Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет203/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

Өкіліне  түспеді.  «Едіге»  жырының  Шоқан  және  Қ.Сәтбаев 

жинаған  нұсқаларында  Тоқтамыс  хан  айналасындағы  жақсылардан 

ренжіп  кеткен  Едігені  қалай  қайтарамыз  деп  ақыл  сұрағанда, 

олардың  айтқан  сөздерінің  «өкіліне  түспеді»,  «байыбына  барма-

ды»  деп  жырланған.  Жырдың  тағы  бір  жерінде:  «Сыпыра  жырау 

толғағанда  оның  сөзінің  өкіліне  түскен  жақсылар:  бұл  не  оқиясы 

болды  деп  шыдай  алмай  жылайды».  Өкіліне  түспеді  тіркесі  осы 

жырдан басқаларында кездеспейді. Қолымызда бар сөздіктерде бұл 

тіркесті  таба  алмадық,  ал  мәнмәтінге  қарағанда,  «айтылған  сөзді 

«қабылдамады»,  «мән-мағынасын  түсінбеді»  (байыбына  бармады) 

деп тануға болады. Қазақ тілінде сөзге түспеді деген тіркесті Бұхар 

жыраудан  (XVIII  ғ.)  кездестіреміз:  «Айтқан  сөзге  түспеген  Жаман 

емей,  немене!»  Сірә,  бұл  жердегі  түспеген  тұлғасы  –  түсінбеген 

деген  етістіктің  ықшамдалған  варианты  болар.  Демек,  өкіл  сөзінің 

семантикасы  мен  түптөркінін  іздестіру  керек  сияқты.  Бұл  тіркеске 

П.М.Мелиоранский де түсініктеме (комментарий) береді. Өкіл – «крик, 

пение,  стон»  дегенді  білдіретін  сөз  деп  көрсетеді,  оны  Л.З.Будагов 

сөздігіндегі өңкілдеу етістігімен ұштастырады. Біздіңше, бұл таным-

ды дәл деп айту қиын. Сірә, өкіл – «айтқан сөз, берген ақыл» дегенге 

саяды, демек, өкіліне түспеу (түсінбеу) – «айтылған сөзге түсінбеді», 

яғни «қабыл алмады» дегенді білдіретін сияқты. Мұны қатарындағы 

байыбына бармады деген таныс (түсінікті) тіркес те дәлелдей түседі. 

Осы сөзге қатысты және бір көңіл аударатын факт (жыр жолдары) бар. 

Ол проф. И.Н.Березиннің «Хрестоматиясындағы» «Едіге» жырының 

мәтінінде «өкіліне түспей, байыбына бармай» деген өлең жолы да бар 

және  ары  қарай  оқығанда,  «Көңіліне  түскен  жақсылар  өксіп-өксіп 

жылайды», «Көңіліне түспес жамандар Не оттайды деп жүре барып 

тыңдайды» деген жыр жолдарын кездестіреміз. «Едіге» жырларының 

кейбір нұсқаларының тілі қазақыландыра түскендігі белгілі. Жырды 

кейінгі кездерде (И.Н.Березин қазақ ортасындағы жыршыдан жазды-

рып алған – XIX ғ.) жырлағандар өздеріне түсініксіз өлең жолдарын 

немесе жеке сөздерді мәнмәтінге қарап, яғни жырдағы оқиғалардың 

барысына қарап, өздерінше қазақшалап жырлағаны байқалады. Де-

мек,  айтылған  сөздің  (ақыл-кеңестің)  өкіліне  түспеу  –  «көңіліне 



301

қонбау»  деген  қолданыс  болып  шығады.  Біздіңше,  тіпті  өкіл  деген 

тұлға көңіл деген сөздің қате жазылуы, қате оқылуы болар деп те не-

месе көңүл-өкүл деген метатеза (дыбыс алмасуы) құбылыс болар деп 

те топшыласақ, бұл күнде де ескілік алдымыздан шығады. Айналу/

айлану деген сияқты дыбыстардың өкүл  көңүл болып орын алмасып 

құбылуын жоққа шығара алмаймыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет