адамдар» деген мағыналары барын көрсетеді (Радлов, т. I, ч. I).
49
бір «сарайға (хан ордасына) қараған жұрт» деген мағынада айтылса
керек.
Жоғарғы текстерде бұл тіркес «қол астындағы, өзіне қараған,
соңына ерген халық, жұрт» деген мәнде қолданылғанға ұқсайды.
Сонда астана жұрт тіркесі «көп, ұлы халық» дегеннен гөрі, «біреудің
(ханның, батырдың) қол астындағы («табалдырығындағы») ел-жұрт»
деген мағынаны білдіретін тәрізді. Астана сөзінің «табалдырық»
мағынасы қазақ тілінің жергілікті сөйлеу дағдыларында (говорла-
рында) сақталған. Ж. Досқараевтың көрсетуі бойынша, Жамбыл
облысының тұрғындары үйдің табалдырығын астана деп атайды
(Досқараев, 11, 13).
АТ-ҰЛАҚ – бұл күнгі
ат-көлік деген тіркестің (қос сөздің)
синонимі. Бұл тіркес ХVІ ғасырдағы қазақ жазба ескерткіші тілінде
де бар: «Қачан ләшкәр ач уа сусақлығ етселер, туар қара, ат улағы
һарығай…» (Қадырғали би… 194-бет). Бұл тіркес (қос сөз) «Қазақ
тілінің түсіндірме сөздіктерінде» тіркелмеген, синонимі ат-көлік
бар, оны «ат немесе көлік» деп түсіндірген. Ат сөзі түсінікті, ұлақ
немене? Көне түркі тілдерінде улағ сөзінің бір мағынасы – «жүк ар-
татын жануар (ат, мүмкін, түйе, есек болар)» (ДС, 608-бет). Демек,
ат-улағ − «жүк артатын ат, көлік ретінде пайдаланатын ат» Заман өте
келе улағ/ұлақ сөзі ұмытылып, оның мағынасын (қызметін) көлік сөзі
беріп кеткенге ұқсайды. Бірақ ескі (ертеректегі) жазба дүниеміз бен
өлең-жырларымыздың тілінде сақталып қалған қолданыс. Мұны ат-
ұлақ тұлғасында сөздіктерге қосу қажет.
Бұл сөз ұлаа тұлғасында көне сөз ретінде (көнерген деген белгімен)
монғол тілінде де тіркелген (Монг.-русск. сл., 450), мағынасы –
«көлік». Демек, бұл – монғол-түркі тілдеріне ортақ, өте көне «тілдік
жәдігерліктің» бірі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: