Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет45/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   284
ДУЛЫҒА/ТУЛЫҒА.  Бұл  сөз  қазақ  тілінде  көбінесе  дулыға 

тұлғасында кездеседі және тарихи сөз (көнерген сөз – историзм) болып 

танылады, яғни бір кездерде баскиімнің атауы болып жұмсалғанымен, 

заттың өзі жоқ болып кеткендіктен, атауы да қолданыстан шыққан, тек 

ертеректегі  өлең-жырлар  мен  мақал-мәтелдерде  сақталған,  қазірде 

образ үшін пайдаланылатын немесе бұрынғы дәуірлерді суреттеген 

тарихи  шығармаларда  кездесетін  көнерген  сөз  болып  қалған.  Бұл, 

сірә,  түркі-монғол  тілдеріне  ортақ  сөз  болар,  өйткені  «оқ  өтпейтін 

металдан  жасалған  баскиім  (каска,  шлем)»  мағынасындағы  дуулга 

сөзі монғол тілінде де бар. Мұнда тіпті «дулыға кию» мағынасында 



дуулгала(х) етістігі бар (Монг.-русск. сл., 161).


73

Сөздіктердің  аудармаларына  қарағанда,  түрік,  шағатай,  ұйғыр 

тілдерінде бұл атау тулға, туғулға, тулыға,тауылға, туқлуға тұлға- 

ларында  «каска,  шлем»  мағыналарында  қолданылатындығын  

Л. Будагов көрсетеді (Будагов, I, 404).

Қазақтың ертеректегі тілінде дулыға/тулыға сөзі алдымен батыр 

(жауынгер) киетін, «оқ өткізбейтін, яғни металл қапталған баскиім» 

мағынасын берген. Мысалы, мұны «Қамбар батыр» жырындағы:

Құрама болат дулыға 

Шекесіне қояды, – 

дегені, әрі батыр, әрі жырау Доспамбеттін:

Туған айдай нұрланып, 



Дулыға кидім – өкінбен, – 

дегендері  дәлелдейді.  «Дулыға  кию»  –  батырлықтың  символы. 

Шалкиіздің:

Дулығамның төбесі

Туған айдай болмаса,

Батыршылық сүрмен-ді, – 

дегенінде  немесе:  «Ер  Көкше»  жырындағы  батырдың  портретін 

беретін Дулыға сыймас шекелі дегендерінде дулыға сөзі образ үшін, 

батырлықтың иесін білдіретін символ ретінде келіп тұр. Бұл образды 

XIX  ғасырда  жаугершілікті  жырлаған,  өзі  де  батыр-жауынгер  Ма- 

хамбет ақын да еркін пайдаланады. Исатайдың портретін бергенде, 

оның  ұрысқа  кіретін  қолбасшы  екенін  білдіру  үшін  «дулығасы 

басында» деген образды пайдаланады.

«Қобыланды» жырындағы Қарлыға қыз да – батыр, ұрыс адамы, 

сондықтан ол да:

Буыны түсіп былқылдап, 

Алтын қалпақ тулыға 

Шекесінде жарқылдап

көзге  түседі.  Мұнда  дулығаның  баскиім  екендігін  қалпақ  сөзімен 

айқындай түссе, әрі металдан жасалған, әрі әсем (алтын жалатқан) 

баскиім екенін жыршы шебер келтірген.

Сөз түбірін кесіп айту қиын, дегенмен түбірі монғолдың «адамның 

төбесі» мағынасындағы зулай/дъулай сөзі болуы да мүмкін деген ойға 

келеміз.  Дулыға  сөзінің  этимологиясын  да  әрі  қарай  іздестіре  түсу 

қажет деп санауға болады.



ДЫНДАН. Батырлар жырларындағы сұлу қыздың образын бер-

генде, оны шашын дынданменен тараған деп келеді. Мұндағы дын-



дан сөзі «тарақ» дегенді білдіреді, бірақ мал мүйізінен жасаған жай 


74

тарақ емес, піл сүйегінен жасаған қымбат әсем тарақ. Дындан парсы 

тілінде  «тіс»  дегенді  білдіреді.  Дәндәна  сөзі  бір  нәрсенің,  мысалы, 

«тарақтың тісі» немесе «кішкентай тіс» деген мәнде айтылады. Ал 

түркі тілдеріне енгенде, бұл сөз тарақтың тісін емес, өзін білдіретін 

мағынаға ауысқан және жай тарақ емес, алыстан келген, сатып ала-

тын  қымбат  тарақты  атаса  керек.  Ұйғыр  тілінде  дындан  сөзі  «піл 

сүйегі» деген мағынадағы көне сөз деп көрсетілген. Қазақ тілінде бұл 

сөз дандан түрінде де айтылған болу керек. С. Қасиманов «дандан – 

піл сүйегінен істелген тарақ» деп көрсетеді (Қасиманов, 215).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет