Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет243/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

саяжай, балмұздақ, көкөніс (көбін ұсынған –І.Жарылғапов) деп атау, 

сондай-ақ қондырғы, құрылғы, оқулық, сұраныс, оқырман, көрермен 

сияқты  жаңа  туынды  тұлғалар  дүниеге  келіп,  әуелі  жазба  тілде 

(баспасөзде), бірте-бірте ауызекі сөйлеу тілінде қолданыла бастады.

Әрине, тек тұрмыстық сөздер емес, бұл кезеңде шаруашылыққа, 

экономикаға, мәдениетке байланысты пайда болған жаңа қатынастар 




356

мен процестерді атайтын өзге де жаңа сөздер едәуір молынан көріне 

бастады.  Олардың  да  басым  көпшілігі  –  орыс  тілі  арқылы  келген 

бөгде тілдік бірліктер болса, сол жаңа ұғымдардың бір тобын қазақша 

атау да орын алғанын көрсетуге болады. Мысалы, теңгермешілдік, 

қайта құру, азық-түлік программасы, астам держава, әскери желік, 

бопса  (сес  көрсету),  дүниеқоңыздық,  затқа  табынушылық,  қызыл- 

ізшілер, мыңшылар (еңбек  өнімін  мыңдаған  өлшеммен берушілер), 

халықтық  бақылау,  салауаттылық  сияқты  сөздер  70-80-жылдарда 

жиі қолданылатын бірліктерге айналды. Бірақ 1990 жылдардан бер-

мен  қарай  олар  білдіретін  реалийлердің  (ұғымдардың,  заттардың, 

құбылыстардың) өмірден ығыса бастауына орай, олардың қолданылуы 

сиреп, неологизмдер санатынан шыға бастады. Ал бұл кезеңнің ал-

дында 1950 жылдардың орта тұсынан бастап қолданысқа түскен тың 



игеру, тыңгер/ тыңжерші, ғарыш, ғарышкер, ғарышнама, атомгер 

сияқты жаңа сөздер 1970-1980 жылдарда-ақ 1941-1945 жылдардағы 

«жаңалық»  сипатынан  алшақтап,  көбі  әдеби  нормаға  еніп,  кейбірі 

қолданыстан ығысты.

Жоғарыда бірнеше рет айтылды, қазақ тіліне соңғы бір ғасырдың 

барысында лексикалық жаңалықтардың пайда болуына себеп болған 

құбылыстың бірі – оқу-ағарту ісінің жандануы, мектеп пен жоғары 

оқу  орындарына  арналған  оқулықтардың  дүниеге  келуі  болды.  Ол 

оқулықтардың  қазақ  тілі  мен  қазақ  әдебиетінен  басқа  пәндерден 

ұсынылғандары негізінен аударма еңбектер болды. Демек, бұлардағы 

пәндік терминдерді ғана емес, жалпы баяндау стилі де қазақтың жазба 

дүниесіне үлкен ықпалын тигізді. Әр пәннің терминдерінің қазақша 

баламасын  ұсыну  күн  тәртібінен  түскен  жоқ.  Демек,  жаңа  сөздер 

пайда болды, бірақ, әрине, бірден бір нұсқасы тұрақтала қойған жоқ. 

Олар қазақша баламалары әуелі бірнеше вариантта болып бірте-бірте 

орнықты.  Баламасы  табылмағандары,  әсіресе  интертерминдердің 

басым  көпшілігі  орыс  тіліндегі  күй-қалпымен  (айтылу  және  жа-

зылуымен)  орыс  тілінен  алынды.  Енді  осы  айтылғандарды  біраз 

фактілермен арнайы баяндап өтелік.

Мысалы,  бұрын  капуста  деп  орысша  аталып  келген  көгөніс 

1982  жылғы  сөздіктерде  капуста,  кейінгілерінде  орамажапырақ 

(бұл  атауды  XX  ғасырдың  20-жылдарында  Ж.Күдерин  тапқан  екен 

–  «Өсімдіктану»,  1928),  орамкөк,  орамжапырақ,  қырыққабат  деп 

екі-үш вариантта қолданылып келсе, клон деген мүлде жаңа термин 



клон,  өскінді,  өскін  деп  үш  түрлі  аталып  келеді.  Бұлар  –  биология 

саласындағы  атаулар,  оларды  қазақшалап  ұсыну  қажеттігі  мектеп 

оқулықтарында орын алды. Бұл түсінікті, өткен ғасырдың 30-50-жыл-

дарынан бастап қазақ мектептерінің барлық оқулықтары (қазақ тілі 

мен  қазақ  әдебиетінен  басқалары)  орыс  тіліндегі  оқулықтардан  ау-

дарылып оқытылды, ал бұлардағы көптеген орыс тілінің терминдері 




357

орысша  алынды:  насекомдар,  клетка,  белок,  ткань,  спора,  вита-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет