Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет206/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

Сұб/сұп.  «Едіге»  жырының  Шоқан  нұсқасында  Сыпыра  жы-

рауды: «Аузында отыз тісі босаған, сұп аяқты, сұп бөрікті Сыпыра 




303

сынды  сұм»  (келесі  жолда  –  сұп)  жырау  деп  суреттейді.  Мұндағы 



сұп сөзін П.М.Мелиоранский «биік, ұзын, жіңішке» деген мағынада 

деп  түсіндіреді.  Өлеңнің  3-жолындағы  сұм  жырау  келесі  жолдар-

да сұб жырау болып жазылған. Сірә, жырау сөзімен тіркесте кел-

генде дұрысы сұм болар, өйткені  сұм сөзі ноғай  тілінде жағымсыз 

мағына беретін сөз: сұм адам – человек, вобравший в себе все от-

рицательные качества. Сұп/сұб/суп сөздері көне түркі сөздігінде де, 

араб, парсы сөздіктерінде де көрсетілмеген. Ал сұм, сұмрай/сұмырай 

сөзі қазіргі қазақ және ноғай тілдерінде жағымсыз мағынадағы («за-

лым, қу, жексұрын») сөз болғанмен, сұм және сұмырай деген сөздері 

ескі  қазақ  жырларында  «бақытсыз,  талайсыз,  сормаңдай»  дегенді 

білдіреді. Сұм сөзінің бұл мағынадағы қолданысы «Едіге» жырында 

да бар: «Жалғыз да туған сұм басым, Барымнан жоғым көп игі» (Орақ 

батырдың сөзі, «Едіге» жырында). Едіге: «Сұм жалғыздық қайтермін, 

Жалғызда болып кетермін, – дейді».

«Алпамыс» жырында жеті жасар Жәдігерді (әкесі бір кеткеннен 

мол кеткен, демек, сорлап жүрген) Ұлтан құл: «Өлтіремін алып кел,  

Жәдігер сұм баланы», – деп кісі жұмсайды. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» 

жырында Баян сұлу өзін әрдайым «Баян сұм» деп, ал Қозыға: «Атадан 

жастай қалған сен сұмырай»– деп отырады. Шум (қазақша – сұм) – 

парсы тілінде «бақытсыз, сорлы, сормаңдай» деген мағынадағы сөз. 



Сұм/сұмырай  сөздерін  осы  төлтума  мағынада  қазақ  жырлары  жиі 

қолданған (қараңыз: «Сөздер сөйлейді», 167-168-беттер).

«Едіге»  жырындағы  сұб  аяқты,  сұп  бөрікті  тіркестерін  орыс 

ғалымы П.М.Мелиоранский қандай мағлұмат көзіне сүйеніп айтып 

отырғанын әзірге таба алмадық. Әлде бұл сөз қазақ тіліндегі сопақ, 

сопаю сияқты сөздердің түбір тұлғасы болар ма? Ал, шынында да, 

көп жасап арықтаған адамның аяғы да жіңішке, бөркі де биік болуы 

мүмкін.  Демек,  суп/  сұб  сөзінің  генезисі  мен  мағынасын  айқындай 

түсу керек болар.



Төгерек.  «Едіге»,  «Ер  Көкше»,  «Ер  Сайын»  сияқты  ноғайлы-

қазақ  жырларында  кездесетін  төгерек  сияқты  сөздің  «дөңгелек» 

деген мағынадағы сөз екенін әрі түбіріне (тө-герек, тө-ңгелек, то-

малақ/домалақ) қарап, әрі мағынасына қарап оңай түсінуге болады: 

«Шалғынды көл төгерек. Қоғалы көл төгерек. Жекенді көл төгерек» 

(«Едіге»). Бұлардағы төгерек анықтауышы тек көл сияқты дөңгелек, 

яғни тік бұрышты немесе ұзынынан ағып жататын суларды атайтын 

өзен,  теңіз  сөздерімен  тіркеспейді.  Бұл  тұлғаны  қырғыз  тіліндегі 

төгөлөк (қазақша – дөңгелек) деген сөздің л-р дыбыстары алмасқан, 

ал  қазақ,  ноғай  тілдеріндегі  дөңгелектің  сөз  ортасындағы  ң  дыбы-

сы  түсіп  қалған  (дө+гелек)  және  л-р  дыбысында  алмасқан  вариан-

ты  деп  табамыз.  Дөңгелек  сөзінің  сыртқы  тұлғалық  (фонетикалық) 

қатары болып танылатын төгерек – ноғай тілі бірлестігінен қалған 



304

ескіліктердің  бірі.  Ноғай  тілінде  төгерек  –  1)  «дөңгелек»;  2)  «бір 

нәрсенің айналасы» деген мағыналарда қолданылады. 

Бүгінгі  қазақ  тілінде  төңірек  –  бір  нәрсенің  (ауылдың,  жайы- 

лымның,  егіндіктің  т.б.)  айналасы,  төңіректеу  –  бір  нәрсенің  ай-

наласында жүру. Демек, төгерек сөзін бір нәрсенің «айналасы» де-

ген екінші мағынасы ноғай мен қазақ тілдерінде бірдей болғанмен, 

«дөңгелек» мағынасы тек ноғай тіліне тән тұлға деп танылады.



Шому.  Қазақ  тіліндегі  шомылу  етістігінің  мағынасына  және 

мәнмәтінге қарап, бұл сөздің «суға бату, секіріп түсіп ксіу» деген көне 

мағынасы  бірқатар  түркі  тілдерінде  күні  бүгінге  дейін  сақталған. 

Жырда «перінің қызы Баба түкті шашты Әзіз жақын барғанда суға 



шомып  кетті»  дейді.  «Шашты  Әзіз  мен  де  соңыңдан  шомайын  деп 

қыз  артынан  шомып  кетті»  (51-бет).  Бұл  жерде  шому  сөзі  –  адам-

дар «суға түсті, шомылды» деген мағынада емес, «суға күмп берді, 

түсіп  кетті,  сүңгіп  кетті»  деген  мәнде.  Қазақ  тілінде  шом(у)  түбірі 



шомыл тұлғасында сақталған және мағынасы да өзгешелеу: шомы-

лу  –  «суға  түсу  және  жуыну»  деген  мағынада  жұмсалады.  «Едіге» 

жыры  ноғай  тілінің  қолданысын  сақтаған.  Қолданыс  ноғай,  татар 

тілдерінің  көрінісі  болар.  «Едіге»  жырын  Шоқанға  жинап  берген-

дер  де  қолжазбаны  пайдаланған.  Тіркес  жырдың  тек  қара  сөзбен 

айтылған тұсында кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет