа-

уыртты  (екі  тізесін  жауыр  етті),  көкірегі  жаулы  өссін  деп  (көңілі 

жауыға білсін, жауығып үйренсін деп), қызға тиді (көзі түсті), бота 



екенінде жоғалтып едім (бота кезінде), атан екенінде танып тұрмын 

(атан  болғанда  танып  тұрмын),  сөзден  жығылды  (сөзден  жеңілді), 



жұртын сұрап тұрды (билеп тұрды) деген тіркестердің мағынасын 

оларды  құрастырып  тұрған  сөздердің  мағынасына,  дәлірек  айтсақ, 

оларда бар қосымша семаларына (мағыналық реңктеріне) қарап оңай 

тануға болады: оқуда тұрдыоқу түсінікті, ал тұру етістігінде болу 

семасы бар, демек, оқуда болдыоқып жүрді деп бірден қабылдаймыз, 

сол  сияқты  қызға  көзі  тиді  дегенді  де  мәнмәтінге  (айналасындағы 

сөйлемдерге)  қарап  және  тиді  сөзі  мен  түсті  сөзін  бір-біріне 

жақындастыратын ортақ сема бар, толғап салу (айтып беру). Мұндай 

өзгешеліктерді «ескілік» статусына апарып тұрған белгі – олардың 

осы құрамында бұл күнде қолданылмайтындығы. Бұлардағы сөздер 

ескі  емес,  тіркесімдік  құрылымы  (пішіні)  өзгеше,  ол  өзгешеліктің 

бірқатары  ноғай  не  ноғай  ордасындағы  басқа  түркі  халықтарының 

айтылу (жұмсалу) дәстүріне қатысты екендігі көрінеді. Ал бейдамақ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет