401
деген вариантта ұсынып келіппіз, сол сияқты картоп – бәреңгі/
ақтүйнек, значок – белгіше/төсбелгі, шофер – жүргізуші/ айдарман
болып, дача дегенді атау үшін саяжай, саялық, жайлаужай, самал-
бан деп төрт түрлі тұлға қолданылып келіпті.
Закуска деген сөзді
басытқы/шайнама/жеңіл тамақ деп жүрміз.
Ал кейбір жаңадан ұсынылған сөздер орнықпай, яғни қабылдан-
бай келеді. Мысалы: аяқдоп (футбол), аларман (покупатель),
базарлық (сувенир), бұйырман (заявка), білдірме (сводка), доптаяқ
(клюшка), жадығат (материал), жаяусоқпақ (тротуар), сахнагер (ак-
тер), сәнхана (ателье), желпін (балкон), қазынауыл (банк), үнқағаз
(газет), дүлдүл, жеңіскер (чемпион) т.т.
Бұрынғы ұғымдарды жаңадан қазақша атау үшін немесе дәлірегін
беру үшін жасалған жаңа сөздердің алғашқыда екі-үш вариантты бо-
лып келуі – заңды, өйткені жаңа сөз не тұлғалық бітімі, не беретін
мағынасы жағынан білдірмек ұғымға бірдей сай келмеуі әбден
мүмкін, содан барып тіл тәжірибесінде ізденіс болады, ең түсінікті,
тіл заңдылықтарына қайшы келмейтін бір нұсқасы табылғанша
бірқатар уақыт варианттық қатарлар қолданыла береді. Уақыт өткен
сайын біреуі жиірек жұмсалып, қалың көпшіліктің құлағы үйрене
бастайды да ол нормаға икемделе береді. Мысалы, глобализация де-
ген жаңа термин – соңғы 5-10 жылда жанданған ұғымның атауы, ол
осы мерзім ішінде қазақша ғаламдану, ғаламдастыру, ауқымдану,
жаһандану деп төрт вариантта атала келе, олардың жаһандану
тұлғасы қалыптана бастаған сияқты, сол сияқты анкета сөзінің
қазақша сауал-сұрақ, сауалнама варианттары, арендатор – жалда-
ушы, жалгер болып жарыспа қатарлар орын алды. Мұндай жарыспа
қатарлар реттеліп, олардың біреуі, сөз жоқ, орнығады да қалғандары
аз күнгі болса да қолданыстан шығады.
Варианттар қатарының реттелуінде қолданыс активтігінің рөлі зор
болады. Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдары – тіл жаңалықтарын
ұсынушы мен таратушы ғана емес, олардың оң, дұрыс вариантын
орнықтырып, нормаға енгізуші құрал көздері болып танылады.
Екінші орында реттеуші анықтамалық құралдар: емле, түсіндірме,
терминологиялық және екі-үш тілдік нормативтік сөздіктердің
қызметі тұрады. Бұлардың қатарында «Жаңа қолданыстар», «Жаңа
сөздер» сияқты еңбектердің қажеттігі алдымен көрінеді, әсіресе жаңа
қолданыстардың узустық бірліктерін бөліп көрсетіп отырудың тіл
мәдениеті үшін де, ана тіліміздің лексикалық қазынасын біліп-танып
және реттеп отыру үшін де өте қажет болмақ.
Қорыта келгенде, жоғарыда жасалған талдаулар мен айтылған
таным-тұжырымдарды түйіндеп, бірқатар тұжырымдар мен ұсыныс-
тар айтуға болады. 1990-2006 жылдардағы қазақ тілі жаңа бірлік-
термен аса өнімді және жүйелі түрде толығудың айрықша атап
402
көрсететін жаңа кезеңін бастан кешіруде. Бұған қазақ тілінің мем-
лекеттік тіл дәрежесіне ие болуы басты экстралингвистикалық фак-
тор болса, екіншіден, адамзат қауымдастығы мәдениетінің, әсіресе
ғылыми-техникалық жетістіктерінің пайда болуы, бұл процестен
қазақ қоғамы да шетқақпай қалмайтындығы – екінші тегеурінді
күштердің бірі болды. Үшіншіден, өзге де дамыған, әлеуметтік-
рухани қызметі артып келе жатқан қазақ тілінің табиғи ішкі дамуы
тілдегі жаңалықтардың осы кезеңде айтарлықтай молынан пайда
болуына басты себепкерлердің бірінен көрінеді. Қазақ әдеби тілінің
әсіресе лексикалық қазынасының осылайша толыға түсуі алдағы
онжылдықтар кезеңдерінде де кеңінен орын ала береді деп болжауға
болады.
Жиі қолданылатын жаңа бірліктердің қатарында әріптерден
және әріп+буын түрінде келетін қысқарған сөздер де баршылық.
Бұл – соңғы онжылдықтардың «табысы», яғни құрама атауларды
баспасөзде, одан барып ауызекі сөйлеу тілінде толық атап (жазып)
жатудың орнына уақыт пен қағаз бетін көп алмас үшін пайда болған
тілдік амалдардың бірі ретінде қазақ тілінде активтенген құбылыс.
Көп сөзден тұратын құрама атаулар көбінесе соңғы онжылдықтарда
дүниеге келген мемлекеттік орындардың, ұйымдардың, мекемелер-
дің, қозғалыстардың, әлеуметтік мәні бар іс- әрекеттердің атта-
ры болып келеді. Ал ертеректен қалыптасып, қолданылып жүрген
қазақша қысқартулар да бар, бірақ олар өте аз болатын. Қысқарған
атаулар көбінесе орыс тіліндегі тұлғасында қолданылатын. Мұның
салқыны (дәстүрі) күні бүгінге дейін тиіп келеді. ЮНЕСКО сияқты
халықаралық ұйым атаулары, СПИД, ВИЧ сияқты медициналық
атаулар қазірдің өзінде баспасөз беттерінде де, ауызекі сөйлеу тәжі-
рибемізде де «орысша» қолданылады.
Қысқарған есімдерді қажет ететін тіл алаңы – негізінен баспасөз,
демек, тілдегі жаңа құбылыстардың бұл түрі – баспасөздің «жемісі»,
ал бүгінгі кезеңде баспасөздің тілдегі орны, рөлі, ықпалы өте күшті
екені белгілі. Нәтижесінде бүгінгі қазақ тіліндегі жаңалықтардың
ішінде қысқарған сөздер – кейінірек активтенген және әрі қарай
ұласа түсетін категорияның бірі. Алғашқы сөйлемдерде бірнеше
сөзден тұратын құрама атаулардың «ашылған» (сөздері түгел
айтылған) түрін келтіріп, әрі қарай қысқартылған тұлғасын қолдану
жиі кездеседі. Бұл амал әсіресе газет беттеріндегі жарнамаларда,
құлақтандыруларда, мақала мәтіндерінде жиі орын алады. Мыса-
лы: ЕсҚКБ (Есірткіге қарсы күрес басқармасы), ЖІӨ (Жалпы ішкі
өнім), ІЖӨ (Ішкі Жиынтық өнімі), ҚҚС (Қосымша құн салығы),
Достарыңызбен бөлісу: