Жатқаннан соң байлауда...
48
Көне түркі тілдерінде асра деген сөздің бір мағынасы «бағы-
нышты, мойынсұнған» дегенді білдірген (ДС, 61). Жоғарыдағы жыр
жолдарындағы асыра сөзі де «бағынышты, бас иген» деген мәнді
білдіреді. Жалпы жұрт сөзі – түркі тілдерінде өте ертеден келе
жатқан, терминдік мәні бар сөз. Ұзақ уақыт сақталып келген
терминдік мағынасы – «ел, белгілі бір қауым, этникалық құрам,
белгілі атымен аталған халық» деген мағына. Жұрт сөзі қазақ тілінде
осы мағыналарда әр алуан эпитетпен қолданылып келген: аста-
на жұрт, аса жұрт, асыра жұрт, ауыр жұрт, байтақ жұрт т.т.
Қарақалпақ тілінде кесе жұрт тіркесі қолданылады, мағынасы –
«басқа ел, бөгде жұрт».
Қазақ әдеби үлгілеріндегі асра жұрт тіркесі, сірә, «бөгде, басқа
жұрт» дегенге емес, «бағынышты, қол астындағы өз жұрты» дегенге
саяды.
Достарыңызбен бөлісу: