Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет241/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   284
XX  ғасырдың  40-50  жылдардағы  қазақ  лексикасының  жаңа 

сөздермен толығуы, алдыңғы кезеңдердегі жаңалықтардың орнығуы 

не  ығысуы  да  көзге  түсерліктей  дәрежеде  болды.  Бұл  жылдарда 

алдыңғы  кезеңдерде  жаңалықтар  болып  танылған  кейбір  сөздер, 

мысалы,  откеме,  қарайғыр,  бейбауырмал,  оқымыс,  сутуым,  отту-

ым  т.б.  қолданыстан  ығысты  да  олардың  есесіне  ондаған-жүздеген 

жаңа  сөз  баспасөз  беттерінде,  оқу-білімге  қатысты  басылымдар-

да көріне бастады. Ұлы Отан соғысы кездерінде (1941-1945) соғыс 

жағдайында пайда болған өндіріс пен техника, әскери құрылыс пен 

қару-жараққа,  майдан  мен  тылдағы  тіршілікке  қатысты  көптеген 

жаңа  қолданыстар  пайда  болды.  Зерттеушілердің  материалдарына 

қарағанда,  бұл  жылдарда  еңбек  майданына  қатысты  берсиевшілер, 



354

мыңшылар (қозғалысы), мұнайшылар, мұнай өндіруші сияқты сөздер 

жиі көрінді. Сондай-ақ тікелей соғысқа, әскери құрылымға қатысты 



жеңіс  (қоры),  қорғаныс  (қоры)  жауынгер,  жауынгерлік  (тапсыр-

ма), қарақағаз, ұшқыш, барлау, жарылыс сияқты жаңа мағынаға ие 

болған неологизмдер де актив қолданылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет