Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет270/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

тұсаукесер  сияқты  жиі  қолданылатын  неологизмдер  сөз  біріктіру 

арқылы  жаңа  ұғым,  зат  атауларын  жасайтын  амалдың  күшейе 

түсетіндігінің дәлелі деуге болады.

Неологиялық тәсілдердің келесі түрі – сөз қысқарту амалы. Бұл 

– қазақ тілінде орыс тілінің тікелей ықпалымен пайда болған амал, 

дәлірек  айтсақ,  таза  калька  құбылысының  көрінісі.  Бүл  тәсіл  күні 

кешеге дейін қазақ тілінде солқылдақтау, кейде қазақша аударылып, 

кейде орысша қалыпта айтылып келген-ді. Мысалы, АҚШҚазТАГ, 



ҚазПИ, МТС, ауатком, обком сияқты санаулы сөздер ғана қазақша 

қолданылып,  қалған  жағдайдың  көпшілігінде  орысша  қысқарған 

сөздер  (комсомол,  колхоз,  совхоз)  болатын.  Соңғы  кезеңде  қазақша 

тарқатылып  айтылатын  сөздерден  қысқартып  жазу  жандана  баста-

ды: ДНҚ, БҰҰ, ЖИТС, ҰБТ – ұлттық бірыңғай тестілеу, АТФЮНЕ-

СКО,  КТСП  т.б.  Санэпидбақылау  –  санитарлық  эпидемиологиялық 

бақылау  сияқты  бірді-екілі  буындар  мен  тұтас  сөздерден  жасалған 

бірліктер  де  орын  ала  бастады.  Бұл  тәсіл  әлі  де  толық  қазақша 

бірліктер жасай алмай отыр. Оның себебі бар: алдымен ВИЧСПИД 

мұны  ЖИТС  деп  қазақша  қысқартып  атаушылық  та  көрініп  қалып 

жүргенімен,  әлі  сіңісіп  кеткен  жоқ,  баспасөз  беттерінде  де,  меди-

цина  саласындағы қазақша әдебиеттерде де, әсіресе сөйлеу тілінде 

СПИД деп қолданылып келе жатыр. Сірә, алдағы уақытта да мұндай 

қысқартулардың  орысша  нұсқасын  да  (ВИЧ,  СПИД,  ЮНЕСКО 

сияқты),  қазақшаланған  эквивалентін  де  қолдана  беретін  болар-

мыз.  Өйткені  СПИД,  ВИЧ  дегендер  жеке  кірме  сөздер  сияқты  осы 

тұрпатында қалыптасқан деуге болады.

Сөз  мағынасының  ауқымын  пайдаланып,  яғни  семантикалық 

деривация  құбылысына  барып  жаңа  сөз  жасау  әдісі  де  пайдаланы-

луда.  Желі  (интернет  желісі),  қол  жинау  (президенттікке  үміткерді 

қолдайтын), қарымта (кездесулер – спортта), сыбайлас жемқорлық

(мұхит  асып  кетіп  жатқан)  қаракөздер,  (рухани)  кеңістік,  (саяси) 



ойын  т.т.  Мұндағы  курсивпен  терілген  сөздер  өздерінің  байырғы 

негізгі  лексикалық  мағыналарынан  өзгеше  жаңа  зат,  ұғым  атаула-

рын  білдіріп  тұр.  Мысалы,  желі  –  мал  баққан  қазақтың  байырғы 



397

түсінігінде  малдың  төлін  байлау  үшін  керілген  ұзын  арқан  бол-

са,  интернет  желісі  дегенде  соңғы  сөз  біздің  өмірімізге  ең  соңғы 

онжылдықтарда  дүниеге  келген  интернет  дегенге  қатысты  неоло-

гизм болып тұр. Қалған мысалдарда да осылайша, негізгі, байырғы 

мағынасы  және  оның  мағыналық  реңктерінің  бірін  пайдаланып 

жасалған  өзгеше  жаңа  ауыспалы  мағынасы  бар  екенін  түсіндіріп 

танытуға болады.

Мұндай  семантикалық-синтаксистік  құбылулардың  бірқатары- 

ның  метафоралық  сипаты  болады.  Мысалы,  қол  жинау,  сыбайлас 



жемқорлық.

Сөз  етіп  отырған  кезеңдегі  тілдік  жаңалықтардың  келесі  бір  

тобы – белгілі бір ұғымды, затты, құбылысты атау үшін сөздерді тір- 

кестіру  арқылы  жасалған  құрылымдар.  Әдетте  бұлар  лексикалық 



тіркестер және суреттеме тіркестер болып келеді. Бір ұғымды бір  

сөзбен  атау  мүмкіндігі  жоқ  жерде  ол  тіркеспен  аталады.  Мысалы, 

қазіргі күнде жиі қолданылатын жылжымайтын қор, тұтыну қор- 

жыны,  келісім  шарт  (договор)  сияқты  анықтауышты  тіркестер  бір 

ұғымды атайды (олардың көбі орыс тілінде бір сөзбен де келеді: но-



востройка, хлебозаготовка. Бұндай құрылымдар лексикалық тіркес 

деп  те,  құрамды  (қосынды,  күрделі)  тіркес  деп  те  әртүрлі  аталып 

жүр.

Құранды  тіркестердің  қатарына  жеңілу  дегенді  жеңіліс  табу, 



көріну дегенді көрініс табу деп есім мен көмекші етістік құрамымен 

айту  үрдісі  де  жатады.  Мұндай  тіркестер  –  соңғы  кезеңдердің 

жемісі және орыс тілінің әсері мен аударма әдебиетте қалыптасқан 

неологиялық  бірліктер.  Бұл  сияқты  құрама  (қосынды)  тіркестер 

көбінесе баспасөз беттерінде, публицистикалық және ғылыми стиль 

үлгілерінде қолданылады.

Лексикалық неологизмдердің жасалуындағы тағы бір түрі – би- 

номдар деп аталатын қосарланған сөздер. Екі сөз қосарлана қолда- 

нылып,  жаңа  мағынаға  ие  болады.  Бұл  тәсіл  –  біздің  күндерімізде 

аса  өнімді  емес,  бірақ  қазақ  тіліне  жат  амал  болмайтын.  Айталық, 

бұрынғы  той-томалақ,  көші-қон,  құрт-құмырсқа  деген  қос  сөздер 

компоненттерінің жеке-жеке мағыналарынан өзгеше жаңа мағынаны 

білдіреді.  Мұндай  қосарлар  көбінесе  жинақтау  семантикасын  ием- 

деніп, жалпы атауға айналады. Мұндай биномдер – өте ертеде қалып- 

тасқан  бірліктер.  Бүгінгі  күнде  ең  өнімсіз  амалдың  бірі  осындай 

қосарлар  құрылымы  деуге  болады.  Бірен-сараны  (вагон-ресторан, 



парк-көрме, пресс-орталық т.б.) орыс тілінде қалыптасқандарды не 

тікелей өздерін, не калька жолымен пайда болған үлгілерін атауға бо-

лады.

Алдыңғы  онжылдықтарда  (1970-1990)  едәуір  орын  алған  ақыл- 



шы-ұстаз, таңдау-балама, күйме-бесік сияқты сөз қосарлау тәсілі- 


398

мен жаңа бірліктер жасау соңғы 10-15 (1990-2006) жылдар кезеңінде 

айтарлықтай көзге түспейді деуге болады, дегенмен бірен-сарандап 

кездесіп қалады: бизнес-орталық, айтыс-шоу.

Соңғы  кезеңдердегі  тілдік  жаңалықтардың  өнімді  амалдарының 

бірі  –  сөз  тіркестіру:  атаулы  көмек  (адресная  помощь),  еншілес 



кәсіпорын,  сынақ  алаңы,  жылжымайтын  мүлік.  Мұндай  тіркестер 

кейде бір терминді білдіреді (оны орысша баламасына қарап тануға 

болады).  Мысалы,  сыбайлас  жемқорлық  –  коррупция,  теріс  хабар 

– дезинформация, астарлы сөз – подтекст, (біреудің) беделін түсіру 

– дискредитизация, жартылай финал – полуфинал, іскер топтар – 

предприниматели, тең төраға – сопредседатель, бағамалы түрде – 

альтернативно  т.б.  терминдік  бір  мағынаны  білдіретін  тіркестердің 

кейбіреулері орыс тілінде де тіркес түрінде келеді: тұтыну қоржыны 

– прожиточный минимум, жабық есік жағдайында – при закрытых 

дверях,  еншілес  кәсіпорын  –  дочернее  предприятие,  үш  еселенген 



әлем чемпионы – трижды чемпион мира т.б.

Тіркес  түрінде  келген  жаңа  бірліктер,  біздіңше,  әрі  қарай  да 

орын  ала  береді.  Бұған  қазақ  тілінде  орыс  тіліндегідей  префикс 

сияқты  сөзалды  қосымшасының  немесе  екі  түбірді  жалғастыратын 



о  (е)  сияқты  дәнекер  форманттардың  жоқтығы  да  себепкер  бола-

тын сияқты. Бұл жағдай орыс тілі арқылы келген сөздерді, көбінесе 

терминдердің  қазақша  баламасын  ұсыну  барысында  орын  алып 

келеді (мысалы, кезінде бірнеше жыл жиі қолданылып келген пере-



стройка  термині  қайта  құру  деп  аударылды.  Бұл  термин  қосып 

жазған күннің өзінде де тұрпат жағынан сөз тіркесі екені көрініп тұр. 

Бұл жерде ұғым да, оны білдіретін сөздер де – жаңа). Терминдеудің 

бір талабы бір ұғымды бір сөзбен атау болатындықтан, қазақ тілінде 

тіркеспен келген баламаны қосып жазу әрекеті де байқалады. Мыса-

лы, сыңаржақ (экономика), көзбояушылық т.б.

Бүгінгі  қазақ  тіліндегі  тұлғалық  жаңалықтардың  бірі  –  бірінші 

компоненті гидро, авиа, авто, аэро, агро, инфра, микро, фото, ра-



дио,  электр(о),  кино,  теле,  мото,  био,  квази,  транс,  пост  сияқты 

сөздермен  келген  қазақ  сөздері.  Бұндай  тұлғаларды  «жартыкеш 

сөздер» деп атаушылық та бар, өйткені бұлар не таза біріккен емес, 

не біртекті дара сөздер емес деп танылатын болар. Бұл неологиялық 

құбылыс  қазақ  тілі  тәжірибесінде  бұдан  көп  бұрын,  XX  ғасырдың 

орта тұстарынан басталғаны белгілі. Ал соңғы 10-15 жылдың ішінде 



пост (посткеңестік кеңістік), аудио (аудиожазбалар), эко (экожүйе) 

сияқты мүлде жаңа неологизмдер көріне бастады.

Неологизмдер  тудыру  үшін  ескі,  бұл  күнде  көркем  әдебиет 

пен  тарихқа  қатысты  әдебиеттерде  ғана  кездесетін,  яғни  көнерген 

сөздер мен тарихтық сөздерді (историзм дегендерді) жаңа заманның 

реалийлерін  атауға  жұмсау  әрекеті  де  бар.  Мысалы,  1998  жылы 




399

бекітілген  әскери  терминдердің  ішінде  қаптал  (фланг),  маңдайшеп 

(передовой отряд), лек, жасақ (отряд), берен (бронежилетка), тору-

ыл  (засада),  айдауыл  (конвой)  сияқты  байырғы  әскери  лексиканың 

бірліктері бар.

Тіпті солдат пен войн деген сөздерді ажырату үшін сарбаз және 

жауынгер сөздері синонимдер ретінде емес, жеке нақты атау ретінде 

ұсынылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет